КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лекция №15. Қолданбалы программалық қамсыздандыру. Мәтіндік редактор.Дәрістің мақсаты: ҚПҚ топтамаларымен таныстыру. Жоспар: 1. ҚПҚ топтамалары 2. Баспалық (издательское дело) істің элементтері 3. Мәтіндік редакторлар. 4. Басылымдық жүйелер Кілттік сөздер:қолданбалы программалар, топтамасы, құжат, мәтіндік редактор. Иллюстрациялық материал: слайд, схема Қолданбалы программалық қамсыздандыру - есептеуіш техникасын адам қызметінің әралуан салаларында пайдаланудықамтамасыз етуге арналған.
Гарнитура деп әртүрлі сызбадағы және кильдегі бір бейнелі қаріптер жиыны. Басылым үшін тексті дайындау және жөндестіруде қаріптер (шрифт) ерекше маңыздылыққа ие. Қаріптер –басылымдық жүйелердің негізгі бейнелік құралы болып табылады, оның көмегімен текстің шығармашылық мәнеріне қол жеткізуге болады. Қаріптерді гарнитурасы (суреті), сызылымы, өлшемі және міндеті бойынша ерекшелеуге болады. Гарнитура деп барлық сызбадағы және кегльдегі бір бейнелі қаріптер жиынын айтады. Әріптер базалық сызықта орналасады. Жолдар арасындағы аралықты интервал деп атайды. Қаріптер тік және көлбеу болады. Көлбеу қаріптерді курсив деп атайды. Компьютердегі қаріп – қаріптің стильдік ерекшеліктерімен мәтінді баспаға шығаруды қамтамасыз ететін файл немесе файлдар топтары. Біршама кең пайдаланылатын гарнитуралар: 1) Әдеби – әліппе, энциклопедия, кіші форматты, нормативы; периодикалық және әдеби-шығармашылық басылымнан басқа басылымдар түрлері үшін. 2) Жай жаңа – мектепке арналған оқулық, қалтаға арналған және нормативтік басылымнан басқа кітап-журнал түрлерінің барлық жиынтығы үшін; 3) Мектептік – орта және бастапқы мектеп оқулықтары үшін, балаларға арналған басымдар, әдеби және ғылыми -әйгілі әдебиет үшін; 4) Банниковская және Академиялық -әдеби шығармашылық (ғылыми, оқу және ғылыми -әйгілі басылымдар гуманитарлық бағыттағы ) үшін; 5) Балтика және Таймс -әдеби және ғылыми -әйгілі әдебиеттерді, жоғарғы оқу орны оқулықтарын теру үшін. Мәтіндік редакторлар- программалар компьютерде мәтіндік материалдар даярлауға арналған. Мәтіндік редакторларды мәтінді өңдеуге талап қою деңгейі бойынша жіктеуге болады. 1) Қарапайым мәтіндерді теру мен өңдеуге арналған: Lexіcon, Refic, Norton Editor, MultiEdit, Word 4.0/5.0 2) Күрделі мәтіндерді өңдеуге арналған программа: ChiWriter TechWord Word 5.5, 6.0, 7.0, WordFor Windows 1.1 және 2.2 WordPerfect, Tex, LaTex және т.б. 3) Басылымдық жүйелер өз алдына компьютерлік теруге, мәтіндік және суреті бар материалдарды (верстка) түптеңге тағайындаған аппараттың және программалық комплексті білдіреді. Басылымдық жүйелер үшін текстік материалдарды өңдейтін әралуан сервистік программалар бар. Солардың ішіндегі негізгі топтар: - расторлы графиканы векторлыққа түрлендіру; - сканерленген бейнелерді өңдеу; - шрифтерді өңдеу; - дұрыс жазылуын тексеру; - сканердің көмегімен текстерді оқу - программаны орысша қылу - аудармашы –программалар Word басылым жүйесі Word – мәтінді өңдеуге арналған копфукционалды программа. Page Maker – кәсіпкерлердің аса қуатты және әйгілі басылымдық жүйесі. Оның көмегімен үлкен кітаптың (қалың) (үлгі-макетін) түп- нұсқа макетін дайындауға болады. (суреттер, формулалар, кесте және т.б. күрделі элементтерден тұратын ) Wordтың міндеті: -теру, жөндестіру, тексті және кестені верстка -менюдің барлық пункттерін басқару; -басылымға дайын құжатты дисплейде қарау; -сурет және слайд қою;
|