Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 13. Белгісіздік және тәуекелдік жағдайында инвестициялық жобаны бағалау




Дәріс жоспары:

1. Белгісіздік және тәуекелдік түсініктері, жобалық тәуекелдердің жіктелінуі

2. Жобаның тәуекелдерін сапалы бағалау

3. Жобалық тәуекелдердің сандық талдауы

4. Ықтималдылықты бөліп беруді есепке ала отырып тәуекелдерді бағалау әдістері

1. Нарықтық экономикада сақтандыру негiзiнен мемлекеттiк қана болудан қалып, мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiруден өтiп, меншiкке жаңа қатынастарды құруы тиiс. Шаруашылық жүргiзуші субъектiлерге шаруашылық қызмет нәтижелерiн сақтауда заң шеңберiнде әрекеттiң барынша көп еркiндiгi берiледi.

Қазақстан реформаларының бiрiншi кезеңiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, ұлтаралық қатынастарды жақсарту, әлеуметтiк жүктiлiктi төмендету, қаржылар мен ақшалай айналымды сауықтыру бойынша шаралар қабылдау, бюджет тапшылығын қысқарту арқылы саяси жағдайды қалыптастырады.

Нарықтық экономика нарық және сақтандыру өзара байланысты болғандықтан, сактандырудың белсендi ортасы болып табылады. Бiр жағынан, нарық бар жерде кәсiпкерлiк тәуекел бар, ал тәуекел бар жерде сақтандыру бар.

2. Табиғат бостықтықты ұнатпайтын сияқты, нарықты тәуекелдердi сақтандырмаса болмайды.

Қарапайым мағынада “тәуекел” нәтижесi белгiсiз шешiм қабылдауды бiлдiредi. Кәсiпкер қаражаттарын iске сала отырып, өзiнiң және кәсiпорынның тағдырына шешушi әсер ететiн барлық болашақ кездейсоқ оқиғалардың болатындығын алдын-ала көре алмайды.

Болашақта аз немесе көп ықтимал дәрежеде адамдар денсаулығына зиян және залал келтiретiн белгiлi бiр оқиға және ол оқиғалардың болып қалуына сақтандыру жүзеге асырылатын болса, сақтық тәуекелi деп аталады. Сақтандыру басқа да мағыналарды бiлдiредi.

3. Сақтандыру тәуекелi төрт мағынаны бiлдiредi:

1. Сақтандыру оқиғасынан зиян келтiру ықтималдығы. Математикада есептелген, бұл ықтималдық сақтандыру тарифтерiн құрудың негiзi болып табылады.

2. Нақты сақтандыру оқиғасы, сақтандыру жүзеге асырылатын белгiлi бiр қауіп. Мұндай түсiнуде сақтандыру тәуекелдерiнiң тiзімi сақтандыру жауапкершiлiгiнiң объектiсiн құрайды.

3. Сақтандырумен қамтылмаған және сақтандырушының тәуекелiнде қалдырылған мүлiк құнының бiр бөлiгi. Мысалы, бiрiншi тәуекел қағидасы бойынша сақтандыруды қамтамасыз ету жүйесiндегi екiншi тәуекел.

4. Нақты сақтандыру объектiлерi олардың сақтандырушылық бағалау және зиян келтiру ықтималдық дәрежесi бойынша.

4. Диверсификациялау әдісі бойынша бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфельдің құрылымы инвестор- банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет.

Индекстік әдісі бойынша басқарғанда белгілі бір портфельді эталон ретінде алады. Эталон- портфельдің құрылымы белгілі бір индекстермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындылығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты.

Негізгі ұғымдар:

Диверсификациялау әдісі - бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфельдің құрылымы инвестор- банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет.

Индекстік әдісі- басқарғанда белгілі бір портфельді эталон ретінде алады.

Эталон- портфельдің құрылымы белгілі бір индекстермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындылығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 179; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты