Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Валюталық операциялардың жіктелуі




Экономикалық әдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді (16-сурет).

Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

- заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;

- шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;

- овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;

- операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;

- кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;

- клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);

- экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.

1. Сауда емес операциялар. Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.

 

 
 

 

 


26-сурет. Валюталық операциялардың жіктелуі

 


Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

- қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

- шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;

- шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

- ақшалай аккредитивтерді төлеу.

2. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

1. НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

2. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

3. Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар –сол елдің қолма-қол және қолма-қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:

- СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

- ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт)мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

- СВОП мәмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

- Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;

- Опционмен жасалатын мәміле– валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар

Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.

Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.

Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.

Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.

6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:

1) депозиттерді тарту:

· жеке тұлғалардан;

· заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;

2) несиелер беру:

· жеке тұлғаларға;

· заңды тұлғаларға;

3) банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 223; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты