КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Басқару жүйесінің контроллерін таңдау
Siemens фирмасының Simatic S7-300 бақылауыштары өте мықты есептегіш құралы болып табылады және кез келген қиын есептеулерді жүргізуге мүмкіншілік береді. Simatic S7-300 жаңадан шыққан бақылауыш болғандықтан оның мүмкіншілігі де жоғары болып келеді. Бұл бақылауыш көлемі шағын болып қана қоймай, стандартты 35 мм профильдік шинага орналастырыла береді. Бақылауыштың қолдануға арналған мінездемелері: - қоршаған орта температрасы 1-50 градус; - үздіксіз жұмыс жасайды; - 10-нан 284-ке дейінгі дискреттік сигналды және 2-ден 67-ге дейінгі аналогты сигналды өндей алады; - алдынғы сериялы бақылауыштырға қарағанада 35% аз орын алады; Бақылауыштың техникалық мінездемесі орнатылған модульдерге байланысты. Бақылауыш пен басқарудың төменгі құрылымы арасындағы байланысты таратылған кіріс – шығыс ET200M және Profinet желісі арқылы іске асады. Сонымен қатар программа жазылатын бақылауыш S7 – 300 ге коммуникациялық модуль, плата, сигналдық модуль, кіріс – шығыс дискреттік және аналогты сигналды плата қосыла алады.
2.1 сурет – Simatic S7-300 бақылауышы
Simatic S7-300 бақылауышы құрамына келесілер кіреді: - каркас; - орталық процессор CPU 1212C; - қорек көзі PS – 1207; - CP 343-1 Lean коммуникациондық модуль; - аналогты және дискретті кіріс-шығыс модульдері. Барлық орталық процессорлар жоғарғы өнімділікті және кең көлемдегі функцияларды қамтамасыз ете алады: - LAD, FBD және SCL тілдерінде програмалауды; - жоғыры жылдамдықта жұмыс жасау, логикалық операцияларды орындау 0,08 мкс-тан аспайды; - орнатылған жады 4 Мбайт, жады картасы арқылы 24 Мбайт-қа дейін арттыруға болады; - жұмыс жадысының көлемі 24 Кбайт-қа дейін; - орнатылған әнбебап дискретті кірістің қызметі потенциалды және импульсті сигналдарды енгізу мүмкіндігі; - орнатылған жоғары жылдамдықты счетчиктер, кіріс сигналды реттілікпен өткізу жиілігі 100 кГц-ке дейін; - орнатылған импульсті шығыстар, импульстін ретпен өту жиілігі 100 кГц-ке дейін; - ПИД реттеуіш функциялары; - орнатылған Web-сервер; - мәлеметтерді архивация жасау мүмкіндігі; - операциялық жүйені жаңартып отыру мүмкіндігі; қолданушының программасын пароль арқылы қорғау мүмкіндігі.
|