КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Түтікті вакуумдалған күн коллекторыВакуумды күн коллекторларының 2 негізгі түрі бар – ішкі кеңістігі жылу тасымалдағышпен толтырылған және жылу түтіктерімен жабдықталған түрі бар. Суға тікелей жылу беретін вакуумды коллектор Вакуумды түтіктер белгілі бір бұрышпен орналасқан және жылу жинақтаушы бакпен жалғастырылған. Одан жылу алмастырғыш айналмалы (контурының) суы тікелей түтікке ағады, қызады және кері қайтады.
7.7-сурет. Түтікті вакуумдалған күн коллекторы Дәстүрлі жазық күн коллекторлары жылы климатты аймақтарда қолдану үшін жоспарланған. Олар қолайсыз суық, бұлтты және желді күндерде тиімділігін күрт жоғалтады. Бұдан өзге, ауа райына байланысты туындаған шықталу (конденсация) мен ылғалдылық ішкі материалдардың мезгілінен бұрын тозуына өз кезегінде жүйенің пайдалану сапаларына және оның бүлінуіне әкеледі. Бұл кемшіліктерді вакуумдалған коллекторларды қолдану арқылы жоюға болады [24,19]. Вакуумды коллекторлар суды тұрмыстық қажеттіліктер үшін температурасы неғұрлым жоғары су қажет жерлерде қолданады. Күн радиациясы сыртқы әйнек түтік арқылы өтеді, түтік-жұтқышқа келеді. Алынған жылу түтікпен ағатын сұйыққа беріледі. Коллектор әрқайсысына селективті жамылғылы түтікті жұтқыш бекітілген олар бірнеше қатарлы параллель әйнек түтіктерден тұрады. Ысыған сұйық жылу алмастырғыш арқылы айналымды (циркуляцияланады) және бак-жылу жинақтаушыдағы суға жылуын береді. Вакуумдалған коллекторлар модулді, яғни түтіктерді ыстық суға деген қажеттілікке қарай қажетінше алып немесе қосуға болады. Осы түрдегі коллекторларды әзірлегенде түтіктердің арасындағы кеңістіктен ауа сорылады және вакуум қалыптасады. Осының арқасында ортадағы кеңістікте ауаның жылу өткізгіштігі және конвекция туғызған жылу шығындары болмайды. Әйнек түтіктегі вакуум-коллектор үшін ең жақсы жылу оқшаулағыш (изоляцияларының) ішіндегі ең жақсысы ол жылу шығындарын төмендетеді, жұтқышты және жылу кетіретін түтіктерді қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғайды. Вакуумдалған коллекторлар Кейбір жұтқыш-түтіктерде, тағы бір үшінші әйнек түтік өтеді; жылу беретін қабырғалардың және сұйықтықты түтіктердің басқа да құрылымы (конструкциялары) бар. Осылайша, суды сақтау үшін жекелеген бакқа қажеттілікті болдырмай әрбір түтігіне суды сыйдыратын ваккумды коллектордың түрлері кездеседі. Коллекторда күн радиациясын қосымша шоғырландыру (концентрациялайтын) вакуумды түтіктердің артына шағылдырғыш-рефлекторларды орнатуға болады.
|