Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Иммуноглобулин препараттары




Иммуноглобулиндерағзада антидене қызметін атқарады; антигенді белсенділік пен хелперлік белгі нәтижесінде пайда болатын В-лимфоциттердің дифференцировкасының соңғы сатысы болып табылатын плазматикалық жасушалармен өндіріледі. Олар жартылай қызметтік ақуыздарға жатады және келесі негізгі қызметтерді іске асырады:

1) өзіндік әртүрлі антигендер мен гаптендерді (толық емес антиген) табады;

2) өзіне сәйкес рецепторлары бар басқа иммунокомпетентті жасушалармен әсерлеседі;

3) комплемент жүйесін белсендіреді. Түрлі иммуноглобулиндердің қызметіне жауапты құрылымдар, бұл ақуыздық молекулалардың түрлі бөлігінде орналасқан.

Қазіргі кезде адам иммуноглобулиндерінің бес түрі белгілі:

IgM комплемент жүйесін белсендіреді;

IgE мес жасушалары мен базофильдердің бетіндегі арнайы рецепторлар мен әсерлеседі және бұл жасушалардан аллергия медиаторларын бөледі;

IgA адам ағзасындағы түрлі сұйықтарына бөлінеді, секреторлық иммунитетті қамтамасыз етеді;

IgD антиген үшін мембраналық рецептор ретінде әрекет етеді;

IgG түрлі белсенділік көрсетеді; соның ішінде плацента арқылы өту мүмкіндігі.

 

Адамның қалыпты иммуноглобулині (Immunoglobulinum humanum normal) иммунды белсендіруші дәрі болып табылады. Ағзада антиденелердің мөлшерін жоғарылатады. Бактерия, вирус және басқа да қоздырғыштарға қарсы опсонизирлеуші және нейтрализдеуші антиденелердің өндірілуін қамтамасыз етеді. Біріншілік және екіншілік иммуно тапшылықпен зардап шегетін ауруларда, IgG класындағы жетіспейтін антиденелердің өндірілуін қамтамасыз ету арқылы инфекцияның туындауын төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Біріншілік иммуно тапшылық синдромдары кезіндегі инфекциялық пролиферациясы: агаммаглобулинемияда, қарапайым вариабельды иммуно тапшылықта, а– немесе гипогаммаглобулинемиямен байланысты кезінде; IgG класының тапшылығы, созылмалы лимфолейкозбен, балалардағы АИЖТ-мен шақырылған екіншілік иммуно тапшылық синдромының алдын алу шараларында, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ауыр бактериялық сонымен қоса сепсис және вирусты инфекция, жетілмеген балалардың инфекциялық алдын алу шараларында, аутоиммунды нейтропения, қан жасаудың қызыл жасушаларының парциялды аплазиясы, иммунды пайда болатын тромбтоцитопения, жаңа туған нәрестелердегі изоиммунды тромбоцитопения, гемофилия, цитостатиктер және иммунодепресанттармен емдеу және инфекцияларды емдеу, біріншілік түсік тастаудың алдын алу шаралары. 1 рет қолданылатын мөлшер иммуноглобулиннің 0,05-0,2 г/кг дене салмағына (2,5-10 г) құрайды. Жеке жағдайларда, септико-токсиемиялық жағдайларда, күнделікті иммуноглобулин мөлшері 1г/кг дене салмағына дейін ұлғаюы мүмкін. Емдеу уақыты 3-10 трансфузиялардан тұрады.

Кері көрсеткіштері.Адам ағзасындағы иммуноглобулиндерге сезімталдықтың жоғарлауы, әсіресе IgA тапшылығы бар науқастарда.

Жанама әсерлері. Бас ауыруы, лоқсу, бас айналу, іш ауыруы, іштің өтуі, гипо- және гипертензия, тахикардия, цианоз, ентігу, қысу сезімі, гипотония, коллапс, есін жоғалту, гипертермия, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, арқаның ауыруы, миалгия, қызу толқулары немесе суық сезімінің болуы.

Адамдағы қалыпты иммуноглобулин [IgG+IgA+IgM] (Immunoglobulinum humanum normal [IgG+IgA+IgM]) IgG сияқты бактерияға, олардың токсиндеріне және вирустарға қарсы әр түрлі антиеденелер жатады. Бұл жалғыз Ig плацента арқылы енеді және жаңа туған нәрестенің иммунды қорғанысын қамтамасыз етеді. IgM пентамер болып табылады, яғни 5 төрт тізбекті құрылымнан тұрады. IgM жататын антиденелер, иммундық жауаптың ерте деңгейінде көрінеді, ол инфекциялық қабынудың бастапқы фазасында қорғаныстық қызмет атқарады. IgA қан сарысуында сонымен қатар, әр түрлі секреттерде болады, ол шырышты қабықтарды патогенді микроорганизмдерден қорғайды. Ig препараттарының бірнеше фармакологиялық әсер көрсететін механизмдері белгілі, аутоантиденелердің антиидиотипиялық антиденелермен өнімінің нейтролизациясын тежейді және Т-жасушалардың қызметіне цитокиндердің өніміне және белсенділігіне әсер етеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Біріншілік және екіншілік иммуно тапшылық. Тромбоцитопениялық пурпура, Кавасанис синдромы, аутоиммунды гемолитикалық қаназдық. Мөлшері енгізілетін препараттардың қасиетіне байланысты және 100-ден 500 мг/кг жұмасына қамтиды. Аутоиммунды ауруларды емдеу үшін өте жоғары мөлшерлер 500-ден 1000 мг/кг 2-5 күн аралығында емдейді.

Кері көрсеткіштері. Анафилаксиялық шок немесе ауыр жүйелі жауап к/т немесе б/е Ig препараттарының енгізуі науқас анамнезінде. Құрамында IgA класы бар Ig препараттары IgA жетіспеушілі бар науқастарға тиым салынады (себебі бұл науқастарда IgA қарсы антиденелер болады).

Жанама әсерлері. Жанама әсерлер баяу дамиды, бірақ-та бастапқы енгізгенде тахикардия, жүрек айнуы, енсенің түсуі, дене қызуының көтерілуі, артралгия байқалуы мүмкін. Айқын әсерлерден кейін препаратты енгізуді тоқтату керек.

Цитомегаловирустарға қарсы иммунолобулин(Immunoglobulinum anticytomegalovirus) - бұл адамның Ig, цитомегаловирусқа қарсы өзіндік антиденесі бар.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеуі. Иммунды жетіспеушілігі бар науқастарда цитомегаловирусты инфекцияны емдеу және алдын-алу шаралы (сонымен қатар басқа да себептермен пайда болған, жаңа туған нәрестелерде, дәрілік иммунодепрессиясы бар иммунды жетіспеушілігі бар науқастарда мысалы, АИВ). Бір реттік қолданылатын мөлшері – 50 МЕ/кг. Енгізу жылдамдығы 20 тамшы/мин (1 мл/мин).

Кері көрсеткіштері.Адам Ig-не жоғары сезімталдықтығы. Сирек жағдайларда IgА жетіспеушілігінде және IgА-ға қарсы антиденелердің көптігі, жүктілік, лактация кезеңінде.

Жанама әсерлері. Қалтырау, бас ауыруы, гипертермия, жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакциялар, буынның қақсауы, арқаның ауыруы. Кейбір жағдайларда – анафилаксиялық шоқ.

Гепатит В-ға қарсы иммуноглобулин. (Immunoglobulinum antihepatitis B) иммунизирленген рекомбинантты гепатит В вакцинасының донорлық қан сарысуынан алынған иммунологиялық белсенді ақуыздың фракциясы болып табылады. Препараттың бастапқы әсері гепатит В вирусының беткей антигеніне антидене болып табылады. Ол вирустың рецепторларын бөгеттеп және сонымен инфекция дамуының қаупін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Балалар мен ересектерде гепатит В-ның жедел алдын алу шараларында. Препарат мөлшері белгілі бір кесте бойынша қолдануға байланысты (иммуноглобулинді енгізу бекітілген тіркеу түрлерінде серияның номері, шығарылу күні, жарамдық мерзімі, шығарушының мекемесі, енгізу күні, мөлшері, енгізуге әсері).

Кері көрсеткіштері. Адам қанының препаратын енгізгенде ауыр аллергиялық әсерлері дамитын адамдарға. Иммунопатологиялық жүйелік аурулардан зардап шегетін адамдар (қан, дәнекер тін аурулары, нефрит және т.б.)

Жанама әсерлері. Жергілікті әсерлері: ауырсыну, енгізген жерде сезімталдықтың жоғарлауы, қалтырау, эритема, экхимоздар, ісіну, жылулық және түйіндердің түзілуі. Кейде бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, жүрек айнуы, іштің өтуі, құсу, іштің ауыруы, диспепсиялық бұзылыстар.

11.3. Аллергияға қарсы дәрілер

Аллергия - әртүрлі заттардың ағзаларға әсерінен болатын (жоғары сезімталдық) сенсибилизация салдарынан туындайтын патологиялық үрдіс.

Ағзаның бөгде заттарға сенсибилизациясы мен аллергиялық реакциялардың дамуы иммунды жүйенің қатысуымен жүреді (11.3.1. сурет). Ағзаға түскен бөгде заттар белгілі бір жағдайларда (мысалы, ақуыздармен байланысқан кездерде) антигендік қасиетке ие болады. Бөгде заттардың ақуыздары табиғи болған кезде (алдын ала айналусыз) өздері антигендік қасиетке ие болып келеді. Антигендердің айрықша ерекшеліктеріне – лимфоциттерді белсендіретін қабілеті жатады, яғни антиденелерді өндіретін пламоциттерге айналады.

Антиденелер ерекше ақуызды бөлшектер, олар ангигендермен әрекеттеседі және олармен тұрақты жиынтықтар түзейді. антиденелер сонымен қатар, ағза тіндерінің кейбір жасушаларында орнығатын қабілеті бар. Көп жағдайларда антиденелер месше жасушалардың беткейінде орнығады, оларды әртүрлі биологиялық белсенді заттар болады (гистамин, серотонин, простагландиндер, гепариндер және т.б.).

Антиденелердің орнығуы арқасында месше жасушалар сенсибилизирленеді. Бұл, яғни ангигендірдің ағзаға қайта түсуі кезінде, олар аталған жасушалар беткейіндегі антиденелермен әрекеттеседі. Соңғысы месше жасушаларының деграниляциясына (бұзылуына) әкеледі және олардан қоршаған тіндерден биологиялық белсенді заттардың босап шығуына әкеледі. Месше жасушаларындағы болатын биологиялық белсенді заттар, өздерінің қасиеті бойынша аллергия медиаторына жатады, яғни жергілікті және жалпы аллергиялық реакцияны туғызуға қабілетті.

Гистамин –биогенді амин, ол гистидиннің декарбоксилирленуі кезінде түзіледі және түзілгеннен кейін жиналады немесе тез бұзылады. Ол өмірге қажетті қызметтерді реттейді, сонымен қатар ОЖЖ-нің медиаторы. ОЖЖ-де пресинаптикалық ұштарында гистаминергиялық нейрондар болады.

Нейромедиатор ретінде ОЖЖ триггер жұмысының – құсу орталығы аймағында вестибулярлы рефлекстерді жүзеге асыруға қатысады, күйзеліс кездерінде симпато-адренал мен гипофиз-адренал жүйесінің мобилизациясына, асқазанның секреторлы қызметі мен шырышты қабатының трофикасын реттеуге қатысады.

Тіндерде біркелкі орналаспайды. Гистамин байланысқан түрде жасуша ішілік қорда болады, физиологиялық белсенділік көрсетпейді. Онда гстамин екі түрде болады:

Тұрақты байланыста – көптеген тіндерде (ОЖЖ) физиологиялық реакцияларға қатысады (асқазан бездерінің секрециясы, регенерирлеуші және өсуші тіндердегі ақуыз синтездеріне, капилляр ұанайналымын реттейді, ОЖЖ-де жүйке импульстарының берілуін, ауыру мен қышыну рецепторларының белсенуі;

Салыстырмалы нықты байланыста – Эрлих месше жасушаларындағы (90%) және базофильді (10%) гепаринді-ақуызды жиынтық, аллергия кезінде босап шығады.

Гистамин қабыну үрдісінің дамуындағы кез келген табиғатына қатысады. Тіндердің гиперемиясын, қабыну ісінуінің дамуына әкелетін тамырлардың суға, ақуызға, нейтрофильдерге өткізгіштігін жоғарылатуды туғызады.

Гистамин үшін үш типті рецепторлар тән; Н1, Н2, Н3. Н1-гистаминді рецептордың қозуы бронхтың, ішектің спастикалық жиырылуымен жүреді. Н2-рецепторлардың қозуы үшін ең тән қасиет асқазан бездерінің секрециясының жоғарылауы жатады. ОЖЖ-гі Н3-рецепторларының қозуы ұзақ уақытқа тыныштандырғыш, ұйқыны (димидролдың ұйқыны туғызатын әсері осымен түсіндіріледі).

Н1- рецепторлары ішектің, бронхтың, жүкті емес жатырда, ұсақ тамырлардағы тегіс салалы бұлшық еттерінде және ОЖЖ- орналасқан.

Н2-рецепторлар асқазанның тостаған жасушаларында, жүректе, месше жасушаларында, базофильді және нейтрофильді лекоциттерде, жүкті жатырда орналасқан.

Гистаминді Н1-рецепторлармен әрекеттесу арқылы, гистамин инозитол-3-фосфат пен диацилглицеролдың босап шығуымен жүретін фосфотидилинозитолды ыдырататын жасуша мембранасындағы фосфолипаза С белсендіреді, ол тегіс салалы бұлшық еттердегі ретикулумдағы эндоплазматикадан кальцийдің босап шығуына ықпал етеді және сонымен олардың жиырылуына әкеледі.

Яғни, гистамин Н1-рецепторларға әсер етумен бронхтың, артериолдардың, венуланың тегіс салалы бұлшық еттеріні жиырылуын туғызады, әсіресе алдыңғы және кейінгі капиллярлардың, ішектің және жатырдың сфинктерін. Гистаминнің үлкен мөлшерде босап шығуы бронхтың тарылуына, жрекке қанның қайта келуінің шектелуін, жүрек лақтырысының азаюы мен ұанның минуттық көлемінің азаюына әкеледі; жасуша аралық кеңістіктің кеңеюінің арқасында тамырлар қабырғасында плазманың сұйық бөлігінің транссудациясы күшейеді, қан қоюланады, АҚК азайады. Осының барлығы АҚ төмендеуіне әкеледі және тіндердің гемоперфузиясын нашарлатады.

Сурет. 11.3.1. Аллергиялық реакцияның даму кестесі және аллергияға қарсы дәрілердің негізгі әсер ету бағыты

 

Терінің сезімтал рецепторларының тітіркенуі күйдіру, қышыну және ауыру сезімдерін туғызады. Гистаминнің ықпалын азайту немесе алдын алу мақсатымен гистаминге қарсы дәрілер қолданылады, олар гистаминді рецепторларды тежейді. Олар гистаминнің синтезіне және бөлінуіне әсер етпейді, олар рецепторлармен байланысуға бәсекелестік болады (яғни гистаминге қарсы дәрілердің әсерінен бос гистаминнің бөлінуі өзгермейді).

Аллергиялық реакциялар үрдісіне кедергі жасау үшін, гистаминге қарсы дәрілерден басқа да препараттар тобын қолданады.

Аллергияға қарсы дәрілерге жатады:

1.Н1-рецепторларын тежейтін гистаминге қарсы заттар (дифенгидрамин гидрохлориді, мебгидрамин, квифенадин, хлоропирамин, прометазин гидрохлориді, клемастин, астемизол, цетиризин, лоратадин).

2.Мес жасушаларының бұзылуына кедергі жасайтын дәрілер (кромоглиций қышқылы, недокромил натрий, кетотифен).

3.Глюкокортикоидты дәрілер («Бүйрек үсті безі қыртысы гормондарының дәрілік заттары» тақырыбын қарау).

4.Аллергияға қарсы симптоматикалық дәрілер (эпинефрин, аминофиллин, теофиллин).

11.3.1. Гистаминге қарсы дәрілер

Дифенгидрамин(Diphenhydraminum), димедрол. Дифенгидрамин Н1- рецепторларын тежейтін гистаминге қарсы заттардың негізгі ізашары болып табылады. Сонымен қатар жергілікті жансыздандырушы әсер көрсетеді, вегетативті жүйке түйіндерінің холинорецепторларын әлсіз дәрежеде тежеп, спазмолитикалық әсеріне байланысты, бірыңғай салалы бұлшық етті босаңсытады. Дифенгидраминнің басты ерекшелігіннің бірі тыныштандыратын әсер көрсетуі. Қажет ететін мөлшерде ұйықтататын әсер көрсетеді. Әлсіз құсуға қарсы зат болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Аллергиялық аурулар, аллергодерматоздар, ұйқысыздық.. Ересектерге ішке қабылдау мөлшері 25-50 мг (таблеткалар 25; 50; 100 мг №10) күніне 1-3 рет, бұлшық етке 10-50 мг (ерітінді 1%-1мл ампулалар).

Кері көрсеткіштері.Жабық бұрышты глаукома, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, жүктілік, лактация, бала жасы.

Жанама әсері. Тыныштандыратын әсері, ауыз қуысының шырышты қабатының ұюы, бас айналу, әлсіздік, атаксия, дірілдеу, көру және естудің бұзылуы, артериалды гипотензиясы, аритмия, қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, ауыз қуысының құрғауы, диспепсиялық бұзылыстар, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.Балаларға арналған 20 мг таблеткалар және 25, 30, 50 және 100 мг таблеткалар N.10; 5 мг гранулалар; 1% 1 мл ампуладағы және шприц-тюбиктағы егуге арналған ерітінді; 10 мг балаларға арналған тік ішек балауыздары N. 5.

Рецепт үлгісі. Rp.: Diphenhydraminі 0,02

D.t.d N. 10 in tаb

S. ½ –1½ таблеткадан тәулігіне 1 – 3 рет.

#

Мебгидролин(Mebhydrolinum), диазолин. Мебгидромин - Н1- гистаминді рецепторларының тежегіші. Аллергияға қарсы, қышымаға қарсы, экссудацияға қарсы және әлсіз тыныштандыратын әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеуі.Аллергиялық ринит (маусымдық, созылмалы), поллиноз, аллергиялық конъюктивит, есекжем, терінің созылмалы ауруы (экзема), жәндіктердің шағуына тері реакциясы; қышыма дерматоздарға және бронх демікпесіне үйлесімді емді ішке және тамақтан кейін тағайындайды. Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға: күніне 100-300 мг (таблеткалар, дражелер 50; 100 мг №10; 20 ). 5-10 жастағы балаларға: күніне 100-200 мг. 2-5 жастағы балаларға: күніне 50-150 мг. 2 жасқа дейінгі балаларға: күніне 50-100 мг.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы (қозу сатысында), АІЖ-ның қабыну аурулары, қуық асты безінің гипертрофиясы.

Жанама әсері.Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз қуысының құрғауы болуы мүмкін; агранулоцитоз.

Шығарылу түрі.50 және 100 мг таблеткада және дражеде N. 10, 20.

Квифенадин(Quifenadinum), фенкарол. Квифенадин - аллергияға қарсы әсер көрсететін гистаминге қарсы зат. Гистаминнің әсерін әлсіретеді (оның бронхоспастикалық әсерін, ішектің бірыңғай салалы бұлшық етінің спазмогенді әсерін және тамырлардың өткізгіштігіне әсерін төмендетеді). Инактивациялайтын гистамин Н1-рецепторларын тежеп қана қоймай, тіндердегі гистамин шоғырымын төмендетеді және фермент – диаминоксидазаны белсендендіреді. Серотонинге қарсы әлсіз М – холинотежеуші әсер көрсетеді. ОЖЖ-ін тежемейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Поллиноз, есекжем, ангионевротикалық ісік, аллергиялық ринопатия, дерматоздар (экзема, псориаз (теңге қотыр), атопиялық дерматит, тері қышымасы), бронхоспастикалық құрамы бар инфекциялық-аллергиялық реакциялар. Ересектерге 25-50 мг күніне 3-4 рет (таблеткалар 25; 50 мг №20). Балаларға: 3 жасқа дейінгі 5 мг күніне 2-3 рет; 3-7 жастағы 10 мг күніне 2 рет; 7-12 жастағы 10-15 мг күніне 2-3 рет; 12 жастан жоғары 25 мг күніне 2-3 рет.

Кері көрсеткіштері.Сезімталдықтың жоғарлауы, жүктілік (І үшайында).

Жанама әсері.Ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық.

Шығарылу түрі.10 мг балаларға арналған таблеткалар және ересектерге арналған таблеткалар 25 және 50 мг N. 20.

Хлоропирамин(Chloropyraminum), супрастин. Хлоропирамин Н1-гистамин рецепторларын тежеу арқылы гистаминнің фармакологиялық әсерлерін тежейді. Атропин препаратының әсеріне ұқсас орталық (ынталандыратын және тежейтін) және шеткі әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеу.Аллергиялық конъюктивит, аллергиялық ринит, вазомоторлы ринит, поллиноз, уртикария, ангионевротикалық ісіну, қан сарысулық ауруы, аллергиялық дерматит, экзема, аллергиялық медикаментозды реакциялар, қан құю кезіндегі реакциялар, анафилактикалық реакциялар, есекжем. Ересектерге арналған мөлшері 25 мг (таблеткалар 25 мг №10; 20), балаларға 5-12 мг (1/4 және 1/2 таблеткалар) күніне 2-3 рет.

Кері көрсеткіштері.Жүктілік, лактация, жаңа және шала туылған нәрестелер, глаукома, қуық үсті безінің гипертрофиясы, препаратқа сезімталдықтың жоғарлауы.

Жанама әсері.Ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары.

