КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Блок 9.Курс №3 тақырыбы. «Аналық бездің қатерсіз және қатерлі ісігі»
Құрастырушы: Почтаренко В.М. Қызметі: ассистент Ғылыми дәрежесі атағы: _________________________. (қол қою үшін)
Актобе – 2010 г.
Кафедра отырысында бекітілген «____»___________ 20___ж. № __ хаттамасы
Кафедра жетекшісі ___________________________Тусупкалиев А.Б. м.ғ.к., доцент 1. Тақырып: «Аналық бездің қатерсіз және қатерлі ісігі» 2. Мақсаты:Тәліпкерлерді аналық бездің қатерсіз және қатерлі ісігімен, оларды қарау әдістерімен, клиникасымен, емдеу және пайда болуының алдын алу шараларымен таныстыру. 3. Оқытудың міндеттері: Тәліпкерлер білуі керек: 1. Киста мен кистома дегеніміз не? 2. Аналық без кистомалары 3. Скробанский бойынша аналық без ісіктерінің жіктелуі 4. Аналық без рагының жіктелуі 5. Аналық безді емдеудің әдістері 6. Аналық без ісігі жағдайындағы асқынулар
Тәліпкерлер машықтануы керек: 1. Аналық без ісігі бар науқастан анамнез алу 2. Айнамен қарау, қынаптық зерттеу жүргізу 3. Объективті зерттеу негізінде аналық без ісігі диагнозын қою. 4. Опертивті емдеу көлемін таңдау 4. Тақырыптың негізгі сұрақтар. 1. Киста мен кистома дегеніміз не? 2. Қандай кисталарды білесіз? 3. Аналық без жағдайында қандай тактиканы ұстану қажет? 4. Скробанский бойынша аналық без ісіктерінің жіктелуі. 5. Аналық без клиникасы, диагностикасы 6. Аналық без жғдайындағы асқынулар 7. Аналық без кистомалары. Клиникасы, диагностикасы, емдеуі 8. Аналық без рагы, оның түрлері және сатылары 9. Клиника, аналық без рагының диагностикасы 10. Сатыға байланысты аналық без рагын емдеу.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері Сабақ аналық без ісігі бар науқастарды емдейтін гинекологиялық бөлімшеде өткізіледі. Сабақ басында 20 минут бойы бастапқы білім деңгейін анықтау үшін жағдайлық есептер шығарылады. Сұрақтарға сәйкес тақырыпқа талдау жүргізіледі – 40 минут. Содан кейін аналық без ісіктері бар науқастар курацияға беріледі, тәліпкерлер анамнез жинап, нақты диагноз қояды, содан соң зерттеудің қосымша әдістерін жүргізіп, клиникалық диагноз қояды, емдеу әдістерін таңдайды. – 2 сағат. Аналық без ісігіне операция болса, тәліпкерлер Если имеется операция по поводу опухоли яичника, студенты присутствуют на операции. В конце занятия в течение 20 минут - заключительный контроль по тестам.
Бастапқы білім деңгейін анықтау үшін жағдайлық есептер
Ақпаратты блок: Әйел жыныс мүшелерінің ісік ауруларының ішінде аналық без ісігі екінші орыналып отыр. Аналық без ісіктері киста және кистом деп екіге бөлінеді. Киста дегеніміз - аналық бездің ретенциялы түзілістері. Олар белгілі бір қуыста сұйықтық жиналған кезде пайда болады. Кистома – аналық бездің шынайы ісігі. Аналық без жасушалы элементтердің көбеюмен бірге өсуін тездетеді. Кистаға жататын: фоллекулярлы киста, сары дене кистасы, пароовариалды киста, эндометриодты киста. Скробанский бойынша аналық бездер ісігінің жіктелуі:
Кисомаларға жататын: жай серозды, псевдомуцинозды, папиллярлы. Аналық без диагнозын науқас анамнезі, объективті зерттеу, УДЗ, лапороскопия және ЖКТ лапароскопия негізінде анықталады. Аналық без ісігінің асқынулары: 1. Кистома аяқшасының айналып кетуі. 2. Ісік құрамының немесе қабырғаның іріңі 3. Қан кету 4. Кистома капсуласының жыртылуы 5. Іш перде псевдомиксомасы 6. Ракка айналу Сондықтан аналық безінің диагностикасында әрқашан оперативті емдеу көрсетіледі. Аналық без рагы. Бөлінеді: біріншілік, екіншілік және метастатикалық. Аналық без рагының сатылары: бірінші – аналық без шегінде ісік, екінші – ісік екінші аналық безді, жатырды және екі түтікті зақымдайды, үшінші – ісік пареинталды іш перде кетеді, аймақтық лимфатүйіндер, сальникке метастаза, төртінші– ісік зәр шығару, тіке ішекке енеді, жеке ағзаға метастаза. Емдеу. Оперативті – жатыр және қосалқыларының экстирпациясы, үлкен сальник резекциясы, одан кейін химиотерапия. Дебиет Негізгі: 1. Раисова А.Т. Акушерия жэне гинекология / А. Т. Раисова, Р. Г. Нуркасымова. - Алматы : Асем-Систем, 2006. - 296 б. 2. Укiбасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдык курс: оку куралы / Т. М. Укiбасова, А. Б. Тусiпкалиев. - Актобе, 2008. - 172 б. 3. Акушерияга кіріспе / Х. Н. Нуржанов. - Алматы: Каз УМУ, 2002. - 92 б. 4. Бейсембаева Р. Акушерия / Р. Бейсембаева. - Алматы : Білім, 2004, 2006. 5. Гинекология: учебник/ под ред. Г.М.Савельевой, В.Г. Бреусенко. – 3-е изд. – М., 2008. – 432 с. 6. Радзинский В.Е. Руководство к практическим занятиям по гинекологии: учебное пособие. – М., 2008.- 600 с.
Қосымша: 1. Сметник В.П. Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология,-3-е изд., стереотип.-М. Медицинское информационное агентство,2002. 2. Руководство по акушерству и гинекологии: учебное пособие/Пер. с англ. под ред. Э.К. Айламазяна. – 4 изд. – М., 2009. – 650 с. 3. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. АсемСистем,2006.
7. Бақылау Қорытынды білімді бақылау тесті 1. Крукенберг ісігі дегеніміз не? А. Асқазан-ішек трактының метастатикалық ісігі В. Тері меланомасы С. Дәнекер ұлпасынан дамитын ісік Д. Гипофиздің артқы бөлікте дамитын ісік Е. Жатырдан дамитын ісік
2. Аналық без ісігін анықтауда қандай тактиканы ұстану керек? А. Бақылау В. Қабынуға қарсы терапия С. Оперативті емдеу Д. Антибактериалды терапия Е. Физиоемдеу
3. Папиллярлы кистоманың пайызы қандай? А. 5-10% В. 12-17% С. 20-30% Д. 35-40% Е. 50-60%
4. Аналық без рагының емдеу көлемі? А. Физиоемдеу В. Аналық без ісігін алып тастау С. жатыр және қосалқыларының экстирпациясы, үлкен сальник резекциясы, одан кейін химиотерапия. Д. Химиотерапия Е. Иммунотерапия
5. Аналық без ісігінің аяқшасының айналып кетуі. Қандай ем қажет? А. Бақылау В. Лапаротомия, ісікті алып тастау С. Антибактериалды терапия Д. Ісікті айналдырмай лапаротомия жүргізу, айналған жерден төмен қысқыш салу, іш қуысын дренаждау Е. Ісік пункциясы
6. Жай серозды кистоманы емдеу? А. Бақылау В. Лапаротомия, ісікті алып тастау С. Химиотерапия Д. Телегамматерапия Е. Физиоемдеу
7. Қандай кисталарға опретивті емдеу жүргзілмейді? А. лютеинды В. Псевдомуцинозды С. Параовариалды Д. Эндометиродты Е. Серозды
8. Псевдомуцинозды кистома жағдайында емдеу: А. Бақылау Б. Лапаротомия, жатыр және қосалқыларының қынап үсті ампутациясы, сальник резекциясы С. Химиотерапия Д. Телегамматерапия Е. Физиоемдеу
9. Псевдомуцинозды кистомалардың пайызы қандай? А. 1% В. 4-5% С.6-7% Д. 9-10% Е. 12-13%
|