Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Арал тағдыры




60- жылдардан Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шару ашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90 % - дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6млн. га-ға кеміп, өзінің 60 % көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 метрге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км, ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырықтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климатың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстурлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дуние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм жәнеҚызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Дуние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулулығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60- жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендерінің суы күрт кеміп кеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.

 

5-сабақ

Тапсырма.

Қазақстандағы туризмнің дамуы. Пікірталас.

Тапсырма.

Бурабай- жер жаннаты. Шығарма жазыңыз.

 

6-сабақ

Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Азақстандағы білім беру жүйесі

Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби- техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура), әртүрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.

Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4сынып), толық емес орта(5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып).

Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны 10-11 сыныпты жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бәр пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда.

Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200 мың оқушы оқиды.

Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген.

 

Тапсырма.Көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүрсін.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 175; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты