КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Л. Н. Гумилевтің өмір жолы.2. Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде көшпенді халықтар тарихының зерттелуі.
Негізгі түсініктер: Ұлы Дала, прототүріктер, қуғын-сүргін, пассионарлық идея. 1.Гумилев Лев Николаевич(1912 ж. қазанның 1, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 1992 ж. маусымның 15, Санкт-Петербор) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог-тарихшы, Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген. Лев Николаевич Гумилевтің ата-анасы орыстың текті ақсүйегі, атақты ақын Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматова болатын. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы XX ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналған еді. Ғалымның анасы Анна Ахматова ІІ ранг капитаны, теңіз инженерінің отбасында дүниеге келгенімен, оның арғы атасы Ахмат хан Шыңғысханның ұрпағы, ол 1840 жылғы Русьте аяқталған Орда билігінің соңғы билеушісі еді. 1733 жылы осы ханның ұрпағы Ресей дворяндығын алған. Оның ұлы Петербургте татар типографиясын ашқан. Ахматовтардың соңғы ханшайымы Прасковья Егоровна ХІХ ғасырдың басында сібір алпауыты Егор Мотиловқа тұрмысқа шығады. Олардың қызы Анна Егоровна (Анна Андреевнаның әжесі) полковник Эразм Стоговқа күйеуге шығады. Сол кісінің құрметіне (болашақ ақын) Анна деп аталады. Мектепте Лев Гумилев біркелкі оқыған жоқ. Бірінші әдебиет, қоғамтану, биология сабағына баратын болған. Оның себебін өзі былай деп түсіндіреді: «Мен үшін география мен тарих қызықты болған, математика мен тілдер үйренуге қызықпағанмын. Неге бұлай болды айту қиын, айтудын да қажеті жоқ, менің психофизиологиялық немесе тума қабілетіме байланысты». Лев Гумилев «Адам 6-7 жасынан бастап қана өзіне керекті нәрсені алып, керек еместі итеріп тастайтын болады» деп көрсетсе, бұл туралы ол өзінің П.Савицкийге жазған хатында «Мен тарихпен 38 жыл бойы айналысып келемін, яғни тарихқа қызығушылығым 6 жасымнан басталды. Алғашқы он жылым гимназиялық курстарға арналса, кейін Шығыс қызықтырды»-деп келтіреді. Л.Гумилев Бежецк орта мектебінде 1926-1929 жылдары оқып, 1929 жылы Ленинградқа анасына барады, сонда №65 орта мектепті тәмамдайды. Герцен атындағы пединститутқа түскісі келеді, бірақ ата-анасының дворян тегінен шыққанына байланысты жаңа қоғамдық құрылыс адамының әлеуметтік мәртебесіне лайықты болмағандықтан оқуға қабылдау кезінде қарсылыққа тап болады. Дегенмен, Лев Гумилевтің қайғы мен мұңға толы балалық шағы, оның болашақ ғылым жолына түсуіне кері әсерін тигізбеді. Ғалым тағдырдың салған қиындықтарына қарамастан, ғылымға деген қызығушылығы оны ары қарай білімін жетілдіруге ұмтылдырды. Лев Николаевич Гумилев Ленинградқа қиын уақытта қайтып келді. Оның «қайтып келу» себебі, ол мұнда бір кездері аз уақыт болса да әкесімен бірге тұрған еді. «Халық жауының» баласы ретінде мұнда оны ешкім керек етпеді. Ал, анасы болса өз жеке басымен шығармашылығымен әуре болып жүрді. Бірақ та, қатал қала оның сүйіктісіне айналды, лагерлік өмірінде үлкен арман болып қалды. Олар анасымен бірге қиын күндерді бастарынан өткерді. Анна Андреевна 1930 жылы профессор, атақты өнер танушы Николай Ниолаевич Пунинмен тұрмыс құрады. Лев гумилев анасының жаңа күйеуімен келісе алмады. Ол осы үйдегі жағдайдан шаршады, жұмысы да (1930 ж. қыркүйек-1930 ж. желтоқсаны аралығында тоқ пен жол қызметінде қара жұмысшы) өте ауыр еді. Лев Гумилевтің елдерді аралағаны жөнінде өзінің «Л.Н.Гумилев қатысқан экспидициялардың тізімі» атты жеке іс-қағазында жазып кеткен. Мұнда 1938 жылы сотталғанға дейінгі өмірінің «бірінші Ленинградтық» кезеңінде төрт экспедиция жөнінде - Қырым (1932-1933 ж.ж), Маныш археологиялық (1935ж) және Саркел археологиялық экспидициялары туралы айтылады. Осы тізімде Л.Н. Гумилев өзінің 13 экспидицияға қатысқанын жазады (1932-1962 ж.ж). КСРО география қоғамының президенті, академик С.В.Калесник Л.Н.Гумилев туралы мақаласында оның 21 экспедицияға қатысқандығын айтады. Гумилев өзінің тізімінде жалақыға бола қатысқан экспидицияларын санамаған. 1931 жылы Забайкальедегі Саян геологиялық іздеу экспедициясы құрамында коллектор болып жұмыс жасайды. Оған мұндағы Ландшафтар, Рельефтер ұнады. Мұнда ол Анна Дашковамен танысып, ұзақ жылдарға дейін бір-бірімен хат алмасып тұрды. Жазған хаттарында Лев Аннаға Тәжікстанға жасаған экспедициясына қызығатынын көрсеткен. Л.Н.Гумилев 1932 жылы алғашқы бесжылдықтардың қызған кезінде, аштық азабын арқалаған ауыр уақытта өндіріс күштерін зерттеу жөніндегі Кеңес ұйымдастырған, академик Евгений Никанорович Павловский басшылығымен болған Памир тауларын зерттеу экспедициясы құрамында ғылыми-техникалық қызметші болып барады. Осы жерде Ресейдің шет аймақтарындағы түркі этносының соңғы тұяқтарымен бетпе-бет кездеседі. Памир Лев Николаевичті өзіне баурап алады. Осында ол Догар совхозындағы маляр станциясына маляр разведчик болып жұмысқа тұрады. Тәжік-парсы тілдері мен араб төте жазуының қырларымен танысады. Тәжік пен қырғыздың ауызекі сөйлеу тілін меңгереді, дәруіштермен, босқындармен танысады. 1933 жылы ол Қырымдағы Г.А. Бонч-Осмоловскийдің археологиялық экспедициясында ғылыми–техникалық қызметкер ретінде жұмыс істейді. Аджи-Каба палеолит кезеңінің тұрағын ашуға қатысады. 1934 жылы Лев Николаевич Гумилев Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түседі. Е.Тарле, В.Струве және басқа да әлемге танымал ғалымдардан дәріс алады. 1935 жылы студенттік комсомол бірлестігінің қаулысымен Лев Гумилев «антисоветтік адам» деп есептеліп, совет университетінде оқуға лайықсыз деп айып тағылды. Біреулердің жаласымен отбасында айтылатын әңгімелер сипатынан хабардар етпегені үшін тұтқындалады. Анна Ахматова Мәскеуге келіп, таныстары арқылы Сталинге жеке хат жолдайды. Осы хаттан кейін Л. Гумилев босатылады. 1938 жылдың наурызында Лев 4 курста оқитын еді. Осы кезеңде оған екінші рет айып тағылады. Лев Гумилев кейін өз жазбаларында «Бұл аресттің болуына ықпал еткен өзім болдым» деп жазады. Сот үкімі бойынша Л. Гумилевке он жыл беріледі. Бірақ бір жарым жылға созылған қайта тергеу жұмысының нәтижесі боынша басқа айыптарсыз үшеуіне де бес жылдан берді. Әуелі жазасын өтеу үшін Беломорканал жері белгіленеді. 1939 жылы қаңтарда Лев Гумилевті Беломорканалдан Ленинградқа әкетті. 1940 жылдары Анна Ахматова Сталинге екінші рет хат жазады. Бірақ оған КСРО прокуратурасы оған өте қатал жауап қайтарғаны соншалық, А.Ахматова ол туралы Лев Гумилевқа жазған хаттарында айта алмады. 1939 жылы тамызда Лев Норильск лагеріне барады. Лев Гумилев бұл жерде жер қазушыдан мыс шахтасының кеншісіне дейін, одан соң геотехник, ал мерзімінің соңына дейін (1943 жылдың наурызы) химик-лаборант дәрежесіне дейін өсті. Мерзімінің аяқталғанына қарамастан, ол «геологиялық карьерасын » Хантай көліне экспедициясына құрамында жалғастырады. Ал, келесі жылы (1944 жылы) төменгі Тунгус бассейніне магнитометрлік сьемкаға кетеді. Бұл жерде Лев Гумилев үлкен темір рудасы шығатын жерді ашады. Норильск комбинатында Лев Гумилев жергілікті военкомға өтініш білдіріп, өзі майданға сұранады. 1944 жылы I-ші Белорусь майданындағы Ерекше екпінді әскердің айып батальонына ерікті солдат ретінде жіберілді. Соғыс аяқталған соң 1946 жылы сәуірде Л. Гумилев кандидаттық емтихандарын тапсырып, Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің аспирантурасына оқуға қабылданып, сол жылдың күзінде диссертация тақырыбын анықтайды. 2.Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды. Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі. Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады. Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л.Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді. Әдістемелік нұсқаулар: Л. Гумилевтің алғашқы ғылыми ізденістеріне тоқталған кезде оның өміріне қатысты тұстарды арнайы қарастыру керек. Негізгі әдебиеттер тізімі: 1. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967. 2. Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. Москва,1974. Қосымша әдебиеттер тізімі:
|