Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні




Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтың экономикалық мәні- шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатыстардың бір бөлігі болып табылытындығында.

Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп,өзгерістерге ұшырап отырды.

Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.

1-тапсырма.Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.

 

2-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.

 

3 – тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз.

 

28- сабақ

Әлемдік шаруашылық

Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда-саттық, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды.

Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әр қилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань, т.б. жатады.

Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүние жүзілік кеден ұйымы, Еуропалық энергетикалық хартия, Дүние жүзілік сауда ұйымы, әр түрлі банктер, БҰҰ-ның комиссиялары бар. Әлемдік шаруашылықтағы орны мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық шаруашылығының, көлік инфрақұрылымының өркендеп дамуына тығыз байланысты.

К. Қажымұратов,

(«Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы 2001, 659-бет).

 

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған қандай елдерді білесіз?

2. Қазақстан шаруашылығы бойынша қандай ұйымдарға мүше?

 

2-тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құраңыз.

Шаруашылық, өнеркәсіп, халықаралық, дүние жүзілік, өркендеу, әлемдік.

 

3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

29-сабақ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 88; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты