КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ынталы (Активті) жүйелерЫнталы төменгі температуралы күнмен жылыту жүйелері күнқабылдағыштары ғимаратқа тән емес жекелеген өзіндік құрылғылары бар жүйелер болып табылады. Ынталы жүйенің негізгі элементтері: күн коллекторы, аккумулятор, жылуалмастырғыштар, қосалқы жылу көздері, сантехникалық тетіктер, таратушы және реттеуші құрылғылар, автоматика жүйесі. Әрбір нақты жағдайда элементтерді таңдау, құрамы және құрастыруы климаттық факторлармен, нысананың түрлерімен, жылу қолдану ретімен, экономикалық көрсеткіштермен анықталады [9, 17, 25, 40]. Жылу тасымалдағыштар ретінде көбінесе гелиожүйелерде сұйық (су, этилгликол ерітіндісі, органикалық сұйық) немесе ауа қолданылады. Пайдаланатын көптеген гелиожүйелерде ауаның тығыздығы және жылу сыйымдылығы аз болғандықтан, көбінесе сұйық денелерді қолданады. Күнмен жылыту жүйелерінде шоғырландырғыш (фокустаушы), жазық немесе басқа пішіндес-типті күн коллекторлары қолданылады.
6.3-сурет. Ынталы гелиожүйелі үй
Ынталы гелиожүйелер әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: Қызметі жөнінен: – жылы сумен қамту жүйелері (ЖСҚЖ); – жылыту жүйелері; – құрамалы жүйелер; Қолданылатын жылутасымалдағыш түрі жөнінен: – сұйық; – ауа; жарамдылық мерзімі жөнінен: – жыл бойғы; – маусымдық; техникалық шешімі жөнінен: – бір айналмалы (контурлы); – екі айналмалы; – көп айналмалы.
Ауа –жылу тасымалдағыштың барлық жұмыстық параметрлерінде кеңінен таралған қатпайтын зат болып табылады. Оны жылу тасымалдағыш ретінде қолданғанда жылыту жүйесін желдету (вентиляция) жүйесімен үйлестіру іске асуы мүмкін. Әйткенмен ауа – жылу сыйымдылығы аз жылу тасымалдағыш, бұл сулы жүйелермен салыстырғанда ауа жылыту жүйелерінің құрылғысына металдың шығынын арттыруға әкеледі. Су-жылу сыйымдылығы жоғары және кеңінен таралған жылу тасымалдағыш болып табылады. Әйткенмен 00С-ден төменгі температураларда оған қатпайтын сұйықтар қосу керек. Бұдан басқа, оттегімен қаныққан судың құбырлардың және аппараттардың тотбасуын туғызатынын ескеру керек. Бірақ сулы гелиожүйелерде металдың шығыны айтарлықтай төмен, бұл оның кеңінен таралуына ықпал етеді.
|