Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жүктілік мерзімі мен босану мерзімін анықтау.




Жалпы объективті зерттеужүктілік пен босану ағымының асқынуына әкелуі мүмкін басты жүйелер мен мүшелер ауруларын анықтау мақсатында жүргізіледі. Өз кезегінде жүктілік жүкті әйел ағзасындағы бар ауруларды, декомпенсация және т.б. өршуін өзі шақыруы мүмкін. Жалпы объективті қарауды жалпы ережеге сәйкес, науқастың жалпы жағдайын бағалау, дене қызуын өлшеу, тері және көзге көрінерлік кілегей қабаттарын қараудан бастайды. Одан соң жүрек қан тамыр, тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, жүйке және эндокринді жүйе мүшелеріне қарау жүгізіледі.

Сыртқы акушерлік зерттеуқарау, өлшеу, сипау және тыңдау әдістерімен жүргізіледі.

Қарау арқылы жүкті әйелдің жасына сәйкестігін көруге болады. Бұл кезде жүктінің бойына, дене бітіміне, тері жамылғысының, тері асты клетчаткасының, сүт бездері мен емізікшелерінің жағдайына көңіл аударады. Іштің формасына, оның ұлғаюына, жүктілік тыртықтарының болуына және терінің эластикасына аса көңіл аударады.

Жамбасты зерттеуакушерствода үлкен мағына береді, өйткені оның құрылымы мен өлшемдері босану ағымы мен ақырына шешуші әсер етеді. Қалыпты жамабас босану ағымының дұрыс жүруіне басты шарт болып табылады. Жамбас құрылымындағы ауытқулар, әсіресе оның өлшемдерінің азаюы босану ағымын қиындатады немесе үлкен кедергі болады. Қарау кезінде барлық жамбас аймақтарына, әсіресе бел сегізкөз ромбысына (Михаэлис ромбысы) аса көңіл аудару қажет. Михаэлис ромбысы сегізкөз сүуегінің артқы бетінде орналасқан; жоғарғы бұрышы бесінші бел омыртқасы мен сегізкөз арасындағы ойық, бүйір бұрышы мықын с.йектрінің артқы жоғарғы өсінділеріне, төмеңгі бұрышы сегізкөздің ұшына сай. Михаэлис ромбасы өлшемі мен көлемін тексерудің манңызы зор, ол арқылы сегізкөз сүйегінің көлемін және жамбастың тарылуы туралы мағлұмат алуға болады. Михаэлис ромбасының ұзындығы: горизонтальды 10-11 см, вертикальды 11 см.

Сыртқы акушерлік зерттеу сантиметрлік лентамен (білезік буыны айналымы, Михаэлис ромбасы өлшемдері, жатыр түбінің биіктігі мен іш айналымы) және жамбас өлшемдерін анықтауға акушерлік тазомермен жүргізіледі.

Сантиметрлік лентамен кіндік тқсында іш шеңберін өлшейді (жүктілік соңында 90-100 см болады) және жатыр түбінің биіктігін өлшеу – ортаңғы сызық бойымен қасағадан жатыр түбіне дейін жүргізіледі. Жүктіліктің аяғында жатыр түбінің биіктігі 32-34 см болады. Жатыр түбінің биіктігін анықтау және іш айналымын өлшеу дәрігерге жүктілік мерзімін, ұрықтың болжам салмағын, май алмасу бұзылыстарын анықауда, суегіздік, көп ұрықтықты аныұтауға көмектеседі.

Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдері арқылы кіші жамбастың формасы мен көлемі туралы айтуға мүмкіндік береді. Жамбас өлшемдерін тазомермен өлшейді. Тек кейбір өлшемдерді сантиметрлік лентамен жүргізуге болады. Жиі жамбастың 4 өлшемін алады: үш көлденең және бір тік өлшемін. Тексерілуші арқасымен жатады, ал акушер жанында немесе бетімен қарап отырады.

Distantia spinarum – мықын сүуектерінің алдыңғы жоғарғы қырларының аралығы 25-26 см тең.

Distantia cristarum -мықын сүйегі қырқаларының ең алшақ нүктелерінң арақашықтығы, 28-29 см тең.

Distantia trochanterica – сан сүектерінің үлкен ұршықтарының арақашықтығы, 31-32 см тең.

Conjugata externa бұл шаттың жоғарғы сыртқы қырының ортасы мен Михаэлис ромбасының жоғарғы бұрышы арасындағы арақашықтық. Оны анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Тазомердің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата 20-21 см тең. Сыртқы конъюгата өлшемі арқылы шынайы конъюгата өлшемін анықтауға болады. Сүйектері мен жұмсақ тіндерінің қалыңдығы әйелдерде әртүрлі болады, сол себепті сыртқы және шынайы конъюгата әр уақытта 9 см тең бола бермейді.Сүйек қалындығын анықтау үшін білезік буынының айналымын және Соловьев индексін қолданады (білезік сүйегі айналымының 1/ 10 бөлігі). Сүйекті жұқа дейді, егер білезік буынының айналымы 14 см кем болса, ал егер білезік буынының айналымы 14 см артық болса, онда сүйекті қалың дейді. Жамбастың сыртқы өлшемдері бірдей болса да сүйек қалыңдығына байланысты ішкі өлшемдері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сыртқы конъюгата 20 см және Соловьев индексі 12 см болса (Соловьев индексі 12 см) 20 см-ден 8 см азайтамыз және шынайы конъюгата шығады, ол 12 см-ге тең. Соловьев индексі 14 см болса 20-дан 9 см, ал 16 см-де 10 азайтамыз, яғни шынайы конъюгата 9 және 10 см-ге тең.

Диагональды конъюгата(conjugata diagonalis)деп симфиздің төменгі қырынан сегізкөз мүйісінің ең биік шығыңқы нүктесі арасындағы қашықтықты айтады (13 см). Диагональды конъгатаны әйелді қынаптық зерттеуде бір қолмен анықтайды.

Кіші жамбастың шығаберісінің тіке өлшемі -қасағаның төменгі қырының ортасы мен құйымшақ ұшы. Әйел шалқасынан, аяқтары жамбас-сан және тізе буындарында жартылай бүгілген, алшақтатылған болу керек. Тазомермен өлшенеді. Ол 11 см шынайы өлшемнен көп, осы өлшемнен жұмсақ тіндердің қалыңдығын ескеріп, 1,5 см азайтамыз, сонда қалыпты жағдайда 9,5 см-ге тең.

Кіші жамбастың шығаберісінің қиғаш өлшемі - шонданай бұдырларының ішкі беттерінің аралығы. Тармақтары айқасқан тазомермен немесе сантиметрлі өлшеуішпен өлшейді, оған тіндердін қалыңдығына байланысты 1-1,5 см қосады. Кіші жамбастың шығаберісінің қиғаш өлшемі қалыпты жағдайда 11 см тең. Әйел арқасына, аяқтарын максимальды ішіне тартып жатады.

Жамбастың қиғаш өлшемдері қиғаш тарылған тар жамбасты өлшеуде қолданады. Жамбастың ассиметриясын анықтау үшін келесі қиғаш өлшемдерді қолданады: бір жақ мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы қырынан, екінші жақтың мықын сүйегінің артқы жоғарғы қырларына дейін (21 см), қасағаның жоғарғы қыры ортасынан мықын сүйегінің оң және сол жақ артқы жоғарғы өсінділеріне дейін (17,5 см) және сегізкөз үсті ойығынан мықын сүйегінің оң және сол жақ алдыңғы- жоғарғы өсінділеріне дейін (18 см). Бір жақтың қиғаш өлшемдерін екінші жағының өлшемдерімен салыстырады. Жамбастың қалыпты қалыптасуында қиғаш өлшемдердің екеуі де бірдей. Егер айырмашылығы 1 см-ден асса, ол жамбас сүйегінің асиметриясын көрсетеді.

Жамбастың бүйір өлшемдері -бұл мықын сүйектерінің жоғарғы алдыңғы және жоғарғы артқы қырларының аралығы (14 см), тазомермен өлшейді. Бүйір өлшемдер симметриялы болуы керек және 14 см-ден кем болмау керек. Бүйір конъюгата 12,5 см болғанда босану мғмкін емес.

Жамбастың иілу бұрышы - бұл жамбасқа кіреберіс жазықтығы градуспен және горизонт аралығындағы бұрыш. Жүкті әйел тұрғанда 45-50 тең. Арнайы құрал-тазоугломермен өлшейді.

Жүктіліктің екінші жартысында және босануда пальпацияда ұрықтың басын, арқасын, ұсақ бөліктерін (аяқ-қолын) анықтайды. Жүктілік мерзімі үлкен болған сайын ұрықтың бөліктерін анықтау анық. Сыртқы акушерлік тексеру (Леопольд-Левицкий)- бұл жатырды кезеңмен пальпациялау, белгілі бірқатар әдістерден тұрады. Тексерілуші шалқасынан жатады. Дәрігер оның оң жағында бетіне қарап отырады.

Сыртқы акушерлік тексерудің бірінші тәсілі. Бірінші тәсіл жатыр түбі биіктігін,оның пішінін және оның түбіндегі ұрық бөліктерін анықтау. Ол үшін акушер екі қолды алақанымен жатыр түбін толық алып тұратындай жайғастырады.

Сыртқы акушерлік тексерудің екінші тәсілі.Екінші тәсіл арқылы ұрықтың жатырдағы орналасуын, позициясын және түрін анықтайды. Акушер екі қолды біртіндеп төмен қарай жатыр түбінен жатырдың бүйірне саусақпен және алақанмен ақырын оң және сол жағын басып, бір жағынан ұрықтың арқасын кең жазықтығы,екінші жағынан ұрықтың ұсақ бөліктерін (аяқ-қолын) анықтайды. Бұл тәсіл жатыр тонусын және оның қозуын, жатырдың жалпақ жалғамасын, қалыңдығын, ауырсынуын және орналасуын анықтайды.

Сыртқы акушерлік тексерудің үшінші тәсілі. Үшінші тәсілмен кіші жамбастың кіреберісіне ұрықтың келген бөлігін анықтайды. Үшінші тәсілмен ұрық басының қозғалғыштығын анықтауға болады. Ол үшін ұрықтың келіп тұрған бөлігін ұстап,анықтайды,бұл басы немесе жамбасы екендігін ұрық басының қозғалу симптомы арқылы анықтайды.

Сыртқы акушерлік тексерудің төртінші тәсілі.Бұл тәсіл үшінші тәсілге қосымша және жалғасы болып табылады, ұрықтың келіп тұрған бөлігін ғана емес, сондай-ақ ұрық басының кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілді орындау үшін акушер тексерілушінің аяғына беттеп тұрады, екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді, саусақтар ұшын жамбас қуысына тереңдете отырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігін анықтайды. Жүктіліктің соңында және босану кезінде бұл тәсіл арқылы ұрықтың келіп тұрған бөлігін кіші жамбастың кіреберісіне қатынасын анықтайды. Босану кезінде ұрық басы қай жазықтықта өзінің үлкен айналымымен және үлкен сегментпен келгенін анықтау өте маңызды. Ұрық басының үлкен сегменті- ұрықтың баспен келгендегі кіші жамбас кіреберісінен өтетін ең үлкен бөлігі. Ұрықтың шүйдемен келгенінде бастың үлкен сегмент шекарасы кіші қиғаш сызығынан , алдыңғы баспен келгенде тік сызығынан, маңдаймен келгенде үлкен қиғаш сызығынан, бетпен келгенде вертикальды өлшем сызығынан өтеді. Бастың кіші сегменті деп үлкен сегменттен төмен орналасқан бастың кез келген бөлігін айтады.

Ұрық басының үлкен немесе кіші сегментпен орнығу дәрежесін пальпацияға қарап айтады. Сыртқы тексерудің төртінші тәсілінде саусақтарды терең енгізіп, ұрық басымен жоғары жылжиды. Егер бұл кезде қол білезіктері жанаса, онда ұрық басы үлкен сегментпен жамбас кіреберісінде немесе терең түссе, ал саусақтар алшақтаса, кіреберісінде басы кіші сегментпен орналасқаны. Егер ұрық басы жамбас қуысында болса,онда ол сыртқы тексеру әдісімен анықталмайды.

Ұрықтың жүрек тондарын жүктіліктің екінші жартысынан бастап қайталануы керек. Ұрықтың баспен келгенінде жүрек соғысы кіндіктен төмен, ал жамбаспен келгенде кіндіктен жоғары жақсы естіледі.

М.С. Малиновский ұрықтың жүрек соғысын тыңдаудын келесі ережелерін ұсынған:

шүйдемен келгенде -басына жақын кіндіктен төмен арқасы қараған жағынан, артқы түрінде- іш бүйірінен алдыңғы қолтық асты сызығынан,

бетімен келгенде -кіндіктен төмен кеудесі орналасқан жақтан (бірінші позицияда- оң жақтан, екінші позицияда-сол жақтан),

көлденең орналасқанда-кіндік маңайында басына жақын,

жамбаспен келгенде - кіндіктен жоғары басына жақын, ұрық арқасы қараған жағынан. Ұрықтың жүрек соғысын динамикада зерттеу мониторинг және УДЗ арқылы жүргізіледі.

Ішкі (қынаптық) зерттеубір қолмен жүргізіледі (екі саусақпен, сұқ және ортаңғы, төртеумен-жарты қол, бар қолмен). Ішкі зерттеу арқылы келіп тұрған бөлігін анықтау, босану жолдарының жағдайын, босану кезінде динамикада жатыр мойнын ашылуын бақылау, келіп тұрған бөліктің орнығу мен жылжу механизмін бақылау және т.б. босанушыны қынап арқылы қарау босану мекемесіне келген соң және қағанақ суы кеткен соң тексеріледі. Әрі қарай қынаптық зерттеуді көрсеткішке байланысты жүргізеді. Бұндай кезектік тексеру босану ағымының асқынуын және уақытылы көмек көрсетуге қолданылады. Жүктілер мен босанушылардың қынаптық тексерілулері өте маңызды араласу болып табылады, сол себепті бұл әдіс асептика және антисептика жағдайында жүргізілуі қажет.

Ішкі акушерлік зерттеуді сыртқы жыныс мүшелерін қараумен бастайды ( түктену, дамуы, вульва ісінуі, аяқ веналарының варикозды кеңеюі), аралықта (оның биіктігі, регидтілігі, тыртықтар болуы), және қынап кіреберісі. Қынапқа ортаңғы және сұқ саусақ енгізеді және зерттеу жүргізеді (қуыс енін және ұзындығын, қыртыстылығын, қынап қабырғасы созылуын, тыртықтар, ісіктер, аралық перделер және басқа да патологиялық жағдайлар болуы мүмкін). Содан соң жатыр мойнын тауып, оның пішінің, көлемін, консистенциясын, жетілу дәрежесін, қысқаруын, жұмсаруын,жамбастың көлденең өсіне орналасуын, өзектің саусаққа өткізгіштігін анықтайды. Босану кезінде жатыр мойнының жазықталу дәрежесін (сақталған, қысқарған, жазықталған), өзектің ашылу дәрежесін сантиметрмен, өзек жиегі жағдайын (жұмсақ немесе тығыз, қалың немесе жұқа). Босанушыны қынаптық зерттегенде қағанақ қабының жағдайын анықтайды (бүтін, бүтіндігінің бұзылуы, керілу дәрежесін ,алдыңғы су мөлшерін). Келіп тұрған бөлігін (жамбасы, басы, аяқтары), орналасқан жерін( кіші жамбас кіреберісінде кіші немесе үлкен сегментпен, қуыста, кіші жамбас шығаберісінде). Басының анықтауыш нүктесі болып табылады: тігістері, еңбектері, жамбаспен келгенде - сегізкөз және құйымшақ. Ішкі қабырғалардың беткейін пальпациялау сүйек деформациясы және экзостозын анықтауға және жамбас сиымдылығы жөнінде мәлімет береді. Зерттеудің соңында егер, келіп тұрған бөлігі жоғары болса, диагональды конъгатаны мүйіс пен симфиздің төмеңгі қыры арасындағы арақашықтықты (қалыпты жағдайда 13 см) өлшейді. Ол үшін қынапқа енгізілген саусақтарды мүйіске жеткізіп және ортаңғы саусақ ұшымен, сұқ саусақпен бос қолдың симфиздің төмеңгі қырына алып келеді және қолда сол жерді белгілейді, шат доғасының төмеңгі қырымен шектескенімен. Содан соң қынаптан саусақтарды шығарып, оларды жуады. Ассистент қолдағы белгіленген арақашықтықты сантиметрлік лентамен және тазомермен өлшейді. Диагональды конъюгатаның өлшеміне қарап, шынайы конъюгатаның өлшемі жайлы айтуға болады. Соловьев индексі (Соловьев айналымынан 0,1-ден) 1,4см дейін, диагональды конъюгатадан 1,5 см, ал егер 1,4 см көп болса онда 2см азайтамыз.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 1201; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты