Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Адреномиметиктер




 

Адреномиметиктер – адренергиялық заттар, шеткері медиаторлар жүйесінің адренорецепторларына тікелей ынталандырушы әсер көрсететін заттар болып табылады.

 

Кесте 5.1.1. Адреномиметиктердің жалпы сипаттамасы.

 

Әсер ықпалы Қолданылу көрсеткіші Кері көрсеткіштері Жанама әсерлері
Адренорецепторлардың белсендіруші әсері: α1 және α2, β1 және β2, физиологиялық адренергиялық ықпалды жүзеге асырады Аллергиялық жағдайлар (анафилактикалық шок ж.т.б), риниттер, бронх тарылуы, АҚ жедел төмендеуі, атриовентрикулярлы тежелуі, аритмия, жүрек қызметінің тоқтауы, жергілікті жансыздандырумен біріктіріп, гипогликемиялық кома, ашық бұрышты глаукома түрі Геморрагиялық және кардиогенді шок, тахикардия, гипертензия, атеросклероз, тиреотоксикоз, стенокардия, атрофиялық ринит Бас ауруы, дірілдеу, қозу, тахикардия, аритмия, экстрасистолия, өкпе ісінуі, енгізілген жердегі некроз

 

5.1.1. α - және β – адреномиметиктер

Эпинефрин (Epinephrinum), адреналин. Эпинефрин α- және β– адренорецепторларды қоздыра отырып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің адренорецепторларына әсер етеді. Эпинефрин құрсақ іші мүшелерінің, терінің және шырышты қабаттың тамырларын тарылтып, артериалды қысымды жоғарылауына әкеледі. Жүректің β-адренорецепторларын белсендіру арқылы жүректің жиырылу күшін және жиілігін күшейттуге ықпал етеді. Адреналин қарашықты кеңейтеді, қолқа мен ішектің бұлшық етін босаңсытады, қандағы қанттың мөлшерін жоғарылатып, тіндік зат алмасуды күшейтеді, сілекей бездерінен көп бөлінуін қамтамасыз етеді. Ол гликогенолизді жылдамдатады, липолизді арттырады. Әсері ету уақыты өте қысқа, өйткені моноаминоксидаза ферменті арқылы жылдам гидролизге ұшырайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, бронх демікпесі, глаукома, басқа аллергендердің әсері кезіндегі жедел аллергиялық реакцияларда, қан қысымы бірден төмендегенде, коллапс, жүректің әлсіреуі кезінде, инсулинді мөлшерден тыс көп қолданған кездегі гипогликемиялық комада, Ересектер үшін мөлшері 0,3 – 0,75 мл, ал балалар үшін 0,1-0,5 мл 0,1% ерітіндісі қолданылады.

Кері көрсеткіштері.Тахикардия, гипертензия, атеролсклероз, аневризм, тиреотоксикоз, қант диабеті, жүктілік,стенокардия.

Жанама әсерлері.Мазасыздық, бас ауыруы, дірілдеу, гипоксия кезіндегі аритмия.

Шығарылу түрі.Егуге арналған 0,1% ерітінді 1 мл ампулада; жергілікті қолдануға арналған 0,1% ерітінді 30 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Epinephrinі 0,1% - 10 ml.

D.t.d. № 10 in ampullis

S. 0,5 мл бұлшық етке.

#

Норэпинефрин (Norepinephrinum), норадреналин – көбінесе тамырлардың α1-адренорецепторларына әсер етеді, сондықтан тамырларды тарылтатын әсері күшті, жүрекке белсендіруші әсері шамалы және бронхолитикалық ықпалы әлсіз болып келеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Хирургиялық араласуларда, жарақаттарда, уланулар мен басқа да артериалды қысым төмендеген кезде жүйелік қан қысымды жоғарылату үшін қолданады. Мөлшері 2–4 мг (2-4 мл) 0,2% ерітінді көк тамырға 5% глюкозамен немесе тамшылатып 1 литр изотоникалық ерітіндімен бірге енгізген жөн.

Кері көрсеткіштері.Толық атриовентрикулярлы тежелулерде, жүрек әлсіздігінде, айқын атеросклерозда.

Жанама әсерлері. Брадикардия, аритмия, ұйқының болмауы, дірілдеу, бас ауруы, және бастың айналуы.

Шығарылу түрі.0,2% 1 мл ерітінді инфузияға арналған ампуладағы ерітінді.

Рецепт үлгісі.Rp.: Sol. Norepinephrini 0,2%-1 ml

D.t.d N 6 in amp.

S. Көк тамырға тамшылатып.

#


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 268; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты