![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кесте 2. Тереңдігі 1750 м (м. сұйық бағанасында) ұңғы құбырларындағы арын шығындары
Бірақ, қажетті жару қысымы түптегі қысымнан аз болғандықтан (350 кгс/см2), онда ұңғы сағасындағы қысым келесідей болады Осыдан, ұңғы сағасындағы қысым (166 кгс/см2) С маркалы болаттан жасалған құбырдың мүмкін қысымынан төмен болады (12мм қабырға қалыңдығында ішкі қысымына сыналған (185кгс/см2)). Сондықтан, жұмыс сұйығын айдау кезінде гидравликалық кедергілерді азайту үшін және жалпы жару қысымын төмендету үшін сұйықпен жаруды шегендеу құбырлары арқылы жүргіземіз. Жару сұйығының мөлшері дәл есеппен анықталынбайды. Ол жару сұйығының тұтқырлығынан, оның сүзілуінен, түп аймақтың өткізгіштігінен (табиғи жарықшақтылығын есекергенде) сұйықты айдау қарқындылығынан және жару қысымынан тәуелді. Тәжірибеде жару сұйығының мөлшері 5-10 м3 аралығында болады. Осы ұңғы үшін мұнайдың орташа көлемін аламыз Vр = 7,5 м3. Құмтасығыш-сұйықтың мөлшері осы сұйықтың қасиеттерінен (тұтқырлық, сүзгіштігі және құмды ұстау қабілеті), қабатқа айдалатын құмның мөлшері және оның концентрациясынан тәуелді. Құмның жалпы мөлшері жаңадан алынған жарықшақтарды толтыру және оған қосы жеке алынаған табиғи жарықшақтардың көлемдердің қосындысынан анықталады. Бірақ осы есеппен алынатын көлемдер де анық болмайды, сондықтан қажетті құмның мөлшерін де есептеуге болмайды. Отандық және шет елдік тәжірибе бойынша сұйықпен жару кезінде құмның айдалатын мөлшері 8-10 т болады. Құмның концентрациясы С құмтасығыш-сұйықтың тұтқырлығына және оны айдау қарқындылығына байланысты болады. Құмның келесі концентрациясын қабылдауға болады: 50спз тұтқырлықты мұнай үшін 150-300 г/л асырмай, ал қоюланған 250 спз дейінгі мұнай өнімдері үшін 300 - 500 г/л. С=300 г/л немесе 0,3 т/м3 қабылдаймыз. Осы шарттарда құмтасығыш-сұйықтың көлемі келесідей болады. (Gп – құмның болуы). Құмның тиімді концентрациясы жұмыс сұйықта құм түйіршіктерінің құлау жылдамдығына байланысты эмпирикалық формуламен анықталады: мұнда С – құмның концентрациясы кг/м3; υ – 0,8 мм диаметрлі құм түйіршілігінің құлау жылдамдығы, м/сағ. Сұйықтың тұтқырлығына байланысты υ мәнін 4 суретінен анықтаймыз.
|