КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ИнкассоХалықаралық және отандық банктік тәжірибеде есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады. Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болса, онда мұндай инкассо құжатты инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді. Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы толықтырылған «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады. Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сәйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады. Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады: - сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші; - ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі; - инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк; - хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк; - сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін тұлға. Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады: - бірін бірі білетін серіктестер арасында; - сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда; - сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ болғанда. Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады. Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды. Дегенмен бұл да сатушыға тауарының төленетіндігіне ешқандай кепіл бермегенімен өзге есеп айырысу формасына, мысалы аккредитивке қарағанда өте арзан және жалдам болып келеді. Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы 27-суретте берілген.
3 8 5 6
27-сурет Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы
1 – Келісімшарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау және құжаттарды рәсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4 – инкассоға құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат есептеу.
|