Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Белоктар 3 страница. 172. Неліктен Кребс циклі биологиялық тотығу үшін субстраттардың көзі болып саналады?




172. Неліктен Кребс циклі биологиялық тотығу үшін субстраттардың көзі болып саналады?

1. Кребс циклінде алмастырылатын амин қышқылдары түзіледі

2. +Кребс циклінде тотықсызданған дегидрогеназалар түзіледі+

3. Кребс циклінде пентозалар түзіледі

4. Кребс циклінде тотыққан дегидрогеназалар түзіледі

5. Кребс циклінде су мен көмірқышқыл газы түзіледі

173. Кребс циклі оттексіз өткенімен, неліктен аэробты үрдіс болып саналады?

1. Себебі, оттегінің қатысуымен өтеді

2. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығу тізбегінде міндетті түрде тотығуы керек

3. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығу тізбегінде міндетті түрде тотықсыздануы керек

4. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар міндетті түрде тотығудан декарбоксилденуі керек

5. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар міндетті түрде тотығудан дезаминденуі керек

174. Төмендегі ферменттердің қайсысы Кребс циклінде алма қышқылын тотықтырады ?

1. цитратсинтетаза

2. сукцинатдегидрогеназа

3. +малатдегидрогеназа

4. a-кетоглутаратдегидрогеназа

5. изоцитратдегидрогеназа

175. Төмендегі реакция теңдеулерінің қайсысы ҮКЦ-нің қорытынды теңдеуі болып табылады?

1. +Ацетил - КоА------>2CO2+3НАДН2+ФПН2+АТФ

2. Ацетил - КоА------>CO2+НАДН2+2ФПН2+ГТФ

3. Ацетил - КоА------>CO2+4НАДН2+2ФПН2+АТФ

4. Ацетил - КоА------>CO2+2НАДН2+2ФПН2+АТФ

5. Ацетил - КоА------>CO2+3НАД+ФПН2+АТФ

176.Үш карбон қышқылы цикліне 3 молекула активті сірке қышқылы түсті. Олардың толық тотығуы нәтижесінде қанша АТФ түзіледі?

1. 2

2. 4

3. 12

4. 24

5. +36

177. Сукцинатдегидрогеназа ферменті Кребс циклінде янтарь қышқылын фумар қышқылына айналдырады. Егер осы ферменттің белсенділігін декариес препаратымен тежесе, онда Кребс циклі тоқтайды.Осы жағдайда қандай нәтиже күтуге болады?

1. АТФ түзілуінің артуы

2. +АТФ түзілуінің кемуі

3. ГТФ түзілуінің тоқтауы

4. УТФ түзілуінің артуы

5. ТТФ түзілуінің кемуі

178. Биологиялық тотығу - эндогенді су мен энергия түзілетін тотығу-тотықсыздану реакцияларының тізбегі. Биологиялық тотығу нәтижесінде тағы қандай өнім түзіледі?

1. көмірқышқыл газы

2. аммиак

3. лактат

4. +тотыққан дегидрогеназалар

5. тотықсызданған дегидрогеназалар

179. Оттегі молекуласы иондану үшін қанша электрон керек?

1. 2

2. 3

3. +4

4. 6

5. 12

180. Биологиялық тотығу тізбегінде қандай ферменттер тек электрондарды ғана тасымалдайды?

1. +цитохромдар

2. оттегі

3. пиридин ферменттері

4. флавин ферменттері

5. убихинон

181. Биологиялық тотығу тізбегінде убихинон тотыққан кезде түзілген 2Н+ қай үрдіске жұмсалады?

1. субстратты тотықсыздандыру

2. пиридин ферменттерін тотықсыздандыру

3. цитохромдарды тотықсыздандыру

4. +эндогенді судың түзілуі

5. убихинонды тотықсыздандыру

182. Тыныс алу тізбегінің терминалды бөлігінде тотығу-тотықсыздану реакциялары қай үрдістердің көмегімен өтеді?

1. +тек электрондарды тасымалдау арқылы

2. тек электрондар мен протондарды тасымалдау арқылы

3. тек сутек атомдарын тасымалдау арқылы

4. тек оттек молекулаларын тасымалдау арқылы

5. тек сутек пен оттек молекулаларын тасымалдау арқылы

183. Р/О коэффициенті қалыпты жағдайда нешеге тең болады?

1. +2 немесе 3

2. 1 немесе 4

3. 6 немесе 7

4. 4 немесе 5

5. 8 немесе 9

184. Биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың ажырау механизмінің негізі қандай?

1. +ажыратқыштар осы үрдістердің қабысуын бұзады

2. ажыратқыштар аденозинтрифосфаттың жиналуына мүмкіндік жасайды

3. ажыратқыштар аденозинтрифосфаттың ыдырауын арттырады

4. ажыратқыштар митохондрия мембранасында электрохимиялық потенциал тудырады

5. ажыратқыштар заттардың митохондрияға түсуін жоғарылатады

185. Төмендегі нуклеозид туындыларының қайсысы оксидазды тотығу нәтижесінде түзіледі?

1. +АТФ

2. АДФ

3. ГТФ

4. ТТФ

5. УТФ

186. Қандай жағдайда Р/О коэффициенті 3-ке тең болады?

1. +егер биологиялық тотығу пиридин ферменттерінен басталса

2. егер биологиялық тотығу флавин ферменттерінен басталса

3. егер биологиялық тотығу цитохром b-дан басталса

4. егер биологиялық тотығу убихиноннан басталса

5. егер биологиялық тотығу цитохром а-дан басталса

187. Ажыратқыштар неліктен АТФ-тың түзілуін төмендетіп, жылу бөлінуін жоғарылатады?

1. өйткені митохондрияға метаболиттердің түсуі бұзылады

2. өйткені заттардың сіңіру жылдамдығы төмендейді

3. өйткені аденозинтрифосфаттың жиналуына мүмкіндік жасалады

4. өйткені аденозинтрифосфаттың ыдырауы жоғарылайды

5. +өйткені биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуын бұзады

 

188. Кейбір қосылыстар неліктен антиоксидант қасиеттер көрсетеді?

1. +өйткені оларда қабысқан байланыстар жүйесі мен циклді құрылым бар

2. өйткені олар қаныққан байланыстары бар циклді құрылымды

3. өйткені оларда қанықпаған байланыс пен ашық құрылым бар

4. өйткені оларда қаныққан байланыстары бар ашық құрылымды

5. өйткені оларда қабысқан байланысты құрылым бар

189. Биологиялық тотығу тізбегі тотықсызданған пиридин ферменттерінің тотығуынан басталып, тотығудан фосфорлану нәтижесінде 2 молекула АТФ түзілген. АТФ-ң аз түзілуінің негізінде не жатыр?

1. субстраттың көп болуы

2. субстраттың жетіспеушілігі

3. +ажыратқыштардың әсері

4. эндогенді судың түзілуі

5. митохондрия мембранасының ісінуі

190. Кейбір заттар тотығу мен фосфорланудың ажыратқыштары болып саналады, мысалы, 2,4-динитрофенол. Бұл липофильді қосылыс митохондрия мембранасынан ионданған және ионданбаған күйлерде жеңіл өткендіктен, мембранадан сутек иондарын концентрациясы төмен жағына өткізеді және жылу түзілуін жоғарылатады. Осы ажыратқышты қолданғанда қандай нәтиже күтуге болады?

1. +АТФ түзілуінің төмендеуі

2. АТФ түзілуінің жоғарылауы

3. АДФ түзілуінің жоғарылауы

4. УТФ түзілуінің төмендеуі

5. ТТФ түзілуінің жоғарылауы

 

 

191. Өмірге өте маңызды, организмге өте аз мөлшерде керек, төмен молекулалы органикалық зат. Осы анықтама төменде берілген заттар тобының қайсысына сәйкес келеді?

1. белок

2. липид

3. көмірсу

4. гормон

5. + витамин

192. Төменде келтірілген заттардың қайсысы суда еритін витаминдерге жатады?

1. +А) тиамин

2. Б) нафтохинон

3. В) токоферол

4. Г) кальциферол

5. Д) ретинол

193. В тобының витаминдерінің зат алмасуындағы ролі қандай?

1. А) қорғаныштық

2. Б) қоректік

3. В) тасымалдау

4. +Г) коферменттік

5. Д) энергиялық

194. Төмендегі тағам өнімдерінің қайсысында В тобының витаминдері жеткілікті мөлшерде кездеседі?

1. + қарабидай наны

2. Б) ашыған сүт

3. В) сары май

4. Г) тұздалған қияр

5. Д) қара шоколад

195. В1, В2 және В6 витаминдері коферменттік қызмет атқаруға қабілетті болу үшін организмге түскеннен кейін қандай реакцияға ұшырауы керек?

1. А) декарбоксилдену

2. Б) дегидрлену

3. В) тотықсыздану

4. +Г) фосфорлану

5. Д) дезаминдену

196. Жасушада активті сірке қышқылының мөлшері, АТФ, бос май қышқылдары, холестерин синтезі төмендеген. Осы жағдай қандай витамин жетіспегенде байқалады?

1. А) кобаламин

2. Б) рутин

3. В) токоферол

4. Г) ретинол

5. +Д) тиамин

197. Науқаста НАДН2-ң тотығу жылдамдығы тежелген. Осы үрдісті қалпына келтіру үшін қандай витамин қажет?

1. А) ретинол

2. Б) холекальциферол

3. В) рибофлавин

4. +Г) фолацин

5. Д) пиридоксин

198. Тін жасушаларында малаттың дегидрлену реакциясы бұзылған. Осы реакцияны тездететін дегидрогеназаның құрамына қандай витамин кіреді?

1. +А) никотинамид

2. Б) кальциферол

3. В) кобаламин

4. Г) токоферол

5. Д) биотин

199. Гипоацидті гастритпен ауыратын науқастың қанында гемглобин деңгейінің төмендеуі, қанының құрамында жетілмеген эритроциттер (мегалобластар) анықталды. Егер темірі бар препараттармен емдеу нәтиже бермесе, онда дәрігер науқасқа қандай витамин ұсынуы керек?

1. А) тиамин

2. +Б) кобаламин

3. В) ретинол

4. Г) рибофлавин

5. Д) кальциферол

200. Науқас әлсіздікке, тез шаршайтынына, қызыл иегі қанайтынына шағымданады, осы науқаста қан тамырларының өткізгіштігінің артуы, петехиялар байқалады. Науқасты емдеу үшін қандай витамин ұсынған жөн?

1. А) Вс

2. Б) РР

3. +В) С

4. Г) А

5. Д) К

201.Төменде келтірілген витаминдердің қайсысы майларда және олардың еріткіштерінде ериді?

1. А) биотин

2. +Б) холекальциферол

3. В) тиамин

4. Г) рутин

5. Д) фолацин

202. В1 витаминінің биологиялық әсері оның коферменттік қызметіне негізделген. Осы витамин қандай ферменттің коферментінің құрамына кіреді?

1. А) каталаза

2. Б) трансаминаза

3. +В) транскетолаза

4. Г) пероксидаза

5. Д) цитохром

203. В2 авитаминозын организмдегі қандай коферменттің синтезінің бұзылуымен түсіндіруге болады?

1. А) НАД

2. +Б) ФМН

3. В) ТГФҚ

4. Г) НSКоА

5. Д) НАДФ

204. Никотинамид өзінің биологиялық белсенділігін көрсету үшін қандай коферменттің құрамына енгізілуі тиіс?

1. А) ФАД

2. Б) ТГФҚ

3. +В) НАДФ

4. Г) ФМН

5. Д) НSКоА

205. Организмге тигізетін биологиялық әсеріне қарай кобаламинді қалай атайды?

1. А) ксерофтальмияға қарсы

2. Б) капилляр беріктігін нығайтатын

3. В) рахитке қарсы

4. Г) невритке қарсы

5. +Д) анемияға қарсы

206. Аскорбин қышқылының авитаминозына байланысты ауру қалай аталады?

1. А) ксерофтальмия

2. Б) рахит

3. В) бери-бери

4. +Г) цинга

5. Д) дерматит

207. Аскорбин қышқылының тәуліктік оптимальды мөлшері қанша?

1. +А) 50-150 мг

2. Б) 0,025-0,05 мг

3. В) 1,0-2,0 мг

4. Г) 10-15 мг

5. Д) 0,2-0,4 мг

208. Төменде келтірілген витаминдердің қайсысы майда еритін витаминдерге жатады?

1. А) Р витамині

2. Б) В1 витамині

3. В) РР витамині

4. +Г) Е витамині

5. Д) С витамині

209. Адам терісінде алдымен белсенді емес түрде түзілетін, содан кейін бауыр мен бүйректе белсенді алмасу формаларына айналатын қандай витамин?

1. +А) Д3 витамині

2. Б) С витамині

3. В) Д2 витамині

4. Г) Е витамині

5. Д) К витамині

210. Қандай витамин көру үрдісіне қатысады?

+А) А витамині

Б) Вс витамині

В) В12 витамині

Г) С витамині

Д) Е витамині

211. Қандай витамин кілегейлі қабаттың мүйізденуінің алдын ала отырып, құрамында мысы бар ферменттің белсенділігінің белгілі бір деңгейде болуын қамтамасыз етеді?

1. А) рутин

2. +Б) ретинол

3. В) пиридоксин

4. Г) нафтохинон

5. Д) биотин

212. Адам организміндегі кальций мен фосфор алмасуын реттеуге қандай витамин қатысады?

1. А) В1 витамині

2. Б) А витамині

3. В) Е витамині

4. Г) В2 витамині

5. +Д) Д витамині

213. Қандай витамин рахитке қарсы әсер көрсетеді?

1. А) Е витамині

2. Б) К витамині

3. В) В2 витамині

4. +Г) Д витамині

5. Д) В12 витамині

214. Қандай витамин көп қанықпаған май қышқылдарының тотығуының алдын алып, липидтердің пероксидті тотығу реакцияларын тежейді?

1. +А) токоферол

2. Б) тиамин

3. В) никотинамид

4. Г) биотин

5. Д) рибофлавин

215. Аталған витаминдердің қайсысы тотығу-тотықсыздану үрдісіне қатысады?

1. А) кобаламин

2. Б) фолацин

3. +В) рибофлавин

4. Г) биотин

5. Д) тиамин

216. Тіндерде глюкозаның аэробты ыдырауы мен үшкарбон қышқылдарының циклі тежелген. Бұл реакцияларға қандай витамин қатысады?

1. А) А витамині

2. Б) Е витамині

3. В) Д3 витамині

4. +Г) В1 витамині

5. Д) Вс витамині

217. Науқаста шашының түсуі, тілі мен ернінің кілегейлі қабатының қабынуы, бойы өсуінің тежелуі байқалады. Науқастағы осы аталған белгілердің көрініс беруін қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады?

1. А) В12 витамині

2. + Б) В2 витамині

3. В) РР витамині

4. Г) Н витамині

5. Д) А витамині

218. Сәбидің бассүйегі ерте сүйектенген, ақыл-ойы дамымаған, асқа тәбеті жоқ, салмағы азайған, полиурия, бұлшық еттік сіресіп қалу (ригидтік) байқалады. Организмнің витаминмен жабдықталу деңгейіне байланысты байқалатын осы күй қалай аталады?

1. А) А витаминінің гипервитаминозы

2. +Б) Д витаминінің гипервитаминозы

3. В) С витаминінің гиповитаминозы

4. Г) Е витаминінің гиповитаминозы

5. Д) В1 витаминінің гипервитаминозы

219. Науқас әлсіздікке, көз жасының бөлінуі тежелгеніне және сілекей бөлінуінің бұзылғанына (аузы құрғайтынына), кешқұрым көру қабілетінің нашарлауына шағымданады. Бұл қандай витамин тағаммен жеткіліксіз мөлшерде түскенде байқалады?

1. А) С витамині

2. Б) В1 витамині

3. + А витамині

4. Г) К витамині

5. Д) Н витамині

220. Науқаста әлсіздік, қызыл иегінің қанауы, капиллярлардың жарылуы байқалады. Ол негізінен термиялық өңдеуден өткен тағамды пайдаланады. Науқаста қандай витаминнің жетіспеушілігі болуы мүмкін?

1. А) А витамині

2. Б) К витамині

3. В) Д3 витамині

4. Г) В2 витамині

5. +Д) С витамині

221. Науқас ашуланшақтыққа, нашар ұйқтайтынына, стоматитке, диареяға шағымданады, оның беті мен қолының терісі симметриялы түрде жарақаттанған, галлюцинация байқалады. Науқастың жағдайын қалыпқа келтіру үшін қандай витамин қолданған жөн?

1. А) рибофлавин

2. +Б) никотинамид

3. В) аскорбин қышқылы

4. Г) тиамин

5. Д) биотин

222. Мұрны жиі қанайтын және терісі мен бұлшық еттеріне қан құйылу байқалатын науқасқа дәрігер қандай диета ұсынады?

1. А) ұннан жасалған тағам

2. Б) жануар майы

3. В) қызыл түсті көкөністер

4. Г) өнген дәнді дақылдар

5. +Д) капуста мен шпинат

223. Туберкулезбен ауыратын науқас ұйқысының нашар екеніне, ашуланшақтыққа, тырыспа байқалатынына шағымданады. Науқаста қандай витаминнің жетіспеушілігі байқалады?

1. А) С витамині

2. Б) В12 витамині

3. В) А витамині

4. +Г) В6 витамині

5. Д) Е витамині

224. Баланың орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы артуына байланысты тырыспа, іш кебуі, анемия байқалады. Глутаматтың декарбоксилдену реакциясы бұзылған. Глутаматдекарбоксилаза ферментінің құрамына төмендегі коферменттердің қайсысы кіреді?

1. А) флавинмононуклеотид

2. Б) флавинадениндинуклеотид

3. В) никотинамидадениндинуклеотид

4. Г) тиаминдифосфат

5. +Д) пиридоксальфосфат

225. Науқастың асқазанын алып тастағаннан кейін оның есте сақтауы нашарлады, шала салдану (парез), енжарлық байқалады, гемоглобин деңгейі төмендеді. Науқасты емдеу терапиясына қандай витамин енгізу керек?

1. А) D витамині

2. Б) РР витамині

3. В) А витамині

4. Г) К витамині

5. +Д) В12 витамині

226. Қарт кісінің организмінде липидтердің пероксидті тотығу реакциялары күшейген, артериялық қысымы мен қандағы холестерин деңгейі артқан. Дәрігер антиатерогенді препарат ретінде науқасқа қандай витаминтәрізді зат ұсына алады?

1. А) В4 витамині

2. Б) В8 витамині

3. В) В7 витамині

4. Г) В13 витамині

5. +Д) Ғ витамині

227. Жүкті әйелде түсік тастау қаупі байқалды, бұған дейінгі жүктіліктер кезінде ұрықтың жетілуінің бұзылуы байқалған. Науқас әйелді кешенді түрде емдеу үшін қандай препарат немесе витамин ұсыну керек?

1. А) викасол

2. Б) ретиноацетат

3. В) аскорутин

4. Г) тиаминхлорид

5. +Д) токоферол

 

228. Науқас антибиотик қабылдаған соң мұрны қанайтынын, кесілген жерінен қан көпке дейін тоқтамайтынын байқады. Терісі мен бұлшық етінде қан құйылулар байқалады. Осындай бұзылыстар кезінде дәрігер қандай препарат ұсынуы тиіс?

1. А) убихинон

2. +Б) викасол

3. В) холин

4. Г) карнитин

5. Д) Ғ витамині

229. Науқас сульфаниламидті препараттармен емделген соң әлсіздікке, басының ауыратынына, конъюктивитке, іші жиі өтетініне (диарея) шағымданады. Науқастың қанына жасалған анализ нәтижесі қанда жетілмеген ірі қан жасушаларының пайда болғанын, эритроциттер мөлшерінің азайғанын көрсетті, ал зәрінің құрамында форминглутамин қышқылы анықталды. Науқасты қарау кезінде тілінің қабынғанын (лакированный язык) байқады. Дәрігер қандай витамин ұсынуы тиіс?

1. А) рибофлавин

2. Б) тиамин

3. +В) фолацин

4. Г) биотин

5. Д) никотинамид

230. Ішімдікті көп пайдаланатын, құрамында көмірсуы көп, витамині аз құнарсыз аспен тамақтанатын науқас жүрек тұсының, балтыр бұлшық етінің ауыратынына, саусақтарының жансыздануына шағымданады. Қанның биохимиялық анализі кетоқышқылдары мен лактат мөлшерінің көбеюі есебінен ацидоздың дамығанын көрсетті. Бұл қандай авитаминоз деп болжауға болады?

1. А) дерматит

2. Б) ксерофтальмия

3. В) пеллагра

4. +Г) бери-бери

5. Д) рахит

231.Биосинтетикалық үрдістердің жиынтығын қалай атайды?

1. сіңірілу

+ 2. анаболизм

3. шіру

4. катаболизм

5. бөліну

232. Ыдырау үрдістерінің жиынтығын қалай атайды?

1. сіңірілу

+ 2. катаболизм

3. анаболизм

4.тотықсыздану

5. бөліну

233. Заттар алмасуының сатылары қандай ретпен жүреді?

1. сіңірілуі → қорытылуы → аралық алмасу → шығарылуы

+ 2. қорытылуы →сіңірілуі → аралық алмасу →шығарылуы

3. қорытылуы→ шығарылуы→ сіңірілуі→ аралық алмасу

4. шығарылуы → қорытылуы → сіңірілуі →аралық алмасу

5. сіңірілуі →қорытылуы →аралық алмасу → шығарылуы

234. Көмірсулардың қорытылуы негізінен қайда жүреді?

1. тоқ ішекте

+ 2. ащы ішекте

3. ауыз қуысында

4. өт қабында

5. асқазанда

235. Көмірсулардың жалпы формуласы?

+ 1. (СН2О)n

2 . (С4 Н2 О)n

3. (С3 Н2О)n

4. (С5 Н2О)n

5. (С2 Н2О)n

236.Төмендегі көмірсулардың қайсысы моносахаридтерге жатады ?

1. лактоза,

+ 2. глюкоза,

3. сахароза

4. мальтоза,

5. амилоза

237.Төмендегі көмірсулардың қайсысы дисахаридтерге жатады ?

+ 1. лактоза,

2. глюкоза,

3. дезоксирибоза,

4. галактоза,

5. пентоза

238.Қандай полисахарид бауырда қорға жиналады?

1. пектин,

2. целлюлоза

3. хитин,

+ 4. гликоген

5. крахмал

239.Қандай полисахарид өсімдіктерде қорға жиналады ?

1. хитин

2. гликоген,

+ 3. крахмал ,

4.гепарин

5.гиалурон қышқылы

240.Амилазаның әсерінен қандай байланыс үзіледі?

1. пептидтік

2. эфирлік

+ 3. гликозидтік

4. сутектік

5. иондық

241. Келесі реакциялардың қайсысы субстраттан фосфорлану реакциясына жатады?

1. дифосфоглицераткиназная;

+ 2. пируваткиназная;

3 лактатдегидрогеназная ;

5. гексокиназная.

4.фосфофруктокиназдық

242.Көмірсулардың ең маңызды қызметі қандай?

+1. энергетикалық

2.антигендік

3. катализдік

4. тасымалдаушы

5. пластикалық

243. Төмендегі ферменттердің қайсысы сілекей ферментіне жатады?

1. лактаза

2. сахараза

3. целлюлаза

4.γ -амилаза

+ 5.α-амилаза

244. Көмірсуларды қорытатын ферменттер ферменттердің қай класына жатады?

1. оксидоредуктазалар

2. трансферазалар

+ 3. гидролазалар

3. лиазалар

4. изомеразалар

245. Гликозидазаларға қандай фермент жатады?

+ 1. амилаза,

2. пептидаза,

3. изомераза,

4. пируватдегидрогеназа

5. аминотрансфераза

246. Төмендегі ферменттердің қайсысы гликозидазаларға жатады?

+1. мальтаза,

2. фосфотрансфераза

3. изомераза,

4. пируватдегидрогеназа

5. аминотрансфераза

247. Қандай фермент гликозидазаларға жатады?

+ 1. сахараза,

2. пептидаза,

3. фосфотрансфераза

4. пируватдегидрогеназа

5. аминотрансфераза

248. Мына ферменттердің қайсысы гликозидазаларға жатады?

+ 1. лактаза

2. пептидаза,

3. изомераза,

4. пируватдегидрогеназа

5. аминотрансфераза

249. Сахарозаның гидролизі кезінде қандай моносахаридтер түзіледі?

1. глюкоза мен глюкоза

2. галактоза мен фруктоза

3. галактоза мен глюкоза

+ 4. глюкоза мен фруктоза

5.глюкоза мен манноза

250.Төмендегі заттардың қайсысы көмірсулардың ащы ішекте қорытылуы кезінде түзіледі?

1. амин қышқылдары

2. май қышқылдары

+ 3. моносахаридтер

4.пептидтер

5.кетон денелері

251. Көмірсуларды ішекте сіңірілу жылдамдықтарына қарай қандай ретпен орналастырады?

+ 1. галактоза>глюкоза>фруктоза>пентоза

2. пентоза> галактоза>глюкоза>фруктоза

3. фруктоза>пентоза> галактоза>глюкоза

4. галактоза>пентоза >фруктоза> глюкоза

252. Аталған сіңірілу жолдарының қайсысы галактозаға тән?

1. жай диффузия

2. жеңілдетілген диффузия

+ 3. екіншілік –активті тасымалдау

4.біріншілік- активті тасымалдау

5. пиноцитоз

253. Аталған сіңірілу жолдарының қайсысы глюкозаға тән?

1. жай диффузия

2. жеңілдетілген диффузия

+ 3. екіншілік –активті тасымалдау

4.біріншілік- активті тасымалдау

5.пиноцитоз

254. Аталған сіңірілу жолдарының қайсысы фруктозаға тән?

1. жай диффузия

+2. жеңілдетілген диффузия

3. екіншілік –активті тасымалдау

4.біріншілік- активті тасымалдау

2. пиноцитоз

255. Аталған сіңірілу жолдарының қайсысы пентозаға тән?

+1. жай диффузия

2. жеңілдетілген диффузия

3. екіншілік –активті тасымалдау

4.біріншілік- активті тасымалдау

2. пиноцитоз

256. Ересек адамдар үшін қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері (ммоль/л) қанша болуы керек?

1. 2,5-3,0

2. 1,2-2,0


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 391; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты