Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Интерлейкиндер




Интерлейкиндер иммунды жүйенің бір бөлігі болып табылады. Иммунитет жүйесі жасушаларының дифференцировкасы мен әсері, сонымен қатар реттеуші молекул-цитокиндерінің жасушаларымен өндірілген цитокиндер интерлейкин деген атауға ие болды. Микробтар мен басқа антигендермен белсендірілу кезінде лейкоцит түрінде шығарылады.

Беталейкин(Betaleukinum), макрофагтармен өндірілетін адамның рекомбинанты, пироген болып табылады (дене қызуын жоғарылатады), бағаналы жасушаларды, В- және Т-лимфоциттерді ынталандырады, қабынудың дамуына қатысады. 2 түрде кездеседі – ИЛ-1а және ИЛ-1в. Лейкопоэзді белсендіреді. Гемобелсендіруші және иммунды белсендіруші әсер көрсетеді. Препарат лейкопоэзді күшейтеді және цитостатиктер мен радиациялық сәулелер әсерінен зақымдалған жілік майының қан жасауын қалыптастырады және негізгі қабілеттілігі колониесимулирлеуші факторларды индуцирлеу және қан жасвудың әр түрлі талшық жасушаларының дифференцировкасы мен пролиферациясын қамтамасыз етеді. Препараттың иммунды белсендіруші әсері нейтрофильді, гранулоциттердің белсенділігінің жоғарлауына; иммунокомпетентті жасушалардың із ашаларларын индукциялық дифференцировкасы мен лимфоцит пролиферациясының белсенуімен және антиденелердің пайда болуының ұлғаюымен сипатталады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. II-IV дәрежелі токсикалық лейкопениясы кезінде лейкопоэзді белсендіруде, қатерлі ісіктердің химио- және радиотерапиясын қиындатуларда, лейкопения кезінде химиотерапияның қажеттілігінің лейкопоэз протекциясы, созылмалы септикалық үрдістер, ауыр жарақаттар, хирургиялық кіріспелер нәтижесінде дамитын 2-к иммунотапшылық. 15-20 нг/кг мөлшерде дене салмағына қолданылады, иммунитетті ынталандыру үшін 5-8 нг/кг дене салмағына қолданылады. Емдеу уақыты –күнделікті 5 реттен тамшы к/т инфузия т/а егуге.

Кері көрсеткіштері. Препарат құрамына жоғары сезімталдық, септикалық шок, айқын танылған қызба, жүктілік.

Жанама әсерлері. Қалтырау болуы мүмкін, бас ауыруы, дене қызуының көтерілуі, алларгиялық реакцияның дамуы.

Шығарылу түрі.0,05; 0,5 және 1 мкг егуге арналған ампуладағы ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Betaleukini 0,000001

D.t.d N. 5 in аmp.

S. 15–20 нг/кг (0,000000015) тәулігіне көк тамырға 1 рет.

#

Ронколейкин (Roncoleukinum), адам ағзасындағы интерлейкин-2 рекомбинанты, Т-хелперлер арқылы ронколейкин өндіреді және Т, В лимфоциттер, моноциттер пролиферациясы мен диференцировкасын ынталандырады. Эндогенді интерлейкин-2 жетіспеушілігін толықтырады және оның ықпалдарын өндіреді. Рецепторлармен әсерлеседі де Т және В лимфоциттердің, моноциттердің, макрофагтардың, олигодендроглиальді жасушалардың, Лангерганстың эпидермальдық жасушаларының өсуін, дифференцировкасын, пролиферациясын тежейді. Лимфокин белсендірілген киллерлердің түзілуін шақырады, ісік-инфильтірлеуші жасушаларды белсендіреді. Табиғи киллерлердің, цитотоксикалық Т-лимфоциттердің цитолитикалық белсенділігін ынталандырады; арнайы бағдарламаланған жасушалардың өлімі – апаптозға жасушалардың төзімділігін жоғарылатады. Иммундық қорғанысты қамтамасыз етеді: антибактериальдық, вирусқа қарсы, саңырауқұлаққа қарсы, ісікке қарсы.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Иммуносупрессиямен қосарланатын септикалық күй (пжарақаттан кейінгі, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, күйіктік, жаралық сепсис), қатерлі түзілімдер, соның ішінде бүйректің қатерлі ісігі. Көктамырға енгізіледі, тамшылатып 1-3 рет, 0,5-1 мг, арасындағы үзіліс 1-3 күн.

Кері көрсеткіштері.Препараттың әр құрамына жоғары сезімталдық, ашытқыға аллергия, аутоиммундық және жүрек қантамыр жүйесінің аурулары, жүктілік.

Жанама әсерлері.Тұмау тәрізді синдром (қысқа уақытты қалтырау, гипертермия)

Шығарылу түрі.0,2; 0,25; 0,5; 1; 2; 3 және 5 мг лиофилизирленген ұнтақ N.5.

Рецепт үлгісі. Rp.: Roncoleukini 0,0005

D.t.d N. 5

S. 0,5мг көктамырға 1-3 арасында үзіліс жасап енгізу қажет.

#

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 197; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты