Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Атты күйде түрленетін қорытпалардың күй диаграммасы.




Мұндай типтегі қорытпалардың практикалық маңызы өте зор. Өйткені қатты күйде түрленуі олардың құрылымын және термиялық өңдеу қасиетін де өзгертуге мүмкіндік береді.

Бір компонентінің полыморфтылығынан болатын қатты күйдегі түрлену (50-сурет).

1 қорытпа температураның 2 нүктесінде толық қатайғаннан кейін, қатты күйде температураның 3—4 нүктелерінің интервалында өзінің кристалдық құрылымын өзгертеді. Бұл жағдай температураның С нүктесіне дейін Аа кристалдық тор типі бар А компонентінің полиморфтылығынан болады. Ал, Ат жоғары температурада кристалдық торы В компонентімен бірдей болады. Мұның салдарынан олардың арасында ү қатты ерітінділерінің үздіксіз тізбегі түзіледі.

Құрамы а және б нүктелерінің арасындағы қорытпалардың γ→а түрленуі суу кезінде аякталмайды, қорытпа екі фазалы а + ү

болып келеді.

Қатты ерітінділердің айнымалы ерігіштігінен болатын қатты күйдегі түрлену. Мұндай жағдайдағы мүмкін болатын күй диаграммаларынын бірі 51-суретте көрсетілген. Бұл типтегі диаграммалардын 43-суретте көрсетілген диаграммалардан өзгешелігі -а және р қатты ерітнділері ерігіштігі шектеулі әрі айнымалы қатты ерітінділер.

ЕР және ҒК сызықтары — берілген температурадағы еріген компоненттің тепе-теңдік мөлшерін анықтайтын ерігіштік сызықтар.

Дербес жағдайда, а-фазадағы В компонентінің ең үлкен мөлшері Е нүктесі арқылы анықталады және ол суу кезінде Р нүктесіне дейін төмендейді. Сондықтан 1 қорытпада, толық қатайғаннан кейінгі (2 нүктесі) суу кезінде, 3 нүктесі температурасынан бастап (х-фазасынан В компоненті мол (3 фазасынын екінші реттік кристалдары түрінде артық В компоненті бөлініп - шығады. Қорытпаның ең соңғы құрылымы а+Вн болады.

К нүктесі құрамындағы β п кристалдарының мөлшері көп болмайды және ол:

Екінші реттік кристалдардың мөлшері әдетте, шағын болып келеді (формасы домалақ, пластинка не ине тәрізді) және олар не кристалдардың шекарасында, не а-фаза кристалдарынын бүкіл көлемінде бөлініп шығуы мүмкін. β фаза кристалдары ең көп мөлшерде Е нүктесі құрамындағы қорытпада бөлініп шығады. Бұл мөлшер құрылымдық диаграммада Х арқылы белгіленген.

ІІ қорытпа үшін де түрлену сипаты осындай. Бірақ оның мынадай өзгешелігі де бар: 1—2 температура интервалында β -фаза кристалданады, ал 3—4 температура интервалында одан р нүктесі құрамының екінші реттік а-фаза кристалдары бөлініп шығады.

Мұндай кристалдар ең көп мөлшерде Ғ нүктесі құрамының корытпасында бөлініп шығады және ол құрылымдық диаграмма да «у» арқылы белгіленеді.

Эвтектикалық қорытпада С ңүктесінде Ж с эвтектикаға (ағ е) түрленеді.

С нүктесінен төмен температура интервалында суу кезінде ағфаза құрамы ЕР сызығы бойынша өзгереді, мұнын салдарынан екінші реттік β кристалдары бөлініп шығады, ал β - фаза құрамы ГК сызығы бойынша өзгеретін болады; екінші реттік а кристалдары бөлініп шығады. Бөлме температурасындағы қорытпада эвтектика құрамы төрт қосылғыштан тұрады: эвтектика (ар + рк ++ (ік4 гріі).

Эвтектикалыққа дейінгі қорытпалардык (IV қорытпа) құрылымына мұндай эвтектикамен қатар 1—2 температура интервалында бөлініп шыққан ар кристалдары және с нүктесінен төмен температурада бөлініп шыққан екінші реттік β п кристалдары болады:

аР + рп 4-эвтектика (ар -Һ ркц -Ь^рМ).

Эвтектикалықтан кейінгі корытпаларда (V қорьттпа) эвтектикамен қатар қорытпа құрылымында рк және арц кристалдары болады, яғни: рк +схрц + эвтектика (ар + ркіі + Рк + арп).

Қарастырылған түрленулер көптеген өнеркәсіптік қорытпаларға тән.

Диаграммада төмен температурадағы а қатты ерітіндісінің орнықсыздығынан болатын қатты күйдегі түрлену. Егер катты ерітінді екі жаңа қатты фаза қоспасына түрленсе, онда түрлену эвтектоидты (52-сурет) деп аталады. Диаграмма а қатты ерітіндісінін, қорытпада катайғаннан кейін тікелей түзілу жағдайын бейнелейді. Онан әрі суытудын нәтижесінде бұл қатты ерітінді эвтектоидқа, яғни А және В кристалдарының механикалық қоспасына айналады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 226; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты