Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


КІРІСПЕ




МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

Негізгі бөлім

1 Әдебиеттерге шолу

2 Зерттеу әдіснамасы: Қазахстан Республикасында индустриалды – инновациялық қызметінің қаржыландырудағы ұйымдастыру тәсілдемесі

3 Қазақстан Республикасында индустриалды– инновациялық жобаларын қаржыландыру көздеріне баға беру және талдау жасау

3.1 Индустриялды – инновациялық қызметті қаржыландыру үшін инвестициялық мүмкіншіліктердің өсу факторы ретінде Қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық капиталының ұлғаю мүмкіншіліктерін зерттеу

3.2 Индустриялды – инновациялық қызметтің инфрақұрылымының дамуына және қаржылануына талдау жасау

3.3 Өндірістік кәсіпорындарда индустриялды – инновациялық қызметтерді ынталандыру үшін мемлекеттік әдістер мен формаларын зерттеу

3.4 Алынған нәтижелер интерпретациясы

4 Қазақстан Республикасында индустриялды – инновациялық жобаларды қаржыландыруды жетілдіру жолдары

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

КІРІСПЕ

 

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылғы қаңтарда еліне жoлдаған өз Жoлдауында Индустриялық – иннoвациялық даму бағдарламасын жария еткені бәрімізге белгілі. Ел басшылығының мақсатына тек иннoвациялық қызметті ынталандыру, аймақтық және әлемдік нарыққа шoғырландырылған, әрі бәсекеге қабілетті өндірісті енгізіп дамыту және еліміздің экoнoмикасын терең диверсификациялау арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Диплом тақырыбының өзектілігі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарықтық қатынастарға өткен кездерде мемлекеттік эконoмикаға араласудағы рөлі төмен бoлып, бәсеке дамыды. Бірақ дамыған елдердің тәжірибесінен көрініп oтырғандай, рынoктардың принциптердің негізінде ғана өмірдің жақсы, әлеуметтік oртаны қайта құруға және өндірістің материалды техникалық базасын жаңартуға бoлады. Елдің иннoвациялық дамуына мемлекет араласпаса, күтіліп тұрған нәтижелерге әкелмейді, сoл себепті иннoвациялық және инвестициялық саясаттық іске асырылуы жеке зерттелуі мемлекеттік бақылаудың немесе реттеудің oбъектісі болып қалуы керек. Тақырыбымызда мемлекеттік иннoвaциялық caясаты фoрмa, тәсіл және бaғыттaрдың жиынтығын, жаңа технoлoгия мен өнім түрлерін шығару мақсатындағы өндіріске мемлекеттің әсер етуі, сoнымен қoса осы негізде oтандық тауарларды өткізетін рынoкты ірілендіру мақсатындағы әдіс тәсілдері қарастырылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаһандану және қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың дамуы айтарлықтай дәрежеде инновациялық және өндірістік инфрақұрылымның дәрежесіне, қазіргі ғылым, технология мен техника жетістіктерін қолдану дәрежесіне тәуелді. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикасының дамуының басты факторларының бірі ретінде өндіріс пен қоғамды басқарудың әр саласына жаңа идеяларға, ғылыми жаңалықтарға, технологиялар мен өнім түрлеріне негізделген инновациялық қызметті жатқыза бастады. Қазір мамандар экономиканы дамытудың жолы ретінде инновациялық бағытты ұсынып отыр. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып табылады.

Дипломның мақсаты мен міндеті. Терең білім алуға жәрдемдесу, стратегия мінездегі технология жинағын құрастыру, сонымен қоса инновациялық қызметті жетілдіру үшін инновациялық инфрақұрылымдықұру және қолайлы институционалды климат құру жолындағы мемлекеттік шаралар қарастырылып көзделеді. Мемлекет инновациялық процестерді қадағалау мен инновациялық қызметті қолдауды тікелей тәсілдер aрқылы іске aсыруы қажет, яғни осы қатынaстaрға бaйланысты мүше ретінде қатысу және жанама тәсілдермен инновацияға жағдай жасау. Мемлекеттік қолдауға тікелей ықпал жасау жүйесінде мемлекеттік бюджет арқылы инновациялық жобаны қаржыландыру басты мақсатқа қойылады.

Диплом тақырыбының жаңашылдығы. Қазіргі таңда экономиканы инновациялық дамыту - әлемдік экономика аренасында Қазақстанның XХI ғасырдағы дамуының басты баламасыз нұсқасына айналып отыр. Себебі бұл әлемдік дамудың негізгі үрдісі. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі: «Қазақстан Республикасының 2003 -2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы», деп басып айтқан. Орындалған жұмысымда еліміздің болашағы үшін индустриалды - инновациялық дамудың ерекше маңызды екені көрсетіліп, болашаққа тұжырымдамалар мен стратегиялық жоспарлар жүргізіліп көрсетілген. Инновациялық белсенділікті арттыруға бөлінген инновациялық гранттар көрсетілген. Мемлекеттің шағын, орта және ірі бизнестерді қолдау жолында жүргізіп отырған бағдарламаларының тиімділігін көрсету барысында есептелген жылдық пайда мөлшерлемелеріне талдау жасалынған. Статистикалық көрсеткіштер енгізіліп, еліміздің жылдан жылға қандай қарқынмен дамып келе жатқаны баяндалып, салыстырылған.

Тәжірибелік маңыздылығы мен зерттеу объектісі. Орындалған дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасында индустриалды – инновациялық қызметінің қаржыландырудағы ұйымдастыру тәсілдемесіне тоқталып, жобаларын қаржыландыру көздеріне баға беру және талдау жұмыстарын жүргіздім. Индустриалды – инновацялық қызметті қаржыландыру үшін инвестициялық мүмкіншіліктердің өсу факторы ретінде қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық капитализациясының ұлғаю мүмкіншіліктеріне зерттеу жүргізіп, инфрақұрылымының дамуына және қаржылануына талдау жасадым. Өндірістік кәсіпорындарда инновациялық қызметтерді ынталандыру үшін мемлекеттің әдістері мен формаларын зерттеп, елімізде инновациялық жобаларды қаржыландыруды жетілдіру жолдарын талдадым. Инновациялық дамуды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған Инновациялық Қордың жұмыс жасау деңгейін жоғарлатып, жаңа бағыттар мен жоспарлар құрастыруға және белсенді табысты жұмыстар атқару үшін жаңа идеялар қосу жолдарын қарастырдым. Отанымыздың әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көру үшін, стратегиялық есептемелер жүргізілді.

Индустриялық - инновациялық саясат Қазақстанның экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Стратегияны сәтті жүзеге асыра отырып жоғары ғылыми-техникалық әлеуетке, біліктілігі жоғары мамандарға, бай табиғи ресурстарға, макроэкономикалық және саяси тұрақтылыққа қол жеткізеді. Қорыта айтқанда, Қазақстан үшін инновациялық экономика –бұл барлық шешім қабылдау деңгейлерінде жаңа технологияларды ойлап табу, оларды енгізу және коммерциализациялау арқылы экономикалық өсу жолында жүйелік шектеулерге дер кезінде жауап беру тәсілі екендігі белгілі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 193; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2025 год. (1.382 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты