КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Есептеуіш техниканың даму тарихы.Есептеудің, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр. Есептеу қүрылғылары пайда болмай түрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бүл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүргізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді. Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір қүралдың көмегімен жүргізуді талап етті. Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу қүралы есеп-шот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, есеп-шоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бүл санау қүралын гректер мен Батыс Еуропалықтар "абак" деп, қытайлықтар "суанпан", жапон-дықтар "серобян" деп атаған. Бүл қүралмен есептеулер оның шүңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті әйнектерден, қола металдан жасалды. Есепшоттар бүл түрінде қайта өркендеу дөуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді (1-сурет). Есепшот Ресейде XVI—XVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер Есептеу техникасының даму тарихылогарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу қүралын жетілдірумен шүғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады (2-сурет). Мүндай қүрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. 2-суреш. Логарифм сызгышы. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш қүралы болып келді, бірақ электронды калькуляторлар соңғы кезде оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден түратын механикалық есептеу машинасын қүрастырды (3-сурет). Паскальдың машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды. 3-сурет. Паскалъ машинасы. 4-сурет. Арифмометр.
|