Шығарылу түрі. 25 мг таблеткада N. 10, 20; 2% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.

Прометазин(Promethazinum), дипразин, пипольфен. Препараттың гистаминге қарсы белсенділігі жоғары (димедролмен салыстырғанда белсенділігі жоғары). Н1-гистамин рецепторларын тежейді. Тыныштандыратын әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Аллергиялық аурулар, айқын аллергиялық құрамымен жүретін ревматизм ауруы, дәрілік заттармен шақырылған аллергиялық асқынулар, қышыма дерматоздар (тері аурулары), Меньер ауруы. Сонымен қатар хирургияда наркотикалық анальгетиктер және жергілікті анестетиктердің әсерін арттыру, наркоз әсерін ұзарту үшін литикалық қоспаның құрам бөлігі болып табылады. Ішке 0,025 гр (драже 25 мг №10) күніне 2-3 рет, бұлшық етке және көктамырға 2,5 % 1-2 мл ерітінді.

Кері көрсеткіштері.Алкогольді мастық жағдайы, көлік жүргізушілерге жұмыс барысында тағайындауға болмайды.

Жанама әсері.Ауыз қуысының құрғауы, жүрек айнуы. Бұлшық етке енгізгенде ауырсыну шақыратын инфильтраттар, ал көктамырға енгізгенде артериялық қысымның күрт төмендеуі байқалады.

Шығарылу түрі.25 мг драже N. 20; 2,5% 2 мл егуге арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Dragee Promethazinі 0,025

D.t.d N. 20

S. 1 – 2 дражеден күніне 2 – 3 рет.

#

Клемастин(Clemastinum), тавегил. Клемастин Н1-гистамин рецепторларының тежегіші – этаноламиннің туындысы. Аллергияға қарсы әсері бар, тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді, тыныштандырғыш және М-холинотежеуші әсер көрсетеді, ұйықтататын белсенділігі жоқ. Гистаминмен шақырылған вазодилятация дамуын және бірыңғай салалы бұлшық еттің жиырылуының алдын алады. Капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, экссудацияны және ісіктің қалыптасуын тежейді, қышыманы азайтады, жергілікті анестезиялаушы әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Поллиноз, аллергиялық ринит, есекжем, қышыма дерматоздары, жанасқан дерматит, дәрілік аллергия, жәндіктердің шағуы, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок және анафилактоидты реакциялар, аллергиялық және псевдоаллергиялық реакциялар, қан сары сулық ауру, геморрагиялық васкулит, жедел иридоциклит. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 мг (таблеткалар №10, 20, 30), 6-12 жастағы балаларға 0,5-1 мг күніне 2 рет, 1-6 жасқа дейінгі балаларға 1 шай қасықтан (шырын 0,013%); көктамырға және бұлшық етке ересектерге 2 мг (0,1% – 2 мл ампула) күніне 1 рет, балаларға күніне 0,025 мг/дене салмағына.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезеңі, бала жасы (1 жасқа дейін), 6 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде.

Жанама әсері.Жоғары күйзеліс, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, дірілдеу, әлсіздік, шаршау сезімі, тежелу белгілері, қозғалыстыға бұзылу, аритмия, бронхоспазм, ауыз қуысының құрғауы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, іштің өтуі немесе іш қатуы, гастралгия, зәр шығарудың қиындауы, гемолитикалық қаназдық, тромбоцитопения, агранулоцитоз, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі.1 мг таблеткада N.10; 0,01% 60 және 100 мл флакондағы шырын; 0,1% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді N. 5.

Астемизол(Astemizolum), асмовал, гисталонг. Астемизол ұзақ әсер көрсететін гистаминге қарсы дәрі. Шеткі Н1-гистамин рецепторларын тежейді, гистаминмен шақырылатын бірыңғай салалы бұлшық ет спазмын тоқтатады, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді. Физикалық жүктемемен және өкпе гипервентиляциясымен шақырылған бронхоспазмды әлсіретеді. Әлсіз серотонинге қарсы белсенділігі бар. Тыныштандыратын және холинотежеуші әсер көрсетпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Аллергиялық ринит, аллергиялық конъюктивит, аллергиялық тері реакциялары, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидты реакциялар, бронх демікпесі. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға – 10 мг күніне 1 рет, 6-12 жастағы балаларға 5 мг күніне 1 рет, 6 жастан төмен балаларға 2 мг/10 дене салмағына 1 рет қолдануға арналған суспензия түрінде.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация, 2 жасқа дейінгі балалар, бауыр жетіспеушілігі, гипокалиемия.

Жанама әсері.Тыныштандыратын әсер, тыныс алу жолдарының шырышты қабатының құрғауы, тәбетінің және дене салмағының жоғарлауы, тахикардия, қарыншаның фибрилляциясы, тырыспалар, коллапстық жағдайлар.

Шығарылу түрі.5 мг N.20 және 10 мг таблеткалар N.10, 20, 100; 0,1% ішке қолдануға арналған 50 және 100 мл флакондағы суспензия.

Цетиризин (Сetirizinum), зиртек, зетринал, зодак, цетрин, парлазин. Цетиризин - Н1-гистамин рецепторларын тежейтін, гистаминнің бәсекелестік антагонисті, гидроксизин метаболиті. Аллергиялық реакциялардың ағымын алдын алады және жеңілдетеді. Қышымаға және экссудацияға қарсы әсер көрсетеді. Аллергиялық реакциялардың бастапқы сатысына әсер етеді, аллергиялық реакциялардың соңғы сатысында қабыну медиаторының босап шығуына кедергі жасайды және эозинофилдердің, нейтрофилдердің және базофилдердің көшуін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Маусымдық және жылдық аллергиялық ринит; аллергиялық конъюктивит; поллиноз; есекжем, сонымен бірге созылмалы идиопатиялық есекжем; аллергиялық дерматит, тері қышымасы, ангионевротикалық ісіну, атопиялық бронх демікпесі (үйлесімді терапиямен бірге). Ересектер және 6 жастан асқан балаларға 10 мг күніне 1 рет немесе 5 мг күніне 2 рет (10 мг таблеткалар), 2-6 жастағы балаларға 5 мг күніне 1 рет немесе 2,5 мг күніне 2 рет, 1-2 жастағы балаларға 2,5 мг (5 тамшы) күніне 2 рет (0,1% шырын).

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық (сонымен қоса гидрокортизонға), жүктілік, лактация кезеңі.

Жанама әсері.Ұйқышылдық, ауыз қуысының құрғауы, сирек бас ауыруы, бас айналуы, бас сақинасы, асқазан-ішек жолындағы жайсыздық, аллергиялық реакциялар (ангионевротикалық ісіну, бөртпе, есекжем, қышыма).

Шығарылу түрі.10мг таблетка N. 5, 7, 10, 20; 1% 10 және 20 мл ішке қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 0,1% 60, 75, 100 және 150 мл флакондағы ерітінді.

Лоратадин (Loratadinum), кларитин, лоратин. Лоратадин аллергияға қарсы және қышымаға қарсы әсер көрсетеді. Үйренуді шақырмайды. Алкоголь әсерін күшейтпейді, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесіне байланысты әсерлер көрсетпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Есекжем, Квинке ісігі, қан сарысулық ауру, аллергиялық ринит, конъюктивит, дерматит, бронх демікпесінің инфекциялық емес аллергиялық түрі, медикаментозды аллергия. Жәндіктер шағуынан болған аллергиялық реакцияны басады. Ересектер және 12 жастан асқан балаларға ішке 1 таблеткадан (10 мг) күніне 1 рет. 2-12 жастағы балаларға: дене салмағы 30 кг 1/2 таблетка, ал 30 кг артық болса 1 таблеткадан күніне 1 рет.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, лактация кезеңі. 2 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде рұқсат берілмейді.

Жанама әсері.Құсу және ауыз қуысының құрғауын сирек шақырады.

Шығарылу түрі.10 мг таблеткада N. 7, 10, 12; 0,1% 50, 60, 100, 120 және 125 мл флакондағы шырын; 0,1% 30 және 100 мл ішке қолдануға арналған флакондағы суспензия.

11.3.2. Мес жасушасының түйіршіксізденуіне кедергі жасайтын дәрілер

Натрия кромогликат (Natrii cromoglycatum), интал, кромолин, натрия кромогликат - аллергияға қарсы және мембрананы тұрақтандыратын дәріге жатады. Месше жасушаларының мембранасын тұрақтандырады, кальций иондарының кіруін тежейді, бұзылуды және одан гистаминнің, брадикининің, лейкотриеннің, простагландиндердің және басқа да биологиялық заттардың босатылуын. Аллергиялық және қабыну реакцияларының басталуын ескертеді, бронхоспазмды хемотаксис эозинофильдерін баяулатады. Рецепторларды тежейді, қабыну медиаторлары үшін арнамалы болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронх демікпесі, бронх демікпесінің ұстамасы, бронх демікпесінің атониялық түрінде, инфекциялық аллергия ауруларында, демікпелі бронхитте, демікпе ұстамасымен жүретін пневмосклероз, әсіресе аллергиялық құрамада, аллергиялық ринит пен конъюктивитте. Ингаляциялық аэрозоль (5-10 мг) 4-8 реттен тәулігіне, мұрынға 1 тамшыдан 3-4 рет тәулігіне, ішке 100-200 мг (капсулада 100 мг №100) күніне 4 рет.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, жүктілікте, бала емізуінде, балаларға 2 жасқа дейін (мөлшерленген аэрозольда – 5 жасқа дейін), жүктілік кезде алғашқы 3 айда және балаларға 5 жасқа дейін. Бауыр және бүйрек ауыратын науқастарға байқап қолдану керек.

Жанама әсері.Кейде жөтел және қысқа уақыттық бронхоспазм пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі.20 мг капсуладағы ингаляцияға арналған ұнтақ N. 30, 50, 100; 100 мг ішке қолдануға арналған капсула N.100; 1 және 2% 2 және 10 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; мөлшерленген аэрозоль 10 мл баллонда (5 мг/мөлшер – 112 мөлшер) және 15 мл (1 мг/мөлшер – 200 мөлшер); 2% 5, 10 және 13,5мл флакондағы көз тамшысына арналған ерітінді және 0,25мл тюбик-тамшыдағы ерітінді; 4% 10 мл флакондағы ерітінді; 2% 15, 26 және 28 мл флакондағы интраназальды қолдануға арналған спрей-ерітіндісі (2, 2,6 және 2,8 мг/мөлшерде).

Рецепт үлгісі. Rp.: Natrii cromoglycati 0,02

D.t.d N. 6 in caps.

S. 1 капсуладан ингаляцияға тәулігіне 4 - 8 рет.

#

Недокромил натрия(Natrii Nedocromilum), тайлед. Недокромил натрия – демікпеге қарсы дәрі. Әр түрлі жасушалардағы (эозинофильдер, месше жасушалары, нейтрофильдер, макрофагтар, моноциттер және тромбоциттер) қабыну медиаторларының, сонымен қатар гистаминнің, цитокиндердің, лейкотриендердің С4, ПГД2, хемотаксикалық факторлардың, ферменттердің (бета-глюкуронидаза мен басқалары) босап шығуын тежейді. Ингаляциядан кейін бронх ағашының қабығында қонады және бастапқы, кешкі демікпелі реакцияларын тежейді. Өкпедегі афферентті жүйкелерге әсерін тигізеді, аксон-рефлекс және сенсорлық нейропептидтердің (Р субстанциясы, нейротоксин А) босап шығуына ықпалын басады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронхо обструктивті синдром: әр түрлі генездегі бронх демікпесі, сонымен қатар бронх демікпесі физикалық жүктемеде, бронхоспастикалық реакциялар, созылмалы обструктивті бронхит. Үлкен адамдарға және кіші балаларға 12 жастан жоғары бастапқы мөлшер – 2 ингаляция (4 мл) тәулігіне 4 реттен, керек жағдайда тәулігіне 6-8 реттен, қосымша терапияға – 2 ингаляциядан тәулігіне 2 рет.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, кішкентай жастарда 12 жасқа дейін. Жүктілік (І үш айында) және бала емізуінде.

Жанама әсері.Жөтел, тыныс алу жетіспеушілігі, бронхоспазмдар, бас ауыру, бас айналуы, құсу, жүрек айнуы, диспепсия және т.б.

Шығарылу түрі.Ингаляцияға арналған баллондағы аэрозоль (2 мг/мөлшер – 56, 82 және 112 мөлшер); 1% 15 және 30 мл флакондағы интраназальды қолдануға арналған ерітінді; 2% 5 және 10 мл флакондағы көз тамшысының ерітіндісі қолданылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Nedocormili 2% - 5 ml

D.S. 1 – 2 тамшыдан күніне 5 – 8 рет.

#

Кетотифен(Ketotifenum), задитен. Кетотифен – месше жасушаларын тұрақтандырады, шамалы Н1-гистаминді тежеуші белсенділік қасиеті бар, базофильдер мен нейтрофильдерден гистаминнің, лейкотриендердің шығуын басады, тыныс алу жүйесінде эозинофильдің жиналуын төмендетеді және гистоминге реакциясы бар бастапқы және кешкі демікпелі реакцияларды басады. Бронхоспазмның алдын алуын ескертеді, бронходилатирлеу ықпалы жоқ. ФДЭ-ны баяулатады, нәтижесінде май тіндеріндегі жасушаларда цАМФ құрамы жоғарылайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулардың алдын алу шараларында: атопиялық бронх демікпесі, аллергиялық бронхит, пшенді қызба, аллергиялық дерматит, қышыма, аллергиялық конъюктивит. Ішке тамақпен бірге, үлкендерге 1мг 2 реттен тәулігіне таңертен және кешкілік. Балаларға 6 айға дейін – шырын 0,05 мг/кг, 6 айдан 3 жасқа дейін – 0,5 мг 2 реттен тәулігіне, 3 жастан және жоғары – 1 мг 2 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері.Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезінде байқау керек. Қояншық, бауыр жетіспеушілік.

Жанама әсері.Ұйқышылдық, бас айналу, тыныштандыратын ықпал, әлсіздік, ауыз құрғауы, тәбетінің жоғарлауы, жүрек айнуы, құсу, гастролгия, дизурия, іштің қатуы, дизурия, цистит, тромбоцитопения, дене салмағының ұлғаюы, терідегі аллергиялық реакциялары.

Шығарылу түрі.1 мг таблетка және капсула N. 10, 20, 30, 50, 100; 0,02% 100 және 200 мл флакондағы ішке қолдануға арналған шырын.

 

11.3.3. Глюкокортикоидтар (10.1. Стероидты қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер тақырыбын қарау)

11.3.4. Симптоматикалық аллергияға қарсы қолданылатын дәрілер

Эпинефрин(Адренергиялық дәрілер, адреномиметиктер).

Аминофиллин(Aminophyllinum), эуфиллин. Аминофиллин - бронхолитикалық дәрілер, бронхтардың бұлшық еттерін, қан тамырларын босаңсытады, шеткі венодилатациялық әсер көрсетеді, бүйрек қан ағысын жоғарылатады. Тыныс алу орталығын ынталандырады, жүректің жиырылу күшін және жиілігін жоғарылатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронх демікпесі, бронхитте, өкпе эмфиземасында, бронхоспазмдардың шеттетілуі; тыныс алу орталығы жағынан бұзылыс; өкпелік-жүрек; ми қан айналымының бұзылысы; қан айналу жетіспеушілігі, жүректік және бүйректік ісінулер (қосалқы зат ретінде қиыстырылған терапия құрамында). Ішке ересектерге тамақтан кейін күніне 3 реттен 0,15 г (таблеткалар 150 мг N30, ампулалар 2,4 % - 10 мл және 24 % - 1 мл), балаларға дене салмағына сәйкес 7-10 мг/кг күніне 4 реттен.

Кері көрсеткіштері.Қояншық, миокард инфарктісінің өткір фазасы, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ырғағының бұзылысы, препаратқа сезімталдығының жоғарылауы. Балалар 3 жасқа дейін қолдануға болмайды.

Жанама әсері. Жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, бас ауыруы, мазасыздану, ұйқысыздық, тері бөртпесі, жүректің жиі соғуы, жүрек ырғағының бұзылысы, гипотензия.

Шығарылу түрі.150 мг таблеткалар N. 30; 2,4% 5 және 10 мл ампуладағы көк тамырға қолдануға арналған ерітінді; 24% 1 мл ампуладағы бұлшық етке қолдануға арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Aminophyllinі 24% - 1 ml

D.t.d N. 30 in amp.

S. 1 мл бұлшық етке тәулігіне 1 – 2 рет.

#

Теофиллин(Theophуllinum), эуфилонг. Теофиллин орталық жүйке жүйесіне ынталандырушы әсер көрсетеді, кофеинге қарағанда әлсіз; миокард жиырылуын күшейтеді. Шеткі, тәждік, бүйректік артерияларды біршама кеңейтеді, шамалы диуретикалық әсер көрсетеді, тромбоциттер агрегациясын баяулатады, месше жасушалардан аллергия медиаторларының бөлінуін тежейді. Теофиллиннің негізгі қабілеті бронхтарды кеңейтетін ықпал көрсету. Теофиллин әсерінің механизмінде негізгі рөлді фосфодиэстеразаның баяулауымен және тіндерде 3-5 –аденозинмонофосфаттардың жиналуы жатады. Жасушаларда цАМФ жиналуы миозиннің актинмен байланысын тежейді, ол тегіс салалы бұлшық еттің жиырылу белсенділігін төмендетеді, ал ол бронхтарды босаңсытады және бронхоспазмдарды шеттетеді. Бұлшық еттердің босаңсуына теофиллиннің жасушалық мембранасының «бәсең» түтікшелері арқылы кальций иондарының тасымалдануын тежеумен әсер етеді. Молекулярлы механизмде теофиллиннің негізгі әсерінің аденозинді рецепторларды тежеу әрекетінің маңызы зор.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бронхолитикалық зат ретінде, сонымен қатар жүректік және бүйректік тоқырау кезіндегі кардиотоникалық және диуретикалық зат ретінде қолданады. Кейде басқа спазмолитикалық және бронхолитикалық препараттармен бірге береді. Ішке 0,1-0,2 г ересектер күніне 2-4 рет тамақтан кейін қолданады. Балаларда 2-4 жаста 0,01-0,04 г, 5-6 жаста 0,04-0,06 г, 7-9 жаста-0,05-0,075 г, 10-14 жаста- 0,05-0,1 г. (ұнтақ, балауыз 0,2 г) 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Кері көрсеткіштері.Теофиллин және оның құрамындағы препараттарды көтере алмағанда тағайымдамайды және қалқанша безінің гиперфункциясында, өткір миокард инфарктында, субортальды стенозда (жүректің сол жақ қарыншасының бұлшық ет тінінің қабынусыз ауыруында, оның қуысының тез қысылуымен түсіндіріледі), экстросистолияда, қояншықта, жүктілікте. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында байқап қолдану.

Жанама әсері. Қыжыл, жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, бас ауыруы. Балауызды қолданғанда тік ішекте күйдіру сезімі болуы мүмкін. Препаратты көтере алмағанда оны қолданбайды. Көп мөлшерде қолданғанда қояншық талмалар болуы мүмкін. Теофиллинді ұзақ қолдануға болмайды.

Шығарылу түрі.Балаларға 100 мг таблеткада N.30 және 200 мг таблеткалар N.30; 100 мг ретард таблеткалар N.10, 50, 60, 200 мг N. 30, 100, 250 мг N. 50, 300 мг N. 30, 100, 400 және 600 мг N. 20, 50, 75 және 100 мг ретард капсула N. 20, 30, 125 мг N.20, 50, 100, 200 мг N. 20, 30, 40, 250 мг N. 20, 300 мг N.20, 30, 350 мг N. 20, 50, 100, 375 мг N. 20, 400 мг және 500 мг N. 20, 40, 50, 100; 0,5% шырын; 200 мг тік ішек балауыздары.

 

Пәндік көрсеткіш

А

 

Адельфан. 5.3.2. Симпатолитикалық дәрілер 128

Аденозина фосфат. 6.3. Пуринергиялық дәрілер 149

Аденокор. Пуринергиялық дәрілер 150

Адреналин. 5.1. Адреномиметиктер 110

Азаметоний бромид. 4.5. Ганглиотежегіштер 91

Азатиоприн. 11.1. Иммуносупрессорлық дәрілер 293

Азопт. 4.2. М-холиномиметиктер 82

Азота закись. 7.1. Наркозға арналған дәрілер 161

Акинетон. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер 205

Акортин. 10.1. Глюкокортикоидтар 267

Активированный уголь. 3.2.3. Адсорбирлеуші заттар 59

Альфузозин. 5.2. Адренотежегіштер 119

Амантадин. 6.1. Дофаминергиялық заттар 143

Амбенония хлорид. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 78

Амиксин. 11.2. Иммуно белсендіруші дәрілер 305

Аминазин 6.1. Дофаминергиялық дәрілер 141

Аминофиллин. 12. Аллергияға қарсы дәрілер 322

Анальгин. 9.2. Наркотикалық емес наркотикалық анальгетиктер 235

Анаприлин. 5.2. Адренотежегіштер 119

Андипал. 8.1. Ұйықтататын дәрілер 183

Анестезин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушы 51

Антаксон. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 233

Антелепсин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 198

Антабус. 7.2. Этил спирті 171

Апилепсин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 193

Апоморфин 6.1. Дофаминергиялық дәрілер 139

Апонил 10.2. 1. СЕҚҚД 285

Апулеин. 10.1. Глюкокортикоидтар 272

Ардуан. 4.6. Миорелаксанттар 94

Армин. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 79

Артезин. 5.2. Адренотежегіштер 117

Артикаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушылар 56

Арутимол. 5.2. Адренотежегіштер 122

Аспирин. 10.2. 1. СЕҚҚД 276

Астемизол. 12. Аллергияға қарсы дәрілер 318

Атенолол. 5.2. Адренотежегіштер 120

Атракурия безилат. 4.6. Миорелаксанттар 95

Атровент. 4.4. М-холинотежегіштер 89

Атропин. 4.4. М-холинотежегіштер 86

АТФ. 6.3. Пуринергиялық дәрілер 153

Ауранофин. 10.2. 1. СЕҚҚД 287

Ауропан. 10.2. 1. СЕҚҚД 287

Ацедипрол. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 193

Ацеклидин. 4.2. М-холиномиметиктер 80

Ацетаминофен. 9.2. Наркотикалық емес анальгетиктер 234

Ацетилсалицил қышқылы. 10.2. 1. СЕҚҚД 276

Ацетилхолин. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 75

Аэрон. 4.4. М-холинотежегіштер 88

Б

Баклосан. 4.6. Миорелаксанттар 96

Баклофен. 4.6. Миорелаксанттар 96

Баралгин. 9.2. Наркотикалық емес анальгетиктер 236

Беклометазон. 10.1. Глюкокортикоидтар 272

Бекломет. 10.1. Глюкокортикоидтар 272

Бекодиск. 10.1. Глюкокортикоидтар 272

Бекотид. 10.1. Глюкокортикоидтар 272

Белладонна. 4.4. М-холинотежегіштер 86

Белласпон. 8.1. Ұйықтататын дәрілер 183

Бензобарбитал. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 200

Бензогексоний. 4.5. Ганглиотежегіштер 91

Бензокаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушылар 51

Бензонал. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 200

Беротек. 5.1. Адреномиметиктер 114

Бетаксолол. 5.2. Адренотежегіштер 121

Беталейкин. 11.2. Иммунды белседіруші дәрілер 307

Беталок. 5.2. Адренотежегіштер 121

Бетаметазон. 10.1. Глюкокортикоидтар 271

Бетоферон. 11.2. Иммуно белсендіруші дәрілер 311

Бефорал. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 230

Биперидин. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер 205

Бретилия тонзилат. 5.3. Симпатолитикалық дәрілер 128

Бринердин. 5.3.2. Симпатолитикалық дәрілер 128

Бринзоламид. 4.2. М-холиномиметиктер 82

Бромокриптин. 6.1. Дофаминергиялық дәрілер 140

Бронхо - мунал. 11.2. Иммуно белсендіруші дәрілер 300

Бронхолитин. 5.3.1. Симпатомиметикалық дәрілер 126

Бруфен. 10.2. 1. СЕҚҚД 282

Будесонид. 10.1. Глюкокортикоидтар 272

Бумекаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушылар 52

Бупивакаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушылар 55

Бупренорфин. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 231

Бускопан. 4.4. М-холинотежегіштер 89

Бутадион. 10.2. 1. СЕҚҚД 277

Бутироксан. 5.2. Адренотежегіштер 118

Буторфанол. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 230

В

Валокордин. 8.1. Ұйықтататын дәрілер 183

Вазокардин. 5.2. Адренотежегіштер 121

Вальпроат натрия. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 193

Векурония бромид. 4.6. Миорелаксанттар 95

Вентолин. 5.1. Адреномиметиктер 113

Вигабатрин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрі 195

Виокс. 10.2. 1. СЕҚҚД 286

Вискен. 5.2. Адренотежегіштер 123

Висмута субнитрат. 3.2.1. Бырыстырғыш дәрілер 58

Вольтарен. 10.2. 1. СЕҚҚД 279

Г

Габапентин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 199

Галазолин. 5.1. Адреномиметиктер 112

Галантамин. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 76

Галотан. 7.1. Наркозға арналған дәрілер 159

«Гамибазин». 4.3. Н-холиномиметиктер 85

Гастроцепин. 4.4. М-холинотежегіштер 88

Гексаметоний бензосульфонат. 4.5. Ганглиотежегіштер 91

Гексамидин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 196

Гигроний. 4.5. Ганглиотежегіштер 92

Гидрокортизон. 10.1. Глюкокортикоидтар 267

Гиосциана бутилбромид. 4.4. М-холинотежегіштер 90

Гисталонг. 11.3. Аллергияға қарсы дәрілер 318

Горчичник. 3.3. Тітіркендіргіш дәрі 61

Гуанетидин. 5.3. Симпатолитикалық дәрілер 127

Д

Дальфаз. 5.2. Адренотежегіштер 119

Даклизумаб. 11.1. Иммуносупрессорлы дәрілер 296

Декарис. 11.2. Иммуно белсендіруші дәрілер 299

Дексаметазон. 10.1. Глюкокортикоидтар 270

Дексатимид. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрілер 204

Дексазон. 10.1. Глюкокортикоидтар 270

Депакин. Қояншыққа қарсы дәрілер 193

Дерматол. 3.2.1. Қармаушы дәрілер 57

Дермовейт. 10.1. Глюкокортикоидтар 274

Диазепам. 8.1. Ұйықтататын дәрілер 181

Диазолин. 11.3. Аллергияға қарсы дәрілер 316

Дикаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушы 52

Диклофенак. 10.2. 1. СЕҚҚД 279

Димедрол. 11.3. Аллергияға қарсы дәрілер 315

Динитрогена оксид. 7.1. Наркозға арналған дәрі 161

Дипиридамол. 6.3. Пуринергиялық дәрі 151

Дипироксим. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 79

Дипразин. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 317

Дистигмин бромид. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 78

Дисульфирам. 7.2. Этил спирті 171

Дитилин. 4.6. Миорелаксанттар 94

Дифенин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрілер 190

Дифенгидрамин. 11.3. Аллергияға қарсы дәрілер 315

Дифлунизал. 10.2. 1. СЕҚҚД 279

Добутамин. 5.1. Адреномиметиктер 115

Добутрекс. 5.1. Адреномиметиктер 115

Доксазозин. 5.2. Адренотежегіштер 117

Доксиламин. 8.1. Ұйықтататын дәрі 186

Долобид. 10.2. 1. СЕҚҚД 279

Долтард. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 224

Домперидон. 6.1. Дофаминергиялық дәрілер 143

Донормил. 8.1. Ұйықтататын дәрілер 186

Допамин. 6.1. Дофаминергиялық дәрілер 139

Депо-медрол. 10.1. Глюкокортикоидтар 275

Дорзоламид. 4.2. М-холиномиметиктер 81

Е

Ж

З

Задитен. 11.3. Алергияға қарсы дәрілер 321

Залдиар. 9.2. Наркотикалық анальгетиктер 234

Зверобой3.2.1. Қармаушы дәрі 57

Зенапакс. 11.1. Иммуносупрессорлық дәрі 296

Зетринал. Аллергияға қарсы дәрі 319

Зиртек. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 319

Змеевик 3.2.1. Қармаушы дәрі 57

Зодак. Аллергияға қарсы дәрі 319

Зоксон. 5.2. Адренотежегіш дәрілер 119

Золпидем. 8.1. Ұйықтататын дәрі 184

Зопиклон. 8.1. Ұйықтататын дәрі 185

И

Ибупрофен. 10.2. 1. СЕҚҚД 282

Ивадал. 8.1. Ұйықтататын дәрі 184

Изадрин. 5.1. Адреномиметиктер 112

Изонитрозин. 4.1. Антихолинэстеразды дәрі 79

Изопреналин. 5.1. Адреномиметиктер 112

Изопротеренол. 5.1. Адреномиметиктер 112

Изофлуран. 7.1. Наркозға арналған дәрі 162

Имигран. 6.2. Серотонинергиялық дәрі 149

Иммуноглобулин антитимоцитарлы 11.1. Иммуносупрессорлы дәрі 303

Иммуноглобулиндер. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 308

Иммунофан. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 298

Имован. 8.1. Ұйықтататын дәрі 185

Ингакорт. 10.1. Глюкокортикоидтар 273

Ингарон. 11.2. Иммунды белсендіретін дәрі 312

Индометацин. 10.2. 1. СЕҚҚД 277

Индукторы интерферона. 11.2. Иммунды белсендіретін дәрі 312

Инозин. .3. Пуринергялық дәрі 150

Интал. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 320

Интерферондар. 11.2. Иммунды белсендіретін дәрі 302

Интерферон альфа. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 302

Интерферон бета. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 303

Интерферон гамма. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 304

Ипратропия бромид. 4.4. М-холинотежегіштер 89

Имуран. 11.1. Иммуносупрессорлы дәрілер 293

Й

К

Калимин. 4.1. Антихолинэстеразды дәрілер 78

Карбамазепин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрі 192

Кардура. 5.2. Адренотежегіштер 117

Квасцы. 3.2.1. Қармаушы дәрі 57

Квифенадин. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 316

Квинталгин. 8.1. Ұйықтататын дәрі 184

Кеналог. 10.1. Глюкокортикоидтар 271

Кетамин. 7.1. Наркозға арналған дәрі 166

Кетанов. 9.2. Наркотикалық емес анальгетиктер 237

Кетонал. 10.2. 1. СЕҚҚД 283

Кетопрофен. 10.2. 1. СЕҚҚД 283

Кеторолак. 9.2. Наркотикалық емес анальгетиктер 237

Кетотифен. 11. Аллергияға қарсы дәрілер 321

Кислород. 7.1. Наркозға арналған дәрі 170

Кларитин. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 319

Клемастин. 12. Аллергияға қарсы дәрі 317

Клинорил. 10.2. 1. СЕҚҚД 278

Клобетазол. 10.1. Глюкокортикоидтар 274

Клоназепам. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрі 198

Когнекс. 4.1. Антихолинэстеразды дәрі 77

Кодеин. 9.1. Наркотикалық емес анальгетиктер 231

Коделак, коделак фито. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 226

Кокаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушы 51

Корвалол. 8.1. Ұйықтататын дәрі 184

Коргард. 5.2. Адренотежегіштер 123

Корданум. 5.2. Адренотежегіштер 121

Корнам. 5.2. Адренотежегіштер 118

Кортеф. 10.1. Глюкокортикоидтар 267

Кофеин. 6.3. Пуринергиялық дәрілер 152

Кровохлебка. 3.2.1. Қармаушы дәрі 57

Кромолин. 11. Аллергияға қарсы дәрі 320

Ксенон. 7.1. Наркозға арналған дәрі 162

Ксероформ. 3.2.1. Қармаушы дәрі 57

Ксефокам. 10.2. 1. СЕҚҚД 281

Ксикаин.3.1. Жергілікті жансыздандырушы 53

Ксилен. .1. Адреномиметиктер 112

Ксилометазолин. 5.1. Адреномиметиктер 112

Купренил. 10.2. 1. СЕҚҚД 287

Курантил. 6.3. Пуринергиялық дәрі 151

Кутивейт. 10.1. Глюкокортикоидтар 273

Л

Лабетолол. 5.2. Адренотежегіштер 122

Ламиктал. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрі 194

Ламотриджин. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрі 194

Ларгактил. 6.1. Дофаминергиялық дәрі 141

Левамизол. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 299

Леводопа. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрі 207

Лидокаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушы 53

Лизурид. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрі 205

Ликопид. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 301

Лиорезал. 4.6. Миорелаксанттар 96

Лобелин. 4.3. Н-холиномиметиктер 82

«Лобесил». 4.3. Н-холиномиметиктер 82

Локакортен. 10.1. Глюкокортикоидтар 276

Локрен. 5.2. Адренотежегіштер 121

Лоринден. 10.1. Глюкокортикоидтар 289

Лорноксикам. 10.2.1. СЕҚҚД 281

Лоразепам. 8.2. Қояншыққа қарсы дәрі 201

Лоратадин. 11. Аллергияға қарсы дәрі 319

Люминал. 8.2. Қояншыққы қарсы дәрі 191

М

Мадопар. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрі 208

Маркаин. 3.1. Жергілікті жансыздандырушы 55

Масло терпентинное очищенное. 3.3. Тітіркендіруші дәрі 60

Мебгидролин. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 316

Меди сульфат. 3.2.1. Қармаушы дәрі 57

Медрол. 10.1. Глюкокортикоидтар 269

Мезатон. 5.1. Адреномиметиктер 111

Мексамин. 6.2. Серотонинергиялық дәрі 146

Мелаксен. 6.2. Серотонинергиялық дәрі 147

Мелатонин. 6.2. Серотонинергиялық дәрі 147

Мелликтин. 4.6. Миорелаксанттар 96

Мелоксикам. 10.2. 1. СЕҚҚД 282

Ментол. 3.3. Тітіркендіруші дәрі 61

Метамизол натрия. 9.2. Наркотикалық емес анальгетиктер 235

Метацин. 4.4. М-холинотежегіштер 88

Метилпреднизолон. 10.1. Глюкокортикоидтар 269

Метипред. 10.1. Глюкокортикоидтар 269

Метиндол. 10.2.1. СЕҚҚД 277

Метоклопрамид. 6.1. Дофаминергиялық дәрі 142

Метоциний йодид. 4.4. М-холинотежегіштер 88

Метопролол. 5.2. Адренотежегіштер 121

Мидантан. 6.1. Дофаминергиялық дәрі 143

Миелопид. 11.2. Иммунды белсендіруші дәрі 298

Милокс. 10.2.1. СЕҚҚД 282

Мовалис. 10.2.1. СЕҚҚД 282

Мометазон. 10.1. Глюкокортикоидтар 274

Морфилонг. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 224

Морфин. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 224

Мотилиум. 6.1. Дофаминергиялық дәрі 145

МСТ континус. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 230

М-эслон. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 230

Н

Набуметон. 10.2.1. СЕҚҚД 285

Найз. 10.2.1. СЕҚҚД 285

Надолол. 5.2. Адренотежегіштер 123

Наком. 8.3. Паркинсонизмге қарсы дәрі 207

Налбуфин. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 231

Налоксон. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 232

Налорфин. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 232

Налтрексон. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 233

Напроксен. 10.2.1. СЕҚҚД 283

Нарамиг. 6.2. Серотонинергиялық дәрі 148

Наратриптан. 6.2. Серотонинергиялық дәрі 148

Наркан. 9.1. Наркотикалық анальгетиктер 232

Наропин. 3.1. Жергілікті жансыздандыру 56

Натрия аденозинтрифосфат. 6.3. Пуринергиялық дәрі 151

Натрия ауротиомалат. 10.2.1. СЕҚҚД 286

Натрия кромогликат. 11.3. Аллергияға қарсы дәрі 320

Натрия оксибат. 7.1. Наркозға арналған дәрі 167

Натрия оксибутират. 7.1. Наркозға арналған дәрі


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 194; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты