КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ТЕТІГІН ТАБА БІЛСЕК, ТИІМДІ ЕКЕНІ ДАУСЫЗЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік. Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы, соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық. Бірақ, менің пікірім мынадай: ақыры қадам жасалған екен, жеңіп алған екенбіз, енді оны «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмыла дайындалып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек. Себебі, Алла жеткізсе, бұл шара қайткен күнде де болады, шегінерге жол жоқ. Ал, оның қаншалықты пайдалы өтуі, халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты деп сенем. Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек деп есептеймін. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ, несі жаман болсын? Әрине, айтуға оңай, бұл тек құрғақ есеп. Бірақ, осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес, болады. Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес, бүкіл халық, кәсіпкерлер дұрыс қабылдап, тиісті түрде дайындалуы керек. Меніңше, бұл ірі халықаралық шараны дұрыс қолданған жағдайда мынадай пайдасы тиеді: Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады; Шағын және орта кәсіпкерлер инфрақұрылым дайындау, ғимараттар құрылысы кезінде пайда таба алады; Қала көркейе түседі; Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға болады: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынуға болады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыруға болады, т.б. Ол үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Халықтың үлесі қажет. Мысалы, меніңше, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы айтуға болады. Мысалы, біз шетелмен жұмыс істейтін компания ретінде, шетелдік әріптестерімізге, таныстарымызға сөз ете жүреміз. Уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарымызға, фирмалық бланктерімізге, визиткаларымызға ЭКСПО-ның логотипін орнатып қоюды жоспарлап отырмыз. Мұндай тәжірибені көптеген елдерден көргеніміз бар. Одан қалса, сол жылға ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындарды көбірек жоспарлауға болады. Әйтеуір, жеке тұлға ретінде де, кәсіпорындар ретінде де жан-жақты үлес қоссақ, одан ешкім ұтылмайды, қайта ұтады деп сенем. Тіпті, қаржы саласында істейтін маман ретіндегі ойым, арнайы осы шараға қатысты жобалар мен өндірістерді қаржыландыратын арнайы қаржылық өнімдер мен құралдар жасақтауға да болатын шығар. Сол арқылы сапалы, жақсы бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туар.
Көрме туралы қызықты 10 дерек
|