Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БАУЫР БИОХИМИЯСЫ




547. Қандай орган қансырау кезінде белоктардың қоры болып табылады?

1. бүйрек

2. ми

+3. бауыр

4. көк бауыр

5. өкпе

548. Қандай амин қышқылының жетіспеушілігі бауырдың инфильтрациясына (гепатоз) әкеледі?

1. цистеин

2. триптофан

+3. метионин

4. тирозин

5. треонин

549. Өт түзуге қандай жасушалар қатысады?

1. өт қапшығының жасушалары

2. ұйқы безінің жасушалары

+3. бауыр жасушалары

4. ішектің жаусшалары

5. бауырдың Купфер жасушалары

550. Біріншілік өт түзілгенде гепатоциттерден қандай зат белсенді түрде бөлінеді?

+1. өт қышқылы

2. муцин

3. уробилин

4. триацилглицерин

5. стеркобилиноген

551. Бауырлық өт түзілген кезде өт жолдарына қанның сарысуынан қандай зат сүзіледі?

+1. электролит

2. глюкоза

3. холестерин

4. креатинин

5. муцин

552. Өт түзілуінің бірінші сатысы қалай аталады?

1. сүзілу

+ 2. секрециялану

3. реабсорбция

4. конъюгация

5. абсорбция

553. Қаннан өт жолдарына электролиттердің, креатиннің, альбуминдердің түсу үрдісі қалай аталады?

+1. фильтрация

2. секрециялану

3. реабсорбция

4. конъюгация

5. абсорбция

554. Өт қабы өті түзілген кезде қай үрдіс негізгі болып табылады?

1. сүзілу

2. секрециялану

+ 3. реабсорбция

4. конъюгация

5. абсорбция

555. Аталған СО2 түзілетін реакциялардың қайсысы белоктар, көмірсулар, липидтер алмасулары үшін ортақ реакция болып табылады?

+1. пируваттың тотығудан декарбоксилденуі

2. алмастырылатын амин қышқылдарының декарбоксилденуі

3. ацетосірке қышқылының декарбоксилденуі

4. глутамин қышқылының декарбоксилденуі

5. глюкоза пентозды циклде тотығуы

556. Белоктар, көмірсулар, липидтер алмасуларын қандай зат өзара байланыстырады?

+1. пируват

2. глицерин

3. ацетоацетат

4. фумарат

5. глицерофосфат

557. Қай үрдіс белоктар, көмірсулар, липидтер алмасуларында ортақ катаболизм жолы болып табылады?

+1. үшкарбон қышқылдарының циклі

2. алмастырылатын амин қышқылдарының декарбоксилденуі

3. ацетосірке қышқылының декарбоксилденуі

4. Кори циклі

5. глюкоза-аланин циклі

558. Белоктар, көмірсулар, липидтер алмасуларында қандай зат ортақ энергия көзі болады және өзара байланыстырады? (ФГА – фосфоглицерин альдегиді).

+1. НАДН2

2. ГТФ

3. ацетоацетат

4. КоQН2

5. ФГА

559. Ағзаның қандай жүйесі заттар алмасуын бақылайды?

1. лимфа

+2. эндокринді

3. бөліп шығару

4. тыныс алу

5. дәнекер

600. Белоктардың көмірсуларға айналуы үшін қандай заттар қажет?

+ 1. амин қышқылдарының дезаминдену өнімдері

2. амин қышқылдарының декарбоксилдеу өнімдері

3. амин қышқылдарының гидролиз өнімдері

4. аминқышқылдарыдың амидтену өнімдері

5. амин қышқылдарының тотықсыздану өнімдері

601. Белоктар липидтерге айналмай тұрып, қандай зат түзілу керек?

+ 1. глюкоза

2. гликоген

3. лактат

4. малат

5. ацетон

602. Қайта аминдену реакциясына қандай зат қатысады?

+1. пирожүзім қышқылы

2. сүт қышқылы

3. янтар қышқылы

4. фумар қышқылы

5. лимон қышқылы

603. Зат алмасуындағы метиониннің ролі қандай?

1. метилдеу реакцияларында метил топтарының көзі болып табылады

2. метилдеу реакцияларында метилен топтарының көзі болып табылады

3. залалсыздану реакцияларында оксиметил топтарының көзі болып табылады

4. тирозиннің синтезі үшін гидроксил тобының көзі болып табылады

5. глутамат синтезі үшін карбоксил тобының көзі болады

604. 20-жастағы студентте оң жақ қабырғасының асты ауырды. Зерттеген кезде бауыры пальпацияланып ауырды, екі күннен кейін сарғыштану пайда болды, зәрдің түсі қоңыр, нәжісі түссізденді. Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшері 230 мкмоль/л,

γ –глутамилтранспептидаза - 135 МЕ/л, аланилтрансаминаза- 450 МЕ/л. Уробилиногенге жасалған сынама оң болды. Бұл сарғыштанудың қай түрі болып табылады?Екеуі бір сурак па?

1. бауыр үстілік

2. +паренхиматозды

3. механикалық

4. гемолитикалық

5. обтурациялық

605. Неліктен метиониннің жетіспеушілігі бауырды май басуға әкеледі?

+1. метионин холиннің синтезіне қажет

2. метионин этаноламиннің синтезіне қажет

3. метионин сериннің синтезіне қажет

4. метионин тирозиннің синтезіне қажет

5. метионин цистеиннің синтезіне қажет

606. Неге тағам белоктарын көмірсуларға және липидтерге ауыстыруға болмайды?

1. өйткені, тек қана белоктардың құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.

2. өйткені, белоктардың құрамында алмастырылатын амин қышқылдары бар.

3. өйткені, көмірсулардан құнсыз белоктар синтезделмейді

4. өйткені, липидтерден құнсыз белоктар синтезделмейді

5. өйткені, ағзада құнды белоктар синтезделмейді

607. Липидтердің қай өкілі күнде ағзаға түсіп тұруы қажет?

1. холестерин

+2. линоль қышқылы

3. триацилглицеридтер

4. фосфоглицеридтер

5. қаныққан май қышқылдары

608. Белоктардың қай құрамдас бөлігі ағзаға күнде түсіп тұруы қажет?

1. жүйелі көмірсулар

2. алмастырылатын амин қышқылдары

+3. алмастырылмайтын амин қышқылдары

4. боялған зат

5. оксиамин қышқылдары

 

Гормон

609.Гормонның қайсысы холестериннің туындыларына жатады?

1.адреналин

2.инсулин

3.кальцитонин

+4.кортизол

5.тироксин

610.Қандай гормонның табиғаты гликопротеин болып табылады?

1.соматотропты

+2.тиреотропты

3.адренокортикотропты

4.лактотропты

5.меланоцитстимулдеуші

611. Қандай гормонның табиғаты амин қышқылдарының туындылары болып табылады?

1.инсулин

+2.адреналин

3.окситоцин

4.кортизол

5.вазопрессин

612. І-ші механизм бойынша әсер ететін гормондардың рецепторлары химиялық табиғаты жағынан қандай қосылыстарға жатады?

+1.гликопротеиндер

2.липопротеиндер

3.хромопротеиндер

4.металлопротеиндер

5.фосфопротеиндер

613. Нысана-жасушасының қай жерінде І-ші механизм бойынша әсер ететін гормондардың рецепторлары орналасуы мүмкін?

1.лизосомада

2.цитоплазмада

3.ядрода

4.митохондрияда

+5.жасушалық мембранада

614.Қандай зат глюкагон әсер етуінде жасушаішілік делдалдар бола алады?

+1.цАМФ

2.цГМФ

3.ДАГ

4.ИТФ

5.кальций

615.Қандай фермент G-белоктың қатысуымен активтенеді?

1.гуанилатциклаза

+2.аденилатциклаза

3.гемсинтетаза

4.гликогенсинтетаза

5.скваленоксидоциклаза

616.Қандай гормон I-ші механизм бойынша әсер етеді?

1.тироксин

2.кортизол

+3.адреналин

4.инсулин

5.трийодтиронин

617. Берілген иондардың қайсысы кальмодулинді белсендендіреді?

1.магний

2.натрий

3.калий

+4.кальций

5.цинк

618. Жасушаның қандай бөлігінде ІІ-ші механизм бойынша әсер ететін гормондардың рецепторлары болады?

+1.ядрода

2.жасушалық мембранада

3.лизосомада

4.митохондрияда

5.рибосомада

619.Қандай гормон қалқанша маңы бездерінде түзіледі?

1.кальцитонин

+2.паратгормон

3.тироксин

4.альдостерон

5.пролактин

620.Қандай безде кальцитонин түзіледі?

+1.қалқанша безінде

2.ұйқы безінде

3. қалқанша маңы безінде

4.тимуста

5.гипофизде

621.Қандай амин қышқылынан тиреоидты гормондар түзіледі?

1.триптофаннан

2.аланиннен

3.гистидиннен

+4.тирозиннен

5.треониннен

622. Аденилатциклаза ферменті қай реакцияны катализдейді?

+1.АТФ → цАМФ+Н4Р2О7

2. АТФ → АМФ+Н4Р2О7

3.цАМФ+Н2О → АМФ

4.ГТФ → цГМФ+ Н4Р2О7

5.2АДФ ↔ АМФ+АТФ

624.цАМФ арқылы әсер ететін гормон фосфорилазаны белсендіреді. Қай үрдіс осы жағдайда жасуша ішінде күшейеді?

1.гликогеногенез

2. глюконеогенез

+3.гликогенолиз

4.липолиз

5.протеолиз

625.Нысана-жасушаларында натрий-уретикалық пептид пен азот оксиді (NO) цГМФ-тың түзілуінің жоғарылауына әкеледі. Бұл лигандтар қандай ферменттің белсенділігін арттырады ?

+1.гуанилатциклазаның

2. аденилатциклазаның

3.скваленоксидоциклазаның

4.NO-синтазаның

5.уреазаның

626. Стероидты және тиреоидты гормондар нысана-жасушаларындағы ферменттердің синтезін жоғарылатады. Жасушаның ядросында қай үрдіс күшейеді?

1.репликация

+2.транскрипция

3.репарация

4.мутация

5.инверсия

627.Науқаста гиперкальциемия байқалады. Бұл қай гормонның жетіспеушілігімен байланысты?

1.тироксин

2.альдостерон

3.паратгормон

+4.кальцитонин

5.кальцитриол

628.Трийодтиронин оксидоредуктазалардың мөлшерін арттырады. Бұл гормон қандай механизм арқылы әсер етеді?

1.бірінші цАМФ арқылы

2. бірінші цГМФ арқылы

3.үшінші механизм

4.бірінші Са2+ арқылы

+5. екінші механизм

629.Паратгормонның әсерінен сүйек тінінде цитрат жиналады, ол сүйектен кальцийдің шығуына ықпал етеді. Паратгормонның әсерінен қай үрдіс ингибирленеді?

1.гликолиз

+2.Кребс циклі

3.пентозофосфатты цикл

4.глюконеогенез

5.гликогенолиз

630.Тиреотоксикоз кезінде дене температурасы жоғарылайды. Бұл жағдайда қандай үрдіс бұзылады?

1.биологиялық тотығу

2.ҮКЦ

3.гликолиз

+4.тотығудан фосфорлану

5.пентозофосфатты цикл

 

Тесты на применение.

631. Науқастың қолы сынған, сынығы жазылмайды. Сынықтың жазылуын жылдамдату үшін қандай гормонды қолдануға болады?

1. тироксин

2.альдостерон

3.паратгормон

+4.кальцитонин

5.инсулин

632.Медициналық университеттің студентінде бітіру емтихандарынан кейін ұйқысының бұзылуы, тахикардия байқалады. Науқас қолдарының жылы және ылғалды екенін байқады. Науқасқа диагноз қою үшін қандай биохимиялық зерттеулерді жасау керек?

1.соматотропты гормон мен глюкагон

2.адренокортикотропты гормон мен кортизол

3.липотропты гормон мен прогестерон

+4.тиреотропты гормон мен тиреоидты гормондар

5.лютеиндеуші гормон мен жыныс гормондары

632- 51 жастағы әйел несеп жолдарының шаншуы (белінің ауыруы) байқалғаннан кейін тексерілді; рентгенограммада кальцийі бар конкременттер көрінеді. Науқас ішек жиырылуы қалыпты болса да, ішінің қатуына шағымданды. Зертханалық зерттеулер бойынша Са2+ мөлшері - 2,95 мМ/л, фосфаттардың мөлшері - 0,70 мМ/л тең болды. Бұл қандай күй деп болжауға болады?

1.гипопаратиреоз

2.гипертиреоз

3.гипотиреоз

4.бүйрекүсті безі қыртысының гипофункциясы

+5.гиперпаратиреоз

634. Глюкокортикостероидтар қай безде түзіледі ?

1.бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының шумақты аймағында

+2. бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағында

3. бүйрек үсті безінің милы қабатында

4. бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының торлы аймағында

5.ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының Д-жасушаларында

635.Соматотропты гормонның химиялық табиғаты қандай?

+1.жай белок (191 ақ)

2.нағыз гликопротеин (202 ақ)

3.полипептид (32 ақ)

4.жай белок (51 ақ)

5. жай белок (198-200 ақ)

636.Инсулин рецепторының катализдік бөлігі не болып табылады?

1.аденилатциклаза

2.гуанилатциклаза

3.треонинкиназа

+4.тирозинкиназа

5.серинкиназа

637.Норадреналиннің негізгі физиологиялық эффектісі қандай?

1.артериялық қысымды төмендету

2.қандағы глюкоза деңгейін төмендету

+3. артериялық қысымды көтеру

4.катаболикалық үрдістерді күшейту

5.диурезді жоғарылату

638. Қандай жасушаларда инсулиннің рецепторлары болмайды?

+1.жүйке жасушаларында

2.адипоциттерде

3.бұлшық ет жасушаларында

4.ішек жасушаларында

5. бүйрек түтікшелерінің жасушаларында

639. Катехоламиндер β-рецепторлар арқылы қандай физиологиялық эффекті көрсетеді ?

1.шеткі қан тамырларын тарылтады

+2.ми мен жүректің қан тамырларын кеңейтеді

3.артериялық қысымды төмендетеді

4.май тініндегі липогенезді күшейтеді

5.бауырдағы гликогеногенезді күшейтеді

640.Қандай гормон ұйқы безіне әсер етіп глюкагонның түзілуін күшейтеді?

1.адреналин

2.кортизол

3.тиреотропты гормон

+4.соматотропты гормон

5. адренокортикотропты гормон

 

642. Аталған гормондардың қайсысы негізінен тіндерде анаболикалық үрдістерді күшейтеді?

1.норадреналин

2. адреналин

+3.инсулин

4.глюкагон

5. адренокортикотропты гормон

643.Инсулин синтезінің жетіспеушілігі кезінде қандай ауру дамиды?

1.қантсыз диабет

2.стероидты диабет

3.акромегалия

+4.қантты диабет

5.микседема

644.Глюкокортикостероидтар гипергликемияны туғызады. Глюкокортикостероидтар әсерінен бауырдағы қандай үрдістің күшеюі осы жағдайға әкелуі мүмкін?

1.гликогеногенез

2. белоктар синтезі

3. мочевина синтезі

+4.глюконеогенез

5. бос май қышқылдарының β-тотығуы

645. Адреналиннің тирозиннен синтезделу реакцияларын келесі жүйелілік түрінде көрсетуге болады? гидроксилдену →амин қышқылының декарбоксилденуі → гидроксилдену → метилдену. Бұл реакцияларға қатысатын витаминдерді қандай ретпен орналастыруға болады ?

1. С вит.→ С вит.→ В6 вит.→ Вс вит. және В12 вит.

+2. С вит.→ В6 вит.→ Свит.→ Вс вит. және В12 вит.

3. С вит.→ Вс вит. және В12 вит.→ В6 вит.→ С вит.

4. С вит.→ Вс вит.→ Свит.→ В6 вит. және В12 вит.

5. В6 вит.→ С вит.→С вит.→ Вс вит. және В12 вит.

646.І-ші механизм (цАМФ) арқылы әсер ететін глюкагон, гликогенсинтетазаның фосфорлануын қамтамасыз етіп оны активсіз түріне айналдырады. Глюкагонның әсерінен бауырда қандай үрдіс тежелуі мүмкін?

+1.гликогеногенез

2. белоктар синтезі

3.гликогенолиз

4.глюконеогенез

5. бос май қышқылдарының β-тотығуы

647.Инсулин өз рецепторының α-суббірліктерімен байланысқанда β-суббірліктер протеинкиназды активтілікке ие болады. β-суббірліктер қандай ферменттің активтілігіне ие болады?

1.треонинкиназа

2. серинкиназа

3. креатинкиназа

+4. тирозинкиназа

5. аденилаткиназа

648.Глюкагон, адреналин, кортизол гипергликемиялық эффект көрсетеді. Қандай гормон оларға қарама-қарсы әсер етеді?

1.тироксин

2.эстрадиол

+3.инсулин

4.тестостерон

5.кальцитонин

649. Контринсулярлы гормондар катаболикалық үрдістерді? май тініндегі липолизді, кетон денелерінің синтезінің жоғарылауын, белоктардың ыдырауын күшейтеді. Бұл қандай ауру кезінде байқалады?

1.гипотиреоз

2.қантсыз диабет

3.микседема

4.кретинизм

+5.қантты диабет

650.Глюкортикостероидтар гипергликемиялық эффект көрсетеді, себебі олар қаннан тіндерге глюкозаның түсуін төмендетеді. Төмендегі ферменттің қайсысынң белсенділігі глюкокортикостероидтар әсерінен тежеледі?

1.β-глюкуронидазаның

2. α-амилазаның

+3.гиалуронидазаның

4. лизоцимнің

5. γ-амилазаның

651. Қантты диабетпен ауыратын жігіт таңертең гормонның әдеттегі мөлшерін енгізіп, әдеттегідей таңғы асын ішті. Дене шынықтыру мақсатымен ұзақ қашықтыққа жүгіру кезінде ол құлап қалды. Ауруханада оның қанын зерттеу нәтижесінде қандағы глюкоза мөлшері 1,6 мМоль/л тең болды. Қандай гормонның артық енгізілуі осы жағдайға әкелді?

1.адреналин

+2.инсулин

3.глюкагон

4.соматотропты гормон

5.тироксин

652. Емдеу мақсатымен глюкокортикостероидтарды енгізгенде бүйрекүсті безінің гипофункциясы болады. Бұл жағдайда қандай гормонның синтезінің бұзылуы байқалады?

1.кортизолдың

2.инсулиннің

+3. адренокортикотропты гормон

4. соматотропты гормон

5.глюкагон

654. Берілген гормондардың қайсысы эпифиздің гормоны болып табылады?

1. меланотропин

+2.мелатонин

3.меланостатин

4.пролактин

5.меланолиберин

655.Қайсы гормондар рилизинг-факторларға жатады?

+1.либериндер

2.катехоламиндер

3.тропиндер

4. соматомединдер

5.ингибирлейтін факторлар

656. Гипоталамустың гормондары қай механизм арқылы жиі әсер етеді?

+1. I-ші (цАМФ)

2. I- ші (цГМФ)

3. II- ші

4. III- ші

5. I- ші (Са арқылы)

657. Ересек адамдардағы өсу гормонының гиперпродукциясы қалай аталады?

1.кретинизм

2.гигантизм

+3.акромегалия

4.базедов ауруы

5.микседема

658. Балалардағы соматотропты гормонның гипопродукциясы қалай аталады?

1.кретинизм

2.гигантизм

3.акромегалия

+4.ергежейлілік

5.микседема

658.Өсу гормоны қалай аталады?

1.соматомедин

+2.соматотропин

3.соматолиберин

4. соматостатин

5.мелатонин

659. Вазопрессинің басқаша аталуы қандай?

1.глюкокортикостероид

2.минералокортикостероид

+3.антидиуретикалық гормон

4. натрий-уретикалық пептид

5.окситоцин

700. Қандай гормонның жетіспеушілігі кезінде қантсыз диабет болады?

1.альдостерон

2.инсулин

3.кортизол

+4. вазопрессин

5.натрийуретикалық пептид

701. Қандай гормон негізгі минералокортикостероид болып табылады?

1.кортикостерон

+2.альдостерон

3.дезоксикортикостерон

4. кальцитонин

5.кальцитриол

702.Альдостерон эндокринді бездің қай бөлігінде түзіледі?

1. бүйрекүсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағында

+2. бүйрекүсті безінің қыртыс қабатының шумақты аймағында

3. гипофиздің артқы бөлігінде

4. бүйрекүсті безінің милы қабатында

5. гипофиздің алдынғы бөлігінде

703. Қандай гормон эстрогендердің негізгі өкілі болып табылады?

1.прогестерон

2.эстрон

3.эстриол

+4.эстрадиол

5.пролактин

704. Қандай гормон эстрогендер мен прогестеронның секрециясын стимулдеуде маңызды роль атқарады ?

1.липотропин

+2.лютропин

3.окситоцин

4. тиротропин

5.соматотропин

705.Қайсысы жүктілік гормоны болып табылады?

1.окситоцин

2.эстрон

+3.прогестерон

4.эстрадиол

5.пролактин

706. Қайсы гормон адамдағы негізгі андроген болып табылады?

1.андростерон

2.дегидроэпиандростерон

3.прогестерон

+4.тестостерон

5.эстрон

707.Қандай қышқыл барлық простагландиндердің негізін салушы болып табылады?

+1.арахидон

2.олеин

3.пальмитин

4.стеарин

5.арахин

708. Простагландиндер, простациклиндер мен тромбоксандарды түзу үшін негізгі метаболиттік жол қандай?

1.липоксигеназды

2.монооксигеназды

+3.циклооксигеназды

4.пероксидазды

5.оксидазды

 

710.Вазопрессин бүйрек түтікшелерінің мембранансындағы өз рецепторларымен байланысып, аденилатциклазды активтілікті индуцирлейді, мембрана құрамына белок-аквапориннің орналасуын қамтамасыз етіп, судың қері сіңірілуіне қатысатын каналдарын түзеді. Бұл гормон қандай механизм арқылы әсер етеді?

1. бірінші механизм (цГМФ)

2. бірінші механизм ( Са-кальмодулин арқылы)

3.екінші механизм

4.аутокринды механизм

+5.бірінші механизм (цАМФ)

711. Альдостерон гипернатриемиялық және гипокалиемиялық әсер көрсетеді. Қанның электролит құрамының қандай өзгерісі альдостерон синтезін стимулдейді?

1.гипернатриемия

+2.гипонатриемия

3.гипокалиемия

4.гипергликемия

5.гипогликемия

712. Альдостерон дисталды түтікшелерде натрийдің активті реабсорбциясын жоғарылатады. Альдостерон әсерінен мембрананың қай белогы көп мөлшерде түзіледі ?

1.Са2+-АТФ-аза

2.натрийуретикалық фактор

3.аденилатциклаза

+4.Nа++-АТФ-аза

5.гуанилатциклаза

713.Кортикотропин адипоциттердегі цАМФ деңгейін жоғарылатады. Бұл жағдайда қандай үрдіс күшейеді?

1.липогенез

2.липонеогенез

3.фосфоролиз

4. бос май қышқылдарының β-тотығуы

+5.липолиз

714.Соматотропин диабетогенді әсер көрсетеді. Қандай гормон соматотропты гормонның әсерінен түзіледі?

1.инсулин

+2.глюкагон

3.соматостатин

4.панкреатиттік полипептид

5.адреналин

717. Бүйрек үсті бездерінде андрогендердің синтезін қандай гормон стимулдейді?

+1.адренокортикотропты гормон

2.соматотропты гормон

3.лютеиндеуші гормон

4.фолликула стимулдеуші гормон

5.тиреотропты гормон

718. Эстрогендер тығыздығы жоғары липопротеиннің түзілу жылдамдығын арттырады және тығыздығы төмен липопротеиннің түзілуін тежейді. Эстрогендердің мұндай әсері қалай аталады?

1.атерогенді

2.липотропты

3.липолитті

+4.антиатерогенді

5.гиперлипидемиялы

719. Простагландиндердің синтезі мембраналық фосфолипидтердегі екінші көміртек атомында орналасқан көп қанықпаған май қышқылдары бөлінгеннен кейін басталады. Қандай фермент көп қанықпаған май қышқылдардың бөлініп шығуына қатысады?

+1.фосфолипаза А2

2.липопротеинлипаза

3.фосфатаза

4.фосфолипаза Д

5.лецитинхолестеринацилтрансфераза

720. Глюкокортикостероидтардың қабынуға қарсы әсері фосфолипаза А2-нің белсенділігін төмендетуге негізделген. Неліктен бұл кезде қабынуға қарсы эффект байқалады?

1.олар фосфолипидтерден КҚМҚ бөліп шығарады

+2. олар фосфолипидтерден КҚМҚ бөлінуін тежейді

3. олар фосфолипидтерден азоты бар заттардың бөлінуін тежейді

4. олар фосфолипидтерден азоты бар заттардың бөлінуін активтейді

5. олар азоты бар заттардың фосфолипидтерге қосылуын тежейді

721. Бүйрекүсті безі қыртысты қабатының гормондары көп мөлшерде түзілгенде (Конк синдромы) гипертензия мен гипокалиемия дамиды. Бұл жағдайда қандай гормон көп мөлшерде түзіледі?

1.кортизол

2.дезоксикортикостерон

+3.альдостерон

4.кортизон

5.кортикостерон

722.Балалардағы аденогипофиздің ісігі кезінде гигантизм дамиды. Бұл жағдайда қандай гормон көп мөлшерде түзіледі?

1.пролактин

+2.соматотропин

3.кортикотропин

4.фоллитропин

5.окситоцин

723. Науқаста аспиринді қолданғаннан кейін бронхоспазм дамыды. Бұл жағдайда эйкозаноидтардың қандай метаболиттік жолы басым болады ?

+1. лейкотриендердің түзілуі

2. простагландиндердің түзілуі

3. тромбоксандардың түзілуі

4. липоксиндердің түзілуі

5. простациклиндердің түзілуі

724. Е тобының простагландиндері асқазанның кілегей қабатының жасушаларындағы гистаминдік рецепторлардың ІІ түрін тежейді. Бұл простагландиндердің әсерінен асқазан сөлінің қандай құрам бөлігінің секрециясы тежеледі ?

1.пепсиннің

2.липазаның

+3. тұз қышқылының

4.муциннің

5.гастромукопротеидтің

726. Дәрігерге келген бассүйектерінің және мидың травмасын алғаннан кейін жас ер адам шөлдеу сезімі, жиі және көп мөлшерде зәр шығатыны (полиурия) ұйқыны бұзып түнде де тұратыны туралы айтты. Анамнез жинағанда науқаста тәбеті төмендегені, дене салмағының азаюы, ашуланшақ, тез шаршау, терінің құрғақ болуы, тері шығуының төмендеуі анықталды. Зәрді зерттеу меншікті салмағының төмендегенін көрсетті. Қажетті зерттеулерді өткізгеннен кейін диагноз қойылды. Науқасқа аталған қайсы гормонды ұсыну керек?

1.тироксин

2.инсулин

+3.вазопрессин

4.адреналин

5.кальцитонин

Ан

727.Ересек адамның қан плазмасындағы белоктың қалыпты мөлшері қанша?

1.10-20 \л

2.30-50 \л

3.55-59 г\л

4.90-100 \л

Г\л

728.Ересек адамда қалыпты қан көлемі қанша?

1.4,0 л

2.1,5 л

3.2,0 л

4.2,5 л

Л

729. Қандай белок қан плазмасында онкотикалық қысымды реттейді?


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-18; просмотров: 293; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты