Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


СҰЙЫҚТЫ АЛУ НОРМАСЫНЫҢ ЕСЕБІ. АЛУДЫ ШЕКТЕУ КРИТЕРИЯЛАРЫ




Ұңғыдан сұйықты алу нормасы деп ұңғының ұзақ апатсыз жұмыс істеуінде қабат энергиясын рационалды қолдануда қабаттың өнімді сипаттамаларымен қамтамасыз етілетін дебитті түсінеді. Ұңғыдан сұйықты алу нормасы бойынша ұңғылар екі топқа бөлінеді: шектелі алу және шектеусіз алу.

Сұйықты шектеусіз алатын ұңғыларда сұйықты алу нормасы потенциалды дебитпен немесе өндіру жабдығының техникалық мүмкіншілігімен болады. Сұйықты алуды шектеудің негізгі критерияларына келесілер жатады:

1) Ұңғымен дренаждалатын қабат көлемінің көп бөлігінде еркін газдың бөлінуін болдырмау,

2) кеніште су және газ конустарын болдырмау;

3) қысым градиенттерін шектейтін коллектордың механикалық беріктігі;

4) шегендеу тізбегінің майысуын болдырмау;

5) көлбеу-бағытталған ұңғылардың қисаю бұрышының үлкен болуынан қажетті тереңдікке ұңғы жабдығын түсіре алмау;

6) өндіру жабдығын қолдану шектеулігі;

7) ұңғыдан өнімді көтеруге арналған энергетикалық жабдықтың шектелі сипаттамалары (компрессор қысымының және газды берудің компрессорлы пайдалануда шекті мәндері);

8) жұмыс агентінің шектеулі ресурстары (мысалы, компрессорлы пайдалуда газдың аздығы) және т.б.

Есеп 2. Компрессорлы тәсілмен пайдаланатын ұңғыдан мұнайды алу нормасын келесі жагдайларда есептеу керек: қабат қысымы Рпл=16МПа, қанығу қысымы =8МПа, өнімділік коэффициенті Кпр=40т/(тәу×МПа).Потенциалды дебитте ұңғының жұмыс істеуіне коллектордың механикалық беріктігі мүмкіндік береді. Жұмыс агентінің (газдың) ең үлкен мүмкіндігі Vг=60000м3/тәу. Ұңғының тереңдігі Lc=2200 м; қабат мұнайының тығыздығы НП = 850кг/м3; газдан айырылған мұнайдың тығыздығы НД =902 кг/м3; газ факторы Gn=40 м3/т; мұнайлы газдың орташа еру коэффициенті а=5 1/МПа; газдың жұмыс қысымы р=5МПа; ұңғы сағасындағы қысым у = 0,8 МПа.

Шешімі. Шарт бойынша түп қысымын анықтаймыз =0,75×8=6 МПа. Сұйық алу нормасы Q = 40(16 - 6) = 400т/тәу.

> р болғандықтан, көтергіштің ұзындығын Н келесі формула бойынша есептейміз:

 

H = Lc – ( - р) / ( g), (13)

 

мұнда б – көтергіш табанындағы қысым, Па; см – «түп-лифт табаны» интервалында газмұнайлы қоспаның тығыздығы, кг/м3. см шамасын 800 кг/м3-ға тең деп қабылдаймыз. Газды айдауда қысым шығындары 0,5 МПа-ға тең, сонда табандағы қысым б = ( б - 0,5) = 5 – 0,5 = 4,5 МПа.

(13) бойынша көтергіштің ұзындығын анықтаймыз:

 

Көтергіштің жұмысын тиімді режимде деп қарастырсақ, онда оның диаметрі (мм) келесі фонрмуламен анықталады:

 

(14)

 

Мұнда көтергіште мұнайдың орташа тығыздығы рн = (рнп + рнд) / 2 = (850+902) / 2 = 876 кг/м3

 

 

Ең жақын СКҚ-дың стандартты диаметрі 114мм қабылдаймыз, ішкі диаметрі 100,3мм. Оптималды режиде газдың меншікті шығымы:

 

(15)

 

Біздің жағдайда:

 

 

Айдалатын газдың меншікті шығымы:

 

(16)

 

Біздің жағдайда:

 

Газдың жалпы шығымы:

 

Vг=QR0наг = 400 × 353,65 = 141460м3 (17)

Мүмкін газдың көлемі Vг=60000 м3 болғандықтан, ұңғының 400т/тәу дебитін қамтамасыз ете алмайды. Айдалатын газдың меншікті шығымы есептеу бойынша R0наг = 353,65 м3/т болғандықтан, ұңғының мүмкін дебитін анықтаймыз.

 

Qв = Vг/ R0наг = 60000 / 353,65=170 т/тәу

 

Сонымен, осы нақты жағдайда сұйықты алу нормасы жуықтап 170 т/тәу болады.



Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 101; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты