КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Пластиковые карточки, как элемент платежной системы.Сегодня невозможно представить себе жизнь без платиковой карточки. Банковские карточки уже около 60 лет служат внутренним платежным инструментом. Банковские карточки играют ключевую роль в рыночной стратегии любого банка, являясь «третьим китом» банковских продуктов – депозитов, кредитов. В Казахстане в последние годы выпущено более 600 тысяч международных пластиковых карточек Euro Card/ Master Card и не менее 900 тысяч карточек VIZA. Если сравнивать Казахстан с некоторыми странами СНГ, то развитию рынка пластиковых карточек, мы находимся на втором месте. Россия заметно опережает Казахстан. Но наша страна лидирует по сравнению с Арменией.
23-сабақ
«Ломбард қашан пайда болған?» Адамдардың жеке меншігіндегі заттарды қабылдау арқылы қарыз ақша беретін мекеме тұңғыш рет Францияны ХІ Людовик билеген сонау ХY ғасырда пайда болған. Оларды алғаш ашқан Францияға сауда-саттықпен жиі баратын Ломбарция (Италия) елді мекенінің өсімқорлары (Ломбард деген атау содан қалған). Уақыт өте келе Италия мен Германияда да ломбардтар ашылып, өзге елдерге де тараған. ХІХ ғасырда барша капиталистік мемлекеттерде пайда болып, ірі монополиялар бақылау жасаған. Ресейдегі жеке өсімқорлық үрдісті көз қырында ұстаған Анна Иоановна патшайым қарыз алуға күміс немесе алтыннан жасаған зат өткізушілерге ғана рұқсат еткен. Соның өзінде негізгі бағаның төрттен бірін ғана. Ал патшайымның жарлығымен құрылған Мемлекеттік қарыз банкі қаржыны қымбат металдар мен жылжымайтын мүлік есебінен ғана беретін болған. Мемлекеттік ломбардтар Мәскеу мен Петербургте 1772 жылы ІІ Екатерина патшайымның тұсында ашылған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ломбард акционерлік негізде одан әрі дамиды. Алайда, 1918 жылы революцияға дейінгі қарыз беру мекемелерінің бәрі жабылады да, 1922-1923 жылдары қайтадан ашылады. Бұрынғылардан айырмашылығы, олар жергілікті кеңестерге қарасты тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің қарамағында болған. Тұрмыс-халі нашарлап, қиындыққа ұшыраған қарапайым бұқараға тиімділігі – олар азын-аулақ қаржыға өткізген жеке заттары есебінен белгілі бір мерзімге молдау мөлшерде қаржы алатын болған. Қазақстанда ломбардтың пайда болып, халық игілігіне кеңінен қызмет ете бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Ломбард деген ұғымның онша түсінікті емесі де сондықтан болуы мүмкін. Нарықтық экономика үстемдік еткен тұста ломбардтың пайдадан бөлек зияны жоқ. Ал ломбардтың қалай, қашан пайда болу тарихы қысқаша осындай. («Парасат» журналы, №1, 2006, 36-бет)
1-тапсырма.Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.
2–тапсырма.Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз. 3 – тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз. 24-сабақ Лексикалық тақырып:«Home banking» - үйде және жұмыс орнында
|