КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырыбы: Аралық бақылау. Тіндер мен сұйықтықтар биохимиясы ⇐ ПредыдущаяСтр 5 из 5 Барлығы 75 тест, оның ішінде 38 – есте сақтау, 25 – түсіну, 12 – қолдану. есте сақтау: 815. Төменде берілген ферменттердің қайсысы нейтрофилдердің арнайы ферменттері болып табылады? 1. глутатионпероксидаза 2. каталаза 3. супероксиддисмутаза 4. аланинаминотрансфераза +5. миелопероксидаза 816. НАДФН2 нейтрофилдерде өтетін төмендегі үдерістердің қайсысына жұмсалады? 1. БМҚ синтезі 2. глюкозаның синтезі 3. белоктар синтезі +4. Супероксиданионының түзілуі 5. энергия көзі ретінде 817. Төменде берілген анықтамалардың қайсысы «хемотаксис» түсінігіне сәйкес келеді? А) супероксиданионның түзілуі Б) антигендердің жойылуы В) микробтардың жұтылуы +Г) лейкоциттердің қабыну ошағына жиналуы Д) респираторлық жарылыс 818. Төмендегі заттардың қайсысы хемотаксиске қатысады? +А) селектиндер Б) фибронектиндер В) триглицеридтер Г) альбуминдер Д) глобулиндер 819. Төмендегі заттардың қайсысы адгезияға қатысады? А) селектиндер +Б) интегриндер В) триглицеридтер Г) альбуминдер Д) глобулиндер 820. Төменде берілген анықтамалардың қайсысы «адгезия» түсінігіне сәйкес келеді? А) супероксиданионның түзілуі Б) антигендердің жойылуы В) микробтардың жұтылуы +Г) лейкоциттердің қан тамыр қабырғасына жабысуы Д) респираторлық жарылыс 821. Респираторлық жарылыс кезінде төменде берілген заттар жиынтығының қайсысы артады? А) липазалар, натрий және калий +Б) бос радикалдар, кальций және лизосомалық ферменттер В) триглицеридтер, фосфолипидтер және холестерин Г) магний, молекулалық оттек және СО2 Д) гликоген, лактат, пируват 823. NО-синтазаның әсерінен қандай зат түзіледі? +А) азот оксиді Б) пероксинитрит В)гидроксид радикалы Г) супероксиданион Д) сутек асқын тотығы 824. Төменде берілген ферменттердің қайсысы нейтрофилдердің протеиназаларына жатады? +А) катепсин Б) протеинкиназа В) трипсин Г) аминопептидаза Д) пепсин 825. Лейкоциттердің протеиназалары төменде келтірілген органеллалардың қайсысында кездеседі? А) ядро Б) Гольджи аппараты +В) лизосома Г) рибосома Д) вакуоль 826. Базофилдерде қандай зат түіледі? +а) гепарин; б) плазмин; в) тромбоксан; г) ацетон д) альбумин 827. В-лимфоциттерде негізінен қандай зат түзіледі? а)+ иммуноглобулиндер б) лизоцимдер в) катепсиндер г) липопротеиндер д) альбуминдер 828. Бұлшық ет тіні үшін қандай зат энергия көзі болып табылады? А)+ креатинфосфат Б) креатинин В) мочевина Г) несеп қышқылы Д) ацетон 829. Бұлшық ет тінінде қандай екі элемент көп мөлшерде кездеседі? А) мырыш пен селен Б) никель мен алюминий В)+калий мен натрий Г) кобальт пен темір Д) мыс пен марганец 830. Дене массасының қанша пайызын бұлшық ет тіні құрайды? А) 30-32% Б) +40-42% В) 50-52% Г) 60-62% Д) 70-72% 831. Бұлшық еттегі судың пайыздық мөлшері қанша? 1. 90-99 % 2.50-65% +3. 72-80% 4. 40-42% 5. 20-28% 832. Төменде берілген заттардың қайсысы бұлшық еттің азотты экстрактивті заттарына жатады? 1. гликоген +2. креатинфосфат 3. лактат 4. ацетон 5. миоглобин 833. Төменде берілген заттардың қайсысы бұлшық еттің азотсыз экстрактивті заттарына жатады? 1. ацетон 2. креатинин 3. мочевина 4. аммоний +5. глюкоза 834. Бұлшық ет тіні қандай роль атқарады? +1. тыныс алуды қамтамасыз етеді 2. қансыраудан сақтайды 3. өттің түзілуіне қатысады 4. залалсыздандыру қызметін атқарады 5. оксигемоглобиннің түзілуіне ықпал етеді 835. Төмендегі гормондардың қайсысы сүйек тінінде кальций фосфаттарының жиналуын қамтамасыз етеді? 1. трийодтиронин 2. глюкагон 3. инсулин 4. +кальцитонин 5. вазопрессин 836. Төмендегі гормондардың қайсысы сүйек тінінен кальций фосфаттарының шығарылуын қамтамасыз етеді? 1. инсулин 2. адреналин 3. норадреналин 4. тироксин 5. +паратгормон 837. Төменде берілген амин қышқылдарының қайсысы көп мөлшерде сүйек тіні коллагенінің құрамына кіреді? 1. метионин 2. лизин 3. глутамат 4. +пролин 5. оксилизин 838. Төменде берілген ферменттердің қайсысы сүйек тінінің арнайы ферменті болып табылады? 1. малатдегидрогеназа 2. +сілтілі фосфатаза 3. альдолаза 4. АТФ-аза 5. фосфолипаза 839. Төменде берілген заттардың қайсысы сілтілі фосфатазаның қатысуымен тасымалданады? 1. сульфаттар 2. гидрокарбонаттар 3. хлоридтер 4. +фосфаттар 5. оксалаттар 840. Төменде берілген ферменттердің қайсысы сүйек тінінің резорбциялануына қатысады? 1. сілтілі фосфатаза +2. қышқылды фосфатаза 3. пирофосфатаза 4. липаза 5. амилаза 841. Төменде берілген қышқылдардың қайсысы сүйек тінінің аппатиттерін ерітуге қатысады? 1. малат +2. цитрат 3. оксалоацетат 4. фумарат 5. лактат 842. Төменде берілген элементтердің қайсысы сүйек тінінің ізбестенуіне әкеледі? 1. +кремний 2. темір 3. алюминий 4. стронций 5. бериллий 843. Дәнекер тіні дене массасының қанша пайызын құрайды? 1. 20 % 2. 30 % 3. 40% +4. 50% 5. 70% 844. Төмендегі функциялардың қайсысы дәнекер тініне тән? +1. тіректік 2. катализдік 3. электротрансформациялық 4. жиырылғыштық 5. өт түзуші 845. Коллаген төмендегі жасушалардың қайсысын синтездейді? 1. гепатоциттер +2. фибробласттар 3. остеоциттер 4. лейкоциттер 5. эритроциттер 846. Тропоколлагеннің құрамында қанша тізбек бар? 1. 1 2. 2 +3. 3 4. 4 5. 5 847. Төменде берілген белоктардың қайсысы коллагендік фибриллалардың түзілуіне қатысады? 1. альбумин +2. фибронектин 3. гаптоглобин 4. фибриноген 5. ферритин 848. Төменде берілген амин қышқылдарының қайсысы эластиннің созылғыштығын қамтамасыз етеді? +1. лизин 2. пролин 3. аланин 4. глицин 5. метионин 849. Мидың сұр затындағы судың пайыздық мөлшері қанша? 1. 20-25% 2. 30-35% 3. 40-45% 4. 70-75% +5. 80-85% 850. Мидың ақ заты мен сұр заты құрамындағы белгілі бір заттың мөлшері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Төмендегі заттардың қайсысы осы затқа жатады? +1. липидтер 2. көмірсулар 3. белоктар 4. экстрактивті заттар 5. пептидтер 851. Шеткі және орталық жүйке жүйесі көптеген параметрлері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Шеткі жүйке жүйесінде төменде берілген заттардың қайсысы басым мөлшерде болады? +1. нейроальбуминдер 2. липогликопротеиндер 3. протеолипидтер 4. липонуклеопротеиндер 5. липогликонуклеопротеиндер 852. Моноаминооксидазаның құрамында қандай кофермент бар? (ФАД – флавинадениндинуклеотид; ФМН – флавинмононуклеотид)? +1. ФАД 2. НSKoA 3. тиаминдифосфат 4. фосфопиридоксаль 5. ФМН Түсіну: 853. Жүйке импульсі қозғалыс жүйке ұштарының аймағына өтуі кезінде ацетилхолин бөлінеді, соның нәтижесінде қозу пайда болады. Осы үдерістің нәтижесінде не болады? 1. жасуша мембранасының өткізгіштігі төмендейді 2. кальций, калий және магний иондары миоциттен шығады 3. УТФ-ң түзілуі күшейеді +4. кальций, калий және магний иондары саркоплазмаға түседі 5. АТФ-ң ыдырауы күшейеді 40. Бұлшық ет жиырылуында кальций қандай рөл атқарады? 854. кальцийдің бос катиондары миозинмен байланысады +2. ол тропонинмен әрекеттеседі 3. ол глобулинмен бірігеді 4. ол актинмен бірігеді 5. ол АТФ-ң ыдырауын күшейтеді 855. Бұлшық еттегі АТФ ресинтезі қалай іске асады? +1. креатинкиназды реакция арқылы 2. гликоген гидролизі арқылы 3. тотығудан декарбоксилдену арқылы 4. липонеогенез арқылы 5. липогенез арқылы
856. «Респираторлық жарылыс» кезінде не болады? +1. фагоцитоз жүріп жатқан жасушаларда метаболикалық үдерістердің белсенуі 2. нейтрофилдердегі анаболикалық үдерістердің белсенуі 3. эозинофилдердегі анаболикалық үдерістердің белсенуі 4. лимфоциттердегі гликолиздің белсенуі 5. лимфоциттерде катаболикалық үдерістердің белсенуі 957. Эозинофилдер қандай роль атқарады? +1) аллергиялық реакцияларға қатысады 2) липолизді күшейтеді 3) альбуминдердің түзілуіне қатысады 4) аммиакты залалсыздандыруға қатысады 5) кетогенезді күшейтеді 858. Нейтрофилдердегі метаболизм ерекшеліктеріне не жатады (ПФЦ-пентозофосфатты цикл; ОАФ – оттектің активті формалары)? 1. гликогенолиз дәрежесі жоғары 2. ПФЦ-ң деңгейі төмен +3. ОАФ-ң көп мөлшерде түзілуі 4. лизосомалық ферменттер мөлшері аз 5. кетогенез деңгейі жоғары 859. Актомиозин қандай рөл атқарады? +1. АТФ-ті ыдыратады 2. оттекті тасымалдайды 3. көмірқышқыл газын тасымалдайды 4. альбуминдерді тасымалдайды 5. ЦТФ-ті ыдыратады 860. Моноаминооксидаза қандай рөл атқарады? +1. биогенді аминдердің тотығуына қатысады 2. пируваттың тотықсыздануын тездетеді 3. биогенді аминдердің тотықсыздануына қатысады 4. митозды күшейтеді 5. қан ұюына ықпал етеді 861. Протеолипидтер қандай рөл атқарады? +1. миелиннің түзілуіне қатысады 2. АТФ-ң ыдырауына ықпал етеді 3. қан тамырішілік липолизге қатысады 4. АТФ ресинтезін тездетеді 862. Ганглиозидтер қандай рөл атқарады? 1. кетогенезге қатысады +2. жүйке қозғыштығына қатысады 3. бұлшық ет жиырылуына қатысады 4. қан тамырішілік липолизге қатысады 5. менструальды циклді реттеуге қатысады 863. Глутамин қышқылы жүйке тінінде қандай рөл атқарады? 1. тежелуге ықпал етеді +2. қозуға ықпал етеді 3. липогенезге ықпал етеді 4. липолизге ықпал етеді 5. жасуша дифференциациясына ықпал етеді 864. Глицин жүйке тінінде қандай рөл атқарады? +1. тежелуге түрткі болады 2. қозуға ықпал етеді 3. липогенезге ықпал етеді 4. липолизге ықпал етеді 5. жасуша дифференциациясына ықпал етеді 865. Таурин жүйке тінінде қандай рөл атқарады? +1. тежелуге ықпал етеді 2. қозуға ықпал етеді 3. липогенезге ықпал етеді 4. липолизге ықпал етеді 5. жасуша дифференциациясына ықпал етеді 866. Дәнекер тіні қандай рөл атқарады? +1. организмнің негізгі қаңқасын түзеді 2. альбуминдердің синтезіне қатысады 3. кетон денелерінің көзі болып табылады 4. липопротеиндердің жиналатын орны болып табылады 5. препротромбиннің синтезіне қатысады 867. Гепарансульфат қандай рөл атқарады? 1. қан ұюына қатысады +2. өсу факторының рецепторларының түзілуіне қатысады 3. сүйек тінінің резорбциясына қатысады 4. жүйке импульсінің өткізілуіне ықпал етеді 5. бауырдың өт бөлу функциясын жақсартады 868. Бүйрек шумақтарының таңдамалы өткізгіштігінде гепарансульфат қандай рөл атқарады ? +1. базальды мембрананың зарядын қалыптастырады 2. 3 типтегі коллагеннің түзілуіне қатысады 3. гиалуронидазаның белсенділігін тежейді 4. ион алмасу үдерісін белсендіреді 5. бикарбонаттардың реабсорбциясын тежейді 869. Гепарин неліктен антикоагулянт рөлін атқаруға қабілетті? +1. өйткені ол антитромбинмен байланысады 2. өйткені ол жасуша бөлінуін активтейді 3. өйткені ол протромбиннің түзілуіне ықпал етеді 4. өйткені ол глюкурон қышқылымен байланысады 5. өйткені ол АТФ-азалық абелсенділікке ие 870. Гепариннің антитоксикалық әсері неге негізделген? 1. гепарин глюкурон қышқылының түзілуін стимулдейді +2. гепарин гистаминді байланыстырады 3. гепарин билирубинді байланыстырады 4. гепарин серотонинді бөледі 5. гепарин глутатионның түзілуін тездетеді 871. Гепариннің әсерінен капилляр өткізгіштігінің төмендеуінде қандай механизм жатыр? +1. гиалуронидазаны тежеу 2. гиалуронидазаны белсендіру 3. липопротеинлипазаны тежеу 4. липопротеинлипазаны белсендіру 5. липонеогензді стимулдеу 872. Сүйек тіні қандай рөл атқарады? +1. бұлшық ет бекінетін орын болып табылады 2. гликогеннің қорға жиналатын негізгі орны болып табылады 3. қан плазмасы альбуминдерінің синтезі өтетін орын болып табылады 4. липопротеиндер жиналатын орын болып табылады 5. аммиакты залалсыздандыру орны болып табылады 873. Сүйек тінінің дәнекер тінінің басқа түрлерінен ерекшелігі не болып табылады? 1. кальций тұздарының мөлшері аз 2. жасуша саны көп 3. жасушааралық заты аз +4. жасушааралық заты көп 5. коллаген мөлшері аз 874. Остеобластардағы минералдануды бақылау қалай іске асады? 1. Д витаминінің активті-алмасу формаларының түзілуін стимулдеу арқылы 2. +олардың мембранасы арқылы кальций мен фосфордың өтуін реттеу арқылы 3. қоректік заттардың матрикске түсуін реттеу арқылы 4. липогенез және липолиз үдерістерін күшейту арқылы 5. биогенді аминдердің босап шығуын реттеу арқылы 874. Сүйек тінінің сиалопротеиндерінің сүйекті ізбестеуге қатысу қабілеті негізінде не жатыр? +1. кальций катиондарын байланыстыру 2. натрий катиондарын байланыстыру 3. хлор аниондарын байланыстыру 4. калий катиондарын байланыстыру 5. күкірт аниондарын байланыстыру
875.Сілтілі фосфатаза қандай рөл атқарады? 1. Қан ұю фактроларының түзілуіне қатысады 2. Кристаллизация ядросының түзілуіне қатысады 3. Липопротеиндердің түзілуіне қатысады 4. Жасушалардың бөлінуіне қатысады 5. Коллагеннің түзілуіне қатысады 876.Қышқылды фосфатазаның резорбциялау әсерінің негізінде не жатыр? 1. Фосфор қышқылының органикалық эфирлерін ыдырату 2. Фосфор қышқылының органикалық эфирлерін синтездеу 3. Бейорганикалық фосфаттарды ыдырату 4. Глюкурон қышқылының органикалық эфирлерін ыдырату 5. Глюкурон қышқылының органикалық эфирлерін синтездеу Пайдалану 877.Науқаста кахексия ( қу сүйек болып арықтау), аяғының ауратыны байқалады. Сүйек тініндегі патологиялық үрдісті білу үшін қанда қандай көрсеткішті анықтау керек? 1. Сілтілі фосфатаза белсенділігін 2. Гаммаглутаминтранспептидаза белсенділігін 3. Липопротеинлипаза белсенділігін 4. Амилаза белсенділігін 5. Креатинкиназа белсенділігін
878.Науқастың ұзақ уақыт сынған жері жазылмады.Кальций препараты және D витаминімен емдеу нәтиже көрсетпеді. Науқастың сынған жері тез жазылуы үшін қандай гормонды ұсынуғы болады? 1. +Кальцитонин 2. Паратгормон 3. Соматропин 4. Гонадотропин 5. кальцитриол
879.Науқас кальцитонинді қабылдаған.Бұл гормонның әсер ету нәтижесін білу үшін зәрде қандай көрсеткішті анықтау керек? 1. +Фосфор мөлшерін 2. Альбуминдер мөлшерін 3. Глюкоза мөлшерін 4. Мочевина мөлшерін 5. Креатинин мөлшерін 880.Науқас ішінің ауратынына, әсіресе тамақ ішкеннен кейін және жиі ішінің өтетініне, арықтағанына шағымданды. Бұл науқасты зерттеу кезінде қандай нәтиже күтуге болады? 1. Нәжісте биливердин артады 2. Қанда лактат артады 3. Креатинкиназа белсенділігі артады 4. +Нәжісте майлар болады 5. Нәжісте стеркобилин болады 881.Науқаста ұйқы безінің ауруы деген болжам бар.Бұл жағдайды анықтау үшін қандай анализ жасауға болады? 1. Нәжісте биливердинді анықтау 2. Қанда лактатты анықтау 3. Креатинкиназа белсенділігі анықтау 4. +Нәжісте майларды анықтау 5. Нәжісте стеркобилинді анықтау 882.Науқаста сүйек тінінің ауруы деген болжам бар.Бұл жағдайды анықтау үшін қандай анализ жасауға болады? 1. +Қанда сілтілі фосфатаза белсенділігін анықтау 2. Қанда глюкозаны анықтау 3. Қанда креатинкиназа белсенділігі анықтау 4. Зәрде альфа-амилазаны анықтау 5. Зәрде альбуминдерді анықтау 883.Науқас аузының жиі құрғайтынына, жиі зәр шығаратынына, тәбетінің жоғарлығына, арықтағанына шағымданды. Бұл науқасқа комплексті диогностика жасау үшін қандай анализ жасауға болады? 1. Қанда сілтілі фосфатаза белсенділігін анықтау 2. +Қанда глюкозаны анықтау 3. Қанда креатинкиназа белсенділігі анықтау 4. Зәрде альфа-амилазаны анықтау 5. Зәрде альбуминдерді анықтау 884.Науқастың қанында рН көрсеткіші төмендегені байқалады.Қан анализінде лактат мөлшері жоғары. Қанының рН көрсеткішін қалпына келтіру үшін науқасқа қандай ерітінді енгізу керек? 1. Калий хлориді 2. Кальций хлориді 3. Натрий хлориді 4. +Натрий бикарбонаты 5. Кальций карбонаты
885.Науқастың қанында метаболиттік алкалоз байқалады. Қанының рН көрсеткішін қалпына келтіру үшін науқасқа қандай ерітінді енгізу керек? 1. Калий сульфаты 2. +Кальций хлориді 3. Натрий хлориді 4. Натрий бикарбонаты 5. Кальций карбонаты 886.Науқаста рСО2 парциалды қысымы жоғарлаған.Бұл кезде қандай жағдайды күтуге болады? 1. Лактатацидоз 2. Кетоацидоз 3. +Респираторлы ацидоз 4. респираторлы алкалоз 5. метаболиздік алкалоз 887.Науқастың артериалды қанында рСО2 парциалды қысымы төмендеген.Бұл кезде қандай жағдайды күтуге болады? 1. Лактатацидоз 2. Кетоацидоз 3. Респираторлы ацидоз 4. +респираторлы алкалоз 5. метаболиздік алкалоз ЕСТЕ САҚТАУ 888.Бауыр ауруы кезінде қандай индикаторлы фермент анықталады? 1. Креатинфосфокиназа 2. +Аланинаминотрансфераза 3. Қышқылды фосфатаза 4. амилаза 5. сукцинатдегидрогеназа
889.Ұйқы безі ауруы кезінде қандай индикаторлы фермент анықталады? 1. Креатинфосфокиназа 2. Аланинаминотрансфераза 3. Қышқылды фосфатаза 4. +Амилаза 5. сукцинатдегидрогеназа 890.Жүрек ауруы кезінде қандай индикаторлы фермент анықталады? 1. +Креатинфосфокиназа 2. Аланинаминотрансфераза 3. Қышқылды фосфатаза 4. альдолаза 5. сукцинатдегидрогеназа 891.Бұлшық ет ауруы кезінде қандай индикаторлы фермент анықталады? 1. +Креатинфосфокиназа 2. Аргиназа 3. Қышқылды фосфатаза 4. гамма-глутамилтранспептидаза 5. сукцинатдегидрогеназа 892.Берілген белоктардың қайсысы бүйректің арнайы белогы болып табылады? 1. нейростенин 2. +ламинин 3. миоглобин 4. кальциневрин 5. кальмодулин 893.Берілген белоктардың қайсысы нерв тінінің арнайы белогы болып табылады? 1. +нейростенин 2. ламинин 3. миоглобин 4. кальциневрин 5. кальмодулин 894.Берілген белоктардың қайсысы сүйек тінінің арнайы белогы болып табылады? 1. нейростенин 2. ламинин 3. миоглобин 4. кальциневрин 5. +оссеин 895.Берілген белоктардың қайсысы бұлшық ет тінінің арнайы белогы болып табылады? 1. нейростенин 2. ламинин 3. +миоглобин 4. кальциневрин 5. кальмодулин 896.Панкреатит кезінде ( ұйқы безінің қабынуы) қанда берілген ферменттердің қайсысы артады? 1. +Амилаза 2. Креатинкиназа 3. Фосфатаза 4. Аргиназа 5. Альдолаза 897.Миозит кезінде ( бұлшық еттің қабынуы) қанда берілген ферменттердің қайсысы артады? 1. пероксидаза 2. Каталаза 3. Фосфатаза 4. Аргиназа 5. +Альдолаза 898.Жүрек зақымданған кезде қанда берілген ферменттердің қайсысы артады? 1. Амилаза 2. +Креатинкиназа 3. Қышқылды фосфатаза 4. Аргиназа 5. Сілтілі фосфатаза 899.Гепатит кезінде ( бауырдың қабынуы) қанда берілген ферменттердің қайсысы артады? 1. Қан сарысуының амилазасы 2. Креатинфосфокиназа 3. Қышқылды фосфатаза 4. +аланинаминотрансфераза 5. Қан сарысуының альдолазасы 900.Гиалурон қышқылының бактерицидтік әсері нене негізделген? 1. +Бактерия ферменттерін инактивациялауға 2. Бактерия мембранасына орналасуға 3. Бактериялардың қоректенуін тоқтатуға 4. Бактерия белоктарын ұйытуға 5. Митозды тежеуге 901.Сүйек тіні белоктарының кальций катионын байланыстыруы негізінде қандай үрдіс жатыр? 1. +Глутамин қышқылының қалдығын карбоксилдеу 2. Глутамин қышқылының қалдығын декарбоксилдеу 3. Пируватты карбоксилдеу 4. ацетил-КоА-ны карбоксилдеу 5. пируватты тотығудан декарбоксилдеу Қолдану 902.Науқаста шашының депигментациясы (пигментсіздену) , кератинденуі бұзылған, дәнекер тіні зақымданған, нейродегенеративті құбылыс байқалады. Бұл жағдайда ненің алмасуының бұзылғанын күтуге болады? 1. Цинктің жетіспеуі 2. Темірдің жетіспеуі 3. Селеннің жетіспеуі 4. Хромның жетіспеуі 5. +Мыстың жетіспеуі
903. Оттектің белсенді түрлеріне не жатады? +1 –супероксиданион 2 – молекулалық оттегі 3 – көміртек оксиді 4 – ротенон 5 – 2,4-динитрофенол 904. Қандай заттар пероксидті тотығуға ұшырайды? 1. +көпқанықпаған май қышқылдары 2. белоктар мен пептидтер 3. өт қышқылдары 4. суда еритін витаминдер 5. витаминтәрізді заттар 905. Супероксиддисмутазаның әсер етуі нәтижесінде қандай зат түзіледі? 1. молекулалық оттек 2. +сутек асқын тотығы 3. көмірқышқыл газы 4. гидроксил радикалы 5. азот оксиді 906. Қандай реакция нәтижіснде супероксид радикалы түзіледі? 1. + О2+Fe 3+ 2. О2+Fe 2+ 3. O2+Ca 2+ 4. O2+Cu 2+ 5. Н2О2+HCL 907. Глутатионпероксидазаның коферменті – НАДФН2. Осы фермент қандай реакцияны катализдейді? +1- тотыққан глутатионның тотықсыздануы 2- тотықсызданған глутатионның тотығуы 3- цистатионның тотығуы 4- гидроксиметилглутарилдің тотықсыздануы 5- метилмеркаптанның тотықсыздануы 908. Глутатионпероксидазаның коферментінің құрамына қандай металл кіреді? 1. + селен 2. мыс 3. мырыш 4. сынап 5. никель 909. Гидроксил радикалы қандай реакция нәтижесінде түзіледі? 1. О2+Fe 3+ 2. О2+Fe 2+ 3. O2+Ca 2+ 4. O2+Cu 2+ 5. +- Н2О2+О 2 -
|