Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумы




ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі2012 жылғы 29 қарашада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық форумынөткізеді.
Бүгінде әлемдік саяси кеңістікте Қазақстанның өзіндік орны қалыптасқан. Республикамыз халықаралық аренаға шығып, бірқатар маңызды жобаларды ұсынуда.
Қазақстанда нарық принциптеріне негізделіп, «Назарбаев үлгісі» деген атпен танылған заманға сай табысты экономика қалыптасты. Экономикасының даму қарқыны жағынан Қазақстан жер бетіндегі ең серпінді дамып келе жатқан мемлекеттердің үштігіне енді. Ұлттық егемендігіміз бен еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін үдемелі индустрияландыру және инновацияларды басым түрде меңгеру процесі басталды.
Елімізде жаңа саяси жүйе құрылды. Табысты даму жолына түскен мықты мемлекет қалыптасты, оның жаңа елордасы – Астана қаласы заманға сай бой түзеп келеді. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы тұрақты түрде артуда. Еліміз әлеуметтік жаңғырту және ұлттың адами капиталын дамыту бағытын ұстанып отыр.
Қазақстанды алға жылжытудың кепілі болып саналатын төзімділіктің қазақстандық үлгісі қалыптастып, көпэтносты әрі көпконфессиялы халықтың бірлігіне қол жеткізілді.
Қазақстанның осы және басқа да жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның стратегиялық таланты, көрегендігі және қойылған міндеттерді шешу кезіндегі табандылығы Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудың және оны дамытудың өзегіне айналды.
Елбасының саяси ерік-жігерінің, ғылыми талдау жасап, болжам жасау қабілетінің және мақсатқа жетпей тынбайтын қасиетінің арқасында республикамыз бейбітшілік, келісім және тұрақтылық мекеніне айналды.
Н.Ә.Назарбаевтың егемен мемлекетті қалыптастыру ісіндегі табысты бастамаларын жан-жақты зерттеудің маңыздылығы ескеріле отырып, жыл сайын Назарбаев оқуларын өткізу дәстүрге айналмақ.

Халықаралық форумның мақсаттары:
- Н.Ә.Назарбаевтың қызметін және тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен маңызды геосаяси бастамаларды көтерудегі рөлін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың жан-жақты зерттеп жариялауы;
- Қазақстанның одан әрі дамуына және оның әлемдік аренадағы орнын бекемдей түсуге ықпал ететін ұсынымдар әзірлеу мақсатында жаһандық зияткерлік ресурстарды шоғырландыру.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 47; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Технологічнічні вимоги до використання контролю під час вивчення соціально-педагогічних дисциплін | Биография Зигмунда Фрейда
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты