Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.




Сауапты іске студенттер бастамашы болды.

Бүгін Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылар құрамы мен 30 студенті Тараз қаласының көркін ашып тұрған тамаша ғимараттардың бірі орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ауласына жиналды. Мұндағы мақсат – қасиетті Қадір түні қарсаңында имандылық үйінің аула тазалығына тамшыдай болса да үлес қосу. Иісі мұсылман жұртына мешітке қызмет ету қасиетті де сауапты іс саналатындықтан, жүрегінде иманы, аузында Алласы бар жастар бұл тазалық жұмыстарына өз еріктерімен құлшына араласты.

 

Ыбырай Данияр мырзаның жетекшілігімен «Жасыл-Ел» бағдарламасы бойынша студенттер мешіт ауласын сыпырып, шөптерін жұлып, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Мешіт ауласы бұрынғыдан да ажарланып, ерекше күйге бөленгендей әсер қалдырды.

 

Аталмыш жоғарғы оқу орнынан сауапты істі атқаруға келген 30 қыз баласына және осы іске бастамашы болған Ыбырай Данияр мырзаға орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы және мешіт қызметкерлері өздерінің алғысы мен ризашылықтарын білдірді.

 

Мұндай сауапты іске белсене кірісіп жатқан жастарға Алла разы болсын және қасиетті Рамазан айында жасаған сауапты істері еселене берсін деген тілектеміз.

 

Лаура Алмаханова,

 

ибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-13; просмотров: 103; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
DDS генератор | О невозможности (или нецелесообразности) использования иных способов определения поставщика (подрядчика, исполнителя) (далее – Отчет).
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты