Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Есепті шығарыңыз (0,5 балл).




1. Массасы 4 г белгісіз металл броммен әрекеттесіп, 20 г MeBr2 типтес бромид түзеді. Белгісіз металдың молярлық массасын табыңыз.

2. Массасы 100 г суды электр тогымен айырғанда массасы және көлемі бойынша қанша сутегі және оттегі бөлінеді?

3. Бензиннің (оның құрамы С -86%, Н -14%) 1 килограмы толық жану үшін теориялық қажетті құрғақ ауаның мөлшерін есептеңіз. Оттектің ауадағы массалық үлесі 23%, ал оның с алыстырсалы молекулалық массасын -29 деп алуға болады.

4. Азоттың бір газ тәрізді қосылысында жанғыш заттар оттектегідей жанады. Бұл заттың формуласы мынадай өлшеулердің нәтижесінде анықталады: қосылыстың белгілі көлемінде көмір жанғанда сондай көлемдегі азот пен көлемі одан екі есе кем көмір қышқыл газы түзіледі. Қосылыстың формуласын табыңыз.

5. Жалпы көлемі 40 мл сутегі мен оттегінің қоспасы қопарылғанда 4 мл сутегі артылып қалды. Бастапқы қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін табыңыз.

6. Массасы 6,5 г сұйық көмірсутек толық жанғанда 4,5 г су түзілді. Осы қосылыстың проценттік құрамын (массалары бойынша) анықтаңыз. Есептің шартын қандай заттар қанағаттандырады?

7. Күкірт пен көміртектің 2 г қоспасы жанғанда 6 г күкірт (IV) және көміртек (IV) оксидтерінің қоспасы түзіледі. Бастапқы қоспадағы күкірт пен көміртектің массаларын анықтаңыз.

8. Натрий мен калий хлоридтерінің 0,325 г қоспасын суда еріткен. Сол ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінң артық мөлшерін құйғанда жалпы массасы 0,717 г күміс хлоридінің тұнбасы түзілген. Бастапқы қоспадағы әр компоненттің массалық үлестерін есептеңіздер.

9. Көлемі 1,68 л пропан мен этанның қоспасы жанғанда көлемі 4,48 л көміртек (IV) оксиді (көмір қышқыл газы) түзілген. Қоспадағы әр газдың көлемін табыңыз.

10. Темір мырыш ұнтақтарының 5,58 г қоспасын тұз қышқылында еріткенде 0,09 моль сутек бөлінеді (қ.ж.). Қоспаның құрамын анықтаңыз.

11. Құрамындағы сутек, көміртек және оттек элементтерінің массалық қатынастары 1:6:16 болса, онда құмырсқа қышқылының формуласы қандай болғаны?

12. Белгісіз заттың 2,3 грамы жанғанда 4,4 г көміртек (IV) оксиді және 2,7 г су түзілген. Бұл заттың буының ауа бойынша тығыздығы 1,59. Белгісіз заттың молекулалық формуласын табыңыз.

13. Тұрақсыз бейорганикалық қышқылдың құрамында сутек, оттек және күкірт бар. Ондағы күкірттің массалық үлесі 56,14%. Қышқылдың формуласын анықтаңыз.

14. Зат оттектен, азоттан, фосфордан және сутектен тұрады. Оның құрамындағы оттектің массалық үлесі 52,83%. Оның формуласындағы азот пен фосфор атомдарының саны бірдей, ал, сутек атомдарының саны азот пен фосфор атомдарының сандарының қосындысынан 2,5 есе көп. Заттың 1 моль мөлшерінің массасы 150 г мен 300 г аралығында. Белгісіз заттың формуласын анықтаңыз.

15. Озон мен оттек қоспасының сутек бойынша тығыздығы 18. Қоспадағы әр газдың көлемдік үлестерін табыңыз.

 

 

Әдебиеттер:

1. Н.Л.Глинка. «Задачи и упражнения по общей химии», 2002г.

2. Б.И.Адамсон, О.Н.Гончарук «Задачи и упражнения по общей химии». / Под редакцией проф.Н.В.Коровина /, 2003г.

 

Қосымша кесте

Жай заттардың, қосылыстардың және иондардың сулы ерітінділердегі және сұйық аммиактағы термодинамикалық параметрлері.

ΔHf 0 298, ΔG 0 f 298, S0 298 – стандарттық жағдайда (Р=101,325 кПа; Т=298 К) берілген зат жай заттардан түзілгендегі энтальпияның, (тү-зілу жылуы) және Гиббс энергиясының өзгерістері мен зат энтро-пиясының мәндері (f – formation, түзілу).

