Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Михаил Алиев, ҚР азаматы. Бұл тек қана мақтаншақтық.




- Мен Қазақстанды, менің елімді басқа мемлекеттерге танығанына қарсы емеспін. Бірақ бұл жағдайға тарихи жағынан қарайық. Великобритания және АҚШ мемлекеттері, ненің арқасында осындай атақты болды? Біріншіден, өздерінің күштілігінен. Менің айтқым келіп отырғаны оларды тұрақты дамуы және жоғары технологиялық экономикасы демократияның дамуы, өмірдің биік қалыптары. Сондықтан ол мемлекеттерге бәрі де барғысы келеді: байлар да және кедейлер де. Осындай танымал мемлекет болу үшін, ұзын тарихи жолдан өтуі керек. Ендігі бізге көшсек, мен қазір осындай дүргілікті мейрам өткізуінін қатты маңызды мәселелер толып жатыр. Мысалы, біздің мемлекттен қарағанда, Куба және Израиль елдерінің медицинасы, Австралия мен Финляндия елдерінің жоғары білімінің қатты дамулары. Бәрі де әр түрлі елдер, оларды біріктіретін кемшілікті бағытта жарып шығу. Өйткені медицина мен білім бірінші орында тұр. Менің сұрағым, бізде басқа елдерге көрсететін қандай жетістіктеріміз бар? Әрине, әзір жоқ. Осыған орай, бізге атақ алғанша, осы мәселелерді ойлағанымыз артық. Біздің еліміз, ең қарапайым нәрселерді түсінсе ғана, біз жетістікке жетеміз!

 

 

ЭКСПО – дағы Талғат Ермегияевтің жолы

Талғат Амангелдіұлы Ермегияев 1969 жылы 7 мамырда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Ермегияев Амангелді Дінұлы (1944 ж. т.), «Алматықұрылыс» ¥ХК» АҚ президенті. Анасы - Ермегияева Жаңыл Нәбиқызы. Алматы сәулет-кұрылыс институтын (1993) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша; Джорджтаун университетін (АҚШ, 1996); М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (2004) «Тасымалдарды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі басқару» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2005). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның темір жолдарын электрлендіру перспективалары». Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі. «Қазақстанның темір жолдарын электрлендіру перспективалары» жарияланымының авторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. Талғат Амангелдіұлы 1969 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі жоғары, 1993 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша аяқтаған.
2009 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы Мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетін (Санкт-Петербург қаласы) дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты деген ғылыми дәрежесіне ие.
1993-1998 жылдар аралығында Халықаралық экономикалық және әлеуметтік реформалар қорының Алматы бөлімшесінде («Реформа» қоры) директордың орынбасары, атқарушы директор болып жұмыс істеді.
1998-2002 жылдары «Рахат» Қазақстан-Австрия бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары қызметін атқарған.
2002-2005 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, атқарушы директор, құрылыс жөніндегі басқарушы директор.

2005-2006 жылдар аралығында - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ вице-президенті.
2006-2008 жылдары - «АлматыҚұрылыс» Ұлттық холдинг компаниясы» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті лауазымын атқарды.
2008 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі болып істеді.
2011 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі.
2012 жылдан бастап – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болды.
2013 жылдың қаңтарынан бастап - «Астана ЭКСПО – 2017»Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметінде.

03 October 2014, 13:00 ЭКСПО-2017 көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады - Н.Назарбаев АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Т.Ермегияев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық пен Көрме кешені құрылысының барысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ұлттық компанияның алдына үлкен міндет қойылғанын, оны бүкіл жұртшылық бақылап отырғанын айтты. - Дайындық шаралары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Көрме кешенін салу арқылы Астананың келбеті де өзгереді, ел экономикасы оң серпін алады. Құрылысқа қажетті материалдар шығарумен айналысатын шағын және орта бизнес субьектілерін жұмыспен қамтыған жөн. Тағы бір маңызды мәселе - көрме нысандарын көрме өткеннен кейін пайдалану, олар көрмеден кейін де пайдаланыста болуы керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы өз кезегінде көрме нысандарының құрылысы құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген кестесіне сәйкес жүріп жатқанын айтты. - Жыл аяғына дейін облыс әкімдіктерімен бірқатар меморандум жасау жоспарланып отыр. Онда құрылысқа қажетті материалдар пысықталады. Бүгіннің өзінде құрылыс материалдары жергілікті компаниялардан сатып алынуда, - деді Т.Ермегияев. Ол сондай-ақ компания қаржыландырудың балама көздерін тарту тетіктерін әзірлегенін айтты. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысының ақпаратына қарағанда, қонақ үйлер, тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды қоса қамтығанда, тікелей шетелдік инвестициялардың болжамды көлемі 800 миллион доллар болады. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бекітілген жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 барлық 38 нысанын пайдалануға беру 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Көрменің халықаралық қатысушылары өз экспозицияларын дайындау жұмыстарын 2017 жылдың қаңтарында бастайды. 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылатын ЭКСПО-2017 көрмесіне 100-ден аса ел, оннан кем емес халықаралық ұйымдар, инновациялық технологиялардың 10 шақты көшбасшы-компаниялары қатысады деп жоспарлануда. Көрмені 2 миллионнан астам адамның келіп көруі күтілуде, соның шамамен 85 пайызы қазақстандықтар болмақ.

 

ЭКСПО – 2017. Дұрыс армандай алдық па?

ЭКСПО-2017 БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

«Астанада бүкіләлемдік көрме өтетін болды» деп дүрлігіп жатырмыз. Бірақ, ЭКСПО деген не? Мақсаты мен мұраты нешік? Ауқымы қандай? Оның бізге берері бар ма? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?.. Біз бүгін «БИЗНЕС ӘЛЕМІ» оқырмандарына бүкіләлемдік көрме туралы біршама мәлімет бергенді жөн көрдік.

Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. «Уикипедияда» жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек: «Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы. Тендерді ұтуын ұтып алдық, ендігісі соны абыроймен өткізу. Бұл қомақты қаржыны ғана емес, кәсіби біліктілік пен үлкен қаржылықты да талап ететін шара. Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр.

ЭКСПО көрмесінен не күтіп жүрсіңдер деген сұрақтармен біз эксперттерден сұрауды жөн көрдік:

Серік Мұратхан, техника саласының маманы:

ШАНХАЙ МЕН ПАРИЖДЕЙ БОЛА АЛМАСПЫЗ, ДЕГЕНМЕН…

ЭКСПО ЕҚЫҰ саммиті сияқты таза саяси пиар жоба емес, бұл науқанның Қазақстанға берері көп.

Біріншіден, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогресстің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағалаймыз.

Екіншіден, ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, сондай-ақ шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді.

Үшіншіден, шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру, басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай, 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады.

Төртіншіден, бұл шараға Қазақстан үкіметі жариялағандай 5 миллион адам келмесе де, көрме өтетін Астана қаласының тұрғындары мен әдеттегі қонақтарынан әлденеше есе артық адам келетіні анық. Бұл сол қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіп саласына, қонақ үй, тамақтану сияқты қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге пайда әкеледі.

Бесіншіден, көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқарады.

Алтыншыдан, шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе.

Өз басым осындай алты артықшылықты көріп тұрмын. Енді тек даңғаза-шуға айналдырмай, өз мәнінде, ысырапшылдыққа бой алдырмай, тойға айналдырмай, әр қадамды есеппен басса, бізге әкелер пайдасы көп шара.

Тағы бір айта кетерлігі, шараның бет-беделін көтереміз деп, әйгілі адамдарды, бұрыңғы мемлекет басшыларын, әртістерді, сондай-ақ, басқа да ресми қонақ санын көбейтіп, оларға тегін жатын орын, ішіп-жем дайындап шабылудың қажеті жоқ. Ондай арзан атақпен бүкіләлемдік көрменің мәртебесін көтере алмаймыз. ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенеді. Әрине, 16 миллион ғана халқы бар елде, 700 мың ғана адам тұратын қалада, жәрмеңкеге салар жаңа технологиясы мен технология арқылы шығаратын өндіріс пен өнімі аз елде бәрібір Шанхай немесе Париж қалаларындағыдай қызғынды болмауы мүмкін. Алайда, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деп сенемін.

Едіге Алпысбай, қаржы саласының маманы:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-14; просмотров: 130; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты