КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лексикалық тақырып: Қаржы және қаржы нарығыСөздерді есте сақтаймыз
Мәтінді оқыңыз. Қаржы және қаржы нарығы
Қаржы – (ағылш. және француз finances, лат.finantia – ақшалай қаржы деген мағынаны білдіреді) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаржы жүйе ретінде орта ғасырда пайда болған. Содан бері өндірістің, сауданың, елдер арасындағы ақша айналымының, банк ісінің дамуына байланысты қалыптасып нығайды. Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз, валюта және капитал нарықтарынан тұрады. Қаржы нарығын жасаудағы басты мақсат бос ақша қаражаттарын мемлекеттің, кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың қажеттіліктеріне жұмсау болып табылады. Қаржы нарығы күрделі экономикалық қатынастар саласы. Оның өзіне тән инфрақұрылым және жаңа принципті ақпарат ағымы бар.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз. 2 –тапсырма. Мәтінді аударыңыз. 3 – тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Қаржы дегеніміз не? 2. Қаржы жүйе ретінде қашан қалыптасты? 3. Қаржы нарығы дегеніміз не? 4.Қаржы жасаудағы негізгі мақсат қандай?
4–тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз. 5–тапсырма. Мына пікірге өз қөзқарасыңызды білдіріңіз(мына сөздерді пайдаланыңыз: өйткені, менің ойымша, келісемін, жоқ, себебі, дұрыс). “Ақша жасау” үшін ақылды болу міндетті емес, бірақ ақшаны қалай “жасауды” міндетті түрде білу керек” (Марк Твен).
6–тапсырма. Жақшаны ашып, тиісті грамматикалық форманы қойыңыз. 1. Мемлекет [-ке, -і, -тің] өзі [-нің, -не] қажетті ақша қоры. 2. Бұ [-лар, -мен, -ның] кері байланыс [ -ы, -тар, -ды] бар. 3. Халық бұл қорлар [-ты, -дың, -ды] өз мақсатында жұмсай [-тың,-ды, -мын ].
7–тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып жазыңыз. 1. Қайсы бір ел болмасын (экономическая система) үш (главный) жүйеден тұрады. 2.(Финансы) – ақша қорын (делать и пользоваться) барысындағы экономикалық қатынастар жиынтығы. 3.Қаржы (как система) орта ғасырда (появилась).
8–тапсырма. Мәтін ішінен ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерін табыңыз. Үлгі: ақша қорының жүйе+сі
9–тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай дұрыс топтастырыңыз. 1.мемлекеттік а. процесі 2. шаруашылық ә. Республикасы 3. өндіріс б. қаржы 4. ақша в. жүргізу 5. кері г. байланыс 6. шағын ғ. айналымы 7. Қазақстан д. кәсіпорын
10-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Халықтың қаржысы, қаражат жинау, жиынтығы, жүйе, құқықтық тәртіп, шағын кәсіпорын.
24 - сабақ Лексикалық тақырып: ҚР-ның банкі жүйесі, қызметі Есте сақтаңыз кәсіпорын – предприятие ерекше – особенный уақытша – временно, временный есепшот – счет мерзім – время банкаралық несие – межбанковский кредит тауар – товар ілгері – впереди желі – система, сеть қор - фонд салым - депозит Банкі жүйесі, қызметі
Банк итал. Banko – үстел деген мағынаны білдіреді. Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдімгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, тұтынушыларға есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, несие бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) тағы сол сияқты басқа да қызметтерді атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті және активті болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы, депозиттер қабылдау жатады, ал негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру, инвестициялық қаржы бөлу т.б. жатады. Алғашқы банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына әсіресе, 1716-20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында несие желісінің жасалуы ХІХ ғасырдың соңында басталды. Қазақстандағы негізгі банктер – Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты. Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк – ҚР-ның Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “Коммерциялық Банктер” деп аталады. Қазақстанның екінші деңгейдегі Банктерінің ең ірілерінің қатарына Казкоммерцбанк, Тұранәлембанк және т.б. жатады.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.
2-тапсырма. Салым түрлерін толықтырыңыз, сәйкестендіріңіз, аударыңыз.. 1) до востребования А. шұғыл түрдегі 2) целевой Ә. талап етуі бойынша 3) срочный Б. .................................. 4) выигрышный В. ағымдық 5) текущий Г. .................................. 6) краткосрочный Ғ. ұтыстық 7) долгосрочный Д. ..................................
3-тапсырма. Оқыңыз, жалғастырыңыз.
Банк қызметтері: 1) кассалық 2) есеп-айырысу 3) несиелік 4) кеңес беру 5) инкассация 6) .................... 7) .................... 8) .....................
4-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз. Банк жүйесі, шетел валютасы, банк операциялары, несие, капитал, банк депозиті, қор, қаржы.
5-тапсырма. Мына сөйлемдерді төмендегі құрылым түрлеріне қарай өзгертіңіз. 1. Ұлттық банк басқа банктерге лицензия береді және олардың жұмысын тексеріп отырады.
1) – мен қатар..... ______________________ 2) – мен бірдей.... ______________________ 3) да, ....да ______________________
2. Банк жеке адамдарға да, кәсіпкерлерге де несие бере алады.
1) тек....ғана емес _________________________ 2) қалай... солай...._________________________ 3) –мен қатар _________________________
6-тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 1. Банк Каспийский быстро и качественно обслуживает клиентов. 2. Казкоммерцбанк предлагает кредитование физических и юридических лиц. 3. В банке за короткий срок мы можем получить экспресс-кредиты.
7-тапсырма. Сөздердің орын тәртібін дұрыс орналастырыңыз. 1. Ұлттық банк, кассалық есеп, көрсетеді, қызметін, мекемелер мен өнеркәсіптерге. 2. Сапалы, көрсетуге, қызмет, кепілдік, клиенттерге береді, банк.
8-тапсырма. Мақсатпен сұхбаттасыңыз.
Мақсат: - ҚР-ның банк жүйесі жайлы сіз не айта аласыз? Сіз: - _____________________________________ Мақсат: -ҚР-ның банктері қандай қызмет көрсете алады? Сіз: -______________________________________ Мақсат: - Өз бизнесін бастағысы келген заңды және жеке тұлғаларға қандай мүмкіндіктер жасалған, білесіз бе? Сіз: - ______________________________________ Мақсат: Әңгімеңізге көп рахмет, ҚР-ның банк жүйесі жайлы біраз мәлімет алдым. 9-тапсырма. «Өз бизнесіңізді қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбына шағын шығарма жазып келіңіз.
25– сабақ
Лексикалық тақырып: Ипотекалық несие
1. Ойтүрткі. 1. Ипотекалық несие дегенді қалай түсінесіз? Сіздің ойыңыз: ................................................ 2. Ипотекалық несие алу тиімді ме? Сіздің ойыңыз: ................................................. Осы сұрақтарға жауап беру үшін мына сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз: Иә, әрине, өйткені, менің ойымша...................... Жоқ, мен бұл пікірге қосылмаймын, себебі......
1 – тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.
|