Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бөлім. Инвестициялық жобалар.




Тақырып 9. Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклі.

Дәріс жоспары:

1. Инвестициялық шешімнің түсінігі және жіктелінуі

2. Инвестициялық сұраныс және қарыз қаражаттарын ұсыну теориясы

3. Инвестициялық шешімді қабылдау және жүзеге асыру сатылары

4. Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклі

5. Ақша ағындарын модельдеу

6. Жобаны талдаудың негізгі қағидалары

7. Жобаны талдаудың түрлері.

1. Инвестиция — Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуi кезiнде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесiнiң шеңберiнде жалпы капиталдық салынымдар деген түсiнiк қолданылатын, осы түсiнiк бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргiзiп отырған кәсiпорындарының кеңеюi мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына өндiрiстiк капиталдық салымдар, тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылыска өндiрiстiк емес капиталдық салынымдар жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсiндiрiлетiн.

Инвестициялар акша құралдары, мақсатты банкiлiк салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның iшiнде тауар белгiсiне, пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiсiне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез-келген мүлiк немесе мүлiктiк құқықтар ретiнде анықталады және осының бәрi - пайда табу мен әлеуметтiк жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсiнiгi нарықтық тәсiлге едәуiр жақын келедi.

2. Инвестициялық жобаның түрлері:

· Инвестициялық;

· Операциялық;

· Қаржылық.

Келтiрiлген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнiн түсiндiрудегi айырмашылықты көрсетедi. Ресурстардың бөлiнуi әкiмшiлiк жүйесi жағдайында меншiктiң бiр түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқада түрлерiнiң бар екендiгiн отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бiр уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрiнде көрiндi. Экономика ғылымы мен тәжiрибесi дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимi болып табылмайды, берiлген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсiнiгi әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерiнде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебi нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы iске асады. Казiргi таңда отандық тәжiрибеде екi термин де колданылады.

3. «Инвестиция» терминi латын тілінен аударғанда жұмылдыру деген мағынаны білдіреді. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңiнен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны аныктаудың әр түрлi тәсiлдерi бар. Пол Самуэльсон бiз қоғамның нақты капиталының таза өсiмiн бiлдiретiн нәрселердi (ғимараттар, қондырғылар, өндiрiс - материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшiн жердi, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншiктiң кез келген түрiн сатып алу инвестицияландыру болып табылады.

4.Жоба жасау алдындағы зерттеулер мыналарды кірістіреді:

· Кен орнын барлау барлау және өндіруге арналған өтінімді негіздеу;

· Жер бөліп беру жобаны негіздеу;

· Болашақ жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне экономикалық баға беру.

Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд қоғамның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд қоғамның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жайт емес.

5. Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:

1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге жіне сол кеңеске өзі

сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.

Директорлар кеңесі жылдық балансты және таза пайданы бөлу жобасын

дайындайды. Табысты бөлу – қоғам меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым.

2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы

айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:

- қолма-қол төленетін дивидендтер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;

- мүліктік дивидендтер. Бұл табысты бөлудің мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Қоғам дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;

- акция формасындағы дивидендтер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.

6. Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және

қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомостын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті. Дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.

3. Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген акционер

өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырыпжүзеге асыруы. Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.

4. Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру

құқығы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның активтерінің бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып қоғамның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с есептеледі.

5. Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы, мысалы, акционерлердің

реестерін тексеру.

6. Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшіырағанды акция сатып

алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға кепілдік берілмейді.

7. Қоғам жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алуқұқығы, яғни

жабылу дивидендін алу мүмкіндігінің болуы.

7. Қоғамның міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен қоғам мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі-бір тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция несиелерінің талабын орындайды.Корпоративтік бағалы қағаздар деген эмитенттері акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар және басқа да ұйымдық-құқықтық меншік формасындағы мекемелер, сондай-ақ банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар болатын бағалы қағаздар. Коперативтік бағалы қағаздар қарызды, үлесті және туынды бағалы қағаздар болып үшке бөлінеді.

Қарызды бағалы қағаздар – ол ақша қаражатын белгілі-бір мерзімге қолдануға алып, оны қайтарғанда қарыз қаражатын қолданғаны үшін алдын-ала келісілген процент түріндегі өсімақы төлеу қажет екендігін білдіретін құжат. Қарыз қатынастарынан туындайтын корпоративтік бағалы қағаздардың түрлеріне облигациялар мен вексельдер, банктердің депозиттік және жинақ сертификаттары жатады. Негізгі ұғымдар:

Инвестициялық жоба- күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылығын, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай- ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын жазу.

Операциялық қызмет- ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі- меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.

Тікелей әдіс- ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 266; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты