КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.Стр 1 из 2Следующая ⇒ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Мамандығы: жалпы медицина Пәні: акушерство және гинекология Кафедра: акушерство және гинекология Курс Блок: Жүктілік физиологиясы мен патологиясы Тақырыбы: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері.
Құрастырушы: доцент к.а., м.ғ.к. ________ Кәрімова Б.Ж.
Ақтөбе 2010 ж. Кафедра отырысында талқыланды «_____»_________________ 2010 ж.
Кафедра отырысында бекітілген «____»________________ 2010 ж. № ____ хаттамасы Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев А.Б. М.ғ.к., доцент Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді зерттеу әдістері. 2. Мақсаты: студенттерге жүктілерді зерттеу әдістерін үйрету. 3. Оқытудың міндеттері: Студент білуі керек:жүктіліктің белгілерін (күмәнді, күмәнсіз, шынайы); жүктіліктің мерзіміне байланысты жатыр түбі биіктігінің өзгеруі; үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау; перинатологиядағы қосымша зерттеу әдістері: хориональды гонадотропинды анықтау, кардиотокография, ультрадыбыстық диагностика. Студент істей білу тиіс: перзентханаға түскен жүктілерден анамнезді сұрастыру, жалпы және арнайы зерттеуді жүргізу, іш айналымын, жатыр түбі биіктігін, үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау, жүктіліктің мерзімін, босанудын болжам мерзімін анықтау. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: - жүктілік кезінде әйел ағзасының өзгеруі. - Жамбастың сыртқы өлшемдері. - Сыртқы конъюгата, оны өлшеу және сол арқылы ішкі конъюгатаны анықтау. - Диагональды конъюгата, оны өлшеу және сол арқылы ішкі конъюгатаны анықтау. - Жамбастың иілу бұрыштары. - Сыртқы акшерлік зерттеудің бірінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы. - Сыртқы акшерлік зерттеудің екінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы - Сыртқы акшерлік зерттеудің үшінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы - Сыртқы акшерлік зерттеудің төртінші әдісі, оның мақсаты және орындау техникасы - Жатыр түбінің биіктігін және іш айналымын өлшеу. - Білезік сүйегінің айналымын өлшеу (Соловьев индексі) оны акушерстводағы маңызы? - Бел сегізкөз ромб (Михаэлис ромбысы) дегеніміз не? - Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау. - Жүктілік мерзімін анықтау әдістері. - Босану мерзімін анықтау әдістері. 5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сабақтын басында ассистент топты тексереді (егер студент болмаса, себебін анықтайды) және сұрастыру арқылы сабақтын тақырыбын анықтайды. Бастапқы білім деңгейін тест арқылы тексереді (15 мин), тесттерді тексеріп – 5 минут, қорытындысын айтып, қателерін талқылайды – 15 минут. Содан кейін ассистент жүктіліктің белгілерін (күмәнді, күмәнсіз, шынайы); жүктіліктің мерзіміне байланысты жатыр түбі биіктігінің өзгеруі; үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау; перинатологиядағы қосымша зерттеу әдістері: хориональды гонадотропинды анықтау, кардиотокография, ультрадыбыстық диагностика талқылайды (60 мин). Фантомда арнайы акушерлік зерттеу әдістерін көрсетеді: іш айналымын, жатыр түбі биіктігін, үлкен жамбас өлшемдерін өлшеу, сыртқы акушерлік зерттеу әдісінің төрт тәсілін қолдану, ұрықтын орналасуын, позициясын, түрін, келіп тұрған бөлігін анықтау, ұрықтын жүрек соғысын тыңдау, жүктіліктің мерзімін, босанудын болжам мерзімін анықтау, акушерлік терминологияны талқылайды; жүктілер патологиясы бөлімшесінде жүктілерді курациялайды – 162 минут. Оқу бөлмесінде тақырыпты бекіту үшін қорытынды білім деңгейін интерактивті оқыту әдісі арқылы«Үстел отрасындағы қалам» қадағалайды. Топтың барлығына тапсырма беріледі (мысалға жүктілілік және босану мерзімін анықтау), әр студент сұраққа өз жауабын жазып келесі қасындағы адамға парағын береді, ал қаламын үстел ортасын қояды. Берілген уақыт ішінде 10-15минут, топ максимальды түрде сүраққа әр түрлі варианта жауап беруі керек. Парақта жазылған тапсырма бір студенттен екіншісіне беріле береді. Жауап жазған студент парқты келесіге беріп, қаламын үстел ортасын қояды, ал жауап бере алмаған студент парақты келесі адамға береді, бірақ қаламы өз қолында қалады. Бірдей жауапты жазуға болмайды, яғни қайталанбауы тиіс. Тапсырма орындалады. Жауаптары бар парақ мұғалімге беріледі. Ол әр жауапты оқып, талқылап шығады (30 минут). Сабақтын соңында жалпы білім деңгейін қорытындылайды (6 минут) және келесі сабақтын тақырыбымен, әдістемелік нұсқаумен таныстырады (6 минут). 6. Әдебиет: 1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология /А.Т.Раисова, Р.Г.Нуркасымова.- Алматы: асме-Систем, 2003.- 296 б. 2. Акушерияға кіріспе/ Х.Н.Нуржанов.- Алматы: Каз УМУ, 2002.- 92 б. 3. Бейсембаева Р. Акушерия/ Р.Бейсембаева.- Алматы: Білім, 2004, 2006. 7. Бақылау: Тесттер: 1. Қынап арқылы зерттеу кезінде жатыр мойны орталықта орналасқан, 2см дейін қысқарған, аздап жұмсарған, цервикальды өзек ішкі ернеуге дейін бір к\с еркін өткізеді. Жатыр мойнының жағдайын анықтандар: A. Жетілген B. Жетіліп келе жатқан C. Толық пісіп жетілмеген D. Жетілмеген жатыр мойны E. Босанудағы жатыр мойны 2.Леопольд-Левицкий әдісінің біріншісі нені анықтайды? A. Ұрықтың позициясын B. Ұрықтың орналасуын C. Жатыр түбінің биіктігін және орналасқан бөлігін D. Ұрықтың келген бөлігін E. Ұрық басының орналасу деңгейін
3.Жамбастың қалыпты өлшемін табыңыз: A. 25-28-31-20 см B. 25-26-31-17 см C. 23-26-29-18 см D. 25-28-31-18 см E. 23-25-27-20 см
4.Диагональды конъюгата дегеніміз: A. Симфиздің жоғарғы ортаңғы шегінен сегізкөз мүйісіне дейінгі арақашықтық B. Симфиздің жоғарғы ортаңғы шегінен Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышына дейінгі арақашықтық C. Сегізкөз мүйісінен симфиздің төмеңгі шегіне дейінгі арақашықтық D. Шонданай төмпешіктерінің арасындағы арақашықтық E. Шонданай сүйектерінің арасындағы арақашықтық
5.Скульский формуласы нені анықтайды? A. Ұрықтың жатыр қуысындағы ұзындығын B. Жатыр қабырғасының қалыңдығын C. Ұрық басының маңдай шүйделік өлшемін D. Жүктілік мерзімін E. Босану мерзімін
6.Франк индексі дегеніміз? A. Білезік буының айналым өлшемі B. Қасаға сүйектерінің жоғарғы тармақтары арасынлағы бұрыш C. Ұрықтың ұзына бойлы орналасуында жүрек соғысын тыңдайтын фокусты анықтау D. Михаэлис ромбысының вертикальды өлшемі E. incisura jugularis пен VII мойын омыртқасы арасындағы арақашықтық
7.Жүктіліктің 36 аптасында жатыр түбінің биіктігі ? A. Қасаға сүйегі мен кіндік ортасында B. Семсер тәрізді өсінді мен кіндік ортасында C. Семсер тәрізді өсінді деңгейінде D. Семсер тәрізді өсіндіден екі саусаққа төмен E. Семсер тәрізді өсіндіден үш саусаққа төмен
8.Көрсетілген суретте қандай зерртеу әдісі жүргізілуде? A. Леопольдтың бірінші әдісі B. Ұрықтың түрі мен позициясын анықтау C. Іш пальпациясы D. Ұрықтың қозғалыс белсенділігін анықтау E. Босану қызметін анықтау
9.Көрсетілген суретте дәрігер жүргізуде A. ұрық басының өлшемдерін анықтау B. ұрықтың келген бөлігін анықтау C. ұрықтың келген бөлігінің орналасу деңгейін анықтау D. жүктілік мерзімін анықтау E. шат сүйегі қосылуының жағдайын анықтау
10.Суретте дәрігермен көрсетілген әдіс нені дәлелдейді? A. Ұрық басы кіші жамбас үстінде екендігін B. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелеген C. Ұрық басы кіші сегментімен кіші жамбас кіреберісіне келіп тірелген D. Ұрық басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісіне келіп тірелген E. Ұрық басы кіші жамбас қуысында
11.Көрсетілген суретте дәрігер келесі зерттеуді жүргізуде A. Леопоьлдтың 4-ші әдісі B. Ұрық басын қарау C. Вастен белгісін қарауда D. Леопольдтың 1-ші әдісі E. Леопольдтың3-ші әдісі
Ақпарат блогы: жүкті әелді немес босанушыны зерттеу кезінде жалпы немесе арнайы анамнезді қолданады, жалпы объективті және арнайы акушерлік қарау, лабораторлы және қосымша зерттеу әдістерін қолданады. Соңғысына гематологиялық, иммунологиялық, (серологиялық және т.б.), бактериологиялық, биохимиялық, гистологиялық, цитологиялық зерттеулер және эндокринологиялық, жүрек қызметін зерттеу, жүктілікті асқындыратын және ұрықтың даму бұзылыстарын анықтайтын математикалық зерттеу әдістрі жатады. Қажетті көрсеткіштерде рентгеноскопия және рентгенография, амниоцентез, УДЗ және т.б. қазіргі уақыттағы жаңа зерттеу әдістері қолданады. Жүктілер мен босанушыларды сұрастырубелгілі жоспарға сәйкес жүргізіледі. Сұрастыру жалпы және арнайы бөлімдерден тұрады. Барлық анықталған мәліметтер жүкті картасына немесе босану тарихына жазылады.
|