КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 12. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістеріДәріс жоспары: 1. Жобаның тиімділігінң көрсеткіштері 2. Бағалаудың статистикалық әдістері 3. Жобаның өзін- өзі өтелуінің дисконтталған мерзімі 1. Нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсiпорындардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелерi, жұмысшылар коммерциялық серiктестіктер және басқа контрагенттер алдында өзiнің өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшін толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. 1994 жылы №27 желтоқсан №266 толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестицияларға келесі анықтама беріледі: « Инвестиция дегеніміз- кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлері.» Нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеушi кәсiпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесiлер болып табылады: - қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзiмiндегi өзгерiсi; - активтер мен олардың қалыптасу көздерi арасындағы сәйкестiкті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиiмдiлiктi зерттеу; - айналым капиталының көлемiн, оның өсуiн (кемуiн) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау; - каржы-есептiк және несие ережесiн сақтау; - кәсiпорын активтерi және оның мiндеттемелерiнiң құрылымын зерттеу; - ағымдағы активтердiң айналымдылық есебi, оның iшiнде дебиторлық борыш және қорлар есебi; - баланстың өтiмдiлiгiн, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабiлеттiлiгiнiң абсолюттiк және салыстырмалы көрсеткiштерiн анықтау; - кәсiпорын табыстылығын бағалау; - кәсiпорын табысының салыстырмалы көрсеткiштерiн, сондай-ақ олардың деңгейiнiң өзгеруi және әсер етушi факторларды есептеп шығару; -кәсiпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзiмдi болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау. 2.Қаржы нарығы- қаржы ресурссын ұсынушылар мен оны қажет ететіндерді түйістіретін механизм болып, оны қор биржалары сияқты делдалдар көмегімен келісімдер жасалады. Қаржы институттары- бұл банктер, қарыз жинақтау ұйымдары сияқты ұйымдар- олар көбінесе салымдарды жинап, оны ақшалай түрде несие немесе басқадай түрлерде береді. Жабдықтау, өндiрiс және өткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстік және қаржылық қызметтi құрайды. Кәсiпорынның қаржылық қызметi бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде түсуi мен тиімдi пайдаланылуына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсiпорынның тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылығына қол жеткiзуге бағытталуы тиіс. 3.Инвестициялық процесс- бұл ақшаны ұсынатын және ақшаға сұранысы барларды қосатын механизм. Жобаларды тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Статистикалық жобаның қатарына меншiк түрiн өзгерiсiн арендалық кәсiпорынды, акционерлiк қоғамды, жеке кәсiпорынды, бiрiккен кәсiпорындарды және т.с.с. құру немесе өндiрiс сипатының түбегейлi жаңа өнiм өндiрiсi, толық автоматтандырылған өндiрiске көшу өзгерiсiн қарастыратын жобаларды жатқызады. Ал тактикалық жобалар шығарылатын өнiм көлемiнің өзгеруiмен, өнiм сапасын жоғарлатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады. Бұрынғы тәжiрибеде жоба түсiнiгi жаңа түсiнік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсiпорынның дамуының негiзгi бағыттарын заң бойынша осы кәсiпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтын болып табылады. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсiпорын яғни оның иелерi және жоғары басқару құрамы өз келешектерiн барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерiн өз бетiнше шешедi. Негізгі ұғымдар: Инвестиция дегеніміз- кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлері. Қаржы нарығы- қаржы ресурссын ұсынушылар мен оны қажет ететіндерді түйістіретін механизм болып, оны қор биржалары сияқты делдалдар көмегімен келісімдер жасалады. Қаржы институттары- бұл банктер, қарыз жинақтау ұйымдары сияқты ұйымдар- олар көбінесе салымдарды жинап, оны ақшалай түрде несие немесе басқадай түрлерде береді. Инвестициялық процесс- бұл ақшаны ұсынатын және ақшаға сұранысы барларды қосатын механизм.
|