Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылу тасымалдағыштың циркуляциясы табиғи болып табылатын екі айналмалы-контурлы жүйелер




Екі контурлы термосифонды жүйе (6.5-сурет).

Мұндай жүйенің жұмысы бірайналмалы-контурлы жүйенің жұмысына ұқсас. Гелиожүйеде коллекторлардан, құбыр өткізгіштен және бак-аккумулятордағы жылу алмастырғыштан тұратын (бактағы имелі пішіндес құбыр, сыртқы жылу алмастырғыш қондырғы немесе «бак») тұйықталған коллекторлық контур бар.

 

6.5-сурет. Ыстық сумен қамтамасыз ететін екі айналмалы-контурлы термосифонды жүйенің сұлбасы

Бұл айналым-гелиоконтурға қыста қатпайтын арнайы жылу тасымалдағыш сұйық құйылады. Коллекторда жылу тасымалдағыш сұйық қызғанда ол жылу алмастырғыштың жоғары бөлігіне көтеріледі, бактағы суға жылуын береді және өзі суи отырып күн радиациясы жеткілікті болса, контурда тұрақты табиғи айналмалы церкуляция орнайды, ал ысыған су коллектордың шығысына жылжиды.

Жылу тасымалдағыш ынталы-активті айналмалы екі контурлы жүйе (6.6-сурет)

Мәжбүр айналмалы екі контурлы гелиожүйе жұмыс істеу үшін коллекторлық контурға сұйықтың контурда айналымын тудыру үшін сорғымен (насос) жабдықталады, бұл ыстық су жинайтын бак-аккумуляторды ғимараттың кез келген бөлігіне орналастыруына мүмкіндік береді.

Жылу тасымалдағыш сорғы қозғалысының бағыты коллекторлардағы табиғи айналым (циркуляцияның) бағытымен сай келуі керек. Сорғыны (насосты) қосу және ажырату коллекторлар мен бактардың шығысында орналасады, температура датчиктерінің көрсетулерін салыстыратын дифференциалдық басқарушы реле түрінде болып келген электронды басқару блогы арқылы іске асырылады.

 

6.6-сурет. Мәжбүр айналдырмалы ыстық сумен қамтамасыз ететін екі айналмалы-контурлы күн жүйесінің сызбанұсқасы

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Күнмен жылыту жүйелерінің түрлері және оның негізгі элементтері.

2. Енжарлы (пассивті) және ынталы (активті) жүйелердің ерекшілігі қандай?

3. Ынталы гелиожүйелер қандай белгілері бойынша жіктеледі?

4. Бір айналмалы-контурлы жылыту жүйелерінің пайдалану мерзімі.

5. Екі айналмалы-контурлы жылыту жүйелерінің пайдалану мерзімі.

6. Бір және екі айналмалы-контурлы жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

7. Бір және екі айналмалы-контурлы жылыту жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты