Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Енгізу-шығару құрылғылары




Енгізу құрылғысы арқылы өнделетін ақпараттар, бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылгыларына пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады.

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізуге арналған қүрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен ком-пьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 102 пер-не болады (9-сурет).

 

Тышқан - экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — "Маус" манипуляторымен жабдықталған.

Бұдан былай оны тек маус (тышқан) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол — сүр түсті, тышқанның қүйрығына үқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы жөне кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы қүрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы (10-сурет), екі ба-тырмалы (11-сурет). Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жүмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп түрады. Маусты арнайы кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытады.

 

10-сурет. Үш батырмалы маус.

11-сурет. Екі батырмалы маус.

ТЕРТЕ (ДЖОЙСТИК)

Терте деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор (12-сурет). Терте қорап пен басқарушы түтқадан түрады және түтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады.

Түтқа мен батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекеттері беріледі.

Компьютердің аппараттық күралдары

Шыгару құрылгысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады. Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы.

Дисплей — компьютердің экранына ақпаратты шығаратын қүрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі те-левизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.

Дисплей — компьютердің "тілі", ол оның көмегімен езінің жүмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.

Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сөулені басқарушы электрондық блоктан түрады.

Дисплей символдық болса, экранда тек мәтіндік ақпарат, ал графикалық болса, экранда символдық ақпараттардан бас-ка әр түрлі графиктер мен суреттер шығаруға болады.

Принтер - ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін СD-RОМ қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы - СDRITTER қолданылады. Сканер – қағаздағы бейнені суретке түсіріп алуға және оны монитор экранында көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғы.

Компьютердің қосымша құрылгыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б. жатады. Модем - телефондық байланыс жүйесімен байланыстыру кұрылғысы. Стриммер — мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы (компьютерлік магнитофон). Сканердің тағы да бір анықтамасын былайша беруге болады: Сканер - мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютерге енгізу қүрылғысы. Плоттер - растр түрінде графикалық ақпараттың қатты көшірмесін шығару құрылғысы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 3813; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты