Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 5. Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы




Дәріс жоспары:

1. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерінің жалпы сипаттамасы

2. Инвестицияның ішкі және сыртқы көздері

3. Кәсіпорынның меншікті қаражаттары

4. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудың қарыздық және тартылған бюджеттен тыс көздері

5. Банктердің несиелері қаржы нарығындағы шоғырланған ресурстардың ең кең тараған түрі.

1. Негiзгi қорға қаражатты жұмсау өндiрiстiң негiзгi қоры босалқы қорларға, резервтерге, сондай-ак пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзiмді капитал бөлудi инвестиция деп атайды.

Инвестицияны материалды заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық заттық инвестиция - ол салынуға тиiстi өндiрістiк және өндiрiстiк емес объектiлер жабдықтар. Машиналар және сонымен қатар ол ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық - заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

2.Өндiрiстегi жалпы инвестицияны өнiм инвестициясы деп атайды. Ол - негiзгi капиталдың негiзгi қор артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция бiрiктiрушi екеуiнен қосылады. Оның iшiнде бiреуi - амортизация.

Екіншi бiрiктiрушi таза инвестиция - бұл капиталдың қаржы жұмсау негiзгi қорларды арттыру, өсiре беру, ғимараттар салу, өндiру және қондыру, косымша жабдықтар, қолда бар өндiріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында iске асырылады. Материалдық өндiрiс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуiр бөлiгi әлеуметтiк – мәдени салаларына, яғни ғылым, бiлім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрi жетiлдiруге жұмсалады.

3. Инвестициялық қызмет - қандай да болса шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жалпы шаруашылық қызметiнiң ажыратылмайтын бөлiгі болып табылады. Қазiргi өндiрiс үшін ұзақ мерзiмдi факторлардың маңызының өсуi ерекше. Егер де кәсiпорын ойдағыдай жұмыс істейтiн, өнімнiң сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын өндiрiс қуаттарын кеңейтетiн, өзiнің шығарған өнiмдерiн бәсекеге жарамдылығын арттыратын және нарықта өзiнiң жайғасымен нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялы стратегияны мұкият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшiн оны үнемі жетiлдiрiп отыру қажет.Кәсiпорынның инвестициялық стратегиясы екi бірiктiруден анықталады:көлемi және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуiнiң бiрiктiлiгiн талдау кәсiпорынның стратегиясын қисынға келтiруге мүмкiндік бередi.

4. Жалпы кәсіпорындағы біріктіруші таза инвестиция- бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіру беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік мәдени салаларына, яғны ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын обьектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады. Инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар жеткілікті дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндірістің кеңеюіне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнімге сұраныстың көлемін бағалауға мүмкіндік болмайды. Мемлекет инвестицияларды үлестіру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда түседі. Инвестицияларды үйлестірудің осы үлгісін қолдану мемлекеттің және жеке институттарда белгілі бір әлеуеттің болуын көздейді, оған көптеген дамушы елдердің қолы жетпейді.

5. Осыған байланысты капиталдың ақшалай түрден табыс әкелетін қабілеті бар өндіруші түрге өзгерудің мәнін түсіну маңызды. Бұл өзгеру (яғни, метаморфоза) инвестициялау деп аталады. Бұл құбылысты қаржыландырумен шатастыруға болмайды. Кәсіпорынды қаржыландыру – бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарының статикада пайда болу үдерісі (ақша қорлары түрінде) және динамикадағы ақша айналымына (ақша ағындары түрінде) қызмет көрсету үдерісі. Демек, қаржыландыру деп қаржы ресурстарын түзуді, ал инвестициялау деп оларды пайдалануды түсінеміз. «Инвестициялау» және «қаржыландыру» ұғымдары үнемі нақтылап отыруды қажет етеді. Оның себебі, қаржы ресурстарын кез келген түрдегі пайдалануы инвестициялау болмайтынында, қаржы қаражаттарын пайдалану түрлерінің барлығын инвестициялау деп атай алмаймыз.

Негізгі ұғымдар:

Материалдық заттық инвестиция - ол салынуға тиiстi өндiрістiк және өндiрiстiк емес объектiлер жабдықтар. Машиналар және сонымен қатар ол ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған.

Инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық - заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Өiм инвестициясы деп- негiзгi капиталдың негiзгi қор артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция бiрiктiрушi екеуiнен қосылады. Оның iшiнде бiреуi - амортизация.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 408; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты