Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адам құқығы туралы ұғым




ДӘРIСТЕР ТЕЗИСI

ДӘРIС

Тақырып: Адам құқығы: ұғымы, пәнi және мазмұны

Сабақтың мақсаты:Адам құқығы: ұғымы, пәнi және мазмұнымен

оқып танысу.

Жоспар:

1.Адам құқығы туралы ұғым

2.Адам құқығы халықаралық құқық аренасында

3.Адам тұлғасының қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтiк жағдайлары

 

Адам құқығы туралы ұғым

Адам құқығыдегенiмiз- жеке тұлғалардың қоғамдық қатынастардағы әр-түрлi мәселеге байланысты құқықтық қатынастарды реттейтiн iс-әрекеттерiн айтады. Адам құқығы көптеген қатынастарында қорғалатын болуға тиiстi. Барлық адамдар негiзгi нақты құқықтар мен бостандыққа ие болады. Адам құқығы жалпыға тән және әмбебпатық сипатынан тұрады. Оның себебi адам құқығы әр-алуан мәселелерге кез болады, атап айтқанда: еңбек ету, бiлiм алу, жанұя құру, баланы тәрбиелеу,ғылым салсыман айналысуға, мемлекеттiк қызметке кiру, өзiнiң және мемлекеттiң мүддесiн қорғау, отан алдында азаматтық боршын өтеу т.б.

Адамның барлық құқығы мен бостандығы мазмұнына қарай әмбебпты яғни жан-жақты қамтитын болады. Мемлекеттегi саяси режимге, оның орналасу, басқару нысанына қарамастан адамның күнделiктi пайдаланатын барлық адамдардың құқығы мен бостандығына мыналар жатады: өмiр сүру құқығы; заң алдында теңдiгi; еркiн түрде жүру-қозғалуы құқығы; азаматтыққа деген құқығы; өзiнiң еркiн көнуi құқығы. Адам қайда болса да және басқа жерде жүрсе де өзiнiң мына табиғи құқығынан және бостандығынан айрылмайды. Адам құқығынынң мәселесi-ол жалпыға тән адам құқығы болып табылады.

Адамның негiзгi құқығы мен бастандығын тану және оны сақтай бiлу-ол, әр мемлекетте және бүкiл әлемдiк шеңберде қаупсiздiк пен бiрқалыпша тұрақтылығын қамтамасыз етедi. Конституцияда, мемлекеттiң негiзгi заңдарында және халықаралық нормаларда адамның негiзгi iргелi құқықтары және бостандықтары бекiтiлген. ҚР Конституциясының II-Бөлiмiнде: “Адам және азамат” 10-баптан бастап 39-бапқа дейiн адамның және ҚР заматтарынынң құқытары туралы толық айтылған. “ҚР Азаматтығы туралы” ҚР Заңы.,20.12.1991ж., I-тараудың, 1-бабында “Азамат және мемлекет” адам құқығын сақтау туралы айтылған. Онда мемлекет органдары және оның лауазымды тұлғалары азаматтардың алдында жауапты екенi және республика азаматарының ҚР алдында жауапты екенi айтылған. Адам мiндеттi түрде белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болуы керек. Бiрақ дүниежүзiлiк шеңберде азаматтығы жоқ тұлғалар да кездеседi. Ондай жағдайда азаматтығы жоқ тұлғалар “аппатрид” деп аталады.Азаматтығы жоқ тұлғалардың жалпы және негiзгi құқықтары толық сақталады. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Мемлекеттiк қызметке кiруге және сайлауға, сайлануға тек ҚР Азаматтары өз ерiктерiмен қатысуға құқылы болады. Ал шетел азаматтары және азаматтығы жорқ тұлғалар ҚР аумағында мемлекеттiк қызметке кiруге және сайлауға, сайлануға құқығы жоқ. Бұл туралы ҚР конституиясында және басқа да заңнамаларда көрсетiлген. ҚР Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бастандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады.

Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрлыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан, келтiрмеуге тиiс.

ҚОРТЫНДЫ:


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 229; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты