Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жалпы ережелер




НазарбаевЗияткерлiк мектептері» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң - Ұлт Көшбасшысының «Өркен» бiлiм беру грантының берілуi бойынша байқаудың өткiзілу Ережелері

«Назарбаев Зияткерлiк мектептері»

ДББҰ Қамқоршылар кеңесінің

2012 жылғы 29 ақпанындағы №1

шешiмімен бекітілген

«НазарбаевЗияткерлiк мектептері» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң - Ұлт Көшбасшысының «Өркен» бiлiм беру грантының берілуi бойынша байқаудың өткiзілу Ережелері

Жалпы ережелер

1.«НазарбаевЗияткерлiк мектептері» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң– Ұлт Көшбасшысының «Өркен» бiлiм беру грантының берілуi бойынша байқауды өткiзудің негізгі ережелері(бұдан әрі- Ереже)Қазақстан Республикасы үкіметінің 2009 жылдың 14 наурызындағы №317 қаулысымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң– Ұлт Көшбасшысының «Өркен» бiлiм беру грантынберудiң Ережелерi мен өлшемдерiнің 9 тармағына сәйкес жасалынған және Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң– Ұлт Көшбасшысының «Өркен» бiлiм беру гранты берілетін талапкерлерді таңдаудың жүзеге асырылуы мен ұйымдастырылу тәртібін анықтайды.

2. Негізгі Ережелерде келесі анықтамалар қолданылады:

апелляциялық комиссия- жарыстың өткiзілукезеңінде тапсырмалардың бағалануы бойынша даулы сұрақтарды шешу үшін құрылған комиссия;

Зияткерлiк мектептер -«Назарбаев Зияткерлiк мектептері»мамандандырылған бiлiм беру;

кешендi бiлiм тексеру - нақтылы пәндер бойынша талапкерлердiң бiлiмдерiн тексеруге бағытталған шаралар;

конкурстық комиссия- зияткерлiк мектептердiң 7-11(12) сыныптарында оқуға үміткерлердi байқау таңдаудан өткiзетін комиссия;

Қазақстан Республикасының Бiрiншi Президентiнiң - Ұлт Көшбасшысының «Өркен» бiлiм беру гранты (бұдан әрi - грант) - «НазарбаевЗияткерлiк мектептері» мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшінҚазақстан Республикасының Президентi тағайындалған грант;

зияткерлiк мектепке түсуге үміткерлер (бұдан әрi - үміткерлер)- білім беру ұйымдарында оқып жүрген және Зияткерлiк мектептердiң 7-11(12) сыныптарындағы оқуғаүміттенетін Қазақстан республикасының азаматтары;

қабылдау комиссиясы -Зияткерлiк мектептердiң 7-11 (12) сыныптарында оқуғаүміткерлерден құжаттарды қабылдайтын комиссия;

грантты тағайындайтын республикалық комиссия – грантты тағайындау үшiн бiлiм саласының уәкiлеттi ұйымы құрған комиссия;

жұмыс ұйымы - «Назарбаев Зияткерлiк мектептері» дербес бiлiм беру ұйымы;

резервтегi тiзiм - ағымдағы оқу жылында зияткерлiк мектептерде босаған орындарға алынатын үміткерлердiң тiзiм;

бiлiм саласындағы уәкілеттi ұйым -бiлiм саласында басқару және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын Қазақстан республикасының орталық атқарушы ұйым.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 104; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты