Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Биомаңыз энергиясының табиғаты




Жаңғыртылатын энергия көздерінің бірі биомасса энергиясы болып табылады.

Биоөнімдерінен газ тәріздес отын алу ертедегі Қытай елінде пайдаланған.

Биомаңыз терминнің ұғымына өсімдіктердің барлық түрі, ауыл шаруашылық өнімдерінің қалдықтары, ағаш өңдеу өнеркәсіптеріндегі энергетикалық құндылығы бар қалдықтар жатады және олар отын есебінде пайдаланады [10,11,13,25].

Биомаңызды екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа жататындар: өсімдіктер, микроорганизмдер, жануарлар т.б.

Екінші топқа жататындар: биомаңыздың алғашқы өнімін өңдегеннен қалған қалдықтар және адам мен жануарлардың іс-тіршілігінен қалған өнімдер.

Бірінші және екінші топтағы биомаңыздағы қорланған энергияны техникалық тиімді отынға әртүрлі жолдармен түрлендіруге болады.

Бұқтыру және ашыту тәсілдермен (ауыл шарашылығындағы жануарлардың және өсімдіктердің қалдық өнімдерінен) биомаңыздан биогаз және қосымша өнімдерді (витаминдер және тыңайтқыштар) алуға болады.

Биомаңыздың экологиялық жағы өте тиімді, өсімдіктер өсу барысында күн энергиясын жұтады, ал су, көмір қышқыл газдарын бөліп шығарады және фотосинтез үдерісі кезінде көміртегін түзеді, бірақ жану үдерісі жүрген кезде керісінше оттегін жұтады, жылу, су және көмір қышқыл газдарын бөліп шығарады.

Атмосферадағы С2О және жердегі су фотосинтез үдерісі кезінде көмір сутегін түзеді ал бұдан биомаңыз алынады. Яғни Күн энергиясы фотосинтез үдерісі кезінде пайдаланатын өзінің химиялық күйін биомаңыз күйінде сақтайды.

Егер біз биомаңызды тиімді жағатын болсақ (химиялық энергияны босатсақ), атмосферадағы оттегі, өсімдікттердегі көміртектері реакцияға түсіп С2О және су түзеді. Бұл үдеріс тоқтаусыз қайталанып отырады, С2О қайта жаңа биомаңыз өндіруге жарамды [16,17,20].

Биомаңыздың органикалық отындарға қарағандағы ерекшелігі оның қоршаған ортамен әрекеттесуі. Өсімдіктердін химиялық құрамының ыдырауынан бөлінген заттар атмосфераға таралады. Органикалық отында ол керісінше жабық түрде жер астында қалады, оны жаққанша ол атмосфераға әсер етпейді.

17.1-сурет. Табиғатта биомаңыздың пайда болуы

 

Биомаңыз энергиясы болашақтың жаңғыртылатын энергия көзі деп аталады. Бүгінгі таңда ол бірінші ретте пайдаланатын энергияның 14% қамтамасыз етеді.

Бұл биомаңыз энергиясы дамыған едерде тұратын халықтың үштен төрт бөліген қамтамасыз ететін энергия көзі болып табылады.

Халық санының өсуі, органикалық отындардың азаюы дамыған елдер үшін биомаңыз энергиясына деген сұранысты өсіріп отырады. Дамыған елдер үшін биомаңыз энергиясы бірінші реттегі энергияның 38% қамтамасыз етеді, ал кейбір елдерде ол 90% құрайды [16,17,20].

3 құрғақ ағаш отында 10 ГДж (он миллион кДж), энергия бар. 1 литр суды 1 градусқа қыздыру үшін 4,2 кДж жылу энергиясы қажет. Ал суды қайнату үшін 400 кДж бұл 40 куб. сантиметр ағашты қажет. Бірақ ашық ортада жану кезінде 50 есе көп жұмсалады. Оның түрлендіру тиімділігі 2% аспайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 294; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты