КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лекция №11. Windows-тың стандартты қосымшалары.Дәрістің мақсаты: стандартты бағдарламалармен таныстыру. Жоспар: 1. Windows ортасын баптау 2. Стандартты программалар 3. Қызметші міндетті стандартты программалар Кілттік сөздер:қосымшалар, калькулятор, блокнот, мультимедия. Иллюстрациялық материал: слайд. Windows операциялық жүйесі қолданушыға ортаны баптауға арналған көптеген құралдарды ұсынады. Олардың барлығы Панель управления бумасында орналасады. Оны шақыру негізгі меню арқылы орындалады Пуск/Настройка/Панель управления. Барлық құралдарды екі топқа бөлуге болады. 1-жүйелік баптауға арналған құралдар класы – құрал-жабдықтарды баптауға және қосымшаларды орнатуға арналған: программаны орнату және өшіру, екі немесе одан да көп монитор қосу, құрал-жабдықтар орнату, тестілеу, конфигурациялау. 2- қолданбалы интерфейсін баптауға арналған құралдар - жүйенің сыртқы түрін өзгертуге арналған: уақыт және мерзімді орнату, жұмыс үстелін безендіру. Windows операциялық жүйесі нің стандартты программаларына Paint – графикалық редакторы, WordPad – мәтіндік редактор, Калькулятор, Бокнот және бейнелермен жұмыс жасауға арналған Imaging программалары, Связь программалық кешені, Развлечения мультимедиалық кешені жатады. Windows операциялық жүйесі құрамына компьютерде күшті бағдарламалық орталар орнатқанға дейін күнделікті қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған шектеулі қолданбалы бағдарламалар енеді. Windows операциялық жүйесімен коса қамтамасыз етілетін мұндай бағдарламаларды стандартты багдарламалар деп атайды. Стандартты бағдарламаларға WordPad-мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Раіпt бағдарламасы кіреді. Құжаттар мен мәтіндерді дайындау - дербес компьютерлерді пайдаланудың кең таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, көптеген қосымша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады. WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік кұжаттарды құру мүмкіндігін береді. WordPad құжатында мәтін мен абзацты форматтауға, шекараларын жылжытуға, шегіністерді орнатуға, әр түрлі қаріптерді пайдалануға, графикалық бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және бейнеклип қоюға болады. Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші бағдарламасы Калькулятор аркылы көруге болады. Сонымен катар Калькулятор қосымшасы компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс (мысалы, санды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыру, логикалык арифметика принциптері, есептеу дәлдігін анықтау және т.б.) істеу принципін тереңірек түсінуге көмектеседі. Жүйеде калькулятордың екі Қарапайым және Инженерлік түрлері бар. Қызметші міндеттегі программаларға: · Дискіні дефрагментациялау. · қызмет көрсету шебері. · міндеттелген тапсырмалар. · -дискіні тазалау · -ресурстар инденфикаторы · -дискіні тексеру · -жүйе туралы мәлімет · -жүйелік монитор
|