Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ




 

Өткен ғасырдың 30 жылдары Австрия ғалымы Й. Шумпетер «инновация» ұғымын алған рет ғылымға енгізді. Инновация - тұтынушы тауарлардың жаңа түрін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа нысанын және жаңа нарыққа енгізу мен пайдалану мақсатындағы өзгеріс ретінде түсіндірген. Сондай - ақ Й. Шумпетер инновациялық үрдістегі кәсіпкерліктің рөлін атап көрсеткен. Кәсіпкерлік- өнертапқыштық пен жаңалық енгізу арасын байланыстырушы буын деген.

Инновация теориясын қалаушылардың бірі – Н.Д. Кондратьев конъюктураның циклдері теориясының негізін қалай отырып, жаңа циклға өтуді өнертапқыштық сәт пен оны тәжірибеге ұсыну сәтін ажыратты. 18 ғасырдың 80 жылдарынан бастап елеулі өнертапқыштық басталса, 20 ғасырдың 80 жылдарында өнеркәсіптік революцияға айналып іс- жүзінде кеңінен қолданылғанын атап өтті. Й. Шумпетер бұл идеяны дамыта отырып, тұтыну, сұраныс, сән, пайдалылық және технологиялық өзгеріс ретінде экономикалық циклді инновация толқынымен байланыстырды.

1970 жылы АҚШ-тық ғалым T.R. Prince – «инновация – кәсіпорында немесе одан тыс жерде жаңа өнімдер мен техникалық әдіс тәсілдердің енгізілуі» дейді.

Кейінірек, 1990 жылы Б.Санто (Венгрия) инновация «қоғамдық – техникалық – экономикалық үдеріс», яғни идеялар мен шығармашылық нәтижелердің тәжірибелік қолданылуынан кейін өнімдер мен технологиялардың ең жақсы қасиеттеріне алып келеді. Егер ол экономикалық пайдаға, табысқа бағытталса, оның нарыққа шығуы қосымша кіріс көзі деп түсіндіреді.

1991 жылы украиндық ғалым В.Л.Саллин «инновациялық өндіріс – ғылыми – техникалық жаңартпалар негізінде жүзеге асатын өндіріс» дейді.

1992 жылы ресейлік ғалым А. Фонотов инновациялық үдерістің «өндіріс, алмасу, тұтыну сияқты кешенді қатынастарды түгел қамтитын идеяның пайда болуынан оның коммерциялық жүзеге асуына дейінгі таратылу» ерекшелігін атап көрсетті.

1994 жылы Н.М. Большаков инновацияны «өндіріс шығындарын төмендетуге және еңбектің әлеуметтік жағдайларын өзгертуге мүмкіндік беретін өнімнің жаңа немесе жақсартылған тұтынушылық қасиеттерінің, сонымен қатар жаңа техника мен технологияның, еңбекті ұйымдастыру мен өндірістің жаңа формалары мен әдістерінің енгізілу нәтижесі» деп көрсетті.

1996 жылы қазақ ғалымы С.Б. Абдыгаппарова «инновация – шаруашылық жүргізуші субъектілермен зерттемелерді, әзірлемелерді ғылыми негізделген идеяларды енгізуді қамтитын, мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған нәтижеге жету үдерісі» -, дейді.

Р.А. Фатхутдинов өз еңбегінде «жаңашылдық» және «инновация» ұғымының мазмұнын былай ашады: жаңашылдық- тиімділікті арттыруға байланысты кез келген қызмет аясындағы зерттеулер мен әзірлемелердің даярланған нәтижесі, ал инновация -экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да тиімділікті алу үшін басқару объектісін өзгерту мақсатында енгізілген жаңалықтың соңғы нәтижесі.

Р.Фостердің теориясында инновация бұл «технологиялық айырылымның» жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі.

Инновация терминіне В.А. Макоренконың «қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер» сөздігінде мынадай анықтама берілген: «инновация» (ағылшын “innovation” – жаңалық енгізу, “жаңалық”, латын тілінде “innovation”- “жаңарту”, “жаңғырту”) бұл:

1. Техника мен технологияны алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалатын қаражат.

2. Ғылыми технологиялық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен технология нәтижесі;

3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т.б.

4. Тіл білімінде жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктерінің пайда болуы.

Брайн Твисстің түсінігінде инновация дегеніміз – ойлап табушылық немесе идея экономикалық мазмұнға ие болатын үдеріс. Бұл пікірге В.Л.Макаров та қосылды.

Технологиялық құрылыс ұғымының экономикалық мәнін ашуда және терминді қолданысқа енгізген С.Ю.Глазъевтің еңбегі көп. С.Ю.Глазъевтің пікірінше, технологиялық құрылыс - бір-бірімен байланысты біртектес технологиялық тізбектің біртұтас ұдайы өндірісті құратын технологиялық жиынтықтың тобын айтады. Ол технологиялық кезеңдердің түрлерін анықтап, өнім өндіру технологиясының, сұраныс және ұсыныстың өмір кезеңдерінің бір бірімен байланысын ашып көрсетті.

Технологиялық кезеңдерді инновациялармен тығыз байланыстырушы ғалымдардың бірі А.Ансофф.

Неміс ғалымы Г. Менш дағдарыс фазасының ортасынан бастап біраз уақыт өткен соң экономикалық белсеңділік өрлеуі болатын инновациялық шарықтауды бөліп көрсетті. Бұл идеяны дамытқан А. Клайхнехтон экономика дамуының ұзын толқындарының ауысуының негізінде базистік инновациялық топтардың жатқандығын және дағдарыстан алып шығуға көмектесетінін атап өтті.

Я. Ван Дейн гипотезаны дамыта отырып, инновацияның әр түрлі типтерінің пайда болуын «ұзын толқын» ретінде ұсынылған әлеуметтік экономикалық және ғылыми технологиялық дамудың әр түрлі фазаларымен байланыстырады. Я. Ван Дейн инновацияның келесі типологиясын жасады:

- Негізгі өнімді - жаңа сала негізінде жаңа нарықты құру;

- Толықтырушы өнімді - нарықты кеңейту;

- Негізгі технологиялық - ірі технологиялық жүйе базисін құру;

- Қосымша технологиялық - технологиялық жүйені кеңейту.

Х. Фримен жаңа технологиялық жүйе және технологиялық революция ұғымдарын енгізді. Жаңа технологиялық жүйе экономиканың көптеген салаларына ықпал ететін жалпы технологиялық базиске байланысты инновация кешені, ал технология революциясы техникалық экономикалық парадигманың аусуы және оның таралуы экономика конъюктурасының «ұзын толқынымен» қозғалуына байланысты болады.

 

 

Сурет 1 - Инновациялар түрлерін жіктеу

 

Берілген сызбадан біз инновация түрлерінің жіктелуін көре аламыз. Инновация қамсыздандыру түрлеріне, тауарлар мен қызметтерді өткізудің жаңа нарықтарын, ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулерді, өндірістің жаңа түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Осы түрлердің дамуына байланысты, еліміз нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті мемлекеттердің бірі бола алады және халықтың білім дәрежесі мен тұрмыстық жағдайының өсуіне ықпал етеді.

 

 

ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕМЕСІ

 

2002 жылдан бастап Қазақстанның экономикалық кеңістігінде инновациялық қызмет саласында үлкен өзгеріс болуда. 2003 жылы ҚР Президенті Қаулысымен 2003 - 2015 жылдары индустриалдық - инновациялық даму стратегиясы қабылданды. «Инновациялық қызмет», «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» туралы заң және басқа да инновациялық қызметті ынталандыратын және реттейтін нұсқаулар қабылданды. Инновациялық қызметті қаржыландыратын қаржы институттары басынан бастап қайта құрылды. Даму институтын құру идеясы инновациялық үдерісті үзіліссіз жүйе ретінде қамтуға негізделді.

Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен өндіріс құрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.

Кәсіпорындардың инвестициялық ахуалын қалыптастыру инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру жүйесінсіз мүмкін емес. Жүйесі ғана емес, сонымен қатар қолма - қол ақша, бағдарламалық ресурстарды қамтылады. Яғни тіркелген және ағымдағы активтердің меншік құқықтарын және материалдық емес активтер, кредиттер, несиелер мен депозиттер, оның ішінде ақша, басқа инвестициялар, жер пайдалану құқығын білдірді.

Қаржыландыру әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама қаржыландыру қажетті материалдық-техникалық инновациялық жобаларды, еңбек және ақпараттық ресурстарды қамтамасыз ету болып табылатын мәнін қамтиды. Мысал ретінде, жоба үшін қажетті жабдықтарды жалдап немесе лизингке алуға; жоба лицензиясында көрсетілген пайдаланылатын технологиялар сатып алуды «роялти» (дайын өнімнің сату пайызы) түрінде жүзеге асыруға болады; қажетті ресурстарды алғанда квитанция арқылы бағалы қағаздарды орналастыру; қажетті адами ресурстарды тарту және білім, дағдылар мен «ноу-хау» тұрғысынан жоба бойынша депозиттер тартуды келтіреміз.

Әдетте, инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру келесі жолдармен жүргізіледі:

- Өзін - өзі қаржыландыру, яғни, өзінің қаражатын қаржыландыру көзі ретінде пайдалану;

- Заемдық және тартылған қаражатты пайдалану.

Әлемдік тәжірибеде, инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін инвестициялар тартудың негізгі мына формалары қолданылады:

 

1) Тапшылық қаржыландыру, мемлекеттің кепілдігімен инвестициялық жобалардың борыштарын және инвестициялық қызмет субъектілерінің кейіннен бөлуді қалыптастырудағы мемлекетке қарызы. Соның ішінде:

- Мемлекеттік бюджеттік қайтарымды кредиттер;

- Гранттық негізде мемлекеттік бюджеттен бөлу;

- Қоғамдық мақсатта инновациялық бағдарламалар бойынша қаржыландыру;

- Қоғамдық бағдарламаларды халықаралық қарыз арқылы қаржыландыру;

- Қор немесе қоса алғанда, ұйымның нақты іс-шараларын корпоративтік қаржыландыру:

- Ұйымның жарғылық капиталына қатысу;

- Корпоративтік қаржы, бағалы қағаздарды сатып алу болып табылады;

2) Жобалық қаржыландыру, бағдарламаға тікелей инвестиция:

- Қарыз алушыға толық регресс;

- Шектеулі регресс;

- Қарыз алушыға кері талап.

Инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру жүйесі қаржыландыру көздерін қамтиды және қаржыландыруды ұйымдастыру нысандарынан тұрады(кестені қараңыз).

 

Кесте 2 - Инновациялық қызметті қаржыландыру көздерінің әртүрлілігі

 

Қазақстанда, банктер мен басқа да қаржы институттарының, бағалы қағаздарды шығару және ішкі несие көздері бөлінген инновациялық бағдарламаларды қаржыландыруда рөлі үстем.

Бағалы қағаздарды шығаруды оңтайландыру бағытында, қосымша инвестици ялық ресурстар алу мен инвестициялық кредиттік борыш бағдарламасына ауыстыру арқылы капитал құрылымында ұзақ мерзімді банктік заемдар үлесін төмендету, инвестиция капиталдың құрылымына және құнына әсер етеді.

Инновациялық жобаларды қаржыландырудың кредиттік көздері өте алуан (кестені қараңыз), бірақ басым бөлігі банктік несиелерге беріледі.

 

Кесте 3 - Инновациялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын несиелерді жіктеу

 

Жіктеу белгілері Несиенің негізгі түрлері
1. Кредитор түрі бойынша   - Шетел - Мемлекет - Банк - (Лизинг түрінде) Коммерциялық
2. Нысаны бойынша   - Тауарлық - Қаржылық
3. Мақсаты бойынша - Инвестициялық - Ипотекалық
4. Мерзіміне сәйкес   - Ұзақ мерзімді (5 жыл) - Қысқа мерзімді (1 жыл)

 

Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша инновациялық бағдарламаларды қаржыландырудың көп бөлігін мемлекет өз мойнына алған жөн. Алайда, инновациялық бағдарламаларды мемлекеттік қолдау негізінен, ұлттық мақсатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын бөлу арқылы жүзеге асырылады.

"Қазақстан - 2030" стратегиясы экономикамызды реформалаудың мақсаты мен бағытын анықтайтын негізгі құжат болып келеді. Онда кен өндірудің басым бағыттарын белгілеумен қатар, басты міндеттерінің бірі – экономикалық өсуді ЖІӨ-нің құрамындағы шикізат үлесін кемітіп, біртіндеп ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық тауарлардың үлесін арттыру арқылы қамтамасыз ету болып табылды.

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ («ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ МЫСАЛЫНДА)

 

3.1 Индустриялды – инновациялық қызметті қаржыландыру үшін инвестициялық мүмкіншіліктердің өсу факторы ретінде Қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық капиталының ұлғаю мүмкіншіліктерін зерттеу

 

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін «Даму» Қорының қызметін қорландыру құнның тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ететін мына қағидалар:

1) Қарыз алу және жобаларды қаржыландырудың нарық қағидасы;

2) үлестік қаржыландыру, яғни жобаға өзінің қатысуыңның жеткіліктілік қағидаты;

3) инвестиция көлеміне және даму қарқынына байланысты болмайтын қаржы тұрақтылығы қағидаты бойынша іске асырылады.

«Даму» Қоры бюджет қаржыландыру үлесін коммерциялық қаржыландыру пайдасына түсіруге тырысады. «Даму» Қоры ыңғайлы инвестиция портфелін және құнның артуы бойынша оның ұзақмерзімді басымдығына сәйкес келетін қорландыру құрылымын анықтайтын болады. Алға қойылған міндеттердің қаржыландырылуды қажетсінуінің тек бір бөлігі ғана «Даму» Қорының меншік қаражаты есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Осыған байланысты, қаржыландыру жүйесі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету үшін қаржы қаражатын келесі дерек көздерден:

1) Республикалық және жергілікті бюджеттен;

2) Жалғыз Акционер мен оның еншілес/тәуелді компаниялары қаражатынан;

3) Шетелдік және ішкі капитал нарықтарынан;

4) Қордың меншік қаражатынан тартуды ойластырады.

«Даму» Қорының активтерді басқару аясындағы негізгі жұмысына тікелей кредиттеу бағдарламалары, келісіп орналастыру бағдарламалары аясында ЕДБ орналастырылған қаражатты басқару, сонымен қатар уақытша бос қаражатты (УБҚ) тиімді орналастыру есебінен қалыптастырылған несие портфеліне қызмет көрсету кіреді. «Даму» Қорының активтерді басқару кезіндегі басты міндеттері УБҚ сақталуын, ағымдағы міндеттемелер бойынша төлемқабілеттілігін, пайда болатын инвестициялық мүмкіндіктерді қаржыландыру қабілеттілігін қамтамасыз ету және УБҚ жеткілікті табыстылық деңгейін қабылданатын тәуекел деңгейіне жеткізілуін қамтамасыз ету болып табылады.

«Даму»Қоры активтерді басқару үдерісінде инвестицияланған капиталдың сақталу, өтімділіктің қамтамасыз етілу және қолдау көрсетілу, табыстылық, инвестиция және әртараптандыру мерзімінің сақталу талаптарын басшылыққа алады. Қаржы активтерінің портфелін әртараптандыру анықталған эмитенттің өтеу мерзімі белгіленген қаржы активтерінің немесе инвестицияның анықталған сыныбының Қор инвестициясының портфелінде шоғырлануы нәтижесінде туындайтын жоғалып кету қаупін болдыртпау мақсатында жүргізіледі.

«Даму»Қоры активтерді басқару тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты инвестициялық жұмсалымның көлемін, құрылымы мен бағыттарын анықтайтын, бекітілген, Инвестициялық саясатты басшылыққа ала отырып, жүргізеді.

Активтер мен пассивтерді басқару бойынша ортамерзімді және ұзақмерзімді саясат әзірлеу, баланстың оңтайлы құрылымын анықтау, «Даму» Қорының қаржылық жағдайына, табыстылық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және табысты ең жоғары шекке жеткізу және УБҚ орналастыру операциялары бойынша тәуекелді шектеу бойынша қажетті түзету шараларының қолданылуын Қор Басқармасы жанындағы Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асырады.

 

Кесте 1 Ұйымның жылдық есебі

 

  Өсу қарқыны
Активтер
Ақша қаражаттары және олардың баламалары 14,038,338 12,568,964 22,071,674 175,6%
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар 10,647,919 9,558,315 9,405,260 98,39%
Басқа қаржы мекемелеріндегі қаражаттар 136,668,029 135,156,724 156,450,653 115,75%
Қаржыландыру бағдарламалары бойынша дебиторлық берешек 2,454,801 433,579 41,388 9,54%
Клиенттерге несиелер және аванстар 274,206 199,783 133,664 66,9%
Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздар 5,099,494 2,655,637 2,628,704 98,9%
Негізгі құралдар 549,643 2,333,205 2,542,275 108,96%
Материалдық емес активтер 54,279 117,419 127,162 108,29%
Ағымдағы табыс салығы бойынша активтер 4,320,841 4,832,780 5,171,756 107,01%
Мерзімі ұзартылған табыс салығы бойынша активтер 781,665 676,981 540,404 79,82
Басқа активтер 405,017 895,815 1,367,852 152,69%
Активтер жиыны 180,197,685 169,329,202 200,480,792 118,39%
Міндеттемелер мен капитал
Міндеттемелер:        
Заемдық қаражаттар 92,241,597 75,810,555 95,769,738 126,32%
Тәртіптелген борыш 5,420,112 4,022,973 4,022,973
Қаражаттандыру бағдарламалары бойынша міндеттемелер 4,448,488 8,020,601 18,777,306 234,11%
Болашақ кезеңдердің кірістері және қаржылық кепілдеме бойынша міндеттемелер 904,696 1,019,333 867,338 85,08%
Басқа міндеттемелер 320,973 385,820 479,912 124,38%
Міндеттемелер жиыны 103,335,866 89,259,282 119,917,267 134,34%
Капитал:
Жарғылық капитал 72,920,273 72,920,273 72,920,273
Қосымша төленген капитал 250,240 834,527 834,527
Сатуға арналған қолда бар инвестициялық бағалы қағаздарды бағалау қоры 145,206 27,460 7,257 26,42%
Басқа резервтер 316,430 316,430 316,430
Бөлінбеген пайда 3,520,082 5,971,230 6,485,038 108,6%
Капитал жиыны 76,861,819 80,069,920 80,563,525 100,61%
Міндеттемелер және капитал жиыны 180,197,685 169,329,202 200,480,792 118,39%
             

 

Осы кестеде біз өзгеріс қарқынын есептеу үшін:

Өзгеріс қарқыны = есепті кезең/ өткен кезең*100 формуласын қолдандық.

Активтеріміз 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 10 868 483 мыңға төмен болса, 2014 жылы 2013 жылға қарағанда 31 151 590 мыңға жоғары көрсеткіш көрсетті. Яғни пайыздық шамамен көрсетіп кетсек, активтеріміз 118,39% ға көтерілді. Міндеттемелеріміз 134,34% көтерілсе, капиталымыз 100,61% ға теңесті. Сонымен міндеттемелерімізбен капитал жиынымыз 118,39% болды.

Бағдарламалар негізінде еліміздің шаруа қожалықтарын жетілдіру жолында қаржылық қолдау барысында жұмысшыларды жұмыспен қамтуда мынандай көрсеткіштерге қол жеткіздік (сурет 4):

 

Сурет 4 - 2010-2013 жылдары шаруа қожалықтарында жұмыспен қамтылғандар саны

Жоғарыда көрсетілген сурет бойынша шаруа қожалықтарының 2010-2011 жылдары қарқынды жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілген. Яғни 2010 жылы 425 541мың адамды, ал 2011 жылы 426 527мың адамды жұмыспен қамтыған. Бірақ 2012 мен 2013 жылдары бұл көрсеткіштер азайды, бұл елімізде жұмыссыздықтың азайғанының жақсы көрсеткіші десек болады. Қорыта айтқанда 2012 жылы 375 836 адам жұмыспен қамтылса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 346 914 адамды құрады.

Шаруа қожалықтары бойынша жұмыспен қамтылуда Алматы облысы, Жамбыл облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстары жоғары көрсеткіштер қатарын құрады (кесте -2):

 

Кесте 2 - 2010-2013 жылдары шаруа қожалықтарында жұмыспен қамтылғандар саны

 

Регион 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 425 541 426 527 375 836 346 914
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 11 630 11 209 8 102 7 540
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ 10 150 10 274 9 813 9 815
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ 119 391 115 368 104 870 101 403
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ 3 668 3 597 3 007 2 811
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 9 331 9 264 8 608 8 321
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ 49 694 57 621 48 862 46 730
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ 21 453 20 973 17 941 15 284
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ 10 870 11 399 10 717 10 211
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 2 911 3 174 3 274 3 653
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ 1 130 1 385 1 244 1 204
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 142 188 140 440 121 880 104 628
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ 7 575 7 451 6 451 6 603
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 7 531 7 158 5 448 5 237
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 27 962 27 163 25 590 23 446
АСТАНА Қ.
АЛМАТЫ Қ.

 

Кестеде көрип тұрғандай Оңтүстік Қазақстан облысы жоғары көрсеткіштердің алдын алып тұр. Яғни 2010 жылы 142 188, 2011 жылы 140 440, 121 880, 104 628 адам жұмысқа тұрақтанды. Екінші орында Алматы облысы, еліміздің екінші астанасы 2010 жылы 119 391 адамды, 2011 жылы 115 368 адымды, 2012 жылы 104 870, ал 2013 жылы 101 403 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Республикамыздың жұмысбастылық жағынан үшінші орынды Жамбыл облысы көрстіп отыр. Жамбыл атамыздың мекені 2010 жылы 49 694, 2011 жылы 57 621, 2012 жылы 48 862, 2013 жылы 46 730 адамды жұмыспен қамтыды.

Мемлекеттік қолдау көрсетілген бағдарламалар халқымыздың тұрмысын жақсарта қана қоймай, еліміздің экономикасын өсірді.

Қаржылық Инновациялық Қазақстан Республикасының индустриялық даму стратегиясы және Қазақстанның үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама тұрақты даму бағытында экономиканы әртараптандыру тиімділігін көрсетті. Олардың негізгі мақсаты экономика бағдар шикізаттық емес секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Біздің елімізде кластерлік тәсілді қолдану барлық салаларында өндірістік әлеуетін дамыту және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін, ең қолайлы тәсіл болып табылады.

Кластерлік тәсіл бойынша қаржыландыру тек жеке компанияларды ғана инвестициялауға емес, сондай - ақ жалпы кластерді масштабтауға мүмкіндік береді. Бұл қолайлы бизнес жасау үшін, мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыруға, әлемдік экономикаға Қазақстан интеграция аясында отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға климат туғызады.

Қазіргі заманғы экономикалық дамуының негізгі сипаттамаларының бірі ғылыми және техникалық технологиялар, оның біркелкі байланысты процессі болып табылады. Стратегия болашақ негізгі бәсекелестік артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиіс постиндустриялық даму, перспективалы бағыттарын ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Негізгі бағыттары:

1. шетелдік және салааралық екі технология трансферті тиімді жүйесін құру, оның ішінде жоғары технологиялық өндірістерді, қалыптастыруға көмек көрсету.

2. Жоғары ғылыми және ғылыми-технологиялық әлеуеті бар, ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда ғылыми-зерттеу және инновациялық инфрақұрылымды қазіргі заманғы элементтерін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық бағыттары, т.б.) құру және қолдау.

3. Индустриядан кейінгі экономиканың, өнеркәсіптің тұрғысынан озық дамыту қолданыстағы ғылыми және технологиялық әлеуетін пайдалану.

4. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық салалардағы саласында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау:

- жаңа материалдар мен химиялық технологиялар;

- ақпараттық технология.

5. Ғылым мен техниканың және өндірістік ұйымдар мен компаниялардың инновацияларды ынталандыру бағытталған құқықтық базаны жетілдіру, ғылым және инновацияларға инвестициялар тарту.

Ол ұлттық экономиканың маңызды жақсарту және жұмыспен қамту деңгейінің ұлғаюына ықпал ретінде шағын және орта бизнестің, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру қатар, экономиканың даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

 

Кесте № 3 «Инновациялық өнім көлемі»

млн.тг

 
Қазақстан Республикасы 235962,7 379005,6 578263,1
Ақмола 9822,5 19902,1 18205,7
Ақтөбе 16880,9 6542,4 8300,6
Алматы 5498,1 13288,0 13153,8
Атырау 1828,1 4772,2 38078,2
Шығыс Қазақстан 33592,5 99332,1 109378,9
Жамбыл 11251,8 19181,2 19637,4
Батыс Қазақстан 24804,9 4399,3 9009,5
Қарағанды 14388,6 30891,5 53731,2
Қостанай 12453,0 29769,7 35728,9
Қызылорда 2281,3 3645,0 6641,7
Манғыстау 618,6 3609,0 1395,4
Павлодар 73279,0 97620,0 83368,0
Солтүстік Қазақстан 1469,5 6098,3 16028,0
Оңтүстік Қазақстан 15374,0 22588,7 33177,5
Астана қаласы 1818,6 4787,0 119923,4
Алматы қаласы 10601,4 12579,1 12504,9

 

Берілген кестеге назар аударсақ еліміздегі инновациялық өнім көлемі республика бойынша 2011 жылы 235962,7 млн.тг, 2012 жылы 379005,6 млн.тг, ал 2013 жылы 578263,1 млн.тг құрады. Егер бұл көрсеткіштің динамикасын бағалайтын болсақ, қарастырылып отырған кезең аралығында инновациялық өнім көлемі қарқынды өскен.

Қорыта келгенде ғылымды басқарудың жаңа жүйесі ғылыми жобалар мен бағдарламаларды енгізу және қарастыру тәртібін ықшамдайды және ғылыми жобаларды іріктеу объективтілігін арттырады, сапалы да өзекті зерттеулермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Сурет 3 Өндірілген инновациялық өнімнің жалпы көлемі, 2013жыл

 

Берілген суретте 2013 жылы өндірілген инновациялық өнімнің жалпы көлемін көруге болады. Инновациялық жоғары көрсеткіш Астана қаласында белгіленген, яғни облыстар арасында бас қаламыз 119,923,400,000 есебімен тізімді басқарып отыр. Ал Маңғыстау облысы 1,395,400,000 көрсеткішімен оы тізімді аяқтады.

 

3.2 Индустриялды – инновациялық қызметтің инфрақұрылымының дамуына және қаржылануына талдау жасау

 

Қазіргі кезде Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттік бюджеттің қатысуы кезінде құрылған субъекттер, сонымен қатар мемлекетпен құралған сервисті даму институттары құрайды.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулерді мемлекетпен қаржыландыру Республикалық бюджеттің қорынан, Ғылым қорынан жүзеге асырылады. Бұдан басқа инвестицияның бір бағыты «Ұлттық инновациялық қор» АҚ гранттарының конкурстық негізде берілу жолымен ғылыми зерттеу жұмыстардың қолданбалы қаржыландырылуы болып табылады.

 

Кесте 4 ҚР инновацияны қаржыландыру тетіктері

 

Қаржылық қорлар Атауы Жарғылық капитал ҰИҚ үлесі
Отандық венчурлік қорлар 1. АҚ "Жоғары технологиялар қоры "Арекет"   540 млн тг 264,6 млн тг
2. АҚ " Адвант Венчурлік қоры "   2,7 млрд тг 1,2 млрд тг
3. АҚ "Венчурлік қор Сентрас"   2,6 млрд тг 1,3 млрд тг
4. АҚ "Венчурлік қор Glotur Technology Fund"   2,6 млрд тг 1,3 млрд тг
5. АҚ "Аlmaty venture capital"   2,6 млрд тг 1,2 млрд тг
6. АҚ "Logycom perspective innovations"   2,4 млрд тг 1,2 млрд тг
Шетелдік қорлар 1. Wellington Partners III Technology Fund L.P. 150 млн евро 7,7 млн евро
2. "Центрально-Азиатский фонд поддержки малых предприятий "CASEF, LLC." $4,2 млн. $2 млн.
3. Flagship Ventures Fund, L.P. $151,5 млн. $10 млн.
4. Mayban Jaic Asian Fund $40 млн. $5 млн.
5. Венчурный фонд Vertex III Fund L.P. $126,5 млн. $5 млн.

 

 

Кесте 5 Инновациялық жобалар гранттары

 

Жыл Жобалар саны Бөлінген сома
1,7 млрд тг
7,1 млрд тг
823 млн тг

 

Кесте №5 «2013 жылға инновациялық көрсеткіштер»

Көрсеткіштер Жыл % сома адам
Өндірілген инновациялық өнімнің жалпы көлемі   578 263 млн тг    
ЖІӨ-ге қатынасы бойынша өндірілген инновациялық өнімнің үлесі 1,7%    
Өндірілген инновациялық өнім көлемінің өсу қарқыны 152,6%    
Қызметкерлердің жалпы саны     805 260
Инновациялық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны       2 135
Жаңа технологиялар мен техника объектілерін пайдаланған ұйымдар саны    

 

 

3.3 Өндірістік кәсіпорындарда индустриялды – инновациялық қызметтерді ынталандыру үшін мемлекеттік әдістер мен формаларын зерттеу

 

Қазір әр түрлі деңгейдегі инновацияны басқарудың көп формасы бар – корпарацияны бөлшектеуден мемлекеттікке дейінгі, яғни арнайы экономикалық саясатты іске асыру үшін шақырылған. Барлық саясат секілді ол әр түрлі елдерде бірдей емес, бірақ та олар сол бір арнайы бағытқа бағынышты, яғни инновациялық белсенділікке ынталандыру және ғылыми техникалық потенциалды дамыту.

Мемлекеттің бет алысының төрт негізгі моделі бар, олар әр түрлі кезеңде және әр түрлі елдерде жекелей немесе үйлестірілген түрде қолданылады. Нұсқаларды таңдау және сол немесе саясаттың жеке элементтерін жоғары бағалау негізінде арнайы стратегиялық мақсаттармен байланысты қоғамдық дамудың бір моделі салынған.

Ғылымдағы лидерлікке бағытталған пайдаланушы елдердегі модельдің мәні – ғылыми өндірістік циклдің барлық кезеңдерін қамтитын (АҚШ пен Ұлыбритания) кең масштабты мақсатты жобаларды жүзеге асыру. Ол келесіден тұрады: бюджет есебінен алынған ҒЗТКЖ- дың барлық нәтижелері, кез келген отандық өндірушілерге тегін немесе белгіленген бағамен беріледі. Бұл саясат жаңаны енгізудің басты импульсі техника мен ғылым деңгейінен шығады, олардың дамуы үшін ең алдымен мемлекет жауап береді. Бұл саясат шамамен 50-40 жылдары туындады, бұл кезеңде жаңа экономикалық және саяси құрылымдар процесі жүріп жатты. Олар негізінен атом энергиясы, қару жарақ, космос салаларындағы жаңа енгізулер болатын. Бұл түрдегі инновация стратегияларын «лидерлік» немесе «наращивание» стратегиясы деп аталады. Инновация негізінен өзінің фундаментіне, зерттеулеріне байланысты пайда болады, ол әсіресе тәжиребе көрсетіп отырғандай техникасы жоғары елдерде қалыптасып отыр (соңғы жылдары бұл стратегияны Жапония қолдап отыр).

«Иммитациялық модель» немесе «шеттен алу» моделі Жапонияда, Оңтүстік Кореяда қолданылады, олар лидер елдерінде құрылған инновацияны шеттен алуға негізделеді. Бұл стратегия бастапқы инновация кезеңін өткізуге және осы бұрыннан белгілі өнімдердің жетілуіне көмектеседі.

Инновациялық дамудың келесі түрі «тасымалдау» стратегиясы болып табылады және ол кейбір елдерде: Оңтүстік Шығыста, Азияда және Қытайда қолданылады. Бұл стратегия ғылыми-техникалық қайта жұмыстарды қажет етпейтіндіктен өте қарапайым болып табылады. Инновацияны сатып алушы ел бұрыннан белгілі өнімді өз елінде ешқандай өзгеріссіз және жетілдірусіз шығарады.

Мысалы, инновация стратегиясын қабылдау уақытында жетістіктерге жеткен ел, Жапония болып табылады. Жапонияның технологиялық саясаты экономикалық өсудің негізі болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның алдында бұзылған экономиканы қайта құру, сұрыпталған несие саясатын базасындағы жаңа технологияны сатып алу реконструкциясын біріктіруге бет бұрды. Несиелік саясат арқылы жүзеге асыру керек болды. Соңғы 30 жылда Жапония 10 млрд.долларды шетел технологиясын сатып алуға жұмсады. Жалпы лицензияның саны 42 мыңға жуықталды, және соның жартысын АҚШ-тан сатып алған. Ғылыми техникалық білімнің белсенді импорты Жапония үшін өндірістік дамыған елдермен технологиялық жарылысты елеулі азайтты. Бұл жерде маңызды рөльді мемлекет ойнайды, мемлекет қана капитал қысымын, технологиялық білімнің ірі кәсіпорындар мен кіші фирмаларға таралуын қамтамасыз етеді. Жапонияда ұлттық ғылыми -техникалық саясаттың жүргізілуіне жауапты, үш негізгі ұйым бар: Білім министрлігі, түбегейлі зерттеулерге жауап беретін ғылым мен технология Агенттігі, ҒЗТКЖ өнеркәсібін қолдайтын сыртқы сауда мен өнеркәсіп Министрлігі. Жапонияның басқа елдерден айырмашылығы беделді зерттеулерді жүргізуде емес, ол бұрыннан бар өнімдер мен процестерді жетілдіруге, жаңа салаларды құруға бағытталған әзірлеулерге көңіл бөледі.

Мемлекет бұл секторды мақсатты инвестиция, жеңілдік несие, салық және амортизация нормасы көмегімен қолдайды. Инновациялық қызметті қолдаудың дәстүрлі тәсілдерінен бөлек Жапонияның мемлекеттік органдары арнайы әдістерді кең қолданады:

1) жеке банктер арқылы ұсынылған қаржылық қаражаттың мақсатты бөлінуі, және олардың басым салаларға бағытталуы;

2) озық технологияны жасап шығаруда кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс жасау;

3) шетелдік елдермен ғылыми техникалық айырбасты бақылау.

Біздің ойымызша мемлекеттік инновациялық саясаттың Жапониялық иммитациялық моделінің артық жерін Қазақстан үшін пайдалануға, ұсынуға болады. Қаншалықты жоғарғы деңгейдегі, фундаментальді зерттеулеріне қарамастан, Қазақстан әлі де ішкі ғылыми техниканы игерген жоқ, және жаңа жоба үшін қаржы инвестицияларының қайнар көздері жоқ. Бұл стратегия қаржы қаражаттарын инновациялық процестің кейбір кезеңінен «секіріп өту» есебінен үнемдеуге мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибе ресурстарды ғылымға салудың екі негізгі сызбасын ұсынады: білімді өндіруге, бюджетпен қаржыландырылған және алынған нәтижелерді кең тұтынушылар тобына тегін ұсынатын ірі лабораторияларды ұйымдастыру жолымен мемлекеттің тікелей қатысуы. Көбіне мұндай лабораториялар денсаулық сақтау, қорғаныс, энергетика мен ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

Мемлекеттік лаборатория тыс ғалымдарға фундаменталды зерттеулерді жүргізуге өтеусіз субсидияларды ұсыну. Субсидия алудың шарттары: зерттеу туралы толық есеп беру, алынған нәтижелер туралы ашық жариялау болып табылады.

Бірінші жағдайда мемлекет өз мойнына 20% -дан 50% - ға дейнгі ғылыми шығындарды алады. Бюджет есебінен университеттегі түбегейлі ғылым, мемлекеттік лабораторияда қорғаныс сипатындағы зерттеулер толығымен қаржыландырылады және келісім шарт бойынша ҒЗТКЖ -дың жеке салаларында мынаны құрайды: АҚШ -34%, Франция -22%, Ұлыбритания -16,5%, Жапония -1,2%. (Жапония экономикасы қорғаныс құрамдасының төменгі үлесімен ерекшеленеді).

Зерттейтін жобаға грант ретінде өтеусіз субсидияны ұсыну- түбегейлі ғылымды қаржыландыруды тиімді формасы болып табылады. Көптеген елдерде өтеусіз субсидияны шағын инновациялық бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша шағын инновациялық фирмалар алады.

Тікелей мемлекеттік қолдаудың келесі түрі инновациялық процесті құқықтық реттеу болып табылады. Ғылыми жұмысшылармен инновациялардың құқығын, ғылыми және инновациялық қызыметтің статусын заңмен бекіту қажет. Инновациялық қызмет субъектілердің құқығын қорғау, жеке меншік сұрағы бойынша заң актілері блогының бар болуын ұйғарады.

Инновацияны таратудың орталық жүйесін, кеңес беретін орталықтарды, ғылыми техникалық парктерді, бизнес – инкубаторлады, инновациялық қызмет субъектілеріне көмек көрсететін әр түрлі инновациялық қорлардың инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру арқылы, мемлекет инновациялық процестің дамуына қолдау көрсетеді.

Сонымен, мемлекет тікелей және жанама инновациялық қызметті қолдау әдістері арқылы, инновациялық процесті жүзеге асырудың жағымды жалпы шаруашылық және әлеуметтік саяси климатын құрады.

Сонымен қоса, инновациялық процеске тікелей әсер етуден басқа, әлемдік тәжірибе көптеген жанама араласуларды жасап шығарды, олар салықтық, несиелік, кедендік және амортизациялық саясатты мемлекеттік реттеу жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің инновациялық саясатының жанама әдістері инновациялық процестің өздерін ынталандыруға бағытталған. Жанама инновациялық саясаттың кең таралған әдісі салықтық және амортизациялық заңдылықтың либерациясы болып табылады.

Дамыған елдерде инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің мынадай жанама әдістері кең қолданылады, яғни салық жеңілдіктері, жеңілдікпен несиелеу,жеделдетілген амортизация мен инновациялық жеңілдіктер. Атап өткен жөн, барлық мемлекетік қолдау түрі тек қана инновациялық процеске бағытталып қана қоймай, инновациялық белсенділікті көтеруі керек.

Мемлекеттік қолдаудың басты түрі – салықтық ынталандыру. Қолдаудың бұл түрі көптеген дамушы елдермен кең қолданылды, ол мынандай артықшылыққа ие:

- Жеке сектордың автономдылығын және оның зерттеу жұмысын таңдауға бағытталған экономикалық жауапкершілігін сақтайды;

- Биліктің барлық деңгейінде аз бюрократиялық жұмысты талап етеді.

Салық жеңілдігінің екі негізгі түрі көлемдік және өсімдік болып табылады. Жеңілдік көлемді қағидасының қызмет етуі шығынның пропорционалды мөлшеріне жеңілдік береді. Осы жағдайда заңымен қабылданған жеңілдік пен өсімдік жеңілдік базалық деңгеймен салыстырғанда зерттеу жұмыстарына шығынның көбеюі бойынша анықталады.

Қай әдіс тиімдірек екендігі туралы бірдей тұжырым жасау қиынырақ. Әрбір мемлекет өзінің ерекшелігі мен мүмкіндігін ескере отырып, ғылым мен ғылыми зерттеулер саласында өте қолайлы саясатты қолданады. Әр түрлі елдердің тәжірибесі кқрсеткедей біздің ел үшін бюджеттік субсидия мен салық жеңілдіктерінің оңтайлы үйлесуі, байланысуы өте тиімді болып табылады.

Инвестициялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі түрі – амортизациялық саясат. Амортизация мөлшерін көтеру мен аударымдар сапасының көбеюі, кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігін, сонымен қоса, техникалық база мен инновацияның жаңаруына инновациялық бейімділікті кеңейтеді.

 

4. Қазақстан Республикасында индустриялды – инновациялық жобаларды қаржыландыруға ұсынылған әдістер

 

Инновациялық қызметің мамандандырылған субъектілерінің бірі – технопарк болып табылады. Технопарк дегеніміз – негізгі қызметі инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық-техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға. Технопарк шағын инновациялық фирмалардың дамуы үшін қолайлы орта қалыптастырады. Ол әр түрлі орталықтардан (маркетингтік, зерттеушілік оқыту, т. б. ) тұрады және олардың әрқайсысы белгілі бір қызметтер жиынын көрсетеді.

Басқаша айтқанда, технопарк деп инновациялық өнім өндіруге бағытталған ғылым және білім мекемелерімен іскерлік келісім-шарты бар иннвациялық өнім өндіруге мүмкіндік беретін арнайы аумағы бар ұйым. Технопарктер инновациялық қызметті дамытуды қолдайды және нарыққа дайын ғылыми-техникалық жаңашылдықты шығаруға мүмкіндік береді. Технопарктер алғаш рет шет елдерде пайда болды, атап айтсақ 1950 жылы АҚШ-тың Стэнфорд университетінде құрылды.

Технопарктің негізгі функциясы ғылым мен бизнесті біріктіру болып табылады. Технопарктер мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- жаңа технологиялық үрдістерді, тауарларды стандарттау мен сертификаттау, инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті кеңсе үй-жайлары мен өндірістік базаларды беруді, зертханалық жабдыққа, коммуникацияларға және басқа да обьектілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету және шарт жағдайында материалдық-техникалық базаны ұсыну;

- инновациялық жобаны іске асыру үшін шарт жағдайында жеке және заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық, қызметтер ұсыну;

- инновациялық менеджмент негіздерін оқыту;

- технопарктің аумағында орналасқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік (консультациялық) қызметтер ұсынатын ұйымдарды тарту үшін жағдайлар жасау;

- кәсіпкерлік субъектілеріне отандық және шетелдік ғылыми және

технологиялық ақпаратты тарату.

Технопарктер қызметін мынадай сипаттамалары бойынша қарастыруға болады:

- өзіне тиесілі жылжымайтын мүлігі және жері болады;

- ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен ресми байланыста (іскерлік келісімшартта) болады;

- ғылыми сыйымдылықты және жоғары технологиялы кәсіпорындар қалыптастырады немесе өнімдер өндіреді;

- ҒТП-ның дамуына сай техникалар мен технологияларды ұдайы жанартып отырады.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопаркткердің негізгі үш моделі бар. Олар: американдық, жапондық, аралас.

Инновациялық қызметтің жоғарыда аталған субъектілерімен қатар технополистерді де дамытудың маңыздылығы жоғары.

Технополис – бұл қаланың немесе аймақтың шеңберінде қызмет ететін технопарктер, инкубаторлар және өзге инновациялық құрылымдар кешені. Басқаша айтқанда, технополис жекелеген қала немесе аймақ негізінде құрылған және сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге септігін тигізетін дамыған инфрақұрылымы бар біртұтас ғылыми-өндірістік кешенді білдіреді. Технополистерді құру кезінде жергілікті міндеттерді шешуге мүдделілік танытады.

Технополистер өздері орналасқан аймақтардың дамуына айтарлықтай

ықпал етеді және мыналарға мүмкіндік береді:

- инновациялық белсенділігін арттыруға;

- инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға;

- жаңашылдықты коммерцияландыруды жеделдетуге;

- жаңа жұмыс орындарын құруға;

- инновациялық қызмет механизмін жетілдіруге;

- өнеркәсіптің ғылыми сыйымдылығын дамытуды күшейтуге;

- экономиканың инновациялық қабілетін арттыруға және т.б.

Технополистердің басқа инновациялық инфрақұрылым элементтерінен басты айырмашылығы шағын ауданда ғылым мен инновациялық үрдіске қатысы бар барлық ресурстардың шоғырлануы болып табылады. Технополистерді құру идеясы алғаш рет Жапонияда 1982 жылы «Технополис» жобасының негізінде жүзеге асырылды. Стратегияның маңызды бөлігінде стратегияны жүзеге асырудың ғылыми негізделген басым жене негізгі бағыттары қарастырылуы қажет. Стратегияның басым және негізгі бағыттарына, оның жүзеге асуынан күтілетін көрсеткіштерге сүйене отырып «Қызмет етудің стратегиялық бағдарламасы» жасалады. Бағдарламаның орындалуын қадағалау сәйкес құрылымдардың құзіретіне, олар: Индустрия және сауда министрлігі, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Экономик


Поделиться:

Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 346; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты