Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 15. Халықаралық инвестициялар




Дәріс жоспары:

1. Халықаралық инвестициялар түсінігі, олардың ерекшеліктері

2. Халықаралық инвестициялар портфелін таңдау және қалыптастыру

3. Халықаралық инвестициялар портфелінің табыстылығының талдауы

4. Халықаралық инвестициялар портфелінің тәуекелін бағалау.

1. Экономикалық саясат либерализациясының ұлғаюымен ынталандырылатын, технологиялық прогресс пен бәсекенiң қозғаушы күшi болатын глобализация, бүгiнгi әлемдiк экономиканың түр-сипатын анықтауда.

Тiкелей шетел инвестициялары қазiргi уақытта глобализацияланып жатқан экономиканың өндiрiстiк негiзi халықаралық өндiрiс жүйесiн, көптеген ұлттық экономикаларды байланыстыру арқылы маңызы арта түсуде.

2008 жылы ағымдағы тiкелей шетел инвестицияларының жалпы көлемi 2007 жылға қарағанда 40 пайызға өсiп, бұрын болмаған 45,5 млрд.долл. деңгейіне жеттi. Бұл деңгейге жетуде өндiрiсi дамыған Батыс елдерiнiң үлесi жоғары болды. Олар басқа елдер экономикасына 270 млрд.долл. салып, әлемдегi басты инвесторлар болды және сонымен қатар инвестицияларды шетелден алушылардыңда басты елдерi болды. 2008 жылы тағы бiр жаңа жетiстiкке әкелдi, дамушы елдерге инвестициялық ағымдар күшейiп, жалпы көлемi 100 млрд. долл. асты. Сонымен қатар дамушы елдердiң өзiнен капиталды шетке шығару ұлғайып, 47 млрд. долл. жеттi. Әлемдiк жалпы тенденциядан бұрынғы социалистiк елдер шет қалған жоқ. 2008 жылғы стагнациядан кейiн тiкелей шетел инвестицияларының көлемi екi есе өсiп, 12 млрд. долларға жеттi.

2. Инвестициялық ағымдардың негiзгi бөлiгi белгiлi бiр ел топтары үлесiне тиедi.2008 жылы 10 iрi инвестиция қабылдаушы елдерге жалпы инвестиция көлемiнiң 2/3 үлесi келiп, 100 кiшiгiрiм реципиентерге тек 1 пайызы ғана келдi. Осы 10 iрi қабылдаушы елдер экономикасында инвестициялар маңызды орын алады, өйткенi ол 100 кiшiгiрiм реципиент елдердiң жалпы ұлттық өнім көлемiнен асып түседi. Осы жағдай тiкелей шетел инвестициялар шығарудан көрiнедi. 2008 жылы бес iрi: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Франция үлесіне капитал шығарудың 2/3 бөлiгi тидi.2008 жылы инвестицияның жинақталған көлемi 2,7 трлн. долларға жеттi. Трансұлттық компаниялар қатарына ендi 39 мыңнан астам компаниялар кiрiп, шетелдердегi филиал саны әлемдiк деңгейінiң 6 пайызын құрады, ал 2007 жылы бұл көрсеткiш тек 4 пайыз ғана едi.Фирмааралық сiңісу мен басқа фирмаларды сатып алу, өзiнiң халықаралық бәсекелестiгiн күшейту мен қолдау үшiн шетелде өндiрiстiк қуаттарды пайдалану әдiсi ретiнде корпоративтi стратегия өзектi орын алды.

Тағы да бiр маңызды себеп шетел капиталын қолданудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болды. Бұл бiр жағынан көптеген мемлекеттердегi экономиканың сәйкес салаларындағы либерализация мен бейреттеу процесiнiң, екiнші жағынан ел үкіметтерінің шетелдік капитал мен технология ресурстарын тартуға көзқарасы жақсаруының нәтижесі болды.

3. Инвестицияларды микроэкономикалық деңгейде пайдаланудың тиімділігігне қол жеткізу, макро деңгейде де жоғары табысқа жетуге әкеледі.Инвестицияны пайдалану тиімділігін есептеудің негізгі әдістерінің бірі болып, таза келтірілген эффект есебі табылады. Осы әдіс бастапқы инвестиция көлемі мен жобаланатын мерзім кезеңінде жинақталатын дисконтталған таза ақша түсімдерінің жалпы сомаларын салыстыруға негізделген.Көрсетілген методикалық бағыттарды қолданып, біз қазақ- қырғыз жауапкершілігі шектелген Инвестпроект зерттеу мен талдау институты қоғамының бір инвестициялық жобасын жүзеге асыруын талдадық.

4. Капитал құрушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды оның құрамына жаңа құрылысы, реконструкция, жұмыс істеп жатқан өндірісті, ауылшаруашылық, көліктік, сауда және басқа кәсіпорындарды техникамен қайта жарақтау, кеңейту, реконструкциялау және жаңа құрылысқа шығын, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстар жатады. Инвестициялық жоба – күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылығын, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ инвестицияны іске қосудың тәжірибелік амалын жазу.

Негізгі ұғымдар:

Инвестициялық жоба- күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылығын, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай- ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын жазу.

Операциялық қызмет- ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі- меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.

Тікелей әдіс- ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты