Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Байқауды жүргізу тәртібі.




1) Үміткерлерді іріктеу ақыл-ой деңгейлерін, мемлекеттік және ағылшын тілдерін қаншалықты меңгергендігін анықтау арқылы байқау негізінде жүргізіледі.

2) Үміткерлерді іріктеу үшін байқау жүргізуге Зияткерлік мектептің педагогтарынан байқау комиссиясы құрылады.

Байқау комиссиясының төрағасы болып жұмыс ұйымының өкілі тағайындалады.

3) Байқауға қатысуға ережеге сәйкес құжаттары толық үміткерлерге қатысуға рұқсат етіледі.

Байқау 2 кезеңнен тұрады.

4) Алғашқы кезеңде Зияткерлік мектептердің бағыттарына сәйкес кәсіптік пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кешенді тестілеу жүргізіледі.

Физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептің кәсіптік пәндері болып: 7- сыныптан – математика, 8- сыныптан физика және математика пәндері табылады.

Химия-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектептің кәсіптік пәні болып: 7-8 сыныптарда математика мен биология, 9 сыныпта химия мен биология пәндері табылады.

Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына кандидат мектептің кәсіптік пәні 7-11 (12) сыныптарда математика пәні болып табылады.

5) Байқау шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлесе жүргізілуі мүмкін.

6) Физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектепте 7 сыныпта кешенді тестілеу келесі пәндер бойынша: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, 8-11 сыныптарда (12) сыныптарда: физика, математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен өткізіледі.

7) Химия-биология бағытындағы мектептің 7-8 сыныптарында кешенді тестілеу келесі пәндер бойынша: биология, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі, 9-11(12) сыныптарда келесі пәндер бойынша: химия, биология, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен өткізіледі.

8) Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына кандидат мектебінің 7-11(12) сыныптарында кешенді тестілеу келесі пәндер бойынша: математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен өткізіледі.

9) Зияткерлік мектептің 7-11(12) сыныптары үшін әр пәннен емтихандық тапсырмалар саны 15 сұрақтан құралады.

Физика-математикалық бағытындағы мектептің 7 сыныбы үшін берілетін жалпы сұрақ саны 60, 8-11(12) сыныптарда – 75, химия-биология бағытындағы 7-8 сыныптар үшін – 75, 9-11(12) сыныптарға – 75, Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі – Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына кандидат мектептің 7-11(12) сыныптары үшін – 60 сұрақ. Орындалған тапсырманың дұрыс жауабы 1 ұпаймен, дұрыс емес жауабы 0 ұпаймен бағаланады.

10. Кешенді тестілеу бойынша 60 сұрақтан тұратын емтихандық тапсырмаларды орындауға 90 минут, 75 сұраққа 112 минут беріледі.

Емтихан материалын таратуға, жауап парағына қызметтік бөлімін және сұрақ кітапшасының сыртқы бетін толтыруға, сондай-ақ дәрісханадағы тәртіп ережесін түсіндіруге көрсетілген уақыт мөлшеріне қосылмайды.

11. Кешенді тестілеу кезінде қағаз және электронды нұсқалар қолданылады.

12. Кешенді тестілеу кезінде қағаз нұсқасын қолданған жағдайда талапкерге сұрақ кітапшасы, жауап парағы және жауап парағының көшірмесі беріледі.Талапкер қажетті есептерді сұрақ кітапшасында орындайды, дұрыс жауаптар жауап парағына енгізіледі және жауап парағының көшірмесіне көшіріледі. Жауап парағының көшірмесі шағым беру үшін негіз болып табылады.

13. Кешенді тестілеу аяқталғаннан соң үш сағаттан кейін жұмыс ұйымының ғаламтор желісіне, сондай-ақ кешенді тестілеу жүргізілген мекеменің ғимараттарында дұрыс жауаптар коды ілінеді. Талапкер жауап парағының көшірмесіндегі өзінің дұрыс жауаптарын берілген кодтармен салыстыра алады.

14. Кешенді тестілеудің қағазда орындалған нұсқасының нәтижесін тексеруді байқау комиссиясының мүшелері жүргізеді, бұл жағдайда сұрақ кітапшалары қаралмайды, тек жауап парақтарындағы нәтижелері ғана саналады.

15. Тестілеудің электронды нұсқасы компьютерде жүргізіледі, үміткер өзі туралы мәліметтерді (аты-жөнін, мектебін, сыныбын) енгізеді де, тестілеуге кіріседі.Кешенді тестілеудің емтихандық тапсырмасын орындауда 60 сұраққа 90 минут, 75 сұраққа 112 минут беріледі.

Тапсырманы орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін электрондық жүйе үміткердің жұмыс нәтижесін компьютер экранына шығарады және қағазға басып шығарылып, қолына беріледі.Бұл нәтиже апелляцияға беруге негіз болып табылады.

16. Байқаудың бірінші кезеңінің нәтижесі кешенді тестілеу аяқталғаннан кейін , келесі күні сағат 10.00-де жарияланады және жұмыс ұйымының ғаламтор желісіне және тестілеу жүргізілген ғимаратта ілінеді.

17. Байқаудың екінші кезеңі бірінші кезең өткеннен екі күннен соң жүргізіледі.

18. Жалпы сұрақтың 40 және одан жоғары дұрыс жауап пайызын жинаған үміткерлер ғана екінші кезеңге өтеді.

19. Екінші кезеңде Зияткерлік мектептің бағыттарына сәйкес кәсіптік пәндер бойынша жазбаша емтихан жүргізіледі.

20. Физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектебіне үміткерлерге әзірлік деңгейін анықтау үшін жазбаша жұмыс 7-сыныпта математикадан, 8-11 ( 12) сыныптарда физика және математикадан жүргізіледі. Жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейдегі (А,В,С) 5 тапсырмадан тұрады, соның ішінде:

А деңгейі – оқу материалын меңгеру деңгейіне арналған 2 тапсырмадан тұрады;

В деңгейі – білімін, нақты шарттарды және жаңа жағдаяттарды орындауға қолдана алуға арналған 1 тапсырмадан тұрады;

С деңгейі – жұмысты орындау тәсілін негіздейтін және талдау жүргізуде кіріктірілген білімін көрсетуге арналған 2 тапсырмадан тұрады.

21. Химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебіне үміткерлерге әзірлік деңгейін анықтау үшін жазбаша жұмыс 7-8 сыныптарда математика және биологиядан, 9-11 ( 12) сыныптарда химия және биологиядан жүргізіледі. Жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейдегі (А,В,С) 5 тапсырмадан тұрады, соның ішінде:

А деңгейі – оқу материалын меңгеру деңгейіне арналған 2 тапсырмадан тұрады;

В деңгейі – білімін, нақты шарттарды және жаңа жағдаяттарды орындауға қолдана алуға арналған 1 тапсырмадан тұрады;

С деңгейі – жұмысты орындау тәсілін негіздейтін және талдау жүргізуде кіріктірілген білімін көрсетуге арналған 2 тапсырмадан тұрады.

22. Астана қаласындағы Зияткерлік мектебі – Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына кандидатқа әзірлік деңгейін анықтау үшін жазбаша жұмыс 7-11(12) сыныптарда математика пәнінен жүргізіледі.

Математика пәнінен жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейдегі (А,В,С) 5 тапсырмадан тұрады, соның ішінде:

А деңгейі – оқу материалын меңгеру деңгейіне арналған 2 тапсырмадан тұралы;

В деңгейі – білімін, нақты шарттарды және жаңа жағдаяттарды орындауға қолдана алуға арналған 1 тапсырмадан тұрады;

С деңгейі – жұмысты орындау тәсілін негіздейтін және талдау жүргізуде кіріктірілген білімін көрсетуге арналған 2 тапсырмадан тұрады.

23. А деңгейіндегі тапсырмаларды орындауға берілетін ұпай санының ең жоғарғысы – 5 ұпаймен бағаланады.

В деңгейіндегі тапсырмаларды орындауға берілетін ұпай санының ең жоғарғысы – 6 ұпаймен бағаланады.

С деңгейіндегі тапсырмаларды орындауға берілетін ұпай санының ең жоғарғысы – 7 ұпаймен бағаланады.

Жұмыс тапсырмалардың қиындығына сәйкес және жұмыс ұйымының басқармасының бекітілген шешіміне орай бағалау критерийлерімен бағаланады.

24. Екінші кезеңнің тапсырмасын орындау үшін әр пәнге 90 минут беріледі.

25. Екінші кезеңнің нәтижесі жазбаша жұмыс жүргізілгеннен кейін 3 күн ішінде жұмыс ұйымының ғаламтор желісінде және кәсіптік пән бойынша жазба жұмысы жүргізілген ғимаратта ілінеді.

26. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша әр пән бойынша 30 және одан жоғары ұпай жинаған үміткерлердің жұмыстары байқау комиссиясының шешімімен үш күн ішінде жұмыс ұйымына жіберіледі.

27. Жұмыс ұйымы байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы шыққаннан кейін 5 күн ішінде Республикалық комиссияның талқылауына үміткердің грант тағайындау материалы бойынша ұсынады, байқаудың екінші кезеңіне өткен ереженің 5- тармағына сәйкес құжаттарын ұсынған, сонымен қатар қосымша:

1) Іріктеу байқауының 1 және 2 кезең нәтижесі бойынша жауап парағы және дәптер;

2) Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасының көшірмесімен бірге(болған жағдайда) үміткердің әр іріктеу байқауы кезеңдері нәтижесінің жиынтық ведомосы;

3) Өткізілген іріктеу байқауының сандық-статистикалық көрсеткіші

28. Ұйымдастыру мен байқау тәртібінің жүргізілуі жұмыс ұйымы басқармасымен бекітілген нұсқауда ретімен нақты көрсетілген.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 124; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты