Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Fe-Fe3C қорытпадағы фазалық және құрылымдық өзгерістер(қайта кристалдану).




Темірдегі полиморфты өзгерістер мен температура төмендегенде феррит пен аустениттегі көміртек ерігіштігінің өзгеруі фазалық және құрылымдық өзгерістерге әкеледі. Қатты күйде өтетін бұл ауысымдар төменде көрсетілген сызықтармен сипатталады. NH сызығы δ-феррит пен аустенит екі фазасының бірге өмір сүру аймағының жоғарғы шекарасы.Салқындатқанда бұл сызық δ-ферриттің аустенитке полиморфты ауысуының басталу температурасына сәйкес. NJ сызығы δ-феррит пен аустенит екі фазасының бірге өмір сүру аймағының төмеңгі шекарасы.Салқындатқанда бұл сызық δ-ферриттің аустенитке полиморфты ауысуының аяқталу температурасына сәйкес. Феррит (парамагнитті күйде)пен аустенит бірге өмір сүру аймағының жоғарғы шекарасы GO сызығына сәйкес,яғни парамагнитті феррит түзілуімен γ↔α ауысу басталу температураларына сәйкес.OS сызығы Феррит (ферромагнитті күйде)пен аустенит бірге өмір сүру аймағының жоғарғы шекарасы; ферромагнитті феррит түзілуімен γ↔α ауысу басталу температураларына сәйкес

GOS сызығына сәйкес температуралар тепе-тең жағдайда А3 деп белгілейді.

0,8%С дейін болаттарда γ↔α полиморфты ауысу температура аралығында өтеді және феррит пер аустенит арасында көміртекті қайта бөлумен өтеді.

Салқындатуда SE аустенитте көміртектің ерігіштік шегі аустениттен екінші ретті цементит бөліну температурасына,ал қыздыруда астенитте екінші ретті цементиттің еруінің аяқталуына сәйкес келеді. SE сызығына сәйкес критикалық нүктелерді Аст деп белгілейді. GP сызығы салқындатуда аустениттің ферритке ауысуының аяқталу температурасы,қыздырғанда ферриттің аустениттің ауысу басталуын көрсетеді.

Кюри температура нүктесі-МО сызығы,салқындағанда парамагнитті феррит ферромагниттіге,қыздырғанда керісінше ауысады.МО сызығына сәйкес температура А2 деп белгілейді. PSK эвтектоидты ауысу сызығы салқындатқанда перлит деп аталатын ферритті-цементитті құрылым-эвтектоид түзілуімен аустенит(0,8%С) ыдыраумен жүреді.

PSK сызығына сәйкес критикалық температура нүктелері салқындағанда Аr1,қыздырғында Ас1 деп белгіленеді.

PQ сызығы температураға байланысты ферриттегі көміртектің ерігіштігі өзгеруіне сәйкес. Бұл сызық тепе- теңдік жағдайда салқындатқанда үштік цементит бөлінунің басталуына,қыздырғанда оның толығымен еруіне сәйкес.

GP сызығынан төмен тек феррит болады. PQ сызығына сәйкес температураларына жеткенше жаймен қыздырғанда ферриттен цементит(үштік) бөлінеді. Түйіршік шекарасы бойынша үштік цементиттің бөлінуі ферриттің пластикалығын төмендетеді.

0,02-0,8%С бар болаттар эвтектоиқа дейінгі деп атйды.Жоғарыда айтылғандай бұл болаттар кристалдану біткен соң GOS сызығына сәйкес температураларға дейін салқындатқанда өзгерістерді жақтырмайтын аустениттен тұрады.

Болаттағы көміртек концентрациясы көбейген сайын феррит түзілуі де азаяды. 727 ºС температураға жеткенде аустениттегі көміртек мөлшері 0,8% жетеді(S нүктесі). Эвтектоидты конценрациясы бар аустенит перлит түзетін феррит пен цементиттің одан бөлінуімен қатар ыдырайды:

Аустениттің эвтектоидты ауысуы 727ºС тұрақты температурада өтеді.Үш фаза болғанда-феррит(0,020%С),цементит (6,67%С) және аустенит (0,8%С) жүйе нонвариантты (С=2+1-3=0).

Эктектоидқа дейінгі болаттар салқынлатудың соңында феррит+перлит құрылымға ие.

Болатта көміртегі мөлшері артқан сайын құрылымда артық феррит азаяды және перлит көбейеді. Болатта 0,6-0,7 көміртегі болғанда феррит перлит түйіршіктері айналасында жұрын ретінде бөлінеді.

0,8%С бар болат эвтектоидты деп аталады. 727ºС температураға жеткенде бұл болатта барлық аустенит перлитке ауысады.

0,8-2,14% С бар болаттар эвтектоидтан кейінгі деп аталады. SE сызығынан жоғары бұл қорытпаларда тек аустенит болады.

SE сызығына сәйкес температураларда аустенит қаныққан көміртек болады,және температура төмендегенде одан екінші ретті цементит бөлінеді. Осыған байланысты SE сызығынан төмен температурада қорытпа екі фазалы (аустенит+екінші ретті цементит) болады. Цементит бөлінуіне қарай аустениттегі көміртегі SE сызығына байланысты азаяды.Осылай t10 температурада 2 қорытпадағы аустенит құрамы д нүктесімен анықталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 259; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты