Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жады құрылымы.




Компьютерде екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау құрылгысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылгысы (ЖСҚ). Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциялық жүйе іске косылады. Компьютерді сөндіргенде ТЕСҚ-дағы ақпараттар өшпейді.

Жедел сақтау құрылгысы ЖСҚ - бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жүмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

ЖЕДЕЛ ЖАД

Жедел жад — бүл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын қүрылғы (ОЖҚ) — ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады (өшеді).

Компьютердіц аппараттық қүралдары компьютердің ішіне, қүрастырушы фирмада орнатылады. Компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алы-нады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық жүйе іске қосылады.

Жедел (оперативті) жадтағы құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпарат-тарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

 

ТЖҚ (ПЗУ): тұрақты жадтайтын құрылғы. ЖЖҚ (ОЗУ): жедел жадтайтын құрылғы.
Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад. Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад.
Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бүзылмайды. Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады.
Мүнда сақталған коман-даларды тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды. Мүнда жазылған командаларды оқуға да әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.

 

Жедел жадтың негізгі сипаттамасы — оның сыйымдылығы мен жылдам әрекеттілігі.

 

Лекция №6. ЭЕМ-нің программалық жабдығы. Программалық құралдардың күйі және даму тенденциясы.

Дәрістің мақсаты: ЭЕМ-ның программалық қамсыздануын меңгерту.

Жоспар:

1. ПҚ негізгі ұғымдары мен терминдері.

2. ПҚ жіктемесі.

3. Жүйелік ПҚ.

4. Қолданбалы ПҚ.

Кілттік сөздер:программа, программалық қамсыздандыру, утилиттер, қабықшалар.

Иллюстрациялық материал:схема, слайд.

Багдарламалық жабдықтау - компьютердің жұмысында қолданылатын бағдарламалар мен мәліметтер. Бағдарламалық жабдықтау жүйелік және қолданбалы бағдарламалардан, бағдарламалау жүйелерінен тұрады. Жүйелік бағдарламалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, драйверлер мен утилиттерден тұрады. Қолданбалы бағдарламалар арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді. Бағдарламалау жүйелері логикалық, құрылымдық және объектілі багдарланган багдарламалар болып үшке бөлінеді.

Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір-бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады.

Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын арнайы бағдарлама.

Утилиттер - бағдарламалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, өшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау көмегімен құжаттар кұруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады. Қолданбалы бағдарламаларды арнайы бағыттағы және әмбебап багдарламалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы мамандандырылган багдарламаларга бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. бағдарламалар.

Әмбебап багдарламаларга мәтіндік, графиктік редакторлар, әлектрондық кестелер, әлектронды байланыс бағдарламалары және басқа да жиі пайдаланылатын бағдарламалар жатады. Бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламаларды интегралданган багдарламалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, әлетрондық кестелерді, деректер қорын басқару бағдарламаларын алуға болады.

Багдарламалар жүйесіне бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар да енеді, олар арқылы кұрылған бағдарламалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 589; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты