Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып 6. Қысқа мерзiмдi банктiк несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әдiсi ретiнде




Дәріс жоспары:

1. Инвестицияны қаржыландыруға арналған несиелердің формалары

2. Факторингтік және форфейтингтік операциялар

3. Вексельдік несиелеу

4. Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері.

1. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негiзгi көзi банктiк несиелер болып табылады.

Қазiргi кезде банк жүйесiнде инвестицияларды қаржыландырудың дамыған несие формалары қалыптасқан.

Несиенiң формалары, оның құрылымымен және белгiлi бiр дәрежеде несиелiк қатынастардың мәнiмен тығыз байланысты келедi.

Несиеi формасы — бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың - негiзгi қызметтерiнiң, яғни әралуан сыртқы жене iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсті бiлдіредi.

Несие берушiлер мен несие алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенiмен де, несиенiң формасы сол күйiнде сақталады.

Несиенің екi формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн несиенi — коммерциялық, ал ақша түрiндегi несиенi банктiк деп атайды.

Қалаған несиенің түрлерi осы екi форманың тәжiрибеде қолдануынан туады. Коммерциялық несие — бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға қарыз берген тауарын бiлдiредi.

2. Факторинг операциясы- жабдықтаушының жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық- делдалдық операциясы.

Коммерциялық несие бұл вексель айналысының - пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелiк қатынастардың алғашқы формасы. Несиенiң бұл формасының басты мақсаты — тауарлардың өту процесiн жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.Форфейтинг операциясы- форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге импортердың берген төлем құжатын сатып алуМұнда қарыз алушылар да және оны берушiлер ретiнде кәсiпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады.

Банктiк несие — бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиелердi бiлдiредi.Банктiк несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастың құрамына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты — бұл пайыз түрiнде табыс алу.

3. Вексельдерді есепке алу төлеу уақытынан 6 ай бұрын мерзімде жүргізіледі. Әрбір несие алушыға несие беру кезінде оларды вексельді есепке алу немесе вексель бойынша арнайы шоттарға қарызы есепке алына отырып, берілетін несиенің сомасын азайту немесе арттыру жайлы сұрақтарды банк мекемелеріндегі болатын есептік және ссудалық комитеттер өзара талқыға салып шешті.

Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асты:

1. Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар банк мөрімен басыла отырып сақталынды немесе оларды жауапты адамдардың сақтауында қалдырды.

2. Жеке- заттай, яғни бұл жағдайда тауарлар кепіл берушінің жауапты сақтауында болады.

4. Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа бөлінеді: активті- басқа қарыз беруші ретінде шыққанда, пассивті- төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде шығады. Жобалық несиелеуде жобалық айналым деген сөз қолданылады. Дүниежүзілік банкте қабылданған тәжірибеде жобалық айналымның өзіне тән кезеңдері болады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы жобалық несиелеудің күрделі сатысына инвестициялау алдындағы кезең жатады. Инвестициялық жобаны несиелеу үшін біріншіден, жобаның тұжырымын жасау қажет, екіншіден, оның тиімділігін бағалау керек, үшіншіден, инвестицияның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау қажет, төртіншіден, сапалы бизнес жоспарды даярлап, оны іске асыру мәселелерін қарастыру керек.

Инвестициялық жобаларды қаржылық бағалау, жобаларды таңдауды және олардың негізін құруда басты рөл атқарады. Себебі, басқа жобаның талдауларында оң сипаттағы басқа талдаулардың бәрі оны іске асыруда мыналарды қамтамасыз етпесе қабылданбауы мүмкін:

- тауарларды немесе қызметтерді сатудан түскен табыс есебінен жобаға жұмсалған қаражат орнын толтырмаса;

- инвестицияның рентабельділігін қамтамасыз ететін пайда алу;

- инвестицияның белгілі-бір мезгілде өзін-өзі өтеуі.

Негізгі ұғымдар:

Несиеi формасы — бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың - негiзгi қызметтерiнiң, яғни әралуан сыртқы жене iшкi өзгерiстер барысында толық сақталатын көрiнiсті бiлдіредi.

Коммерциялық несие — бұл қарыз берушiнiң қарыз алушыға қарыз берген тауарын бiлдiредi.

Банктiк несие — бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиелердi бiлдiредi.

Банктiк несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады.

Факторинг операциясы- жабдықтаушының жабдықталған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық- делдалдық операциясы.

Форфейтинг операциясы- форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге импортердың берген төлем құжатын сатып алу.

Заттай- яғни кепілдікке берілген тауарлар банк мөрімен басыла отырып сақталынды немесе оларды жауапты адамдардың сақтауында қалдырды.

Жеке- заттай- яғни бұл жағдайда тауарлар кепіл берушінің жауапты сақтауында болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 398; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты