КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Пәннің оқу- әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі.Әлем тілдері кафедрасы
І БӨЛІМ Тәжірибелік сабақтар
1-сабақ
Лексикалық тақырып: Ана тілі - дүниетаным құралы
Тірек сөздер мен сөз тіркестері
Мәтінді оқыңыз. Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам дегеніміз тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тіл білімінде «ана тілі» терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынов. Халықтың дәстүрлі дүниетанымында ана тілі жөргекте жатқанда, бесіктен бойы озғанша, ананың аялы алақанынан, әлдилеген бесік жырынан басталады. Осы отбасы, ошақ қасындағы ата-ана қарым-қатынасынан қалыптасқан тіл қоғамдық ортада ел-жұртының салт-дәстүрін тану, ана тілінің сырын ұғу арқылы жалғаса береді. Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп өсірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды. Әрбір азаматтың өз ана тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық парызы болып табылады. («Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар 1-тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз. 1. Қазақ тілі қандай тіл? 2. «Ана тілі» терминін алғаш ұсынған қай ғалым? 3. Ана тілін білмеген адам туралы ойыңыз. 4. Азаматтық парыз дегенді қалай түсінесіз?
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз. 1. Ана тілі сол тілде сөйлейтін ........ бірге өмір сүреді. 2. Тілінен айрылған ........... өзіне тән барлық қасиетін жоғалтады, .......болудан қалады. 3. Қазақ тілі – қазақ ............ ана тілі.
3-тапсырма. Мына пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (мына сөздерді пайдаланыңыз, өйткені, себебі, әрине, жоқ, иә, дұрыс, неге, бірақ, сондықтан). «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан қол үзеді. (Ғабит Мүсірепов).
4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. 1. Тіл болмаса, ................ болмайды. 2. Тіл болмаса, .................. болмайды. 3. Тіл болмаса, .................. болмайды. 4. Тіл болмаса, .................. болмайды. 5. Тіл болмаса, .................. болмайды.
5-тапсырма. Керекті жалғауларды қойыңыз. 1. Түркі халықтар ......... ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл – қазақ тілі. 2. Қазақтар - өзінің шешендігі....., әсем ауыз әдебиеті..... даңқты. 3. “Туған тіл.... – тірлігім...... айғағы” (Ә.Тәжібаев).
6-тапсырма. Мына өлең жолдарына өз ой-пікіріңізді білдіріңіз. “Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе” (Сәбит Мұқанов).
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» (Сұлтанмахмұт Мұқанов).
7-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз. 1.Түркі тілдерінің, ең, таза, әрі, бай, ішіндегі, тілге, жатады, қазақ тілі. 2. Үлкен, шебері, әрі, әдемі, шешен, қазақтар, сөйлеудің. 3. Халық әдебиеті, бай, аса, қазақтардың, жан-жақты, әрі. (П.М.Мелиоранский). 8-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз. 1. (Родного языка) жырламаған адам жоқ. 2. Менің (родной язык) – шексіз бай, өте көркем. 3. Өз атамекенімізде жүргендіктен (на своем языке) сөйлеу – басты (долг). 4.Тіл әрбір адамның бойына (материнским молоком) бірге еніп, қалыптасады.
9-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
2-сабақ
Лексикалық тақырып: Қазақ елі – менің Отаным
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз. Тақырыпқа қатысты сөз тіркестерімен толықтырыңыз.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері
Мәтінді оқыңыздар.
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15000 км-ден (шақырымнан) астам. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жер көлемі ұлан-байтақ. Аумағы – 2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттерінің жер көлемі сияды. Халқының саны 16 миллион адамнан астам. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Қазақ жері қызық та бай тарихымен белгілі. Оған дәлел болатын – Отырар, Тараз тағы да басқа әлемге әйгілі көне қалалар. Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның өзендері – Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және басқалалары. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Арал мен Каспий теңіздері жатады. Қазақстан кенге бай. Сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мыс, мұнай, газ, алтын және тағы басқа кен байлықтары кездеседі. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және тағы басқалары. Сонымен қатар, Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, мектептер, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты ғылым мен мәдениет ошақтары бар. Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды. Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Көптеген мемлекеттерде Қазақстанның елшілігі бар. Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның ішіндегі ең беделдісі (авторитетный) Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 1992 жылы наурыз айының екісінде Қазақстан Республикасын дүние жүзі танып, Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары – Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституциясы қабылданды. 25 қазан – Ұлттық мейрам, Республика күні.
(Ш.Бектұров. А.Бектұрова. Қазақ тілі. А., Рауан, 1994. 398-б. 299-бет). (З.Ш.Ерназарова, Н.Қ.Мұхамадиева... Қазақ тілі (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін. Оқу құралы. А., Ол-жас, 2005. 60, 80 беттер)
2-тапсырма. Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеңіз. Жауаптарды жазыңыз. 1. Қазақстан қайда орналасқан? 2. Қазақстан қандай мемлекет? 3. Қазақстанның табиғаты қандай? 4. Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қалай дамыған? 5. Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті туралы не білесіз? 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз?
3-тапсырма. а) Схема бойынша жоғарыдағы жоспар қалай толықтырылғанын айтыңыз.
ә) Схемаға сүйене отырып Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеп беріңіз.
4-тапсырма. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Келіссеңіз, өз ойыңызды дәлелдеңіз. Туған жердің тарихын білу - әрбір адамның қасиетті борышы. Өз халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін меңгерген адам ғана өзге халықтардың мәдениетін сыйлай алады.
5-тапсырма. Мына сөздердің синонимін анықтаңыз, сөйлем құраңыз. Ұлан байтақ, әйгілі, негізгі, кідіреді.
6-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз. - Асқар сен білесің бе? Қазақстан қай құрлықта орналасқан? - Иә, білемін. Ол..? - Ал, Қазақстанның шекарасы туралы не айта аласың? - ? - Біздің еліміздің қазба байлықтары туралы не айтуға болады? - ? - Біздің еліміз қандай ұйымға мүше болып кірген еді?
7-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз. 1. Халық өнер адамдарын аса... 2. Қолөнер ежелден жақсы... 3. 1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары...
8-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін анықтаңыз, сөйлемді дұрыс құрыңыз. 1. Қабылдануы, Қазақстан, негізгі, Республикасының, 30 тамызда, 1995 жылы, Заңы, Конститутциясы. 2. Ғылымы, жоғары, ел, дамыған, мен, мәдениеті, Қазақстан. 3. Белгілі, жері, бай, та, қызық, тарихымен, қазақ.
9-тапсырма. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы сұхбат құрыңыз.
10-тапсырма. Астана қаласындағы мәдени орындар туралы мәлімет әзірлеңіз. Қаламыздағы жоғары оқу орындары жайлы қысқаша баяндаңыз.
11-тапсырма. Қазақ халқының өнері жайлы тапсырмалар жүйесін әзірлеңіз.
12-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
3-сабақ Лексикалық тақырып: Табиғат. Жер - ананы аяла. Келеді кез, Күрделі біздің бұл кез! Жаутаңдайды адамға түзде мың көз. Қызыл кітап – Опат боп кеткен аңның Бастарына қойылған қызыл күмбез. (Қ. Мырзалиев)
1-тапсырма. Эпиграфты оқыңдар, есте сақтаңдар, өздеріңді тексеріп, жатқа жазыңдар. 2-тапсырма. Төмендегі мәтін мазмұнымен танысыңыздар. Олардан мына сұрақтарға жауап іздеңдер. 1) Табиғат деген түсінікке не кіреді ? 2) Табиғатты қорғау үшін не істеу керек ? 3) Қандай жағдайда табиғат адамға қызмет етеді?
Табиғат
Табиғат адамға өмірді тарту етті, оның жомартығы мен қайнар көзі туралы тамаша мысалдар бар. Өзінің қуатты мүмкіндеріне қарамастан табиғат адамға бағынышты. Оған қамқорлық керек. Оның ормандары мен көлдерін, теңіздері мен құстарын, аңдарын қорғау керек. Өткен дәуірлерге қарағанда адам баласы жаңа техникамен қаруланып, химия, ядролық физика саласында жетістіктерге жетіп, табиғатқа, биосфераға өз әсерін тигізді. Адам ұлы күшке ие болды. Бұл күш қоршаған ортаға жақсылықпен қатар өлім әкелуі де мүмкін. К.Маркс былай деп жазды: «Мәдениет сапасыз, стихиялық түрде дамыса, өз артына тақыр жерді ғана қалдырады. Бұл ойды «ноосфера» туралы материалістік түсініктің негізін салушы В.И. Вернадский жақтады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша жер бетінде бір жылда 50 мың шаршы шақырым жер құр тақырға айналады екен. «Құрғақшылық» деген термин де пайда болды. Түрлі зиянды заттар жер бетіндегі генетикалық түрленуге қатер туғызуы мүмкін. Бұл сақтықты қажет етеді. Жер бетінің флорасы мен фаунасын қорғау үшін әлемде халықаралық табиғатты қорғау ұйымы құрылды. 1978 жылы «Бүкіл әлемдік табиғатты қорғау стратегиясы» деген құжат әзірленді. Табиғатты қорғау ұйымы күрделі ғылыми жұмыстар жүргізуде.
3- тапсырма. Биосфера, ноосфера сөздерінің мағынасын сөздікті қолдана отырып түсіндіріңдер.
4-тапсырма. «Қызыл кітап» туралы кеңірек айтып беріңдер. Құстар мен аңдардың, өсімдіктердің қандай түрі «Қызыл кітапқа» енгізілсін.
5-тапсырма. Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлемдер құраңыз. 1 Белгілі, сүреді, адам, қоршаған, өмір, ортада. 2 Табиғаттың, күші, жақсы, шипалы, бізге, белгілі.
6- тапсырма. Мына сөздерге анықтауыш жалғаңдар. Қыс, аяз, күн, жел, ауа-райы. Мысалы: ыстық, қапырық, желді, құрғақ, жаз. 7-тапсырма. «Адам және табиғат» тақырыбына сұхбат құрыңдар. 8- тапсырма. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтарды шешіңіздер. 1 Төңірегі тең көрініп, Теген жатыр төңкеріліп. Жас та сыйған, кәрі сыйған, Астына оның бәрі сыйған. (…..) 2 Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. (…..) 3 Бояуларым қашып кетті, Көк қағазды басып кетті. Қатарларын тізіп алды, Арттарында ізі қалды. (…..) 9- тапсырма. Даналық ойларға өз пікіріңізді білдіріңіз. 1. «Өз елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне алып барады, адам өз күшіне сенгенде ғана дегеніне жете алады» (М.Жұмабаев). 2. «Жерді саудаға салу – елді саудаға салу» (Хансы Рахым).
10- тапсырма. Берілген мәтінді оқып, аударып, мазмұнын айтып беріңдер
Қазақстан табиғаты
Қазақстан табиғаты мейлінше бай әрі алуан болып келеді. Оның оңтүстігі мен шығысы биік тау сілемдерімен көмкеріліп жатса, орталық бөлігі кең жазираға ұласады. Ал батысы Каспий теңізіне барып тірелсе, солтүстігі Сібірмен шектесіп жатыр. Республика кен орындарына бай өлке. Қазақстан жерінде оннан астам ірі су айдыны, жүз елудей кен орны, жүзден астам тас көмір мен қоңыр көмір, онға жуық тақта тас кен орны бар. Қазақстан климаты негізінен континентік, ауа-райының ерекшелігіне қарай 4 климаттық зона 15 климаттық ауданға бөлінген. Территорияның негізгі бөлігі куаң, шөлейт және шөлді аймақта орналасқанымен республикада су қоры мол. Солтүстік аймақтар көлдерінің саны жағынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Қазақстанда Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Марқакөл, Шалқар сияқты ірі көлдер бар. Республика жерінен Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Есіл, Тобыл сияқты ірі өзендер ағады. Территорияның табиғи-климаттық жағдайына Арал, Каспий теңіздерінің тигізер әсері мол.
4 - сабақ Лексикалық тақырып.
Қазақстанның экологиялық мәселелері
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай- 2,925 шақырым. Солтүстіктен Онтүстікке қарай 1,600 шақырым. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы шақырым) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала -6 %, дала 28%, шөлейт 18%, шөлді – 40%. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады. А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық кешен. Республикамыздағы көптеген қалаларда ластаушы заттардың мөлшері белгіленген нормадан артық .Әсіресе Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент қалаларында бірнеше есе артық. Бұлардың барлығы болашаққа жасап отырған болжау. Адамзат болашаққа бейбітшілікте және таза ғаламшаларда өмір сүруі тиіс.
1- тапсырма. Мәтінді аударыңыз және мазмұндаңыз.
2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Экология нені зерттейді? 2. Өздерінің тұратын елді мекендердің қоршаған ортасын ластайтын ошақ- тарды атаңыздар. 3. Судың, ауаның, топырақтың ластануының зардабы қандай болмақ? Мысал келтіріңдер.
3- тапсырма. Қазақстандағы экология жайлы шығарма жазыңыздар.
5 –сабақ
Лексикалық тақырып: Қазақстандағы туризм
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Қазақстандағы туризм
Қазақстандағы туризмнің тарихы біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуынан басталады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін еліміздің бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлеріне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды. Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – Қазақстанның 1993 жылы толығымен ДТҰ-ға (Дүниежүзілік Туристік Ұйым) толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық (сотрудничество) туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Туризм дамуындағы маңызды мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз. 1. Қазақстандағы туризм тарихы қай кезден басталады? 2. «Жібек жолы» туралы не білесің? 3. Қазақстанда туризм саласы не себептен дамымай қалды? 4. Еліміздегі туризм саласын дамыту үшін не істеуіміз қажет? 5. Туризм саласының дамуы Қазақстанға қай жағынан тиімді? 6. Елдің экономикасына тигізер пайдасы бар ма?
3-тапсырма. Керекті жалғауларды жалғаңыз. 1. Қазақстандағы туризм...... тарих..... Ұлы Жібек жолы.... қалыптасу.... мен даму........... басталады. 2. Қазақстан....... сәулет, мәдени ескерткіштер.... және табиғи көрнекті жерлері.......... сұраныс болмады. 3. Туризм..... маңызды мәселесі..... бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады.
4-тапсырма. Берілген кесте бойынша біліміңізді тексеріңіз, мысал келтіріңіз.
5-тапсырма. Қазақстандағы туризм мәселесі туралы айтыңыз. Әр сөйлем астына өз ойыңызды жазыңыз. 1. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Сіздің ойыңыз: ........................................................................ 2. Еліміздің туристік орталықтары: Астана, Алматы, Көкшетау, Түркістан. Сіздің ойыңыз: ........................................................................ 3. Туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін жеткіліксіз болып отыр. Сіздің ойыңыз: ........................................................................... 4. Қазақ жері сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштер мен табиғи көрнекті жерлерге бай. Сіздің ойыңыз: ...........................................................................
6-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, жақшаның ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз. 1. Туризмнің маңызды құрамының бірі (транспорт) болып табылады. 2. Туристерді Қазақстанға алып келуде авиа қатынас (главную роль) атқарады. 3. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді (организовать) және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін (используется). 4. Қазіргі туризм еңбекшілердің (ежегодный) ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты. 5. Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей (возможности) бар.
7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Туристік сапар адамға не береді? қуаныш__________________________ реніш____________________________ жаңа таныстар_____________________ қызық кездесулер___________________ жаңа әсер__________________________ 2. Туристік сапар адамды неге үйретеді? ________________________________ ________________________________ ________________________________ 3. Туристік сапарға шыққан адамға не қажет? _______________________________________ _______________________________________
8-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.
БӘЙТЕРЕК
- Растислав, Астанамыздың төрінде тұрған «Бәйтерек» туралы сен не білесің? - Анна, сен де қызықсың-ау, әрбір елдің астанасы болса, сол астананың өз символы болмай ма? Мысалы, Париж десе, Эйфел мұнарасын, Лондон десе, Биг-Бен сағатын есімізге аламыз. Сол сияқты Бәйтерек – астананың символы және жастардың, қала тұрғындарының демалыс орны дер едім. - Иә, дұрыс айтасың, бірақ «Бәйтерек» тек демалыс орны ғана емес қой. Елордамыздың символы «Бәйтеректің» биіктігі неше метр білесің бе? - Анна, сен мені ұялттың-ау?! Бәйтеректің биік екенін білем, ал бірақ неше метр? Мына отырған студенттерден сұрайыншы. Сіздер білесіздер ме? - .................... - Растислав, жарайды, сен білмесең, мен айтайын. Биіктігі 97 метр. Неліктен 97 метр деп ойлайсың? - 97.... иә......., 1997 жылы ел ордамыз Алматыдан Астанаға көшті. «Бәйтерегіміздің» биіктігі 97 метр болуы осы себептен деп ойлаймын. - Иә, Растислав, мұндай шардың биікте тұруы әлемнің бірнеше қалаларында кездеседі. Мысалы, Италияда осындай шар 20 метр биіктікте тұр, ал Эмираттарда 56 метр биіктікте. Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бәйтерегімізбен» салыстырып көрші!? - Шынында да, осындай шардың 97 метр биіктікте тұруы – тек қана біздің елімізде екен ғой. Анна, ал осы шар туралы не айта аласың? - Түркі халықтарының аңызы бойынша, алып ағаш - бәйтеректің ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. - Иә, Елордамыздағы «Бәйтерек» даламыздың асқақ рухын, халқымыздың биік парасатын, біздің бақытты болашағымызды көрсетіп тұр деп айта аламыз. Анна, «Бәйтеректің» ұшар басындағы шардың шар емес, алтын жұмыртқа екенін де білдім. Ал, енді «Бәйтеректің» жан-жағын өре қоршаған темір торшалар жайлы не айта аласың? - Бәйтеректің жан-жағынан қоршаған темірлердің саны 101. Оның сыры мынада: Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Сондықтан да оның саны 90 емес, 100 емес, 101 болуы осыдан. - Иә, Анна, елордамыздың символына айналған «Бәйтерек» жайлы өзіңнен көп мәлімет алдым. Осындай «Бәйтерегі» бар Астанада, сол Астананың төрінде орналасқан Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенті екеніме мақтанамын.
9-тапсырма. «Бәйтерек» туралы диалогті монологке айналдырып, мазмұндаңыз.
6-сабақ Біздің университетіміз.
Біздің Қазақ қаржы, экономика және халықаралық сауда университетің студенттер контингентін 3 мыңға жуық адам құрайды. Күндізгі оқу бөлімінде 1013 студент, ал сырттай бөлімде 1722 студент оқып жатыр. Оқыту үрдісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Университетте 10 кафедра бар. Университет құрамында 2 факультет жұмыс істейді: «Экономика және бизнес» факультеті; «Есеп және қаржы» факультеті. Университеттің оқу үрдісі екі ғимаратта жүргізіледі. Ол барлық талаптарға сай келеді. Осы ғимаратта қазіргі заманғы зертханалық база, лингафондық кабинеттер, аудио және видеотехникалар, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар қызмет көрсетеді. Екі оқу ғимаратында 50 дәрісхана, 7 компьютерлік сынып, 240 орындық акт залы, конференц зал, кітапханада 80 орындық оқу залы, соңғы үлгімен жабдықталған студенттер асханасы бар. Студенттерге арналған 100 орындық жатақхана бар. Біздің университетіміз Қазақстан экономикасының қажеттілігіне сай нарықтық қатынас, менеджмент және маркетинг, бизнес және экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, халықаралық экономикалық қатынас бойынша білімді мамандар дайындайды.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, бірнеше сөйлеммен негізгі ойды білдіріңіз.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап әзірлеңіз. 1. Университетте қандай факультеттер жұмыс істейді? 2. Ғимарат қайда орналасқан? 3. Ғимаратты сипаттап беріңіз. 4. Университеттің ғылыми бағыты туралы мәлімдеңіз.
3-тапсырма. Екі қатардағы сөздерді бір-бірімен байланыстырыңыз, сөз тіркесін құраңыз.
4-тапсырма. Мына атаулар туралы толық мәлімет дайындаңыз. “Еуразия университеті”, “Хабарлар”, “Парасат”, “Ойшыл”, “Орхон”, “Зеренді”, “Отырар”. Үлгі:“Отырар кітапханасы” – ең ірі кітапханалардың бірі, онда ғылыми еңбектер мен оқу құралдары жинақталған.
5-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз. Тілші: Сіз өз университетіңіз туралы кеңірек әңгімелеп бере аласыз ба? Студент: Әрине, аса ықыласпен әңгімелесуге дайынмын. Тілші: ................................. Студент: ................................
6-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын анықтаңыз. Мәтінің соңғы абзацы бойынша мына схеманы толықтырыңыз. 7-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.
7-сабақ Білім – байлығымыз. Білімнің адам өміріндегі рөлі. 1 –тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
«Білімде дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген бұрынғылар. Бүгінгі таңда жеке адамның біліміне көңіл бөлмеу – оның ертеңгі күні мәңгілік орташа дәрежеде қалуына әкеліп соғады. Бұлай бүкіл халықтар жөнінде де айтуға болады. Білім ерікті қоғамның ірге тасы болып есептеліп, соның негізінде әрі күшті, әрі сау келешек мемлекеттің негізін қалайды және тұтқасы болады. Ең алдымен, білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет. Бірақ, қазіргі уақытта білімді жалаң мақсат етіп, соның мәнін түсінбейтіндер де баршылық. И.Гете «Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттану ғана- аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» - деген. Қазіргі заманғы өндіріс салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық, компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықты, икемділікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады. Кәсіби білімнің, адамның жеке басының өсіп, дамып отыруы материалдық ынтаның пайда болуына, оның алғы шарттарын жасауға байланысты. Ол алғы шарттардың бірі – мамандардың жалақысының, материалдық жағдайларының дәрежесі. Материалдық ынта – білімді дамытудың, кәсіби шеберлікті арттырудың бірден-бір кепілі. Сонымен, білім – жеке адамның ғана емес, қоғамның талабы. Білімділік саналықтың қажеттілігі, ал мемлекеттің қуаттылығы да оның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты.
2 –тапсырма.Түбірлес сөздердің жасалуын айтыңыз, аударыңыз. Білу –білімді –білімсіз – білімділік. Ниет – ниеттану. Қажет – қажеттілік –қажетсіз. Икем – икемділік – икемсіз. Кәсіп –кәсіби –кәсіпсіз. Сана – саналық – санасыз.
3 –тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз. 1. Уақытысында білімге көңіл бөлсең, онда болашағыңның ірге тасын қалайсың. 2. Жастар біздің болашағымыз, сондықтан олар мемлекеттің негізін қалайды. 3. Арнаулы кәсіби мамандық шеберлікті талап етеді. 4. Білімді, саналы азамат болу үшін көп оқу керек. 5. Әрбір адамның өсіп дамуында білімнің атқаратын рөлі зор. 6. Оқығаңды іске асыра білуің керек.
4- тапсырма. Мақал- мәтелдерді пайдаланып, жағдаят құрыңыз. Білімді мыңды жығады, Білімсіз бірді жығады.
Білім дегеніміз – күш.
Білімде дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
5 –тапсырма. Білімнің өмірдегі пайдасы туралы әңгімелеңіз. Мына нақыл сөзді тірек етіп алыңыз. Білім –бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ әлдекімнің азығы. (М.Әуезов)
6- тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз. Университетте оқу, өзекті мәселе, жаппай білім алу, ақылы оқу, қамтамасыз ету, кәсіби мамандыру, білікті мамандар дайындау.
7 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. Жоғары білім алу үшін .... түсу керек. 2. Студенттер .... 4-5 жыл оқиды. 3. Олар жыл сайын ..., .... тапсырады. 4. Бесінші немесе төртінші курста .... қорғайды. 5. Жоғары оқу орнын бітірген соң ... оқуларын жалғастыра алады.
8- сабақ
Лексикалық тақырып. Дүниеде түрлі өнер көп, Өнерді тапқан шебер көп. С. Дөнентаев
Мамандық әлемінде
Мен Қазақ қаржы, экономика және халықаралық сауда университетінің 1 курсында оқимын. Болашақ мамандығым – экономист. Бұл оқуды бітіргеннен кейін елімізге елеулі, халқымызға қалаулы азамат болып, ел экономикасына өз үлесімді қоссам деймін. Бүгінгі таңда біздің елімізде шетел тілдерін еркін меңгерген және үздік оқитын студенттер өзге мемлекеттерде білімін жалғастыра алады. Сол себепті мен ағылшын тілін меңгеруге талаптанып жүрмін. Біздің оқу орнымызда тиянақты білім алу үшін маркетинг негіздері, халықаралық маркетинг, тауарлар маркетингі, биржалық істер сабақтары тереңдетіліп жүргізіледі. Болашақта жақсы маман болуым үшін қазірден бастап сапалы білім, саналы тәрбие алуым керек.
1 –тапсырма. Сұраққа жауап беріңіздер. 1. Мамандықты таңдау себебіңіз? 2. Бүгінде еліміз қандай мамандықтарға зәру? 3. Мектеп түлектерінің көпшілігі қандай мамандықтарды таңдайды? 4. Сіздің ойыңызша, мамандық таңдауға не әсер етеді?
2 –тапсырма. Өз пікіріңіз. 1. Егер сізге өз мамандығыңыз ұнамаса не істер едіңіз? 2. Сіздің ойыңызша, қызықсыз, қажетсіз мамандықтар бар ма? 3.Егер сіздің өз басыңызда жоғарыда айтылғандай жағдай болса, не істер едіңіз?
3- тапсырма. Жағдаят тақырыптарымен сұхбат құрыңыз. 1. Жақсы маман болу жолы – оқу. 2. Алдымда толған мақсат, толған таңдау. 3. Кім болсам ...
9-сабақ
Лексикалық тақырып: Экономика.
1-тапсырма. Мәтінге қатысты тірек сөздер мен сөзтіркестерін меңгеріңіз. Есте сақтаңыз.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері
Экономика Біз күнделікті тіршілікте “үнем”, “үнемдеу”, “үнемшіл” деген сөздерді жиі естиміз және өзіміздің үй шаруашылығымызды басқара отырып, өз жанұямыздың экономикасын ұйымдастырып отырғанымызды байқамай да қаламыз. Біз жанұямыздың бюджетін дұрыс бөлуге, жарықты, суды ақшаны үнемдеуге, мүлікке ұқыпты (аккуратно) қарауға тырысамыз. Экономика – “үй шаруашылығын жүргізу өнері” деген грек сөзі. Экономиканы білмей, үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына дейін басқару мүмкін емес.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Егер мәтіннің мазмұнын бір сөзбен анықтасаңыз, қандай сөзді таңдар едіңіз? 2. Мәтінді дауыстап оқыңыз, тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы мазмұнына көңіл аударыңыз. 3. Мәтіннің негізгі ойы қай жерде берілген, соны дәптеріңізге жазып алыңыз. 4.“Экономика” деген сөздің анықтамасын дәптерге көшіріп, жаттап алыңыз.
3-тапсырма. Сөз тіркестерін құрастырыңыздар. (нені?)............. жүргізу, (қалай?)............. ұйымдастыру, (нені?)............басқару, (нені?)..................үнемдеу; (қандай?).............. шаруашылық, (неге?)..............зиян (вредный), тауарды (не істеу?)............., өндірісті (не істеу?).............., нарықтық (не?)............, (қандай?) ...............экономика.
4-тапсырма. Жоғарыдағы құрастырылған сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.
5-тапсырма. «Отбасы экономикасы» мәтініне қатысты тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері
Отбасы экономикасы Отбасы экономикасы жанұяның әр мүшесінің еңбекпен тапқан табысы олардың отбасындағы ортақ игілігіне, тамағына, рухани мүдделеріне, жол және пәтер ақысына т.б. тіршілікке қажетті мұқтажына жұмсалатын қаржысына айналады. Тапқан табысты қажетіне қарай қанша жұмсау - әркімнің өз ықтияры. Алайда кімнің де болсын табан ақы, маңдай терімен келген табысын орынды жеріне үнемдеп жұмсау отбасының күнделікті қажетін толық қамтамасыз етіп отбасының береке-бірлігі мен бала тәрбиесіне де зор ықпал ететінін ескермеуге болмайды. Айталық, үйдегі ересек адамдардың, әсіресе, ата-ананың ақшаға, дүние-мүлікке көзқарасы мен қатынасының ыңғайына қарай баланың да көзқарасы, мінез-құлық әдеттері, тәртібі қалыптасатыны бекер емес. Ата-ана отбасында күніне, аптасына, айына қанша қаржы жұмсалатынын, үйге қанша кіріс кіретінін, не сатып алу керектігі жөнінде баланы қатыстыра ақылдасып, тіршілікке баулып өсіргені жөн.
6-тапсырма. “Отбасы экономикасы” тақырыбына жатпайтын сөздерді сызып тастаңыз. ∙ Шаруашылық, тіршілік, бюджет, мемлекет; ∙ қаржы, ақша, тиын, теңге, қаржыландыру; ∙ халық, ата-ана, балалар.
7-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыздар. Тапқан табысын, адамдар, материалдық, рухани, жұмсайды, мүдделерге; Тәрбиесіне, балалардың, бюджеті, отбасы, жұмсау, әсер етеді, дұрыс; Жөн, балаларды, бюджеті, отбасы, қатыстырған, бөлгенде.
8-тапсырма. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтардың мағыналық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Аударыңыздар. (қандай?) компьютерлік есеп, экономикалық ситуация; делдалдық қызмет, кедендік күн; ұлттық, мемлекеттік экономика.
9-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құраңыз. Экономикасы, табысы, үнемдеп жұмсау, ықпал ету, әдеттері, тәрбиесіне, баулып, қамтамасыз етіп, кіріс, айналады, мүдделеріне.
10-сабақ Лексикалық тақырып: Экономист-ғалымдар
Сөздерді есімізде сақтаймыз
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
|