Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Белоктар 2 страница. 92. Ревертаза ферменті генетикалық ақпараттың м-РНҚ-дан ДНҚ-ға тасымалдануын қамтамасыз етеді




5. ЦУА

92. Ревертаза ферменті генетикалық ақпараттың м-РНҚ-дан ДНҚ-ға тасымалдануын қамтамасыз етеді. Қандай тірі организмде ревертаза ферменті бар?

+1. вирус

2. адам

3. өсімдік

4. саңырауқұлақ

5. балық

93. Адамнан және басқа да тірі организм түрлерінен алынған ДНҚ-ң 5 анализі бар. Қай түрдің ДНҚ-сы екенін анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

1. ∑А+Г/∑Т+Ц есептеу

+2. ∑А+Т/∑Г+Ц есептеу

3. ∑Г+Т/∑А+Ц есептеу

4. ∑А+Ц/∑Г+Т есептеу

5. ∑А+А/∑Г+Ц есептеу

94. Егер, барлық 30 т-РНҚ-ның тасымалдайтын амин қышқылы байланысатын акцепторлық сабағының құрылысы бірдей екені белгілі болса, онда т-РНҚ өзінің тасымалдайтын амин қышқылын қалай таниды?

1. антикодонның көмегімен

+2. аминоацил-т-РНҚ-синтетазаның көмегімен

3. рибосомамен байланысатын аймақ арқылы

4. минорлы негіздердің көмегімен

5. қосымша ілмек арқылы

95. Металлопротеиндердің простетикалық тобы болып табылады?

1. порфинмен байланысқан металл

2. витаминмен байланысқан металл

3. нуклеотидпен байланысқан металл

4. көмірсумен байланысқан металл

+5. амин қышқылымен байланысқан металл

96.Фосфопротеиннің молекуласында фосфор қышқылы қандай аминқышқылына байланысады?

1. НS-СН2-СНNН2-СООН

2. СООН-СН2-СНNН2-СООН

3. +СН2ОН-СНNН2-СООН

4. СН3-СН2- СНNН2-СООН

5. СН3S-СН2-СН2-СНNН2-СООН

97. Липопротеиндердің простетикалық тобы болып табылады?

1. көмірсулар

2. витаминдер

3. нуклеотидтер

+4. майлар

5. белоктар

98. Кейбір металлопротеиндердің және хромопротеиндердің құрамында темір бар. Металлопротеиндер хромопротеиндерден қалай ерекшеленеді?

+1. хромопротеиндегі металл гемнің құрамында болады

2. хромопротеиндегі металл бос күйінде болады

3. металлопротеиндер газ алмасуына қатысады

4. хромопротеиндер липидтерді тасымалдайды

5. металлопротеиндер фотосинтезге қатысады

99. Аталған белоктардың қайсысының құрамында темір бар?

+1. ферритин

2. хлорофилл

3. церулоплазмин

4. карбоангидраза

5. гаптоглобин

100. Қай жасушалар тасымалдаушы металлопротеиндердің негізгі синтезделетін орны болып табылады?

+1. бауыр жасушалары

2. көкбауыр жасушалары

3. лимфоидты тіннің жасушалары

4. бүйрек түтікшелерінің жасушалары

5. ішек қабырғасының жасушалары

101. Қандай заттар қан сарысуының липопротеиндері арқылы тасымалданады?

+1. липидтер

2. көмірсулар

3. билирубин

4. мочевина

5. микроэлементтер

102. Төменде берілген қасиеттердің қайсысы фосфопротеиндерге тән?

1. негіздік құнды

+2. қышқылдық құнды

3. қышқылдық құнсыз

4. бейтарап құнды

5. негіздік құнсыз

103. Төмендегі белоктардың қайсысы фосфопротеиндерге жатады?

1. протамин

+2. казеиноген

3. фибриноген

4. опсин

5. гистамин

104. Науқасқа атеросклероз диагнозын қою үшін оның қанындағы қандай көрсеткіштер анықталуы керек? Мұндағы ТТЛП – тығыздығы төмен липопротеин, ТЖЛП – тығыздығы жоғары липопротеин, ТӨТЛП – тығыздығы өте төмен липопротеин

+1. ТТЛП/ТЖЛП арақатынасын анықтау

2. холестерин/триацилглицерин арақатынасын анықтау

3. пируват/лактат арақатынасын анықтау

4. тирозин/валин арақатынасын анықтау

5. хиломикрон/ ТӨТЛП арақатынасын анықтау

105. Неліктен ұрықтың дамуы фосфопротеиндер бар орында іске асады?

+1. ФП-алмастырылмайтын аминқышқылдары мен фосфор қышқылының көзі

2. ФП-темір мен микроэлементтердің көзі

3. ФП-алмастырылатын аминқышқылдарының көзі

4. ФП-гормондардың көзі

5. ФП-биологиялық активті заттардың көзі

106. Ферменттер химиялық табиғаты бойынша қандай зат болып табылады?

1. арнайы көмірсулар

+2.арнайы белоктар

3. арнайылығы жоқ белоктар

4. бейорганикалық катализаторлар

5. арнайылығы жоқ амин қышқылдары

107. Ферменттердің әсер ету механизмінде не жатыр?

+1. активтену энергиясын төмендету қабілеті

2. активтену энергиясын жоғарылатады

3. кинетикалық энергияны жоғарылату қабілеті

4. кинетикалық энергияны төмендету қабілеті

5. потенциалды энергияны жоғарылату қабілеті

108. Біркомпонентті ферменттің активті орталығының түзілуіне қандай қышқылдар қатысады?

1. гидроксиқышқылдар

+2.амин қышқылдары

3. нуклеин қышқылдары

4.оксоқышқылдар

5. май қышқылдары

109. Екікомпонентті фермент молекуласы қалай аталады ?

1. изофермент

2. апофермент

3. кофермент

+4.холофермент

5. профермент

110. Төмендегі факторлардың қайсысы фрментативті реакцияның жылдамдығына әсер етеді?

1. ферменттің молекулалық массасы

2. активті орталықтың орны

3. алмастырылмайтын амин қышқылдарының болуы

+4.ферменттің мөлшері

5. алмастырылмайтын амин қышқылдарының болуы

111. Бір ғана субстратқа әсер етіп, бір ғана реакцияны катализдейтін, бірақ физика-химиялық қасиеттері әр түрлі болатын ферменттер қалай аталады?

1.проферменттер

+2.изоферменттер

3.апоферменттер

4.холоферменттер

5.преферменттер

112. « Катал» дегеніміз не?

+1. ферменттің қуаттылығын анықтайтын бірлік

2. Михаэлис-Ментеннің константасы

3. ферменттің концентрациясын анықтайтын бірлік

4. ингибитордың концентрациясын анықтайтын бірлік

5. молярлық экстинкция коэффициенті

113. Профермент дегеніміз не?

1. IV құрылымы бар ферменттер

2. аллостериялық орталығы жоқ ферменттер

3. ферменттің активті алғызаты

+4. ферменттің активсіз түрі

5.ферменттердің молекулалық формасының бірі

114.Фермент әсерінен не байқалады?

1. фермент концентрациясының азаюы

2.реакция өнімдері концентрациясының азаюы

3.ингибитор концентрациясының азаюы

4. активатор концентрациясының азаюы

+5.субстрат концентрациясының азаюы

115. Ферменттің абсолютты субстраттық арнайылығы дегеніміз не ?

+1.ферменттің тек бір субстратқа ғана әсер етуі

2. ферменттің екі немесе одан да көп субстратқа әсер етуі

3. ферменттің әр түрлі байланыстары бар субстраттар тобына әсер етуі

4. ферменттің байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етуі

5. ферменттің кеңістік құрылысы әр түрлі субстраттар тобына әсер етуі

116. Ферменттің салыстырмалы субстраттық арнайылығы дегеніміз не ?

1.ферменттің тек бір субстратқа ғана әсер етуі

2. ферменттің екі немесе одан да көп субстратқа әсер етуі

3. ферменттің әр түрлі байланыстары бар субстраттар тобына әсер етуі

+4. ферменттің байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етуі

5. ферменттің кеңістік құрылысы әр түрлі субстраттар тобына әсер етуі

117. Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қандай қызмет атқарады?

+ 1. әсер ету арнайылығын қамтамасыз етеді

2.субстраттық арнайылығын қамтамасыз етеді

3. реакция өнімдерімен әрекеттесуін қамтамасыз етеді

4. аллостерикалық орталығының түзілуін қамтамасыз етеді

5.реакцияның қайтымдылығын қамтамасыз етеді

118. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қандай қызмет атқарады?

1. әсер ету арнайылығын қамтамасыз етеді

+ 2.субстраттық арнайылығын қамтамасыз етеді

3. реакция өнімдерімен әрекеттесуін қамтамасыз етеді

4. аллостериялық орталығының түзілуін қамтамасыз етеді

5.реакцияның қайтымдылығын қамтамасыз етеді

119. Миокард инфарктысын диагностикалауда биохимиктер тек миокардта кездесетін органдық арнайылығы бар изоферменттерді анықтайды. Миокард инфарктысы кезінде қанда лактатдегидрогеназаның қандай изоферменті пайда болады?

+ 1.ЛДГ1

2. ЛДГ2

3.ЛДГ3

4.ЛДГ4

5.ЛДГ5

120. 00 С-дан төмен температурада ферменттің белсенділігі күрт төмендейді. Бұл немен байланысты?

1.фермент гидролизі жүреді

+ 2.ферменттің қайтымды денатурациясы жүреді

3. ферменттің қайтымсыз денатурациясы жүреді

4. фермент молекуласының біріншілік құрылымының өзгеруі

5. субстрат молекусының жылу қозғалысының төмендеуі жүреді

121. Қай температура ферменттің қайтымсыз инактивациясын тудырады?

1. 0°С

2.50°С

3.30°С

4.40°С

+5.100°С

122.Температуралық оптимум дегеніміз не ?

1. қайтымсыз инактивация байқалатын температура

2. фермент минимальды белсенділікке ие болғандағы температура

+3. фермент максимальды белсенділікке ие болғандағы температура

4. қайтымды инактивация байқалатын температура

5. фермент белсенді емес жағдайдағы температура

123. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде қандай комплекс түзіледі ?

1.фермент-субстрат

2.фермент-ингибитор

3. фермент-субстрат-ингибитор

4. фермент-реакция өнімі

5. субстрат-ингибитор

124. Ферменттердің класқа жіктелуінің негізінде не жатыр?

1. ферментттің структурасы

2. ферментттің белсенділігі

+3.катализдейтін реакция түрі

4. субстраттың структурасы

5. органдық арнайылығы

125. Ас қорытуға қатысатын ферменттер төмендегі ферменттер класының қайсысына жатады ?

+1 гидролазалар

2.оксидоредуктазалар

3.трансферазалар

4.лиазалар

5.изомеразалар

126. Қай қосылыс пепсиногеннің пепсинге айналуының активаторы?

1.энтерокиназа

2.өт қышқылдарының тұздары

3.тұз қышқылы

4.трипсин

5.химотрипсин

127. Ферменттің әсерін тежейтін химиялық заттар қалай аталады?

1.активаторлар

2.модификаторлар

3. стабилизаторлар

+4. ингибиторлар

5.корепрессорлар

128.Трипсин ұйқы безінде белсенді емес күйінде түзіледі. Төмендегі заттардың қайсысы трипсиногеннің активаторы болып табылады?

1.магний иондары

2.өт қышқылдарының тұздары

+3.энтеропептидаза

4.тұз қышқылы

5.химотрипсин

129. Неліктен малон қышқылы сукцинатдегидрогеназаның бәсекелес ингибиторы болып саналады?

+ 1.субстратпен құрылымдық сәйкестігі бірдей

2. ферментпен құрылымдық сәйкестігі бірдей

3.ферменттің активті орталығымен құрылымдық сәйкестігі бірдей

4. коферментпен құрылымдық сәйкестігі бірдей

5. ферменттің аллостерикалық орталығымен құрылымдық сәйкестігі бірдей

130.Күрделі эфирлік байланысы бар қосылыс фермент әсерінен жай заттарға ыдырайды. Ыдырау судың қатысуымен өтеді. Осы фермент төмендегі аталған ферменттердің қай класына жатады?

+ 1.гидролазалар

2.трансферазалар

3.лиазалар

4.лигазалар

5.изомеразалар

131.Науқаста қаны мен зәрінде амилаза ферментінің белсенділігі артқаны анықталды. Қай орган зақымдануы мүмкін ?

 

+ 1.ұйқы безі

2. тоқ ішек

3. жұлын

4.бүйрек

5.ащы ішек

132. Карбангидраза құрамындағы мырыш қандай роль атқарады?

1.НСО3 - түзілуіне қатысады-

+ 2.кофермент құрамына кіреді

3.судың гидрокситобымен байланысады

4.фермент молекуласының беткейінде орналасады

5.ферменттің активті орталығының компоненті болып табылады

133. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа құрамында НАДФ коферменті бар және ол пентозофосфатты циклдің ферменті болып табылады, осы циклде НАДФ тотықсызданады. НАДФН2 эритроциттердің антитоксикалық жүйесінің компоненті болып табылады. Осы жүйе қызметі жеткіліксіздігі кезінде эритроциттерде не байқалады?

1. гендік мутация

2. хромосомалық мутация

+3. эритроциттердің ыдырауы

4. белок синтезінің бұзылуы

5. микрофилдердің жиналуы

134. НSКоА-ның құрамына қандай витамин кіреді?

1.тиамин

+2.пантотен қышқылы

3.ретинол

4. викасол

5.аскорбин қышқылы

135.Аминотрансферазалардың коферментінің құрамына қандай витамин кіреді?

1.В1

2.В2

3.Вс

4.В5

+5.В6

136.Тетрагидрофоль қышқылының құрамына қандай витамин кіреді?

 

1.С

2.Д

3.В1

4.В2

+ 5.Вс

137. Ацилтрансферазалар қандай атом топтарын тасымалдайды?

1.фосфор қышқылдарының қалдықтарын

+2.карбон қышқылдарының қалдықтарын

3.амин қышқылдарының қалдықтарын

4.гидроксиқышқылдарының қалдықтарын

5.кетоқышқылдарының қалдықтарын

 

138.Қандай ферменттер біркомпонентті болып саналады?

1.ацилтрансферазалар

2.аминотрансферазалар

+3.фосфотрансферазалар

4.метилтрансферазалар

5.алкилтрансферазалар

139.Төмендегі реакциялардың қайсысы аминотрансферазалардың қатысуымен өтеді?

1.карбоксилдену

2.тотығудан фосфорлану

+3.трансаминдену

4.дезаминдену

5.гидролиз

140. Төмендегі реакциялардың қайсысы киназалардың қатысуымен өтеді?

+1.фосфорлану

2.амидтену

3.дезаминдену

4.дегирлену

5.карбоксилдену

141. Төмендегі реакциялардың қайсысы лиазалардың қатысуымен өтеді?

1.гидролиз

2.амидтену

3. дезаминдену

+ 4.гидролитикалық емес ыдырау

5.тотығу-тотықсыздану

142. Науқаста миокард зақымдануының белгілері байқалады. Бұл кезде қандағы қай ферменттің белсенділігі артады?

 

+1.креатинкиназа

2 . аланинаминотрансфераза

3. сілтілік фосфатаза

4. қышқылдық фосфотаза

5. амилаза

143. Науқастың қан сарысуынан аспартаттрансаминаза мен аланинтрансаминазаның белсенділігін анықтау барысында аспартаттрансаминазаның белсенділігінің артуымен қатар аспартаттрансаминаза/ аланинтрансаминазаның коэффициентінің артуы байқалған. Төмендегі органның қайсысы зақымданған?

 

+1.жүрек

2.ұйқы безі

3.ми

4.тоқ ішек

5.сілекей бездері

144. « Химчистка » бірлестігінің жұмысшыларын тексеру кезінде бір жұмысшының қанында қалыпты мөлшермен салыстырғанда аланинтрансаминазаның белсенділігі- 7 есе, ал аспартаттрансаминазаның белсенділігі – 2 есе артқаны анықталды. Қандағы ферменттердің деңгейінің өзгеру себептері қандай?

 

+ 1.гепатит

2. жүрек ақауы

3. стенокардия

4. өкпе инфарктісі

5. бүйректас ауруы

145. Амин қышқылдарының декарбоксилазарының әсерінен қандай қосылыстар түзіледі?

+ 1. биогенді аминдер

2.карбон қышқылдары

3.амидтер

4.альдегидтер

5.белоктар

146. Карбангидразаның тыныс алу орталығына реттеуші әсерінің негізінде не жатыр?

1.тіңдерден өкпеге СО2 –ның тасымалдауын катализдеу қабілеті

2. өкпеден тіңдерге СО2 –ның тасымалдауын катализдеу қабілеті

3. пируваттың тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдеу қабілеті

+ 4.көмір қышқылының ыдырауы мен түзілуін катализдеу қабілеті

5. оксигемоглобиннің түзілу реакциясын катализдеу қабілеті

147.Аланин мен a-кетоглутар қышқылдары арасындағы трансаминдену реакциясы нәтижесінде пирожүзім қышқылы түзіледі. Пируваттың түзілуін оның 2,4-динитрофенилгидразинмен әрекеттесуі арқылы дәлелдеуге болады.Осы сапалық реакциядан қандай нәтиже күтуге болады?