 

Зат ΔHf 298 кДж/моль S0 298 Дж/(моль*К) ΔGf 298 кДж/моль
Жай заттар
Ag(кр) 42,55
С(алмаз) 1,83 2,37 2,83
С(графит) 5,74
С(г.) 716,67 157,99 671,28
С2(г.) 830,86 199,31 744,86
Са(кр) 41,63
Сl2(г.) 222,98
F(г.) 79,38 158,64 62,30
F2(г.) 202,67
Н(г.) 217,98 114,60 203,28
Н2(г.) 130,52
Нg(ж.) 75,90
Hg(г.) 61,30 174,85 31,80
I2(кр.) 116,14
I2(г.) 62,43 260,60 19,39
N2(г.) 191,50
О2(г.) 205,04
О3(г.) 142,26 238,82 162,76
Pb(кр.) 64,81
S(ромб.) 31,92
S2(г.) 128,37 228,03 79,42
Zn(кр.) 41,63
Бейорганикалық қосылыстар
AgCl(кр.) -126,78 96,23 -109,54
Ag2O(кр.) -30,54 121,75 -10,90
СО (г) -110.53 197.55 -137.15
CO2(г.) -393,51 213,66 -394,37
СOCl2(г.) -219,50 283,64 -205,31
СOS(г.) -141,70 231,53 -168,94
СS2(г.) 116,70 237,77 66,55
CaCO3(кальцит.) -1206,83 91,71 -1128,35
CaCl2(кр.) -795,92 108,37 -749,34
CaO(кр.) -635,09 38,07 -603,46
Сa(OH)2(кр.) -985,12 83,39 -897,52
CaS(кр.) -476,98 56,61 -471,93
FeO(кр.) -264,85 60,75 -244,30
FeSO4(кр.) -927,59 107,53 -819,77
FeS2((кр.) -177,40 52,93 -166,05
Fe2O3(кр.) -822,16 87,45 -740,34
Fe3O4(кр.) -1117,13 146,19 -1014,17
HCl(г.) -92,31 186,79 -95,30
HF(г.) -273,30 173,67 -275,41
HI.(г.) 26,36 206,48 1,58
H2O(кр.) -291,85 39,33 -
H2O(ж.) -285,83 69,95 -237,23
H2O(г.) -241,81 188,72 -228,61
H2S(г.) -20,60 205,70 -33,50
MnCl2(кр.) -481,16 118,24 -440,41
MnO(кр.) -385,10 61,50 -363,34
MnO2(кр.) -521,49 53,14 -466,68
MnS(кр.) -214,35 80,75 -219,36
NH3(ж.) -69,8 - -
NH3(г.) -45,94 192,66 -16,48
NO(г.) 91,26 210,64 87,58
NOCl(г.) 52.59 263.50 66.37
NO2(г.) 34,19 240,06 52,29
N2O(г.) 82,01 219,83 104,12
N2O4(г.) 11,11 304,35 99,68
PCl3(ж.) -320,91 218,49 -274,08
PCl3(г.) -287,02 311,71 -267,98
PCl5(кр.) -445,89 170,80 -318,36
PCl5(г.) -374,89 364,47 -305,10
P2O3(ж.) (-1097) (142) (-1023)
PbCl2(кр.) -359,82 135,98 -314,56
PbCl2(г.) -173,64 315,89 -182,02
PbI2(кр.) -175,23 175,35 -173,56
PbO(желт.) -217,61 68,70 -188,20
PbO(красн.) -219,28 66,11 -189,10
PbO2(кр.) -276,56 71,92 -217,55
PbS(кр.) -100,42 91,21 -98,77
PbS(г.) 122,34 251,33 76,25
PbSO4(кр.) -920,48 148,57 -813,67
SO2(г.) -296,90 248,07 -300,21
SO2Cl2(ж.) -394,13 216,31 -321,49
SO2Cl2(г.) -363,17 311,29 -318,85
SO3(г.) -395,85 256,69 -371,17
SiO2(кварц-α) -910,94 41,84 -856,67
SiO2(стекл.) 903,49 46,86 -850,71
SnS-α -110,17 76,99 -108,24
ZnCl2(кр.) -415,05 111,46 -369,39
ZnCl2(г.) -265,68 276,56 -269,24
ZnO(кр.) -348,11 43,51 -318,10
ZnS(кр.) -205,18 57,66 -200,44
ZnSO4(кр.) -981,36 110,54 -870,12
Zn(OH)2(кр.) -645,43 76,99 -555,92
Органикалық қосылыстар
Көмірсутектер
CH4(г.)метан -74,85 186,27 -50,85
C2H2(г.)ацетилен 226,75 200,82 209,21
C2H4(г.)этилен 52,30 219,45 68,14
C2H6(г.)этан -84,67 229,49 -32,93
C2H6(ж.)этанол -276,98 160,67 -174,15
C2H6(г.)этанол -234,80 281,38 -167,96

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 334; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты