КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
В - адреноблокаторлар. ⇐ ПредыдущаяСтр 2 из 2
Кальций каналдарының баяу тежеушілері(кальций антагонистері). Барлық кальций каналдарының тежеушілері нәтижелі және жақсы көтерілетін антигипертензивті зат. Үнемі емдік мақсатта қолдану үшін ұзақ әсерлі препараттар тағайындалады. Қысқа әсер етуші нифедипин әсіресе мөлшері мг. және тәулігіне одан да жоғары қабылдау ұсынылмайды, себебі ол ишемиялық асқынуларды шақыруы мүмкін (микард инфаркін басынан өткергендерде науқастардың өлімі жоғарылайды). Тұрақты стенокардиясы бар науқастарға кальций антогонистерін тағайындау таңдамалы дәрілердің бірі. Жүрек өткізгіштік қызметі бұзылуында және жүрек жеткіліксіздігінде Верапамия және дилтиазимді тағайындау қарсы көрсеткіш болып табылады. Химиялық құрамы бойынша жіктеуі: 1. Фенилалкиламиндер, верапамил (фенонтин, изоптин); 2. Дигидропиридиндер, ____ (коринфар, кордафен, адалат, фенигидин), нитрендипин (байпресс), никардипин (баризин), нисолдипин, фелодипин (плендил), исрадипин (ломир); 3. Бензотиазепиндер, дилтиазем (дилзем, кардил); 4. Пиперазиндер, лидофлазиндер, циннаризин, флюнаризин. Ангиотензинді алмастырғыш ферменттердің тежеушілері (ААФТ): Органопротекторлы әсері бар қауіпсіз және нәтижелі зат. Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастардың өлімін төмендетеді және әсіресе протеинурия болуы кезіндегі диабеттік нефропатияның үдеуін тежейді. Жүрек жеткіліксіздігінде, сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясында миокард инфарктін басынан өткергенде, диабеттік нефропатияда тағайындалады. ААФТ тағайындауға қарсы көрсеткіштер: · Жоғарғы сезімталдық; · Ауыр қолқа стенозында миокардтағы перфузия төмендеуіне қауіп төніп ишемия дамуында; · Артериалды гипотония; · Жүктілік және лактация; · СБЖ (креатинин 300 кммоль/л жоғары); · Гиперкалийемия (5,5 ммоль/л жоғары); · Екі жақты бүйрек артериясының стенозы. АТ1 – рецепторларының тежеушілері: АТ1 –рецепторларының тежеушілері ААФТ көтере алмау кезінде және жүктілік кезінде, екі жақты бүйрек артерияларының тарылуы кезінде, гиперкалиемия кезінде қарсы көрсеткіш болғанда тағайындалады. ААФ ангиотензин ІІ толық тежемейді, бұл гормонның өнімі тіндік плазминогенмен, катепсини, химазамен бақыланады және А ІІ пайда болу жолы патологиялық жағдайда негізгі болып табылады. АТ1 – рецепторларының тежеушілеріне жатады: лозартан, эпосартан, телмисартан, вальсартан. Лозартан 50-100 мг-нан тәулігіне 1 рет тағайындалады, диуретиктердің жоғары мөлшерінде және бауыр мен бүйрек қызметі бұзылуында бастапқы мөлшерін 25 мг/тәул. дейін төмендетеді. а – Адреноблокаторлар: АҚ қауіпсіз және нәтижелі төмендетеді, жатыр миомасы кезінде таңдаулы зат болып табылады. Оларды тағайындауға көрсеткіштерге ____ және глюкозаға төзімділіктің бұзылуы жатады. Екі негізгі топтарға бөлінеді: а1 – АБ: празозин, доксазозин, теразозин; а1 – а2 – АБ: кетансерин, индормин. Доксазозин (кардура). АҚ біртіндеп төмендедейді, максималды нәтижесі 2-6 сағаттан кейін байқалады және 24 сағатқа дейін жалғасады. Мөлшері 1-ден 16 мг/тәул. дейін. Емді 1 мг-нан тәулігіне 1 рет 1-2 апта аралығында қабылдау ұсынылады, кейін 1-2 аптада мөлшерін 2 мг/тәул. дейін жоғарылатады. Фентоламин (дибазин) көк тамырға енгізуге арналған ерітінді түрінде 5 мг. фентоламин 25 мг. маннитолмен бірге ампулада шығарылады, сонымен қатар таблеткада 0,02 г. шығарылады. а1 – рецепторларының селективті агонистері (имидазолинді). а1-рецепторлары сопақша мидың ростральды вентролатеральды бөлімінде орналасқан, силепатикалық нерв жүйесінің тоникалық және рефлекторлы бақылауына жауап береді. Бұл рецепторлардың белсенділенуі орта мидың аралық аймағындағы қонбалы нейрондардың жойылуына әкеліп, орта мидағы симпатикалық преганглионарлы нейрондардың басылуын шақырады. Бұл ОНЖ белсенділігінің жойылуына, кейін КА шығуының азаюына әкеледі. Имидазоминді шеткері рецепторларының стимуляциясы (күшеюі) метаболиттік гемостазға әсер етеді: глюкозаға тәуелді инсулиннің шығуын глюкозаның клетка ішіне кіруін жоғарылатады, кейін гликемияны төмендетеді, глюкозаның аэробты қышқылдануын және гликоген синтезін күшейтеді, лактат өнімін азайтады, бас ми тіндерінің глюкозаға сезімталдығын жоғарылатады. Моксонидин (цинт, физиотенз) эссенциальды гипертензияда алғашқы мөлшері 0,2 мг. тәулігіне 1 рет, кейін қажет жағдайда мөлшерін 0,4-0,6 мг. дейін жоғарылатып тәулігіне 1 рет тағайындайды. Қосарланған антигипертензивті терапия: Мүмкін болатын қосарлануы: · Диуретик + В-АБ; · Диуретик + ААФТ (немесе АТ1 тежеушілері); · ККТ (дигидропиридин қатарындағы) + В-АБ; · ККТ + ААФТ; · а1 – АБ + В-АБ; Шамалы: · ККТ + диуретик; · В-АБ + ААФТ Ұсынылмайтын қоспалар: · В-АБ + верапамия немесе дилтиазем; · ККТ + а1 –АБ
Емдеудің мақсаты артериялық қысымды оптималды немесе қалыпты жағдайға түсіру болып табылады. Алькогольқолданбау, изотоникалық физикалық күш түсірмеу, диета сақтау аса маңызды шаралар болып табылады. Артериялық гипертензияны емдеудің жалпы медикаментозды принцптері. 1. Емдеуі бір препаратқа шейін минимальды дозада бастау. 2. Емдеу нәтижесіз немесе жаман әсер ететін болса, препараттың басқа классына ауысу. 3. Бір рет қабылдағаннан кейін 24 сағатқа жететін препарат қолдану. Бұндай препараттар жұмсақ және ұзақ гипотензивті әсер тудырды. 4. Максимальды гипотензивті әсер ететін және минимальды қолайсыз жағдай туғызатын препараттар қалады. Диуретиктерге жатады. Гидрохлортиазид (гипотиазид, дихлотиазид, эзидрекс) 25,50 және 100 мгды таблетка түрінде шығарылады. Клопамид (бринальдикс) 0,01 және 0,02 г дағы таблетка түрінде шығарылады. Индапамид- антигипертензивті дудретик 2,5 мг таблетка түрінде шығарылады. Жіпшелі дидретиктер. Фурасемид (лазикс) 5, 20, 40, 80 мг таблеткалар және 10 мг/мл (2 мл ампула) инъекциясы үшін ерітінді түрінде шығарылады. Этакринді қышқыл (урегит). Қантамырға енгізгенде 15 минуттан кейін, ал ішке қабылдағанда 30 минуттан кейін әсер етеді. Калий сақтайтвн диуретиктер. Триамтерен (птерофен) 50 және 100 мг капсула түрінде немесе фиксирленген, комбинирленген препараттар түрінде шығарылады: · Триамур композитам (25 мг триамтерен, 12,5 мг гидрохлортиазид). · Диазид (50 мг триамтерена, 25 мг гидрохлортиазид). · Максзид (75 мг триамтерен, 50 мг гидрохлортиазид). В- адреноблокаторы
Кальций өзекшелерінің баяу блокаторлары. (кальций антогонисты). 1. Фенилалкиламиндер: верапамил (финоптин, изоптин) 2. Дигидропиридиндер: нифедипин (коринфар, кордафен, адалат, фенигидин), нитрендипин (байпресс), никардипин (баризин), нисолдипин, фелодипин (плендил), исрадинин (ламир) 3. Бензотиазепиндер: дилтиазем (дилзем6 кардил): 4. Пиперазиндер: Лидофлазин, циннаризин, флюнаризин. БКК қасиеттері: 1. Шеткері қантамырлық қарсы тұруды төмендетеді 2. Қалыпты жағдайдағы қан қысымына шамалы түрде әсер етеді. 3. Аса қауіпті қарсы көрсеткіштері жоқ. 4. Қанның липопротеидті профилін өзгертпейді. 5. Вазопротекті әсер көрсетеді. 6. Сол жақ қарынша гипертрофиясының регрессін шақырады. 7. Бүйрек қан айналымына жағымды әсер етеді. 8. Қантамырларында атросклероздың дамуына жол бермейді. 9. Ортостатикалық гипотензия тудырмайды. АПФ ингибиторлары. Жүрек жеткіліксіздігінде, сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясы кезінде, инфаркт миокардісімен ауырған адамға, диабеттік нефропатия табылғанда тағайындайды. ИАПФ-ге қарсы көрсеткіштер: гиперсезімталдылық, ауыр қолқа стенозы, артериялық гипотония, жүктілік және лактация, ХПН, гиперкалиемия, бүйрек артериясының екі жақты стенозы. Әсер ету ұзақтылығына байланысты жіктелу. 1. Қысқа уақыт әсер ететін препараттар (тәулігіне 2-3 рет) · Каптоприл · Метиоприл 2. Орташа уақытта әсер ететін препараттар(тәулігіне 2 рет) · Эналаприл · Зофеноприл 3. Ұзақ уақытта әсер ететін препараттар (тәулігіне 1 рет) · Квинаприл · Периндопил · Рамиприл · Фозиноприл · Трандолаприл АТ1 рецепторларының блокаторлары. АТ1 рецепторларының блокаторларын ИАПФ-ты көтере алмаған жағдайда тағайындайды. Ал жүктілік, бүйрек артериясының екі жақты стенозы, гиперкалиемия болған жағдайда тағайындамайды. АТ1 рецепторларының блоктарларына жатады: лозартан, эпосартан, телмисартан, вальсартан. L- Адренблокаторлар.
Артериялық қан қысымы эффективті және қауіпсіз түрде түсіреді. ДГПЖ және жатыр миомасы кезінде тағайындайды. Оларды тағайындау үшін мүмкін деген көрсеткіштер глюкозаға тұрақтылықтың бұзылуы және дислипидемия болып табылады. 1 негізгі топты ажыратамыз. 1. £1 адреноблокаторлар: празозин, доксазозин, теразозин. £1, £2 адреноблокаторлар: кетансерин, индорамин І1- рецепторларының (имидазолинді) селективті агонистер. І1- рецепторлы сопақша мидың ростральді вентролатеральді бөлімінде орналасқан. Симпатикалық жүйке жүйесінің тоникалық және рефлекторлы бақылауға жауап береді. Жүрек ишимиялық ауруы- жүрек бұлшық етінің ауруы, тәждік қанайналысы мен жүрек бұлшық еттерінің метаболикалық қажеттілігінің тепе-теңдігінің бұзылысына негізделген.
|