+ 1.түстің пайда болуы

2.тұнбанын пайда болуы

3.кристалдардың пайда болуы

4.көпіршіктердің пайда болуы

5. түсті сақинаның пайда болуы

148. Тыныс алу ферменттеріне қай кластың ферменттері жатады?

1. Трансферазалар

2. Гидролазалар

3. Лигазалар

4. +Оксидоредуктазалар

5. Изомеразалар

149. Аталған жолдардың қайсысы дегидрогеназалардың әсеріне тән?

1. оттегіні қосып алу

2. электрондарды бөліп шығару

3. сутекті қосып алу

4. +сутекті бөліп шығару +

5. электрондарды қосып алу

150.Дегидрогеназаларға ферменттердің қай тобы жатады?

1. +пиридин ферменттері

2. цитохромдар

3. гидроксилазалар

4. пероксидазалар

5. каталазар

151. Гепатоциттерде негізінен қандай изофермент кездеседі?

1. ЛДГ1

2. ЛДГ2

3. ЛДГ3

4. +ЛДГ4+

5. ЛДГ5

152. Пиридин ферменттерінің құрамында қандай кофермент болады?

1. +никотинамидадениндиуклеотид+

2. флавинадениндинуклеотид

3. флавинмононуклеотид

4. тиаминдифосфат

5. тетрагидрофоль қышқылы

153. Төменде келтірілген органдардың қайсысында ЛДГ1 мөлшері басым болады?

1. бүйрек

2. +жүрек

3. бұлшық ет

4. бауыр

5. ми

154. Төмендегі реакциялардың қайсысы цитохром жүйесінің қатысуымен жүреді?

1. декарбоксилдеу

2. метилдеу

3. дегидрлеу

4. дегидратациялану

5. +тотығу-тотықсыздану

155. Флавопротеиндердің құрамына қандай кофермент кіреді?

1. никотинамидадениндинуклеотид

2. никотинамидадениндинуклеотидфосфат

3. тетрагидрофоль қышқылы

4. +флавинадениндинуклеотид

5. фосфопиридоксаль

156. Ферроцитохром b қалай тотығады?

1. электрондарды убихинонға беру арқылы

2. электрондарды пиридин ферментіне беру арқылы

3. + электрондарды феррицитохром с1-ге беру арқылы

4. электрондарды ферроцитохром а3-ке беру арқылы

5. электрондарды молекулалық оттекке беру арқылы

157. Феррицитохром с1 қалай тотықсызданады?

1. электрондарды флавин ферменттен алу арқылы

2. электрондарды феррицитохром а-дан алу арқылы

3. + электрондарды ферроцитохром b-дан алу арқылы

4. электрондарды ферроцитохром а-дан алу арқылы

5. электрондарды феррицитохром с-дан алу арқылы

158. Ферроцитохром с қалай тотығады?

1. + электрондарды феррицитохром а-ға беру арқылы

2. электрондарды пиридин ферментке беру арқылы

3. электрондарды феррицитохром с1-ге беру арқылы

4. электрондарды ферроцитохром а3-ке беру арқылы

5. электрондарды молекулалы оттекке беру арқылы

159. Ферроцитохром а3 қалай тотығады?

1. электрондарды феррицитохром а-ға беру арқылы

2. электрондарды пиридин ферментке беру арқылы

3. электрондарды феррицитохром с1-ге беру арқылы

4. электрондарды ферроцитохром а3-ке беру арқылы

5. +электрондарды молекулалы оттекке беру арқылы

160. Феррицитохром а3 қалай тотықсызданады?

1. электрондарды флавин ферменттен алу арқылы

2. электрондарды ферроцитохром b-дан алу арқылы

3. электрондарды феррицитохром а-дан алу арқылы

4. +электрондарды ферроцитохром а-дан алу арқылы

5. электрондарды феррицитохром с-дан алу арқылы

161. Монооксигеназа молекулалық оттекті былай пайдаланады? оттектің бір атомы гидроксил тобын түзуге жұмсалады, ал екіншісі тотықсызданып, су түзеді. Осы реакцияның нәтижесінде фенилаланингидроксилаза ферменттерінің әсерінен фенилаланин тирозинге айналады. Аталған ферменттің жетіспеушілігінен немесе мүлдем болмауынан қандай тұқым қуалайтын ауру туады?

1. алкаптонурияы

2. +фенилкетонурия

3. гомоцистеинурия

4. лизинурия

5. гистидинурия

162. Каталаза – екі компонентті фермент, коферменті - 4гем. Қанға сутек асқын тотығын қосқанда каталаза сутек асқын тотығын су мен молекулалық оттекке ыдыратады. Берілген реакциядан қандай нәтиже күтуге болады?

1. +көпіршік түзілуі

2. түстің пайда болуы

3. тұнба түзілуін

4. ерітінді лайлануы

5. кристалдар түзілуі

163. Метаболизмнің қандай өнімі үш карбон қышқылдар цикліне түседі?

1. лактат

2. пируват

3. +ацетил-КоА

4. глюкоза

5. ацетоацетат

164. Қай органелла лимон қышқылы циклінің өтетін орны болып табылады?

1. лизосома

2. рибосома

3. ядро

4. микросома

5. +митохондрия

165. Энергия алмасуының қай сатысы «метаболиттік ошақ» деп аталады?

1. +лимон қышқылының циклі

2. күрделі заттардың арнайы жолдармен ыдырауы

3. пируваттың тотығудан декарбоксилденуі

4. биологиялық тотығу

5. тотығудан фосфорлану

166. Ацетил-КоА-ң қымыздық сірке қышқылымен конденсациялануы нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

1. фумар қышқылы

2. цис-аконит қышқылы

3. алма қышқылы

4. +лимон қышқылы

5. альфа-кетоглутар қышқылы

167. Қандай қышқыл ҮКЦ-де тотығудан декарбоксилденуге ұшырайды?

1. фумар қышқылы

2. цис-аконит қышқылы

3. алма қышқылы

4. лимон қышқылы

5. +альфа-кетоглутар қышқылы

168.Төмендегі реакциялардың қайсысы ҮКЦ-дегі АТФ түзілетін реакция болып табылады?

1. тотығудан фосфорлану

2. +ГТФ-тың АДФ арқылы қайта фосфорлануы

3. ГТФ-тың ЦДФ арқылы қайта фосфорлануы

4. АТФ-тың УДФ арқылы қайта фосфорлануы

5. алма қышқылының тотығуы

169. Төмендегі берілген ферменттердің қайсысы янтарь қышқылын тотықтырады?

1. малатдегидрогеназа

2. изоцитратдегидрогеназа

3. цитратсинтетаза

4. пируватдегидрогеназа

5. +сукцинатдегидрогеназа+

170. Қай қосылыс ҮКЦ-ның аралық өнімі?

1. сүт қышқылы

2. пропион қышқылы

3. пирожүзім қышқылы

4. +янтарь қышқылы

5. малон қышқылы

171. Төмендегі берілген қосылыстардың қайсысы ҮКЦ-ң катализаторы болып саналады?

1. +оксалоацетат

2. малат

3. сукцинат

4. изоцитрат

5. цитрат

172. Неліктен Кребс циклі биологиялық тотығу үшін субстраттардың көзі болып саналады?

1. Кребс циклінде алмастырылатын амин қышқылдары түзіледі

2. +Кребс циклінде тотықсызданған дегидрогеназалар түзіледі+

3. Кребс циклінде пентозалар түзіледі

4. Кребс циклінде тотыққан дегидрогеназалар түзіледі

5. Кребс циклінде су мен көмірқышқыл газы түзіледі

173. Кребс циклі оттексіз өткенімен, неліктен аэробты үрдіс болып саналады?

1. Себебі, оттегінің қатысуымен өтеді

2. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығу тізбегінде міндетті түрде тотығуы керек

3. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар биологиялық тотығу тізбегінде міндетті түрде тотықсыздануы керек

4. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар міндетті түрде тотығудан декарбоксилденуі керек

5. Себебі, тотықсызданған дегидрогеназалар міндетті түрде тотығудан дезаминденуі керек

174. Төмендегі ферменттердің қайсысы Кребс циклінде алма қышқылын тотықтырады ?

1. цитратсинтетаза

2. сукцинатдегидрогеназа

3. +малатдегидрогеназа

4. a-кетоглутаратдегидрогеназа

5. изоцитратдегидрогеназа

175. Төмендегі реакция теңдеулерінің қайсысы ҮКЦ-нің қорытынды теңдеуі болып табылады?

1. +Ацетил - КоА------>2CO2+3НАДН2+ФПН2+АТФ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 312; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты