Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Орал 2015




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Бақтығалиева Г.Т

«Мұнай өнімдерінің әсерінен пайда болған жемірілу процесіне карсы күресуді жетілдіру»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық: 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Орал 2015

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

Химия кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Мұнай өнімдерінің әсерінен пайда болғанжемірілу процесіне карсы күресуді жетілдіру»

Мамандық:5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Орындаған: Бақтығалиева Г.Т

Преподаватель специальных дисциплин: Зайцева И.Н.

Орал 2015

 

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………..6

1.Әдеби шолу...........………………………………………………………………8

1.1Коррозия,процестің пайда болуы және оның зерттеу бағыты…................8

1.2 Коррозия үрдістерінің топтастырылуы және түрлері.…….......................8

1.3Коррозиялық бұзылыс түрлері…………………………………….............10

1.4Химиялық коррозия……………………………..........................................12

1.5Электрохимиялық коррозия..................................................……………....14

1.6Поляризация құбылысы. .......……………………………………………….16

1.7 Коррозиялық тұрақтылық...........................................................................23

2 Коррозиямен күресу жолдары................………………………………..……25

2.1 Жемірілумен күресудің химиялық әдісі………….......................................25

2.2Жемірілумен күресудің физикалық әдісі ……………....................... ..........28

2.2.1 Қорғаныш жабынды қолдану физикалық әдісі........................................29

2.3Жемірілумен күресудің технологиялық әдісі………………...................31

2.3.1 Коррозияға карсы жүргізілетін шараларды өткізу қажеттілігі……......31

2.4Мұнай өнімдерінің және мұнайдың тұтқырлығын анықтау……..............33

2.5Жалпы зерттеудің әдістері..................................................................................

2.6Ашық мұнай өнімдерінің физикалық сипаттамаларын (тығыздық, сыну көрсеткішінің коэффициенті, оталу температурасы) анықтау........................

2.7

 

 

БҚО – Батыс Қазақстан облысы

ЖЖБ – Жанар-жағармай бекеті

МЕСТ – Мемлекеттік

ЭЦН

ППД

 

 

КІРІСПЕ

 

Өзектілігі.Қазіргі таңда экономиканың негізі – энергетикалық ресурстармен тікелей байланысты. Кез - келген мемлекеттің өндірістік күш-қуаты оның жер көлеміне сәйкес тұтынатын энергетикалық ресурсымен анықталынады. Мұнай теңдесі жоқ пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдерді жай тұрмысқа да және мемлекеттік қорғауға да қажет. Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтық құрылыста, ауыл шаруашылығында, үй қызметінде, энергетика және т.б. қолданылады. Соңғы бір әр он жылдықта мұнай мен газдың көп мөлшерде мұнайдан әртүрлі химиялық материалдар ала бастады: пластмассалар, жасанды талшықтар, жасанды каучук, лактар, жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және басқа. Мұнайды бекер «қара алтын» деп атамайды.

Қазақстан әлемдегі ауқымды мұнай өндіретін елдер қатарына кіреді.өйткені үлкен табиғи және энергоресурстары бар. Оның территориясында мұнай мен газ шыққан жер, әлемдегі бірінші ондық мұнайлы мемлекеттердің қатарына кіреді. Көптеген танымал мұнай шыққан жерлер: Узен, Жетібай, Тениз, Қарашығанақ, Чинарев, Уст-балық және т.б.Елімізде мұнай өндіру XIX ғасырдың соңында, яғни Иран, Мексика, Норвегия, Сауд Арабия елдерінен әлдеқайда бұрын пайда болды.

Қазіргі таңда ғылыми - техникалық, өндірістік және орасан экономикалық шығынға ұшырататын маңызды мәселе металл материалдардың және олардың құрылымдарының жемірілу процесіне ұшырауы болып табылады. Бұл мәселенің күшеюі соңғы кезде коррозиялық шығынның металды өндіру қарқынынан асып кетуі. Сондықтанда коррозия процесін зерттеу мен металды мейлінше ұзақ сақтау ғылыми-техникалық тұрғыдан аса маңызды мәселе.

Кен орындарын пайдаланудың соңғы сатыларында су мұнай эмульсиясының сулануы, мұнай өндіру ортасының бүлінуі, соның ішінде оның құрамындағы көмірсутек пен механикалық қоспалардың мөлшері жоғарылайды. Осы айтылған процестер металл қорғаныш қабықшасының бұзылуына, жалпы коррозияның жылдамдығының артуына, нәтижесінде құбырлар бетінің жемірілуіне, болат материалдың жұқаруына әкеп соқтырады.

Жоғарыда айтылған процестерден кейін құбырлар мен құрал - жабдықтар қолайсыз жағдайда қолданыста болады да соның әсерінен мұнай тасымалдау жүйесінің тесілуіне жол береді. Мұнай өндіру саласындағы шығындар негізінен улы газдар (H2S, СО2) жиналған ортада пайда болады. Коррозия жылдамдығы жылына 1,5 мм және одан да жоғарылап келеді, соның салдарынан өндірістік мұнай құбырларының қызмет ету мерзімі 2 - 3 жылдан аспайды. Коррозиялық бүлінудің ең қауіпті түрі-жара тәрізді бүлінуі болып табылады, соның әсерінен жаңадан қосылған құбыр 6 - 8 айдан кейін тесіліп қалады.

Коррозиялық бүлінуден қорғану экологиялық, техника - экономикалық және әлеуметтік жағынан қарағанда өте күрделі мәселе. Бұл мәселені шешу коррозиялық шығынды есептеу және оны төмендету деп түсінуге болады. Коррозиялық шығындар әсіресе гидротехникалық құрылымдарды пайдалану, химиялық және мұнай өндіру мен өңдеу, оны тасымалдау өндірісі кезінде жоғарылай түседі. Өндірістік коррозияның параметрлерін анықтау көптеген жағдайлармен және оның өту механизміне байланысты.

Коррозиядан сақтау мәселесінің өзектілігі табиғи ресурстарды сақтауда, өндіріс жағдайында металл құрылымдарды дұрыс пайдалану және дұрыс сақтауда және қоршаған ортаны қорғауда басты орын алады. Бұл мәселені шешу мақсатында баспасөз бетіне үлкен ғылыми жұмыстар ретінде көптеген мақалалар шығарылып келеді, тәжірибе алмасу мақсатында әлемдегі елдер арасында халықаралық жиындар ұйымдастырылып отырады.

Сондықтанда коррозиялық процесті зерттеу ең басты мәселелердің бірі болып қала береді.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 110; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты